400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өзгелермен үндесу

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану пәні бойынша 6 сынып оқушыларына арналған сабақ жоспары. Тақырыбы: "Өзгелермен үндесу"
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минстірлігі

«М.О.Әуезоватындағыпедагогикалықколледжі»КМҚК

«
Бекітемін»____________________

Колледж әдіскері:Қайсанова Ж.Қ

«Келісемін»___________________

Пән мұғалімі:

САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ




Тақырыбы: «Өзгелермен үндесу»

Мектеп: «№8 – көркем эстетикалық білім беру және тәрбиелеу жалпы орта білім беретін мектеп – кешені»

Сыныбы: 6 «Б»

Мерзімі: 19.11.2021ж

Тобы: 409

Машықкер: Ертасқызы Дильназ

Баға: «___» ___________

Семей 2021-2022 ж.

Өзін-өзі тану пәнінің сабақ жоспары

Пән: Өзін – өзі тану

Мектеп: «№8 – көркем эстетикалық білім беру және тәрбиелеу жалпы орта білім беретін мектеп – кешені»

Күні: 19.11.2021ж.

: 9-10 сабақ

Мұғалімі: Қалық Жаңыл

Сынып: 6«Б»

Оқушылар саны: 22

Тақырыбы: «Өзгелермен үндесу»

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: жауапкершілік, жанашырлық, шынайылық.


Мақсаты:Оқушыларды айналасындағы адамдармен жылы қарым – қатынас жасаудың маңызын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Оқушыларды адамдарға риясыз қызмет жасауға баулу үйрету.

  • Оқушылардағы жанашырлық қасиеттерін дамыту.

  • Оқушыларды шынайы болуға тәрбиелеу.

Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)

Кітап, дәптер,плакат,маркер, нақыл сөздер,карточкалар, әуен, суреттер.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

2. Жағымды күйге келу.

«Ғажайыптарға саяхат» Ыңғайланып отырамыз, денемізді түзу ұстаймыз. Аяқ-қолымызды айқастырмаймыз. Қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады.

Елестетіп көріңізші, сіз өзіңіз қалаған таңғажайым әлемге ендіңіз! Сіз бұлттардың арасында жүрсіз! Қалаған уақытыңызда кез-келген жерге бара аласыз. Дәл осы сәтте сізден бақыттты адам жоқ! Сіз барлығынан ерекше, дарындысыз. Сіздің қолыңыздан келмейтін нәрсе жоқ! Төменде сізді ата-анаңыз бақылап тұр. Менің балам қандай тамаша! Оның қолынан барлығы келеді! Мен балама сенемін! Ол менің мақтанышым!

Ата-анаңыздың осындай жылы сөздері сізді одан әрмен шабыттандырып, биіктерге жетелей түсті. Сіз ешбір адам аяғы баспаған, бұлттар арасында емін-еркін қыдырып жүрсіз. Бұлттар арасындағы ғажайып тіршілік нетткен тамаша еді! Сіз, дәл мұндай тіршілікті бірінші рет көрудесіз. Барлығы сізге таңырқай әрі тамсана қарауда. Сіздің қуанышыңызда шек жоқ.Аспан әлемі неткен тамаша, неткен әсем еді! Осы бір сәтті мәңгілік жүрегіңізге сақтап алыңыз. Бүкіл денеңіз еркіндікті сезініп, босап қалды. Енді өз әлемімізге оралайық. Терең дем алып, көздеріңізді жәймен аша бастаңыз!

3. Үй тапсырмасын тексеру.

«Қарындаштың бес сапасы»аңызын оқу















https://youtu.be/_PgWxvu9rCw

4. Дәйексөз.

«Досы көппен сыйлас

Досы азбен сырлас». 
Халық мақалы
Сұрақтар:

1. Достық дегенді қалай түсінесіздер?

2. Айналаңыздағы адамдармен қандай достық қарым-қатынастасыз?

3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?


5. Мұғалім сыйы.

«Екі дос» ертегісі
Сұрақтар:
1.Екі дос арасында қандай қарым-қатынас болды? 
2.Кімнің әрекетін қолдайсыз? Неліктен?

3. Әңгіме қай құндылық туралы айтылған?

https://youtu.be/6Bi62TUjFh8

6. Сергіту сәті.

«Аспан – жер» ойыны

Мұғалім ортаға шығып , оқушыраға аспан- жер деп айтып, қолымен көрсетеді. Оқушыларды шатастыру үшін, аспан деп айтып жерді көрсетуі мүмкін. Осылайша ең соңына дейді шатаспаған ойыншы жеңіске жетеді.


7. Шығармашылық жұмыс:

Оқушылар үш топқа бөлініп, постер жасайды.

1-тапсырма: 

1 – топ: «Бақыт» «Қоршаған орта» тақырыбына постер.

2 – топ: «Болашақ» «Достық қарым-қатынас» тақырыбына постер.

3 – топ: «Бірлік» «Отбасы арасындағы сыйластық» тақырыбына постер.

2- тапсырма:

Барлығына ортақ жағдаят:

Айгерім өзінің інісі Ернармен үйдің ауласында ойнап жүр еді. Екеуінің тұсынан көрші үйдегі Гүлнардың анасы өтіп бара жатыр еді,сол кезде Ернар:

-Гүлнар бізбен ойнасын, шақырып жіберші,- деді Гүлнардың анасына. Айгерім інісінің сөзіне ұялып қалып, Ернарға әлденені түсінідіре бастады. Айгерім інісіне не туралы айтты?




8. Топпен ән айту.

«Ата-ананы тыңдаймыз» караоке .

Бота Бейсенова

1. Әрқашан да тыңдаймыз,

Әке менен ананы.

Еңбек етіп, шыңдаймыз

Білім менен сананы.

Қайырмасы:

Біз тәртіпті баламыз

Айтқан тілді аламыз,

Аман болсын әке мен анамыз! 2 рет

2. Мейірім мен шапағат,

Анашымнан тарайды.

Әділдік пен парасат,

Әкешімнен арайлы.

Қайырмасы:

Біз тәртіпті баламыз

Айтқан тілді аламыз,

Аман болсын әке мен анамыз! 2 рет

3. Ата-ананың айтқанын,

Жадымызда сақтаймыз.

Жарқыратып әр таңын,

Сенімдерін ақтаймыз.

Қайырмасы:

Біз тәртіпті баламыз

Айтқан тілді аламыз,

Аман болсын әке мен анамыз! 2 рет




https://youtu.be/8vKx9dyVAo8

9. Үй тапсырмасы.

Достық тақырыбында шағын эссе жазу.


10. Соңғы тыныштық сәтi.

  • Балалар, енді бір сәт тынышталайық.

Денелерімізді түзу ұстап, басымызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырамыз. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаймыз, айналадағы барлық тіршілік иесі аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеміз. Тұла бойымыз жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтыламыз. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып сақтаңдар. Аңсаған армандарларыңа жетулеріңізге тілектеспін. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, ойларыңды жеткізе білдіңдер. жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рақмет айтамын!

https://youtu.be/8vKx9dyVAo8








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16.01.2022
520
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі