Өзгенің затын рұқсатсыз қозғама!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өзгенің затын рұқсатсыз қозғама!

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзгенің затын рұқсатсыз қозғамауға, адалдыққа, тәртіптілікке баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Өзгенің затын рұқсатсыз қозғама !
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, өзгенің затын рұқсатсыз қозғамауға, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға үйрету.
Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.
Әдептілікке,
өзгенің затын қозғамауға, адалдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: 
слайд, суреттер
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру бөлімі
І Кіріспе.
Адам бойында жақсы-жаман қасиеттер болады. Бізге адалдықты, кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты ата-аналарымыз, ата-бабаларымыз, ұстаздарымыз үйретеді. Алдымен бұл қасиеттер біздің бойымызға ананың ақ сүтімен дариды.
Сондай-ақ адам бойында жаман, жат, теріс қасиеттер де болады.
Ол қандай қасиеттер, одан қалай сақтанамыз, оны бүгінгі «
Өзгенің затын қозғама!» атты сабағымыздың барысында білетін боламыз.
ІІ Негізгі бөлім.
1.Атасына келді де, 
Сұрады сәби немере.
Жақсы деген немене ?, 
Жаман деген немене ?.
(Тақтада жазылған адам бойында болатын қасиеттерді «жақсы», «жаман» деп бөледі.)
2.Абай атамыздың «Адам болам десеңіз» өлеңі жатқа оқылып, бес асыл іс пен бес дұшпанды ажыратады.
Үш артық: адалдық, еңбексүйгіштік, өнерпаздық.
Үш кемдік: надандық, еріншектік, зұлымдық. (Абай)
3.
видеоролик көру( «Үш ұл»)
Талдау жүргізіледі.
Екі баланың осындай болуына не әсер етті деп ойлайсыңдар?
Үшінші балаға мінездеме беріңдер.(Үлкенді сыйлайтын, еңбекқор, адамгершілігі мол бала)
4.
Адам бойындағы жақсы, жаман қасиеттерді ажырату.

«Не жақсы?» , «Не жаман?»
5.Сурет бойынша әңгіме «Жаман жолдас»
6.Жұмбақ шешу.
Дәптеріне әріпті
Қаздай тізіп жазатын, 
Үйді таза сақтайтын, 
Кітаптарды шашпайтын баланы кім дейміз? (ұқыпты)
Түймесін де қадайтын, 
Сабақтан да қалмайтын, 
Еденді де жуатын
Еңбекті қатты сүйетін баланы кім дейміз? (еңбекқор)
Қол ұшын беріп, 
Көмегін де аямайтын.
Қызығына қуанып, 
Ренжи қалса , жұбататын адамды кім дейміз? (дос)
Ән де айта алатын, 
Би де билеп беретін, 
Домбырада күй ойнап, 
Сурет сала білетін баланы кім дейміз? (өнерлі)
Жаны үнемі жадырап, 
Күлімсіреп қарайтын, 
Жылы сөздер айтатын, 
Жүрегі жұмсақ адамды кім дейміз? (мейірімді)
Үлкеннің жолын кеспейтін, 
Сәлем беріп жүретін, 
Кішіге ізет білдіріп, 
Қамқоршы бола білетін баланы кім дейміз? (әдепті)
7. «Мен қандаймын?»
Балалар күннің суреті салынған параққа өздерінің бойында қандай қасиеттер барын  жазады.
8. «Ыстық орындық»
Ортадағы орындықта бір оқушы отырады. Басқа оқушылар сол баланың бойында бар қасиеттерді айтады.
Ол баланың өзі жазған пікірімен салыстырылады.
9. «Мақал-мәтелдер»
Мақал-мәтелдерді  оқушылар кезектесіп айтады.
10. Көрініс «Бақша ағаштары»
Талдау жүргізіледі.
ІІІ Қорытынды.
Слайдтан  жаман -жақсы қасиеттер суреттер арқылы салыстырылып берілген.
Адам бойында болатын қасиеттердің ұнамды, ұнамсызын ажырата білейік.
Ата –анамыздың, ата-әжелеріміздің және ұстаздарымыздың айтқан ақыл кеңесін ойымызға тоқып, жаман әдеттерден аулақ болсақ, болашағы жарқын, адамгершілігі мол адам болып өсеміз

 





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.01.2024
159
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі