өзім жазған өлеңдер

Тақырып бойынша 11 материал табылды

өзім жазған өлеңдер

Материал туралы қысқаша түсінік
Рухани шабыт күтпеген жерден келіп жатады.Адамда шабыт болмаса өлең жазу қиынға соғады.Шабыт дегеніміз өзіңе келгендеғана келетін дүние.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Picture 1

«Өз ойымды өрнектеп,

Өлең қылып жазамын!»





46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейі бастауыш сынып мұғалімі Лаззат Алмасбайқызы

Өлең жазу үшін тілек пен шыдамдылық керек.Шабыт-ақыл немесе жасанды болуы мүмкін.Егер сізде осы шабыт болмаса,өлең жаза алмайсыз.Рухани шабыттың өзі күтпеген жерден келеді.Бұл уақытта қолыңда қаламың мен парағың болуы маңызды.Рухани шабытта жасанды шабытқа қарағанда көбірек ойлар бар.Ал жасанды шабыт өздігінен дами алады.Шабыт дегеніміз-өзіңе сенгенде ғана келетін дүние.Осылайша, биылғы ұстаздар мерекесіне орай,мектеп-лицейіміздің басшыларына арнау жазған жайым бар.



Каракеева Айжан апайға арнау

Ұжымым деп бәйек болып жүресіз,
Татулыққа, ырзалыққа дәйек болып жүресіз.
Жұмысымыз оңға басса, көтеріліп көңіліңіз,
Бал-бұл жайнап, шаттанып бір күлесіз!
 
Айжан апай,біз сізді қамқоршы деп білеміз,
Көшбасшыға алаңдамай ереміз.
Аналық бар, даналық бар бойында
Басшымызға өзгелердің қызығарын білеміз.

Құтты болсын кәсіби мерекеңіз, Арта берсін әрдайым берекеңіз. Айжан апай, біз сізге әрқашанда, Зор денсаулық,мол бақытты тілейміз!

Өтеева Сабира апайға арнау

Педогог-Оқушы-Ата-ана үштігі, Осы үшеуін біріктіру тәрбиенің іс жүзі. Сынып жетекшілермен көбірек жұмыс жүргізген, Сабира апай ортаға шақырамыз біз сізді.

Мектеп ұжымының қызметтерін талдайсыз, Бір мақсатқа жету үшін тәрбиеге жалғайсыз. Кемшілікті уақытында жоюға , Әдіс тауып барлығында қолдайсыз.

Бүгігі мерекеңіз құтты болсын, Сыныпта тәрбие сағаттар көп болсын. Ауырмай, алдымызда аман жүріп, Сабира апай бұйырса,жүзге толсын!

Өтетілеуова Назира апайға арнау

Оқу- тәрбие үрдісін бақылайсыз Тарификация құжатын даярлайсыз Техникалық базаның сақталуын Жауапкершілікпенен қабылдайсыз

Құжаттардың барлығында реттейсіз Реттелмесе,мектептен ерте кетпейсіз Бар жұмысты уақытымен жоспарлайсыз Алтындай бар уақытыңызды шектейсіз

Назира апай құтты болсын мерекеңіз Асқақтап,арта берсін берекеңіз Отбасыңыз шаттықпенен нұрға толып Бүгінгі бірге болсын мерекеміз

Тұртанова Меруерт апайға арнау

Сабаққа еніп сапасын тексересіз, Ұнамаса,ондайды жек көресіз. Жетістікті зерттеп,жинақтайсыз. Мұғалімге білмегенді үйретесіз.

Әр мұғалім сабағына талдау жасап, Жан-жақты барлығына үлгересіз. Бірлестік жетекшімен ақылдасып, Жоспарланған тапсырманы тең бөлесіз.

Меруерт апай,мерекеңіз құтты болсын! Жүзіңіз әрқашанда нұрға толсын. Бастауыштың қыздары бақыт тілеп, Айтып жатыр өзіңізге құтты болсын!

Достиярова Гүлнәз апайға арнау

Тәрбиелік жұмыстарды бақылайсыз Ақылдассақ өзіңізбен мақұлдайсыз Қоғамдық жұмыстармен байланысты Байқау,жарыс,көрмелерді жоспарлайсыз

Кітапханамен жұмыс жүргізесіз Жоспар жасап,қабырғаға ілгізесіз Қамқорлықсыз қалған бір бала болса Сынып жетекшіден сұрап,білгізесіз

Гүлнәз апай бүгін сіздің мерекеңіз Асып-тасып шалқысын берекеңіз Түнгі кезекшілік,рейдтерге Уақытымен шығып тұрсын кезекшіңіз

Досымова Меруерт апайға арнау

Білім беру жұмыстарын қадағалап Әдістеме-нұсқаулық заман талап Пед ұжымға әрдайым үлес қосып Жүресіз ұстаздармен құқық қорғап

Оқу білім базасын есепке алып Жұмыс жасап, жүресіз шаршап–талып Әр мұғалім аттестациядан өту үшін Ізденесіз жан-жаққа бір көз салып

Досымова Меруерт апайымыз Құтты болсын бүгін мейрам-тойыңыз, Мейрам күні ақ тілектер тілейік Бүгін барлық жұмысты сіз қойыңыз

Жайсанбаева Лайла апайға арнау

Оқу үрдісін сапалы жүргізесіз Қажет болса бізге көмек білдіресіз Жүргізілген жұмыстарға талдау жасап Этикалық нормаға көңіл бөлесіз

Әр тұлғаны бағдарлы оқытуға Әдіс ойлап септігін тигізесіз Оқушыға құзіреттілік қалыптастырып Жоспар жасап ұсыныс білдіресіз

Лайла апай мерекеңіз құтты болсын Биыл оқу жылыңыз сәтті болсын Жүзіңізден әркезде күлкі кетпей Отбасыңыз қашанда шаттыққа толсын

Нұрманова Алия апайға арнау

Оқушының қызығушылық қасиетін бейімдеп Жақсы жұмыс жүргізесіз,ортамызға кейін кеп Оқушыға назар салып,дәліздерге бір қарап Оқушыға көп ескертіп,оқымасаң қиын деп

Оқушыға білім ал деп бағдарлама құрасыз Оларменен жұмыс жасап,жүзеге асырасыз Жеке пәнді тереңдетіп, оқуды ойластырып Жоғарғы оқу орындарына тегін түс деп тұрасыз

Алия апай бүгін мейрам ,орныңыздан тұрасыз Ұжым сізді танып білсін, бас иіп бір қоярсыз Мерекеде өзіңізге бақыт,шаттық тілейміз Сізге арнаған алғаш құрмет,мұны іліп қойыңыз



Ерденова Бақыт апайға арнау

Біздерді тек алға қарай жетелеген, Риза болам Бақыт атты апайға мен. Күлім қағып жүреді арамызда, Әрдайым жарқыраған жүзіменен.

Апайдан барлығымыз үлгі аламыз, Апайға арнап әнде,өлең,жыр жазамыз. Ортамызда апайымыз ман жүрсін, Апайдың жанынан біз жай табамыз.

Бақыт апай,әрі ұстаз,әрі анамыз Арнап қазір бәріміз ән саламыз. Кәсіби мерекеңіз құтты болсын. Шөберемен шөпшек сүйіп жүз жасаңыз!

Гүлбану Рантайқызы!

Кәсіподақ мүшесі етіп сайлағанбыз Бас тартса да, сіз болыңыз деп қоймағанбыз Гүлбану апайдың ұйымдастырған мерекесін Бұл мектепте талай рет тойлағанбыз

Зейнет жасқа келгендерді құрметтеген Шығарып сап жүресіз құрметпенен Арасында ағылшыннан сабақ беріп Шәкірттерде өзіңізді құрметтеген

Мерекеде сізді біз ұмытпаймыз Сіз жасаған жұмысты біз құптаймыз Барлығымыз мектепте ұжым болып Бүгінгі мерекемен құттықтаймыз



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.11.2021
507
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі