400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 30 материал табылды

«Өзім туралы»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Өзім туралы»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1-бөлім «Өзім туралы»

Күні:

Сынып: 2

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

 Бос уақытты өткізу туралы идеяларды жинақтау №1

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1 Сөздік қорды толықтыру

2.2.1.1 өз сөзінде ақпаратты сұрау, іс-әрекетке түсініктеме беру үшін сөз және сөз тіркестерді дұрыс дыбыстап айту

2.2 Берілген тақырып бойынша ойын жеткізу

2.2.2.1 көрнекілік/ үлгі/қате құрылған сөйлем  негізінде 2-3 сөйлемнен тұратын сөз сөйлеу,  сұраулы және лепті сөйлемдердің интонациясын дұрыс қою

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: өз сөзінде ақпаратты сұрау үшін сөздерді дұрыс дыбыстап айтады. Көрнекілік/ үлгі/қате құрылған сөйлем  негізінде 2-3 сөйлемнен тұратын сөз сөйлейді.

Көптеген оқушылар: өз сөзінде ақпаратты сұрау үшін сөз және сөз тіркестерді дұрыс дыбыстап айтады. Көрнекілік/ үлгі/қате құрылған сөйлем  негізінде 2-3 сөйлемнен тұратын сөз сөйлейді,  сұраулы және лепті сөйлемдердің интонациясын дұрыс қояды.

Кейбір оқушылар: өз сөзінде ақпаратты сұрау, іс-әрекетке түсініктеме беру үшін сөз және сөз тіркестерді дұрыс дыбыстап айтады.  Көрнекілік/ үлгі/қате құрылған сөйлем  негізінде 2-3 сөйлемнен тұратын сөз сөйлейді,  сұраулы және лепті сөйлемдердің интонациясын өздері дұрыс қояды.

Бағалау критерийлері

 

 

Өз сөзінде ақпаратты сұрау, іс-әрекетке түсініктеме беру үшін сөз және сөз тіркестерді дұрыс дыбыстап айтады.

Көрнекілік/үлгі/қате құрылған сөйлем  негізінде 2-3 сөйлемнен тұратын сөз сөйлейді.

Сұраулы және лепті сөйлемдердің интонациясын дұрыс қояды.

Тілдік мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология:

мектепке, шалбар, көйлек, белдік, күрте, киеді.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Менің ойымша, ……… деп ойлаймын, ұнайды, келісемін, келіспеймін

Құндылықтарды дарыту

 Бос уақытты тиімді өткізуіне дұрыс жоспарлауға үйрету.

Пәнаралық байланыстар

орыс тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

 

Бастапқы білім

Бос уақытты өткізу түрлерінің тізімін жасау

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ертеңгілік шеңбер

(МК) «Қайталай ғой» оқыта үйрету ойынын жүргізу. Ойын шарты: бір оқушы қандай да бір түсті атайды, ал екінші оқушы оны қайталап, тағы бір түстің атауын қосады. Үшінші оқушы екеуін қайталап, үшінші сөзді қосады. Осылай ойын 6-7 сөзге дейін жалғасады.

Сабақтың тақырыбын анықтау,  мақсатымен, бағалау критерийлерімен  таныстыру.

 

 

Сабақтың ортасы

33 минут

(Т) Оқушыларды топқа қағаз қиындыларында жазылған әріптер арқылы бөлу. КИІМ деген сөзді құрастыра отырып, 4 топқа бөлінеді. К-1,И-2, 3-І, М-4

Тапсырма. Балпанақ мектепке жиналды.

Ол қандай киім киюі керек?

Балпанаққа көмектес.

Тірек сөздер: шалбар, көйлек, белдік, күрте ….

Дескрипторлар:

1.      Мектепке қандай киім кию керек екенін айта алады.

2.      Өз ойларын айта алады.

СЕРГІТУ СӘТІ

Тербеледі ағаштар,

Алдымен жел еседі.

Кіп-кішкентай балалар,

Үп-үлкен  боп өседі.

 

(Ж) Тапсырма. Сурет бойнша диалог құрастыр. Сөйлемдерге тиісті тыныс белгілерін қою.

Үлгі:

—       Сәлем, Диана!

—       Сәлем!

—       Сен кеше қайда бардың?

—       Мен киім дүкеніне бардым.

—       Не сатып алдың?

—       Мен әдемі қалпақ сатып алдым.

—       Оны қай кезде киюге болады?

—       Жазда киемін.

 

 

Дескрипторлар:

1.      Сурет бойынша диалог құрастыра алады.

2.      Сұрақтарды дұрыс құрастырады.

3.      Сөйлемдерге тиісті тыныс белгілерін қоя алады.

(Ө,Қ) Оқушылар өздері таңдаған бос уақытты өткізу түріне қажетті киім мен заттар туралы қарапайым әңгіме жүргізеді.

Дифференциация:

қабылдау деңгейі жоғары оқушылар қызықты/әсерлі сөздерді қолдана отырып, өздерінің бос уақыттарын қалай өткізетіні  туралы айтып береді;

қабылдау деңгейі орташа оқушылар үлгі бойынша өздерінің бос уақыттарын қалай өткізетіні туралы   айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

2 минут

Кері байланыс:

Бояу

Қызыл – түсінбедім

Сары – аздап түсіндім.

Жасыл — түсіндім

 

 

 

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар қызықты/әсерлі сөздерді қолдана отырып, өздерінің бос уақыттарын қалай өткізетіні  туралы айтып береді.

Меңгеруді бақылау

Жұптар бір-бірін бағалайды.

Дескрипторлар арқылы бағалау

 

 

Жұптар жұмыс істеу дағдылары (құрмет көрсету, кезекпен сөйлеу және т.б.)


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
1 маусым
535
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі