«Бестөбе
орта мектебі мектепке дейініг шағын
орталығымен » коммуналдық мемлекеттік
мекемесі »
Тақырыбы
:
«Өзімді
не үшін білуім керек?» (тренинг)
Психолог
: Абдикеримова Назигуль Мусажановна
Шыбышы
ауылы
2018-2019
оқу жылы
Тақырыбы:
«Өзімді
не үшін білуім керек?» (тренинг)
Сыныбы:
8
Мақсаты:
Оқушылардың
өзін-өзі тану себептерін туындату.
Өзін-өзі
тануға және рефлексияға жетуге
дағдыландыру.
Құрал-жабдықтар:
Дәптер,
қалам, қарындаш, түрлі-түсті кесіндісі
бар қораптар, 6 түрлі-түсті жолақпен
желімделген болуы керек.
Сабақтың
мазмұны:
1.
Сабаққа бағыттау.
«Түстер
көңіл-күйі» жаттығуы.
-
Әрбір қатысушы өзінің дәл қазіргі
көңіл-күйінің түсін таңдайды және
картонды төртбұрышты сол түске келетін
ұяға тастайды.
Психолог
қорапты ашып хабарлайды: (түстердің
түрін және оның дәл санын айтпайды),
бүгінгі сабаққа балалардың қандай
көңіл-күймен келгендерін айтады. Сосын
осы айтылған қорытындының олардың
көңіл-күйімен сәйкес келген-келмегенін
сұрап, анықтайды.
«Мен
сенімен қарым-қатынас жасауға қуаныштымын»
жаттығуы.
Психолог:
Қазір мынандай тапсырманы орындайсындар,
жанында тұрған адамға мына сөзді айтып
қолды созасың « Мен сенімен қарым-қатынас
жасауға қуаныштымын», « Ал сіз ше?» деп
қолын созған адам әрі қарай осы сөзді
айтып, келесі адамға қолын созады. Осылай
тізілу арқылы бір-бірін қолын ұстап
шеңбер құрады.
2.
Үйге берген тапсырманы талқылау.
Психолог:
« Сенімен қарым-қатынас жасау ұнамды»
әдістемесі бойынша неше пайыз алғандарыңды
білгілерін келеме?
Психолог
максимальды пайызды атайды.
Психолог:
Сендер қалай ойласындар сыныптастардың
ойын өзгертуге бола ма? Оны қалай жасау
керек?
Байқағандарындай,
әр түрлі адаммен сендер әр түрлі
қарым-қатынас жасайсындар.
Ал
кім өзін жақсы біледі?
Өзіңдегінің
бәрі өзіңе ұнай ма?
Біздің
басқалардан айырмашылығымыз қандай?
Өзіңді
білу қажет пе?
3.
Тақырыппен жұмыс.
Өздік
талдау жасау: « Мен кіммін? мен қандаймын?»
Психолог:
жазбаша үш сөйлемді жазып, ойларыңды
жалғастырыңдар:
Мен
ойлаймын, себебі мен ...
Басқалар
ойлайды, себебі...
Менің
болғым келеді, себебі ...
Ескерту:
Әрбір сөйлемге оқушыларға плакаттағы
сұрақтарға жауап беруге көмек ретінде
берілген сөздер тізімінен алуға
болады.
Сөздер
тізімі: Әдемі, босаң, сүйкімді, қолапайсыз,
әділ, мақтаншақ, еңбексүйгіш, көңілсіз,
ақылды, батыл, сараң, күлкілі, шыдамды,
сенімді, ұнамсыз, ойлы, жақсы дені сау,
ілтипатты, ұяң, адал, ақымақ, жалғыздық,
әсем, күрт, нәзік, күшті, пәлеқор, өтірікші,
ақылды, достықты сүйетін.
Жаттығу
« Ыстық орындық »
Психолог:
Қазір әрқайсың өздеріңнің сыныптастарыңның
ой-пікірі сенің өзіңнің ой-пікіріңмен
сәйкес келетіндігін тексеруге болады.
Әркім
(кезекпен) ортадағы тұрған орындықтан
орын алады және сұраққа жауап береді:
«Ол қандай?» Ол үшін олар сөздер тізімінен
бірнеше сөзді таңдап алады (жоғарыда
көрсетілген). Ортада отырған адам оның
ой-пікірімен сәйкес келген сөздерді
(белгілейді) атайды. ( Мен ойлаймын,
себебі мен) Сәйкес келген сөздер саны
саналады.
4.
Сабақты талдау.
Психолог:
Кәнеки, өздеріңнің сабақтарыңды
бағалайық. Өздеріңнің бағаларыңды
қойыңдар. «Үш» деген санды атағанда
қажетті деп санаған саусақтың санын
көрсетіңдер. Не ұнайды?
Қандай
қиындықты өткердіңдер?
Кімді
бағалау қиын өзіңді ме, әлде басқаны
ма?