Өзімен жұмыс жүргізу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өзімен жұмыс жүргізу

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзіңді білгің келсе
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тапсырма № 10

Тақырып: Өзімен жұмыс жүргізу.

Тапсырма: Өзіңізді тануға арналған жаттығу жасаңыз. Және оның әсерін қағазға түсіріңіз, нәтижесін сипаттаңыз.
Соңынан тәжірибеде клиентпен жасаңыз. Әсері мен нәтижесін сипаттаңыз.
Күтілетін уақыт: 4 сағат.

І. Сәлемдесу: «Есіміңді атап,өзіңді затқа теңе».

Мақсаты: жайлы шығармашылық атмосфера қалыптастыру.

Барысы: әр қатысушы кез келген затты ойлап, сол заттың орнына өзін ойып,ерекшелігін, пайдасын айтуы қажет.

ІІ.«Өзіңді білгің келсе...» жаттығуы

Сурет салу: күн, тау, үй, ағаш, қапшық, жол, сақина, гүл, жылан.

Күн салынса балалық шағы қызықты, батысқа салынса кәрілік шағы қызықты болатыны.

Тау дөңгелек салынса мінезі жұмсақ, мейірімді, сенгіш. Егер тау ұшты болса, өкпелегіш, тік мінезді адам. Егер аралас салынса, басында қар болса, өзгермелі адам.

Үй суретте ағаш үй салынса арманы орындалады. Егер бір терезе салынған болса өзіне жақын бір адам туралы көп ойланады. Егер бірнеше терезе болса және жапқыштары болса, ол тұйық, сақ адам. Үйдің төбесінде мұржасы болса, түтін шығып жатса, әңгімеге жақын, өсекқұмар адам

Ағаш біреу болса, өзінің сүйіктісіне ұнайды. Егер бірнешеу болса балаларды жақсы көреді,оларға уақыт бөледі, көп көңіл аударады. Қоршаған әлемді сүйеді, сұлулыққа құштар.

Қапшық, қалта қаншалықты үйге жақын жатса, байлық та жақын, керісінше болса, бәрі керісінше. Егер қоныңапшық аузы байлаулы болса сараңдық. Қапшық жерде жатса жалқау, түрегеп тұрса еңбекқор адам.

Жол үйге жақын жатса жолы жеңіл, алыс болса керісінше. Егер жол үйдің есігінен шықса, тапқан табысын үйге әкелетін, ал керісінше болса шашпа адам, айналасына тарататын адам.

Сақина көзсіз болса қонақ қабылдағанды, қонақ шақырғанды ұнатады. Көзі болса болашақты ойлайды, капитал жинайды. Неке жүзігі мықты отбасын білдіреді.

Гүл үйге жақын болса, қуаныш той болады, үйдің жиегінде болса қызықты күндерің алыста.

Жылан үйден алыс салынса жаулары алыс, егер жақын салынса көре алмаушылар айналаңда болғаны. Суретте не үлкен салынса, сенің өмірің үшін соның маңызы зор.

ІІІ. Ал сіз суреттен ненің бейнесін байқадыңыз?

А) Суреттен нені байқадыңыз?
Cуретке қарап, ойланбастан ненің бейнесін байқағаныңызды айтыңыз. Соған байланысты сіздің мінезіңізді анықтауға болады. Көрген суретіңізге сәйкес сипаттаманы оқып, өзіңіз жайлы жаңа сырлар ашыңыз.
Сонымен бұл суреттен сіз мына бейнелерді байқай аласыз:

Ай
Суреттен бірден жаңа туылған айдың бейнесін байқағандарды аса мұқият деп айтуға болмайды. Сіз қызуқандысыз, ойыңызды бірден айта саласыз. Кез-келген мәселенің көзге түсіп тұрған жақтарын байқап, әрі қарай зерттемегенді жөн санайсыз. Бұл сіздің ылғи асығыс болуыңызға байланысты. Болашақта асықпай, мәселенің мән-жайын түсініп алып, шешім жасауға үйреніңіз.
Ақ түсті келбет
Ай емес, адамның ақ түсті бетін байқаған кісінің қиялы жақсы дамыған. Сіз күнделікті үйреншікті шаруаларға креативті қарап, әр күніңізді түрліше өткізуге тырысасыз. Есесіне шаршататын бірсарынды жұмыстан қашасыз.
Қара түсті келбет
Бұл суреттен қара түсті бетті байқай алатындар аз. Егер сіз бірден суреттен қара түсті бетті байқаған болсаңыз, өзіңізді ерекше тұлға деп санай беріңіз. Сіз басқаларға қарағанда ұсақ-түйектердің барлығын байқайсыз. Шығармашылыққа жақын, рухани құндылықтарды бірінші орынға қоятын жансыз.

ІҮ. «Қар қиыршықтары» жаттығуы

Нұсқау: Бәріміз қолымызға ақ қағазды алып, ортасынан бүктейміз. Оның оң жақ жоғарғы бұрышын жыртып аламыз.осылай мүмкіндігінше жалғастыра береміз. Енді өзіміздің әдемі қар қиыршықтарын ашып қараймыз. Тапсырма бірдей болса да, әрқайсысымыздың қар қиыршықтарымыз әр түрлі шықты.

Өзіңізді тануға арналған жаттығудың талдауы

І. Сәлемдесу: «Есіміңді атап,өзіңді затқа теңе» жаттығуы бойынша,

менің есімім –Қарлығаш, мен өзімді кітапқа теңеймін. Қолым қалт еткенде кітап оқығанды жақсы көремін. Кітап оқудың пайдасы зор, рухани жан-дүниеңді байытады деген қорытындыға келдім.

ІІ.«Өзіңді білгің келсе...» жаттығуы бойынша, Күн салынса балалық шағы қызықты, батысқа салынса кәрілік шағы қызықты болатыны. Гүл үйге жақын болса, қуаныш той болады, үйдің жиегінде болса қызықты күндерің алыста.

Тау дөңгелек салынса мінезі жұмсақ, мейірімді, сенгіш. Егер тау ұшты болса, өкпелегіш, тік мінезді адам. Егер аралас салынса, басында қар болса, өзгермелі адам.

Нәтижесін талдау бойынша күн салынғаны балалық шағым қызықты болғаны, гүл салынғаны нәзіктік, тау ұшты болғаны өкпелегіш, тік мінезді адам.

ІІІ. «Ал сіз суреттен ненің бейнесін байқадыңыз?» жаттығуы бойынша екі клиенттің көзіне бірінші түскені Қара түсті келбет. Анықтамасы бойынша «бұл суреттен қара түсті бетті байқай алатындар аз. Егер сіз бірден суреттен қара түсті бетті байқаған болсаңыз, өзіңізді ерекше тұлға деп санай беріңіз. Сіз басқаларға қарағанда ұсақ-түйектердің барлығын байқайсыз. Шығармашылыққа жақын, рухани құндылықтарды бірінші орынға қоятын жансыз». Сурет талдауы менің жан-дүниеме 100 % сәйкес келеді.

ІҮ. «Қар қиыршықтары» жаттығуы бойынша әр адамның өз ерекшелігі, өзіндік тұлғасы әр түрлі болғандықтан әр түрлі қар қиыршықтары пайда болады.

Picture 4


Өзіңді тану бойынша клиентпен жасалған жаттығулар. Әсері мен нәтижесін талдау

І. Сәлемдесу: «Есіміңді атап,өзіңді затқа теңе» жаттығуы бойынша,

менің есімім –Үрзада, мен өзімді гүлге теңеймін. Себебі, жан-жағыма жұпар иіс шашып тұрғанды жақсы көремін.

менің есімім –Гүлмира, мен өзімді гүлге теңеймін. Себебі, гүл көңіл-күйді көтеріп, адамға көтеріңкі жағдай сыйлайды.

ІІ.«Өзіңді білгің келсе...» жаттығуы бойынша,

Үрзада апай күн, тау,үй,гүлдер,ағаш, сақина,жылан салған. Күн салынса балалық шағы қызықты, батысқа салынса кәрілік шағы қызықты болатыны. Гүл үйге жақын болса, қуаныш той болады, үйдің жиегінде болса қызықты күндерің алыста. Сақина көзі болса болашақты ойлайды, капитал жинайды. Жылан үйге жақын салынса көре алмаушылар айналаңда болғаны. Суретте не үлкен салынса, сенің өмірің үшін соның маңызы зор

Тау.Егер тау ұшты болса, өкпелегіш, тік мінезді адам. Үй суретте ағаш үй салынса арманы орындалады. Егер бірнеше терезе болса және жапқыштары болса, ол тұйық, сақ адам. Үйдің төбесінде мұржасы болса, түтін шығып жатса, әңгімеге жақын, өсекқұмар адам. Ағаш біреу болса, өзінің сүйіктісіне ұнайды. Егер бірнешеу болса балаларды жақсы көреді,оларға уақыт бөледі, көп көңіл аударады. Қоршаған әлемді сүйеді, сұлулыққа құштар.

Гүлмира апай күн,тау,үй,гүлдер салған. Күн салынса балалық шағы қызықты, батысқа салынса кәрілік шағы қызықты болатыны. Гүл үйге жақын болса, қуаныш той болады, үйдің жиегінде болса қызықты күндерің алыста. Тау.Егер тау ұшты болса, өкпелегіш, тік мінезді адам.

Picture 7 Picture 8

ІІІ. «Ал сіз суреттен ненің бейнесін байқадыңыз?» жаттығуы бойынша көздері бірінші түскені Ай, сосын Қара түсті келбет. Анықтамасы бойынша ,суреттен бірден жаңа туылған айдың бейнесін байқағандарды аса мұқият деп айтуға болмайды. Сіз қызуқандысыз, ойыңызды бірден айта саласыз. Кез-келген мәселенің көзге түсіп тұрған жақтарын байқап, әрі қарай зерттемегенді жөн санайсыз. Бұл сіздің ылғи асығыс болуыңызға байланысты. Болашақта асықпай, мәселенің мән-жайын түсініп алып, шешім жасауға үйреніңіз. «бұл суреттен қара түсті бетті байқай алатындар аз. Егер сіз бірден суреттен қара түсті бетті байқаған болсаңыз, өзіңізді ерекше тұлға деп санай беріңіз. Сіз басқаларға қарағанда ұсақ-түйектердің барлығын байқайсыз. Шығармашылыққа жақын, рухани құндылықтарды бірінші орынға қоятын жансыз». Сурет талдауымен клиенттер келісті.

ІҮ. «Қар қиыршықтары» жаттығуы бойынша әр адамның өз ерекшелігі, өзіндік тұлғасы әр түрлі болғандықтан әр түрлі қар қиыршықтары пайда болады.

Picture 5 Picture 6


Жаттығулар нәтижесі клиенттердің көңілінен шықты. Жақсы әсермен бөлісіп, ризашылықтарын білдірді. Психологиялық тренингті қорытындылай келе, С.Торайғыровтың

«Жақсылық көрсем өзімнен,

Жамандық көрсем өзімнен.

Тағдыр қылды дегенді,

Шығарамын сөзімнен...» демекші, жақсылық жасау да, жамандық жасау да өз қолымызда.

«Ақылды адам өзгенің жақсылығын көреді, ақымақ адам өзгенің жамандығын көреді» деген халық даналығын ескере отырып, біз, педагог мамандар баланың тек жақсы жақтарын, яғни дарындылығын көріп, оның дамуына ықпал ете білейік!
























































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.12.2024
255
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі