Материалдар / «Өзімізді өзіміз үшін сақтайық!» педагогтарға арналған психологиялық тренинг
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Өзімізді өзіміз үшін сақтайық!» педагогтарға арналған психологиялық тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагог психологтарға қажет тренинг
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қырқүйек 2018
636
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Өзімізді өзіміз үшін сақтайық!» Педагогтарға арналған психологиялық тренинг

Мақсаты:
1. Педагогтардың әріптестері, балалар мен ата-аналар және отбасындағылар арасында маңызды кәсіби қасиеттерін дамыту.
2. Өмірге деген көзқарастарын айқындау, өзін-өзі тиімді бағыттау диапазонын кеңейту.

1. Танысу. «Майлықтар»
Шеңбер бойынша бір қорап майлық (салфетка ) жіберіледі. Жүргізуші, әр қатысушы өзіне керек мөлшерде майлықты алу керектігін айтады. Барлығы алып біткеннен кейін, психолог әр қатысушы алған майлықтарын санап, канша майлық болса, сонша өзінің өмірде болған маңызды оқиғалаарын айтып беруін сұрайды.
2. Топ ережелері.
Біз бүгін белгілі бір уақытты бірге өткіземіз. Сондықтан, мына шеңбер біздің топтың кеңістігі болып табылады. Біздің кеністікте бізден басқа, өзімізбен бірге алып келген ойларымыздан басқа ешкім және ешнәрсе жоқ.
Тренингтегі ойындар мен жаттығулар бір-бірімізді жақынырақ тануымызға көмектеседі. Біздің бір-бірімізбен қарым-қатынасқа түсуіміз тиімді болу үшін келесі ережелерге сүйенуіміз керек. Олар мынадай:
«Осы жерде және қазір». Өзімізге, біреуге деген көзқарастарымыз өткен шақта емес «Осы жерде және қазір» болуы керкек.
Эмоциялық ашылу принципі. Біз бір-бірімізбен шын көңілде болып, ойымызды ашық түрде айтуымыз керек. Ол дегеніміз, ішіміздегі құпияның бәрін ашып айту емес. Егер де қатысушы белгілі бір жағдайлармен айтқысы келмесе, өз еркі білсін. «Мен бүгін ол туралы айтқым келмейді» десе болғаны.
Мен ережесі. Қатысушы «Менің ойымша, мен солай деп ойлаймын» деп айтуы керек. «Біздің ойымызша, адамдар ойлайды» деп біреудің атынан айтпайды.
Сөйлеп жатқан адамды сыйлау ережесі. Топтағы адам өз ойын айтып жатқан кезде оның сөзін бөлмей тыңдау керек. Айтып болғаннан кейін ғана сұрақ қоюға болады.
Ешкімге айтпау, құпия сақтау ережесі. Топта айтылған сөздер туралы, қозғалған жайлар туралы ботен адамға айтпау.

3. «Қатар сандар» жаттығуы.
Бұл жаттығу ойнаушылармен көз қатынасына түсуіне көмектеседі. Шеңберде отырған бір адам «бір» дейді де, кез келген адамға қарайды, қараған адам «екі» дейді де келесі адамға қарайды,ойын осылай жалғаса береді.

4. «Бұл керемет қой!» жаттығуы.
Қатысушылар шеңбер болып тұрады. Бір қатысушы ортаға шығып «Өмір мені … үйретті!» сөзін жалғастырады. Ал қалған қатысушылар қолдың үлкен саусағын көтеріп «Бұл керемет қой!» деп айтады.

5. «Баланс» жаттығуы.
Қатысушылар кағазға шеңбер салады. Ол шеңберді үш бөлікке бөлу керек. Әр бөлікке кесіби жұмысыңыз, үйдегі жұмысыңыз, жеке өміріңіз қаншалықты орын алатынын бөліп көрсету керек.
— Айырмашылықтар бар ма?
— Оларды жақындатуға болады ма?
— Ол кімге немесе неге байланысты?

6. «Мен үйдемін», «Мен жұмыстамын» жаттығуы.
Қағазды екі бөлікке бөлеміз. Бір бөлігіне «Мен үйдемін» деп, екінші бөлігіне «Мен жұмыстамын» деп астына жазу керек.
— Ұқсастықтары бар ма?
— Айырмашылықтары қандай?
— Қай қатарды жазу оңай болды?

7. «Көпшіліктің көңілінен шығу қиын!» аңызы.
Әкесі, баласы, есегі үшеуі күннің ыстық кезінде Кешанның шаң басқан көшесімен келе жатады. Әкесі есектің үстінде отырады, баласы болса жетектеп келе жатады. «Бейшара бала, оның кішкене аяқтары есектің артынан зорға ілесіп келе жатыр.Балаңды аямай қалай ұятың жетіп, есектің үстінде келе жатырсың» деп бір жолаушы айтады. Әкесі жолаушының сөзінен кейін есегінен түсіп, баласын отырғызады. Бір кезде алдарынан тағы бір жолаушы кездесіп «Ұялсаң қайтеді, сұлтан сияқты есекке отырып алыпсың, кәрі әкең болса артыңнан жаяу келеді» дейді. Бала бұл сөздерден кейін кейіп, әкесін жанына алады. «Мұндай сұмдықты кім көріпті? Мына жас пен кәрі жатып ішерлер, бейшара малды аямай, үстіне мініп алыпты» дейді бір жолаушы әйел. Бұл сөзді естіген әкесі мен баласы есектен түсіп алға жүре бергенде тағы бір жолаушы «Мынау есектерің әбден жалқауланып бітіпті ғой, ең болмаса біреуіңді үстіне мінгізіп алып жүрсе болады ғой» дейді. Әкесі бір шөкім шөпті есегіне береді де, қолын баласының иығына қойып «Біз не істесек те, кайткен күнде де біздің жасағанымызды жақтырмайтын адамдар табылады. Сондықтан, не істеу керектігін біз өзіміз шешуіміз керек!».
8. «Өз-өзіне көмектесу стратегиясы» жаттығуы.
Сізде бір алма, менде бір алма- екеуіміз алмаларымызды ауыстырсақ, әрқайсымызда бір алмадан қалады. Егер де сізде бір қызық идея болса, менде бір қызық идея болса, ауыстырсақ,екеуімізде екі-екі идеядан болады. Мынадай жағдайды елестетіңіздерші,егер әркім өзінің тәжірибесімен бөліссе, қандай байлыққа біз кенелер едік.
«Мен өзімнің стресімнің деңгейін түсіріп, өзіме қуаныш сыйлау үшін не істеуім керек?» сұрағына ой жүгіртіңіздерші?
Жүргізуші әрқайсысын өзінің тәжірибесімен топпен бөлісуін сұрайды.
9. «Босаңсу» жаттығулары.
Біз кішкене шаршаған сияқтымыз. Елестетейікші. Біздің зал күлгін түске боялып, іші суып, қолайсыз болып кетті. Бір-бірімізге жақын болу үшін бір-біріміздің қолымызды алып қысайық.
Енді теңіздің салқын ауасы келіп, залдың іші көгілдір түске боялды, бір-бірімізге иықтарымызбен жанасып, жылынайық.
Ал енді біз көгалдамыз, бір-бірімізге жымиып күлкі сыйлаңыздар. Төңіректе қаптаған әдемі сары гүлдер, күннің көзі шуағын шашып тұр. Бір-бірімізге сәттілік тілейік! Міне, біздің күлкімізден жылу шашып, жылулық тарады. Қызыл түсті қуаныш. Қане бәріміз бір-бірімізге қол соғайық!
10. Рефлекси
я.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!