"Өзіміздің ойын" интеллектуалды ойынының сабақ жоспары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Өзіміздің ойын" интеллектуалды ойынының сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
4 сыныпқа арналған бастауыш сынып пәндерінен дайындалған сыныптан тыс жұмыс жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы




«№15 орта мектебі» КММ











«Өзіміздің ойын»

интеллектуалдық ойыны





Сынып жетекшісі:Л.Ш. Кашаева, Г.Т.Суанбекова









Талдықорған

Мақсаты: Оқушылардың негізгі пәндерден алған білімдерін тереңдету. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа жетелеу, ой - өрісін, тіл мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру; ұйымдастырушылық қабілетін дамыту. Жастарды елін , жерін, оның дәстүрін сыйлауға, халқымыздың болашағын гүлдентер тәрбиелі, білімді болып өсуіне ықпал ету және тәрбиелеу. Білімді, дарынды, озық болуға жетелеу және пәндерге деген қызығушылығын ояту.

Көрнекілігі: безендендірілген зал, нақыл сөздер, тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел, интербелсенді тақта.

Түрі: сыныптан тыс топтық сайыс сағаты

Типі: Ойын түрінде

Әдісі: ойын, сұрақ-жауап, топтық, анализ, синтез

Жоспары:

1. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі

2. І раунд («Шамалар», «Формула», «Логика әлемі», «Не артық?»)

3. ІІ раунд («Ақылгөй», «Қатесін тап», «Кім жылдам?»)

4. ІІІ раунд («Дүниетану», «Әдебиет», «Жұмбақтар», «Полиглот»)

5. Финал («Бәйге»)

Сабақтың барысы:

  • Сәлеметсіздер құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Өзіміздің ойын» атты интеллектуалды сайысқа хош келдіңіздер!

  • Бүгінгі сайысқа жиналған балалар ең ақылды және дарынды балалар екеніне шын жүректен сенемін.

  • Ендеше ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Қатысушы балаларға сәттілік тілеймін!

(Әділқазы алқасымен таныстыру)

-Ортаға топ басшыларын шақырамын. Алдарыңда жатқан карточкаларды алып, реттік сандарыңды анықтап алыңдар.

/Сәлемдесу, таныстыру/

/Ойын ережелерімен таныстыру/

1. Кезекте амандасу рәсімі І топ «Сұңқар» тобы.

Ұраны: Білікті бірді жығар.

Білімді мыңды жығар.

Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алға қойған мақсатымыз бір екен.

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

«Қыран» тобынан қарсылас топқа сәлем.

ІІ топ. «Қыран» тобы.

Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,

Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

Сәлемдесуі: Армандарға қол созумен келеміз,

Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.

Білімменен қаруланған тобымыз,

Қарсыласты қалай да біз жеңеміз.

-Ойынға қатысушы топ сектор мен неше ұпайлық ұяшықты таңдайтынын жариялайды. Егер топ дұрыс жауабын берсе, көрсеткіш тақтадағы ұпайларды жеңіп алып, ойынды жалғастырады. Егер де жауап бере алмаса, көрсеткіш тақтадағы ұпай саны өздерінің ұпайларынан азайтылады да, ойынды қарсыластары жалғастырады.

І раунд

Шамалар 10

4 т 8 кг = ... кг (4008 кг)

Шамалар 20

2 дм2 5см2 = ... см2 (205 см2)

Шамалар 30

4 сағ 35 мин = ... мин ( 275 мин)

шамалар40

8 ғас 47 жыл = ... жыл (847 жыл)

Шамалар 50

1 м2 3дм2 8 см2 = ... жыл (10308 см2)

Формула 10

S = a b формуласы нені білдіреді?(Тіктөртбұрыштың ауданын табу)

Формула 20

S = a2 формуласы нені білдіреді? (Шаршының ауданын табу)

Формула 30

S = (a b) : 2 формуласы нені білдіреді?(Тікбұрышты үшбұрыштың ауданын табу)

Формула 40

Cанның бөлігін қалай табады?(Санды бөлшектің бөліміне бөліп, алымына көбейту керек)

Формула 50

Бөлігі бойынша санды қалай табады? (Бөлікке сәйкес санды алымына бөліп, бөліміне көбейту керек)

Логика әлемі 10

1 жұмыртқа 3 минутта піседі. 5 жұмыртқа неше минутта піседі? (3 минут)

Логика әлемі 20

1 кг мақта ауыр ма, жоқ 1 кг темір ауыр ма? (тең)

Логика әлемі 30

4 күшік пен 5 қаздың аяғы нешеу? (26)

Логика әлемі 40

Көкте 3 үйрек, 2 қаз және 4 тауық ұшып бара жатыр. Көкте барлығы неше құс ұшып бара жатыр? (5 құс, тауықтар ұшпайды)

Логика әлемі 50

Шанаға жегілген екі ат 20 км жүрді. Аттардың әрқайсысы неше километр жүрді? (20км)

Не артық? 10

12 + 80 > 90 – 20 51 – 10 < 44

Х – 56 = 100 + 24 99 > 98

Не артық?20

Тәулік, ғасыр, минут, секунд, апта, сәрсенбі, ай.

Не артық?30

Сантиметр, сағат, дециметр, метр, километр.

Не артық?40

Қызанақ, шабдалы, алма, шие, алша.

Не артық?50

0 4 8 12 14 16 20 24 28 32

ІІ раунд

Жаратылыстану 10

Тыныс алу мүшелерін ата. (мұрын қуысы, кеңірдек, ауатамырлар, өкпе)

Жаратылыстану 20

Асқорыту мүшелерін ата. (ауыз қуысы, өңеш, асқазан, ашішек, тоқ ішек, тік ішек)

Жаратылыстану 30

Қанайналым жүйесі неден тұрады? (жүрек, күретамыр, көктамыр, қылтамыр)

Жаратылыстану 40

Күн сәулесі жасыл жапыраққа түскенде, онда не түзіледі? (оттек пен глюкоза)

Жаратылыстану 50

Өсімдіктегі пигмент деп аталатын бояғыш зат қалай аталады? ( хлорофилл)

Қатесін тап 10

Силық, тиым, силады.

Қатесін тап 20

Хаюан, аюан, айулар, көбейу.

Қатесін тап 30

Хатшы, гауһар, қахарман, жиһаз, асхана, жаһан.

Қатесін тап 40

Сөздер дұрыс тасымалданған ба?

Көр-кею жауын-гер аң-шылық

көрке-ю жау-ынгер аңшы-лық

Қатесін тап 50

Қарама-қарсы мағыналы сөздер:

Шықты-кірді, оңай-жеңіл, ірі-ұсақ, тұнық-лай, ыстық-лай, зәулім-биік.

Кім жылдам?10

Бір құстың жұбы жоқ.


Кім жылдам?20

Торай. 7 айырмашылығын тап.

Кім жылдам?30

1 т – 150 кг = ... (850 кг)

Кім жылдам?40

1-25-ке дейін санау.

11

18

14

17

24

21

20

13

25

22

1

12

8

3

23

16

4

2

19

7

6

10

15

5

9


Кім жылдам?50

Қасқыр. Дұрыс көлеңкесін тап.

ІІІ раунд

Әдебиет 10

Қазақтың ұлы ақыны кім? [Абай]

Әдебиет 20

Бұл қай кейіпкер туралы айтылған сөз?

Ол ата-анасынан тым ерте айрылып, кішкентай кезінен осы өнер түріне құштар еді. Оның кедейлігі соншалық, арманына жететін құрал алуға да ақшасы жетпепті. [Әбілхан Қастеев]

Әдебиет 30

Бес асыл істі ата. (5 асыл іс: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым )

Әдебиет 40

Бес дұшпанды ата. ( дұшпан: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)

Әдебиет 50

Халық ауыз әдебиеті шығармаларына нелер жатады? [ертегі, мақал, мәтел, аңыз, жаңылтпаш, жұмбақ, т.с.с]

Полиглот 10

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады. ( Күн – солнце – sun)

Полиглот 20

Қабат-қабат қатталған,

Асыл сөзбен апталған.

Парағы бар сөйлейтін,

Ол қазына өлмейтін. ( кітап – книга – book)

Полиглот 30

... басыңа қарайды,

Дұшпан аяғыңа қарайды. (дос – друг – friend)

Полиглот 40

қарап ұлын,

қарап қызын таны. ( әке – отец –father, шеше – мать - mother )

Полиглот 50

Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар. ( түйе – верблюд –camel)




Финал. Бәйге

Топ басшылары ортаға шығып, келесі сұрақтарға жылдам жауап берулері керек.

  1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін мағыналы бөлігі?(Түбір)

  2. 6 х 6=... (36)

  3. ҚР президенті? (Қ.Тоқаев)

  4. 63 : 9? (7)

  5. Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздер? (Етістік)

  6. Көзге көрінбейтін, түссіз, иіссіз, дәмсіз, сығылатын және серпілетін не? (Ауа)

  7. Жылады деген сөзге қарсы мағыналы сөз... (Күлді)

  8. 1 тәулікте неше сағат бар? (24)

  9. Өсімдіктің негізгі және жер астындағы мүшесі? (Тамыр)

  10. Оны айтамыз және естиміз? (Дыбыс)


  1. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша? (Жалғау)

  2. Заттың сынын, сапасын білдіретін сөздер? (Сын есім)

  3. 7 х 7? (49)

  4. ҚР астанасы? (Астана)

  5. 64 : 8? (8)

  6. Ұйықтады сөзіне қарсы мәндес сөз? (Оянды)

  7. Мағына жағынан өзара байланысты 2 не одан да көп сөйлемнен не құралады? (Мәтін)

  8. Оны көреміз және жазамыз? (Әріп)

  9. Түссіз, мөлдір, иіссіз, сұйық, жабысқақ не? (Су)

  10. 1 аптада неше күн бар? (7)

Әділқазы алқасынан жалпы сайыстың қорытындысы сұралады. Міне, біз «Өзіміздің ойын» атты озық ойлы оқушыларымызды анықтайтын кезге де жеттік. Ендігі сөз кезегін әділқазыларға береміз. (Жеңімпаз оқушылар тобы анықталады.) «Келешек білімді ұрпақ қолында» екендігін барлығымыз білеміз. Еліміздің ертеңі, Тәуелсіз Қазақстанның кемел болашағын келешекке жеткізер осынау озық ойлы ұрпағы бар елдің жалауы әрдайым биіктерде желбірей бермек. Алдағы уақытта да тек қана биіктерден көріне бер деген ізгі ниетпен біз сайысымызды аяқтаймыз.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.12.2024
236
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі