жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Өзімнің материалдарымды өзгелермен бөлісу
Тақырыбы: Армысың Жаңажыл!
Зал мерекеге сай безендірілген.
Балалар безендірілген залға балалар қол ұстасып кіреді.
Тәрбиеші:Қымбатты қонақтар,балалар,ата-аналар! Сіздерді 2019жыл Жаңа жыл мерекесімен құрттықтаймыз! Өмірлеріңізге шаттық,дендеріңізге саулық,отбасыларыңызға ынтымақ,бірлік тілейміз. «Армысың Жаңа жыл» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Бақыт,шаттық,молшылық пен тыныштық,
Бәрімізге әкелсін мына арай жыл.
Ән:«Елка жыры
Құтты болсын,
Құтты болсын.
Құтты болсын,жаңа жыл!
Тәрбиешіге бәpi қосылып:
Қала нұр, дала нұр
Құтты болсын Жаңа жыл!
Тәрбиеші:
Балалар біз ертегілер әлеміне саяхат
жасайықшы:
Келіңдер жас ұландар,
Ертегімді тыңдандар.
Ертегімде сан қилы
Қызық- Қызық сырлар бар.
Жаңа жылдың кешінде
Аңдар келіп бip шешімге
Достаспақшы ниетпен
Жиналыпты келісімге.
Соныменен, балалар
Жаңа жылға арналған
Ертегіні көріңдер
Шын бағасын беріңдер.
(Мерекелік музыка
ойналады.)
Шыршаның артынан
қоян ceкірin шығады да:
Ау, жарандар, ал қараңдар
Жауып тұр қар себелеп.
Көкке
толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.
Тым алыстан, Марстан
Келіп Аяз атамыз
Жылды тойлап,
Билеп-ойнап,
Көп қызыққа батамыз!
Ceкipin билеп жүрген қоянның алдынан аю
шығады. Қоян сасқалақтап қалады.
Қоян: Амансыз ба, аю паң!
Аю: Жаңа жылдың алдында
Тойды еске алдым да
Ұйқымды ашып, сергідім
Ұйықтамаймын мен бүгін!
Жылды қарсы алайық
Би билеп, ән салайық.
Аю:
Жаңа жылдың тойында
«Жан салайық» ойынға!
Eкeyi қол ұстасып, билейді. Сол кезде қуана кутындап тулкі келеді.
Түлкі
Қоянжанға бір сәлем!
Аю паңға мың сәлем!
Аю, қоян: Аман ба, тулкі, кел мұнда!
Түлкі
Достарым, жыл келеді
Сыйлығын ол береді
Жұмбақ шешкіш тулкінің
Өнерін жұрт көреді
Тауып өз сыңарымды
Тайсалмай, биге түcin,
Тарқатам құмарымды.
Аю, қоян: Рахмет, түлкіжан
Жүрген жерің күлкілі ән!
Аю,қоян,түлкі 6ipre билей,жөнеледі Осы кезде орталарына кipni келеді
Kipni:
Сәлем,достар,аман ба?
Нұр берді шырша алаңға
Жылға шашу шашайық,
Тойлап, көңіл ашайық.
Қоян Келші биге басайық!
Бәрі билеп жатқанда, тиін келеді.
Тиін:
Тра-ля-ляй!Тра-ля-ляй!
Өнершіл аңдар-ай
Өңкей паңдар тыңдаңдар,
Жаңа жылға әнім бар
Қол ұстасып, биге басып,
Жыл әніне салыңдар
Бәріңізге 6ip сәлем.
Бәpi:
Сәлем,тиін!
Жақсы-ақ биі!
Бәpi қосылып, билейді. Енді орталарына қасқыр қосылады.
Қасқыр
Армысыңдар!Бармысыңдар,ағайын! Кәне құшақ ашайъқ, достъқ тойын
жасайъқ
Бәpi: Жаңа жыл қүтты болсын ! Достығымыз мықты
болсын!
«Қояндар» биі: (Бекзат,Дулат,Жеңісбек,Ақжол).
Бәрі:Жаңажылдарыңызбен!
-Өте жақсы,балалар жарайсыңдар.
Тәрбиеші: Келесі кезекті балаларымыздың
тақпақтары.
1. Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
2. Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.
3. Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.
4. Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шың.
5. Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.
6. Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
7. Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс
сапардан,
Аяз ата оралып.
Тәрбиеші: Жарайсындар, балалар! Балалар мен сендерге
жұмбақ жасырайын.
Соны шешесіңдер ме?
Балалар: Иә.
Жұмбақ:
Ақсақалды шал жылына
Бip-ақ рет келіп кетеді
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып келеді
/Аяз
Ата/
Тәрбиеші: Балалар,
енді жаңа жылдьқ мерекемізге Аяз атаны шақырайьқ.
Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! - деп айғайлап шақырады.
Тәрбиеші: Eciктің сыртынан дауыстар естіліп, іле-шала залға Аяз Ата мен Ақшақар кіреді.
Аяз Ата:
Аяз Ата мен Ақшақар
келеді.
Қарашы,біз тойға келдік!
Кәне,балалармен амандасайьқ.
Аяулы аналарға,ардақты ұл-қыздарға
Бүлдіршін балаларға бip сәлем!
Қандай жарқын жүздерін,
Қандай әсем жырларың
Асаулармен алысқап,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
/Балаларменамандасады/
Тәрбиеші: Қандай әдемі болды, балалар біздің шыршамыз.
Аяз ата біздің балаларымыз сіздерге арнап ән айтып береді.
Кәнекей бәріміз билейікші:
Тәрбиеші:
Ән:« Аяз ата»
Аяз ата:Қандай өнерлі балалар,жарайсыңдар.
Аяз Ата: Рахмет,рахмет балаларым!
Аяз Ата Ақшақар:Қарашы, балалардың киімi қандай әдемі.
Шыршамызда әсем безендірілген
екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық,
Жаңа жыл тойын ашайық.
/Сол кезде Ақшақар шырша шамын жағады./
Би:Ақшақар мен.
Тәрбиеші:
Қандай әдемі болды,
балалар біздің шыршамыз.
Аяз ата біздің балаларымыз сіздерге арнап ән айтып береді.Кәнекей бәріміз билейікші:
Аяз ата:Қандай өнерлі балалар,жарайсыңдар.
Тәрбиеші:
Аяз ата,Ақшақар
біздің балаларымыздың сіздерге арнап жаттаған тақпақтарын
тыңдаңыз.
8. Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдъқ жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп
9. Аяз Ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.
Қайда қызық болса думан,
Аяз Ата сонда болды.
Күндіз үйде ойнап бізбен,
Балалармен бірге болды.
10.Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
11.Келді міне жаңа жыл,
Қарсы алайық бәріміз.
Күліп-ойнап,би билеп,
Ән салайық бәріміз.
12.Тамашаңтамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қарасы.
Келді тағы жаңа жыл,
Қуантумен біздерді.
Құтты болсын қуаныш,
Құттықтаймыз сіздерді.
Аяз- Ата: Ой! Бәрекелді, жарайсыңдар балалар! Аталарыңды бip куантып,
тастадыңдар.
Сайқымазақ:Ойын ойнатады. «Шар»
жару.
Би:Гномик.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар,балалар.
Аяз- Ата: Ойын балалармен.
Тәрбиеші:Өлең жолдары ақындардың.
-Өте жақсы,балалар Аяз аталарыңды бір марқайттыңдар.
Ән: «Тамаша»
Тәрбиеші:Ата! Сіз біздің балаларға сыйлықтар әкелдіңіз бе?
Аяз- Ата: Әрине, барлық сыйлық мына шанамның ішінде!
(Ақшақар сыйлықтарын үлестіріп береді.)
Аяз-А
та: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден
шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды,
білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің
сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайьқ. Басқа да
балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым,сендер өсе беріңдер,
өркендей беріңдер. Аспандарың ашьқ болсын! Қош болыңдар!(қолдарын
бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Сау болыңыздар!
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар! 2019-шы жаңа жылға арналған
мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл
құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен куаныш
әкелсін!!!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген