Материалдар / «Өзін - өзі дамыту»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Өзін - өзі дамыту»

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қаңтар 2019
970
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҰБТ – ге психологиялық дайындық



Тақырыбы: «Өзін - өзі дамыту»Мақсаты: Оқушылардың өзін тану арқылы, өзіндік бағалауын қалыптастыру, стресті жеңуге жол көрсету, оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттыру.Қатысушылар: 11- сынып оқушыларыКөрнекілі: қағаз, қайшы, ән.Тренингтің барысы: Құрметті мектеп түлектері, сіздер – Қазақстанның болашағысыздар, болашақ бүгіннен басталады! Сіздер кеше ғана бүлдіршін бала болсаңыздар, міне бүгін дүбірлі додаға қатысуға дайын, жарауы жеткен сәйгүліктей ауыздықпен алысып тұрсыңдар. Алдарыңда үлкен болашақ, ұлы мақсат, міндет күтіп тұр. Асар белестерің, шығар биіктерің көп болсын. Кім еңбектенсе, соның бағы жанады. «Қар қиыршықтары» жаттығуы. Нұсқау: Оқушыларға қағаз бен қайшы тарқатылып беріледі. Қағазды бір бүктеп, жан-жағын қырқу ұсынылады. Оқушылар қырқылған қағазды ашқанда түрлі қар қиыршықтары шығады. Енді қараймыз, кімнің жасап шығарған қар қиыршықтары бір-біріне ұқсайды? Оқушылар жоқ деп жауап береді. Барлығымыз бірдей әрекет жасағанмен қар қиыршықтарымыз әр түрлі болып шықты, себебі әрқайсымыздың мінезіміз әр түрлі, әрқайсымыздың өмірде алатын орнымыз бар, әрқайсымыз әр түрлі жеке тұлғамыз, талғамымыз, айналысатын істеріміз әр түрлі. Бірақ барлығымыз жиналып отқандағы мақсатымыз бір. Ол – ҰБТ! ҰБТ-да жақсы дайындалу, жетістікке жету. «Өзіңді тереңірек тани біл!» жаттығуыНұсқау: Сіздер көрсетіліп тұрған жеміс – жидектерден өзіңізге ұнайтын бір жемісті таңдаңыз. Сол жеміс арқылы сіздің мінез- құлқыңыз қандай екені анықталады. Қарбызды ұнататындар орнықты адамдар. Олар шиеленіске, жанжал, дау – дамайға бара бермейді. Еш уақытта, еш нәрсеге шағымданбайды. Тұрмыс пен көңіл – күйін тек қана өз күшімен жақсартуға ден қояды. Отбасында да үлгілі, артық ауыз сөзі жоқ. Кейде табандылық жағы ғана жетіспейді. Шиені ұнатсаңыз, мінезіңіз жұмсақ, кішіпейілсіз. Өзгеге қуаныш пен жақсылық жасау үшін кейде өзіңізге зиян келтіріп алуыңыз мүмкін. Өтірік – өсек сөзге жоқсыз, әсіресе, анекдоттарды ұнатасыз. Ал махаббат жөнінде сәби тәріздессіз, сізді оп-оңай өкпелете салуға болады. Қара өрікті ұнататындар өз атына айтылған сынды көтере алмайтындар. Олармен достық, жолдастық қарым – қатынас орнату да қиын болады. Бойыңызда менмендік қасиет басымдау.Шабдалыны ұнататын адамдар көпшіл, кез келген адамдармен тіл табыса алатын, ашық, жарқын болып келеді. Сізден сыпайылық пен мәдениетті адамның белгілері айқын аңғарылып тұрады. Тек бір кемшілігіңіз – қиындықтарды ауыр көтересіз, кейде оларды жеңуге дәрменсіздік танытасыз.Жүзімді ұнататындар өзінің де, өзгенің де сырын сақтай білетіндер. Бірақ мұндай тұйықтық, кейде шектен асып кетеді. Сіз мақсатты нақты қоя аласыз, бірақ сол мақсатқа жету үшін жігерлілік, батылдық керек.Құлпынайды ұнатсаңыз, сіз қонақжай адамсыз. Адамдармен тез тіл табыса аласыз. Сізге сыпайылық тән, талғамыңыз нәзік. Ешкімге тәуелді емессіз. Дегенмен, қызғаншақтығыңыз да жоқ емес. Алманы ұнататын болсаңыз, жігерлі, бірақ аздап ескі көзқарастағы адамсыз. Өз бастығыңызға берілгенсіз, оның қандай тапсырмасын болса да, жан сала тиянақты атқаруға тырысасыз. Аздап ақынжанды, өз – өзіңізге риза адамсыз.“Мен –ғажаппын!”жаттығуы. Әр адам өзіне қаншалықты баға берсе, соған соншалықты лайықты болады. Тұлға ретінде қалыптасуың үшін өзіңді, өмірлік іс-әрекетіңді лайықты бағалай білуің керек. Өзіңе арнап неғұрлым жақсы, жағымды, жылы сөздерді көбірек айту керек. Өзіңді-өзің дұрыс бағалағаның жөн. Әр адамның өзіне арнаған жақсы, жағымды қолдау, мадақтау, мақтау сөздері болуы тиіс. Мысалы: - Мен осы өмірге келуіммен кереметпін. - Мен сияқты бұл өмірде ешкім де болған емес, болмайды да. - Мен ғажаппын, мен кереметпін. - Менің күш-жігерім көп, денсаулығым мықты. - Мен өмірді сүйемін, өмір мені аялайды. - Мен тамаша жанмын. - Мен мейірімді, жылы жүректі адаммын. - Мен сабырлымын, салмақтымын. - Мен ешкім жолымнан тайдыра алмайды. - Мен әділетті, адал жанмын. - Мен айналама бақыт шуағын шашамын. - Мен алдыма қойған мақсатыма жетемін. - Менің қолымнан бәрі келеді. - Мені тек жақсы адамдар қоршаған. - Мен үшін өмірдің қызығы мол. - Мен бәріне ризамын. - Мен бақытты адаммын. «Кім өзін жақсы мақтайды немесе Сәтсіз күндерге ескертпе» жаттығуы.Кейде бос өмір сүріп жүргендей , қолыңнан ештеңе келмейтіндей сезімдер кездеседі. Мұндай кездері қуанышты сезімдер, қабілеттер, жеткен жетістіктер, жеңістер ұмытылып кетеді. Барлығымыз да мақтан тұтарлық болса да бір ісіміз бар ғой. «Менің ең жақсы қасиеттерім» ескертпе бланкісі.

Менің ең жақсы сапаларым:

Менің ең жақсы сапаларымМенің қабілеттерім мен дарынымМенің жетістіктерім










«Жапон әліппесі» сергіту сәті.А – ка З – з П – но Ц – ми Б – зу И – ки Р – ши Ч – кэ В – ру К – мэ С – ари Ш,Щ – хи Г - жи Л – та Т – чи Ь,Ъ,Ы – зук Д – тэ М – рин У – до Э – мэй Е – ку Н – то Ф – лу Ю – фуЖ – су О – мо Х – ри Я – на Осы әліппе бойынша өз атын жазып, бір – біріне тілек айту керек. Мысалы: менің есімім Сәуле, ал жапон әліппесі бойынша - Арикадотаку. Ары қарай қысқаша бақыт, денсаулық, сәттілік деген тілектерді жапон әліппесі бойынша қысқаша айтып шығады.Ән «ҰБТ- да жетістікке жетейік!» ( «Біз дәуірдің түлегіміз» әнінің әуенімен) 1.Арман, мақсат бір болған соң тілегіміз, ҰБТ деп бірге соққан жүрегіміз Білім болған бастау алар тірегіміз, Әннен шашу шашайық Қайырмасы: Болашаққа қанат қаққан түлегіміз, Орындалсын үміт толы тілегіміз Бәрімізде дайым Көрмей қайғы –уайым, ҰБТ- дан жетістікке жетейік. 2. Жанымызға сенімділік серік болсын,Бірлігіміз әрқашанда берік болсын Басымызға бақыт құсы келіп қонсын Асулардан асайық Қайырмасы:

“Өзіңе сенімділік неден құралады” Луиза Хейдің кеңесі Жағымды ойлауға үйрену. Жақсы нәрсе туралы ойлап, соны күту, соған сену. Өз ойыңда үйлесімділік пен тепе-теңдікті құра отырып, біз де соны өмірден таба бастаймыз.Өзің туралы жағымсыз ойлардан құтылу. Сіздің саналы түрдегі Өзіңізді мейлінше жақсы емеспін деген сеніміңіз, сіздің іс-әрекетіңіз бен қылықтарыңызды басқарады да, әрдайым ол өмірде көрініс береді.Өзіңді сүй. Біз өзімізді бар жанымызбен сүйіп және өзімізді құрметтесек, сонда өз іс-әрекеттеріміз бен қылықтарымызды қоштаймыз, біз адамдармен ең ғажап қарым-қатынас тудыра алатындай, жаңа қызықты жұмыс табуға мүмкіндік беретіндей, дене салмағымызды тұратандыра алатындай, денсаулығымызды нығайта алатындай етіп ақылымызды нақты ұйымдастыруды құрамыз. Өзіңді қабылдау және өзіңді қоштау- бұл жағымды өмірлік өзгерістер жасаудың кілті. Өзіңді неғұрлым азырақ сынауға тырыс. Сын біз құтылуға тырысып жатқан сол ой бейнелеріне тоқтау сап қояды.Өз жеткен биігіңізді өзіңіз теріске шығармаңыз және басқалардың теріске шығаруына жол бермеңіз. Мұны балалар керемет орындайды. Өмірдегі бар жақсы нәрсе өзіңнің сыртқы “Меннен” айырмашылығы болатын ішкі “Менді” қабылдаудан басталады. Біздің жүрегімізде барлық планетаны емдеп жазарлық махаббат жетерлік екенін ұмытпаңыздар.Өз бойыңыздан жақсы қасиеттерді іздеңіз. Осыдан сіздің өміріңізде айтарлықтай прогресс басталады. “Мен өзімдегінің бәрін қолдаймын” деген жаттығу бар. Сіз мұны неғұрлым көбірек айтсаңыз, соғұрлым жақсы болады. Басқалардың сіз туралы айтқанына көп көңіл бөлмеңіз. Әр адам – қайталанбас және ерекше. Біз осы планетаға біреуге ұқсау үшін емес, өзімізді көрсету, жеткізе білу үшін келгенбіз. «Сиқырлы сандық» жаттығуы.1,2,3 дегенде көзіңді жұмасың, қолыңа келіп сиқырлы сандықты ашамын, «Мында қара, және оған жыми» дегенде көзіңді ашып, жымиясың. Сиқырлы сандықтың ішінде айна болады, кімді көрдің? Бала өзімді дейді. Әрине өзіңді, өйткені сен қайталанбас тұлғасың, сен үшін ешкім күле алмайды, сен үшін ешкім дәл сен сияқты қайырымды, мейірімді, ақылды бола алмайды. Өмір адамға бір рет беріледі, оны мәнді өткізу өздеріңнің қолыңда.Қорытынды- Бүгінгі тренинг сіздерге ұнады ма?- Қандай сезімде болдыңыздар?- Тренингтен алған әсеріңіз қандай?Құрметті оқушылар! Әрдайым сіздерге зор денсаулық, ҰБТ- ны өте жақсы нәтижемен тапсырып, алдағы аңсаған армандарыңыз орындалуына тілектеспін.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!