Мектепалды
даярлық «Б»сыныбының оқу іс–әрекетін
ұйымдастырудың конспектісі.
Өткізу
күні: 06.09.2018
Тәрбиеші:
Утегенова
Р.К.
Білім
беру саласы:
Әлеуметт
Пән:
Өзін –өзі тану
Өтпелі
тақырып: «Мен адаммын»
Тақырыбы:
«Өзін
- өзі тану » әлеміне саяхат
Мақсаттары:
«Өзін
- өзі тану»пәні туралы алғашқы түсінік
беру.
Міндеттері
:
өзін
- өзі тану пәні туралы түсінік беру;
өзін
- өзі тануға қызығушылықтарын арттыру;
Өзін
және өзгелерді тануга тәрбиелеу.
Педагогикалық
технологиялар:
Билингвальдік
компонент:
Өзін - өзі - себя ,
Әлем
- страна
Саяхат
- путешествие
1.Ұйымдастырушылық
кезең
Қане,
бәріміз бір – біріміздің қолымыздан
ұстап,үлкен шеңбер құрып көрейікші!?Қандай
тамаша!
-Шеңберге
жиналған адамдар бір – бірінің бет –
жүзін,көзін,күлкісін көре алады Жылы
сөз айтып қуантайық бір –бірімізді.
-Шаттық
шеңберінде бір – бірімізге жақсылық
тілеп , қуанышымызбен, жүрегіміздің
жылуымен бөлісе аламыз!Сондықтан бұл
шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп
атаймыз.
-
Балалар енді менімен мына өлең жолын
кайталап айтасындар.
Кел
балалар, күлейік
Күлкіменен
түлейік
Күлкі
көңіл ашады
Күліп
өмір сүрейік
2.Негізгі
бөлім
-
Балалар, біз «өзін өзі тану» әлеміне
саяхатымызды бастаймыз. (Тәрбиеші
балаларға
«Өзін
- өзі тану» хрестоматиясын көрсетеді.)
Бұл
барлығымызға ортақ – «Ақылды кітап»
Бұл кітаптан түрлі ертегілер, әңгімелер
, өлеңдер, өнегелі сөздермен танысамыз.Шығарма
кейіпкерлері бізді жақсылық
жасауға,мейірімді, қайырымды ,
кешірімді
, адал болуга уйретеді.
-
Балалар, «өзін өзі тану» әлемі тағы да
сендерге сыйлық дайындапты.Қане,
сыйлығымызды қолымызға алып көрейікші!Қандай
тамаша!
Тәрбиеші
балаларды отырғызып,дәптердегі «өзін
өзі тану « әлемінің картасына назар
аудартады.
Ойын:
«Сиқырлы қоржын»
Сиқырлы
қоржында жүрек пішіні бірнеше бөлікке
киып бөлінген.Әрбір ойынға қатысушы
бала сиқырлы қоржыннан осы бөліктерді
алып, үлкен бір бүтін жүрек пішінін
құрастырады.
Дәптермен
жұмыс:
Тәрбиеші
балаларға дәптердің бірінші бетін
ашып,ондағы жүректің суретіне назарларын
аудартады.Осындай жүрек біздіің
әрқайсымызда бар екендігін түсіндіреді.
Жүрек
кішкентай болса да қуаныш, бақыт
,суйіспеншілік ,мейірім,қамқорлық,достық
сияқты жақсы сезімдердің барлығы оған
сыйып кетеді.!
«Адамның
жүрегі – сүйіспеншіліктің алтын ұясы»
сөзін
оқып түсіндіреді
Сергіту
сәті:
Мынау
- менің жүрегім,
Бәрі
осыдан басталған.
Мынау
- басым ақылды
Бәрін
осы басқарған.
Мынау
- менің оң қолым
Мынау
- менің сол қолым
Барлық
істі атқарған.
Тыныштық
сәті:
Балалар
денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды
жоғары көтеріп,ыңғайланып отырындар.
-Көздеріңді
жұмуға да болады.Ауаны терең жұтып,
екін тыныс алыңдар.
-
Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,
бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы
таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа
толғанын сезіңдер.Ал енді көздеріңді
ашсаңдар болады.
3.Қорытынды
Балалар
,қалай ойлайсыңдар ,бүгінгі күнді біз
неге ерекше деп атаймыз?
Қандай
елге саяхат жасадық?Не деп аталады?
Сабаққа
белсене қатысқан балаларды мақтау –
мадақтау.