400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өзін - өзі тану абағы "Достық татулықтан басталады"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі ұйыымда, балабақша тәрбиешілеріне арналған сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы


Өзін – өзі тану сабағы «Достық татулықтан басталады»

ересек тобына арналған конспект

Білім беру саласы: Әлеумет

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Өзін-өзі тану

Тақырып: «Достық татулықтан басталады»

Мақсаты: Дос түсінігін адам құндылығы «Достық», татулық, қамқорлық туралы кеңейту;

Құндылығы/ Ценность: Достық

Санасы: достаса білу, қамқорлық жасай білу.

Білімділік міндеті: Адам бойындағы асыл қасиеттер қамқорлық, татулық, мейірімділік туралы ой пікірлерін толық айтып жеткізе білуге, өзінің және өзгелердің іс – қылықтарына баға беруге баулу;

Дамытушылық міндеті: Балалар бойындағы мейірімділік сезімдерін, жақсы қасиеттерін дамыту;

Тәрбиелік міндеті: Бір –бірімен тату, дос болуға жан жылуын сыйлауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Шаттық шеңбері, көркем сөздер, дәек сөз,ойындар, бейне таспадан ертегі көру, мақал мәтелдер, д/ойын ,жүректен жүрекке, «достық» әні, мақтау, мадақтау.

Көрнекі құралдар: бейне таспа, суреттер, сылдырмақ, жүрекшелер.

Билингвальді компонент: сәлеметсізбе құрметті қонақтар – хэллоу ауэр гэстц, дос – друг –фрэнд, достық –дружба –фрэндшип, сенің досың кім- ху ер фрэйнд.

Сабақ барысы:

Балалар бүгін сабағымыз ерекше болмақ, өйткені бізге бүгін қонақтар келіп отыр. Өзіміздің алғыр балалар екенімізді көрсетейік.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Құрмет, ізет көрсетіп

Әдеппенен біз

Алдыменен қонақпен,

Амандасып аламыз.

Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар!

Ағылшынша амандасу: Хэлоу ауэр гэстц!

1.Шатық шеңбері

Арайлап атқан таңымыз,

Қайырлы болсын күніміз!

Шуақты күннің сәулесі,

Жайнасын бүгін жарқырап.

-Балалар қараңдаршы күніміз ренжулі ғой.

Күн айтшы не болды саған.

(үнтаспадан есту) Жер әлемінде адамдар дос болып тату тәтті жасайды. Ал мен

дос дегенді білмеймін, түсінбеймін.

-Балалар күнге достың не екенін түсіндіріп, көмектесуге келісесіңдерме?

Олай болса бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметін жақсы көңіл күймен

бастайық.

2.Жұмбақтар жасыру:

1.Мені жақсы түсінетін адам,

Сырымменен бөлісетін адам


Жақын туысым болмасада,

Құпиямды сенетін адам. Ол кім? (Дос)

Билингвальді компонент: дос – друг- фрэнд

-Сендер дос дегенді қалай түсінесіңдер?

Балалар: Дос» -дегеніміз екі немесе бірнеше адамдардың арасындағы сыйластық. Достар бір-бірін жақсы түсінеді,бірге жүргенді ұнатады.

Достар тату, мейірімді болады, Достар бір-біріне көмектеседі. Балабақшада бір – бірімізбен доспыз.

Тақпақ барлығы:

Бақшаға біз барамыз,

Досымызды табамыз.

Сәлеметсіңбе міне мен!

Доспын енді сенімен.(бір – бірін құщақтайды)

-Жарайсыңдар! Енді екінші жұмбақты тыңдаңдар.

2.Қиындықта тастамайтын

Жамандықтан аластайтын,

Ұстағаны ізгі ниет

Бұл қандай қасиет? (Достық)

Билингвальді компонент: достық –дружба- фрэндшип

-Достық берік, күшті, ажырамас болу үшін адамдар қандай болу керек?

Яғни адамның бойында қандай жақсы қасиеттер болу керек?

Балалар: қамқорлық, мейірімділік, татулық, сыпайылық, жақсылық,адамгершілік қасиеттері болады.

-Ия дұрыс айтасыңдар.Егер адамның бойында осындай жақсы қасиеттер болса кез – келген адаммен достығы берік болады.

-Ал , «татулық» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

(балалар жауаптары)Түйіндеу.

Татулық достар арасындағы ең тамаша қасиет.Тату балалар бір - бірін

ренжітпейді, тату - тәтті ойнайды, ойыншықтарымен, тәттілерімен бөліседі.

Сондықтан да достық татулықтан басталады.

Сонымен бүгінгі сабағымыздың дәйек сөзі

Достық татулықтан басталады,

Татулық табылмас бақыт.

3.Ойын: «Достық неден басталады, достыққа не жарасады?»

Шарты: Балалар шеңбер болып тұрады. Шеңбер бойымен сылдырмақты бір –біріне береді.(тақпақ айту арқылы). Соңында кімнің қолында қалса сол бала сұраққа жауап береді.ойын 5 – 6 рет қайталанады.

«Сылдырмақ»

Сылдырмақты алайық,

Сылдырлата қағайық.

Шеңбер бойын айналып,

Кімде тоқтап қалады?

Сол сұраққа жауап береді.

- Достық танысудан бастала ма?

- Достыққа қамқорлық жараса ма?

- Достық төбелестен бастала ма?

- Достыққа мейірімділік жараса ма?

- Достық күлуден бастала ма?

- Досыңа қалай көмектесесің?


- Сенің досың кім?

- Сенің досың кім- ху ер фрэнд.

- Досыңмен нені бөлісесің?

- Тату-тәтті дос» деп қандай достарды айта аласың?

- Жарайсыңдар, балалар!

Ал енді балалар бейнетаспаға көңіл аударайық.

4. «Арыстан мен тышқан» ертегісін бейнебаяннан көру.

Балалар ертегі қалай аталады?

- Ертегіден не түсіндіңдер?

- Арыстан мен тышқан бір-біріне қандай жақсылық жасады?

  • Арыстанмен тышқан қалай достасты?

  • Ал егерде арыстан тышқанды жеп қойғанда не болар еді?

(балалар жауабы)

  • Ертегіден нені үйренуге болады екен? (достықты, жақсылықты, мейірімділікті)

Өте жақсы, керемет балалар.

Әдеп сақтап, қашанда,

Әрбір адал адамға.

Жасасаң бір жақсылық,

Қайтарады саған да. Деп бекер айтылмаған

Бұл жауаптарың күнге ұнайды деп ойлаймын.

Ал сендер осылай бір – бірлеріңе жақсылық жасай аласыңдарма?

  • «Қамқорлық», «Мейірімділік»деген сөзді қалай түсінесіңдер?

  • Сендер қамқорлық жасай аласыңдар ма?

(Балалар жауаптары)

Балалар: Жақсылық жасап, бір-біріне көмектесетін адамдарды қамқор адамдар дейміз. Қамқор мейірімді адамды сөйлеген сөзінен емес, жасаған қайырымды ісінен танимыз.

5.Картинка бойынша сұрақ – жауап.

Интерактивті тақтадан картинкалар көрсету

Балалардың ой – пікірі, жауаптары:

  • Мен досыммен тәттілермен, ойыншығыммен бөлісемін.

  • Мен құстарға көмектесемін, өзінің ұясына алып қоямын.

  • Мен автобуста әжелерге орын беремін, жолдан өтуге көмектесемін.

  • Мен анама үй тазалауға көмектесемін, ойыншықтарымды өзім жинаймын.

Жарайсыңдар, балалар!

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білу керек.

Ал енді «Мақал – мәтелдер сайысы».

-Балалар сендер достық туралы мақал мәтелдер білесіңдерме?

Аягөз: Достық - татулықтан басталады
Нәсірбек:Татулық - табылмас бақыт.

Әлихан: Дос болсаң берік бол, досың серік бол.

Балхя: Ағаш тамырымен мықты, Адам досымен мықты.

Нұртілеу: Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды.

Алижан: Дос жылатып айтар, дұшпан күлдіріп айтар.

6. Сергіу сәті: Мынау-менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау -басым ақылды

Бәрін осы басқарған.


Мынау -менің оң қолым

Мынау -менің сол қолым

Барлық істі атқарған.

-Балалар біздің жүрегіміз қандай? (жылы, таза, батыл,мейірімді)

7. Олай болса, осы жылы да жұмсақ, таза, батыл да мейірімді жүрегімізден шыққан жылуды айналамызға таратайық..

(Шеңбер болып отыру)
- Достарымыз көп болсын!
- Достарымызға қайырымды болайық!

- Достық көңілдер мөлдір бұлақтай таза болсын !
- Аспанымыз ашық болсын!
- Достармен тату болайық!
- Деніміз сау болсын!
- Достығымыз берік болсын!
- Достар мейірімді бола білейік!
- Досым саған жақсылық тілеймін!
- Күніміз жарық болсын!
- Отбасымыз аман болсын!

- Әрқашан күн сөнбесін!

- Күн шуағымен дос болайық!

Барлығы:Әрқашан дос біргеміз,

Ажырамас іргеміз

Ілгері жүріңдер,

Достық қасиетін біліңдер!

Жарайсыңдар балалар! Ой, қараңдаршы міне күнімізде күлімдеп жарқырай шықты. Өйткені сендердің керемет жылы, жақсы сөздерің күнге жылулық оятты.

Күн: Рақмет сендерге балалар! Менде сендермен доспын.
Достық - бұл үлкен ұғым.Сендердің тату достықты қалаған кішкентай жүректеріңдегі қуаныш, үміт шоғы өмір бойы сөнбесін , Мейірімді жанарларыңнан тараған шапағат нұры шырақтан тараған жылудай жер дүниені жылытсын деп тілеймін.

8.Жүректен жүрекке «Достық» әнін айтайық

Сабақты қорытындылау

-Балалар бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?

-Кімге көмектестік?

-Кіммен достастық?

-Балалар мен сендерге ризамын сабаққа өте жақсы қатыстыңдар,сендерге менде өзімнің жылулығымды сыйлаймын.(жүрекшелер тарату)

-Балалар осымен бүгінгі керемет ұйымдастырылған оқу қызметі аяқталды қонақтармен қоштасайық. Бай – бай ауэр гэстц


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
28 сәуір
2687
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі