Материалдар / Өзін - өзі тану: Достық айнасы

Өзін - өзі тану: Достық айнасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін -өзі тану пәнінен "достық айнасы" тақырыбында сабақ жоспары. 8 сынып.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Ақпан 2021
413
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзін – өзі тану сабақ жоспары

Мектеп: «Жолнұсқау негізгі орта мектебі» КММ

Мерзімі:

Пән мұғалімі: Қайрбекова Мақпал Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Достық айнасы Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: мейірімділік, қомқорлық, басқа адамдарға сүйіспеншілік пен шынайылықпен қарау, басқалар туралы жамандық ойламау.

Сабақтың мазмұны

Ресустар

Сабақтың мақсаты: Балалардың «дос», «достық» құндылықтары туралы түсініктері кеңейту,әрбір сөзінде, ісінде жауапкершілікті сезіне білуді дұрыс әрекет құндылығымен жасағанда нәтижелі болатынын түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: ұл бала мен қыз бала арасындағы сыйластық, достық туралы түсініктерін кеңейту;

Дамытушылық: - өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамытату;

Тәрбиелік: - инабаттылыққа, достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.


Сәлемдесу

түгелдеу,

сабақтың мақсаты мен міндеті таныстырылады.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесін сақтау: Тәртіп ,Талап

Тыныштық,Тазалық, Татулық

Тыныштық сәті: «Су патшалығына ойша саяхат»

Көзіңді жұмып, терең дем ал, денеңді босат. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңды елестет. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түр. Жалаң аяқтарыңмен құмды сезін. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсың: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндің. Ол сені теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті екен, сені шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отыр, мықтап ұстап, жолға шықтыңдар. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезін, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңа қара: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қарашы, қандай орасан зор әдемі балықтар. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сен бір нәрсені байқадың ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде бол (бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындал. Айналаға жақсылып қара. Ғажап түстерге тағы бір рет қара және тыныштыққа құлақ түр. Осындай тыныштық саған самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.


2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Достықтың алтын жүлдесі» мәтінін оқып келу.

Мәтін бойынша сұрақтар:

  • Төлеуғазының жаны неге тыныштық таппады?

  • Кәріімжан нені армандаған еді?

  • Кәрімжан «КСРО чемпионы» алтын белгісін не себептен досының омырауына қадады?

  • Достық деген не, ол туралы не білесің?

  • Төлеуғазының бойынан шынайы достықтың қандай қасиеттерін байқадыңдар?

  • Шынайы достың бойында қандай қасиеттер болуы керек?

-Өзің қиналған кезде көмектескен достарың болды ма?

Музыка қойылады



Үй тапсыр масын тексеру.

3. Дәйексөз

«Адам баласына адам баласының бәрі – дос»

Абай

-Адам баласы адам баласымен неліктен дос болады?

- Достықтың қандай түрлері болады?

-Адал дос табу қаншалықты қыйын?

Дәйексөз ге пікірлерін білді реді.

Дәптерлеріне жазып алады.

4. Әңгімелеу

Үш дос

Бала күннен бірге өскен үш дос болыпты. Ер жеткен соң үш достың біреуі байып кетеді. Ал екеуі кедей болады. Екеуі бірігіп үнемі бай досына: "Сенің ақшаң көп, жағдайың жақсы, бізге байлығыңмен бөлісіп жартысын берсең болады ғой?" деп тиісе беретін көрінеді. "Сендер қалтадан бұрын сананы байытуларың керек" деген досын екеуі түсінбей, тек ақша сұраумен болады.
Бірде бай достары бар ақшасын шығарып:
- Маған "Ақшаң көп, байлығыңмен бөліс" деуші едіңдер ылғи, мінекей, бар ақшам осы. Осыны үшке теңдей бөлемін, бірақ достығымыз жалғасын тапсын. Ақшаның достығымызға сызат түсіргенін қаламаймын,- деп ақшаны үшке бөледі.
Алайда ақшаны алған екі досы со күйі жоқ боп кетеді.
Біріншісі күнде бір көрмесе болмайтын болған соң, ақшаны банкке салуға қимайды. Ол не тамақ алмайды, не киім кимейді, не қыдырмайды, ақшасын біліп қоя ма деп ешкіммен араласпай қояды. Ескі киіммен жүре береді, жетісіп тамақ та ішпейді. Есесіне үйінің жертөлесіне тыққан ақшасын күнде санап, иіскеп мауқын басып, қайта жасырып қоятын. Досы берген ақшаның бір тиынын да жұмсамайды.
Оның бұл әрекетін ұрылар байқап қалып, ізіне түсіп, ақшаны ұрлап кетеді. Ақшасының ұрланғанын білген ол жылап - сықтап, бай досына барып, болғанды баяндайды. Сонда досы қолына 1 түйір тас беріп: "Мынаны ұрланған ақша орнына жасыр" дейді. Себебін сұрағанда:
- Айырмашылығы неде? Сен жұмсамасаң, тамақ ішпесең, киім кимесең, елге көмектеспесең, өз ісіңді бастамай әншейін тыққыштап отырсаң, ақша тықтың не, тас тықтың не, бәрібір емес пе? Қалтадан бұрын сананы байыт дегенім осы еді ғой,- дейді бай досы.
Ал екінші жігіт керісінше, ешкіммен араласпай, ақшасын тек сауық - сайранға оңды - солды шашып, бір күні казиноға кіріп, барын ұттырып, тіпті қарызға кіріп кетеді.
Ол сол күні ақша алғалы көрмеген бай досының зәулім үйіне іздеп келіп:
- Сен бәріне кінәлі! Ақшаңды маған бермегенде, осынша қарызға кірмес ем!- деп ақша берген досын айыптайды.
- Сананы, ойыңды өзгертпей, әмиянды өзгерткеннен пайда жоқ деген ем. Тыңдамадыңдар,,,- дейді досы.

  • Шынайы достық дегенді қалай түсінесіздер?

  • Достардың іс-әрекеті қаншалықты дұрыс деп ойлайсыздар?

  • Адал досты табу оңайма?

  • Адал достық пен жалған достықтың айырмашылығын айтып беріңіздерші?

  • Сіздердің достарыңыз көп пе?


Сұрақ –жауап

(пікірталас)



5. Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Төмендегі сұрақтарға пікірталас жүргізу.

  • Достасу неден басталады?

  • Нағыз досты қалай табуға болады?

  • Шынайы достың қандай қасиеттері болу керек?

2-тапсырма: Жағдаяттарды шешу.

  • Сенің ең жақын досың емтиханға дайындалып жатыр. Сен қалай көмектескен болар едің?


  • Өзара достықтың көрінісі ізгі, сыйлы қарым-қатынас болып табылады. Сенің адал досың бар. Досыңа лайық екеніңді қалай көрсеткен болар едің?


3-тапсырма: Даналардың ой-тұжырымдарын оқып, пікірлеріңді ортаға салыңдар.

  • «Шыншылдық адалдықпен ағзалас» Әл-Фараби

  • «Дос емес дос сыртынан жамандаған» М.Дулатов

  • «Дос таппаған ер азар, басшы бақпаған ел азар» М.Ә

..... Нағыз дос сенің басыңа түскен қасіретті бөлісіп алып, қайғыңды екі есе азайтады да, ал қуанышыңды екі есе көбей- тіп жібереді. Оның үстіне шынайы дос, сенің кемшіліктеріңді кешіріп, осалдығыңды байқамайды. Достықтың басты шарты – теңдік. Мұнда құл да, қожа да болмауы керек. Сонымен адам неге ұдайы біреумен достасқысы келіп тұрады. Шынай достық екі жағдайда қажет. Адам өз бойындағы зиянды заттарды ағза-дан сыртқа шығарып жіберуі үшін алуан түрлі дәрі-дәрмектер ішеді. Ал, адамның жан-жүрегіне жиналып қалған зіл батпан қасірет-қайғысын ол тек сенімді достары мен сырласу арқылы ған сыртқа шығарып, көптен бері арқалап жүрген ауыр жүгінен жеңілдей алады екен. Әрбір адамның мұңын шағатын, қуанышын бөлісетін кемінде бір шынайы досы болуы керектігі хақ.



6. Топпен ән айту сөзі :М.Шаханов

Кешікпей келем деп ең әні: Ш.Қалдаяқов,

Аңсаған бақытым сияқтанып,

Ай туып келеді қияқтанып.

Жол жаққа қараймын,

Сен жоқсың , арайлым.

Кешікпей келем деп ең,

Мен тұрмын елеңдеумен. 2рет


Қайтемін кінәләп бұған сені,

Сағатың алдаған шығар сені.

Нұр ойнап көзіңде

Уәделі кезіңде.

Кешікпей келем деп ең,

Мен тұрмын елеңдеумен. 2рет

Көшеде сырласып, шалқып басып.

Құрбылар барады қолтықтасып.

Тағатым таусылды,

Аңсадым даусыңды.

Кешікпей келем деп ең,

Мен тұрмын елеңдеумен. 2рет

Мұғалім әнді оқушы лармен бірге орын дайды

7. Үй тапсырмасы.

Келесі сабаққа Зейнеп Ахметованың «Бабалар аманаты» мәтінін оқып келу.

Күнделіктеріне белгілеп алады.

8.Соңғы тыныштық сәті: (Баяу музыка)

Сендердің жүректерің — сендердің кішкене жарқыраған күндерің. Ол да күн сияқты жылытады. Сендердің күндерің сендерге жылулық береді. Өздеріңнің жақсылықтарыңмен адамдармен бөлісесіңдер. Ал, кәне жақсылық сезімдерімізді өздеріміздің әке-шешемізге, аға-әпкелерімізге, өздеріміздің достарымызға, барлық адамзатқа, келген қонақтарға,  маған және өзіміздің кішкене ғана әдемі жер шарымызға, бәріне-бәріне жіберейік, жақсылық тілейік.
-Ал, енді көздеріңді ашыңдар, жымиыңдар және осы сезімдеріңді, қуаныштарыңды күні бойы сақтауға тырысыңдар.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ