Өзін - өзі тану пәнінен дәйексөздер жинағы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өзін - өзі тану пәнінен дәйексөздер жинағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал мұғалімдерге, оқушыларға өте қажет. Әсіресе өзін өзі тану пән мұғалімдеріне сабаққа қолдануға ыңғайлы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

30201a3db46eabc95439cf9579ce6720.jpg

Дәйексөздер

жинағы





Бәрінен күшті адам - өзіне-өзі ие болатын адам.

Сенека




Өзіңді танығың келсе, адамдарға, олардың ісіне қара.

Фридрих Шиллер




Өзіңді-өзің тану үшін кітап керек. Өзгені де тану үшін кітап керек.

Расул Ғамзатов







Кімде-кім халқынан алмаса тәлім,
Оны үйрете алмас ешбір мұғалім.
Ж.Баласағұн.






Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз.


Сенека.



Ештеңе туралы сұрамайтын адам ештеңе үйренбейді.
Т.Фуллер.



"Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет".
Шоқан Уәлиханов.

«Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі"
К.Д.Ушинский


Құт берекең- атаң қымбат, 
Аймалайтын анаң қымбат. 
Мейірімді апаң қымбат.
Асқар тауың- әкең қымбат. 
Қазыбек би




Адамға екі нәрсе тірек тегі:
Бірі — тіл, бірі — ділің жүректегі.
**************
Тіл – елшінің қылышы, тіл қылыштан да өткір.


Елдіктің өзегі – білік, кілті – тіл, қадір-қасиеті – кісілік.
Жүсіп Баласағұн
Игі істің басы – тіл, тәрбие басы – тіл.
Махмұд Қашқари

Ақылмен ойлап білген сөз
Бойыңа жұқпай сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз
Бар тамырды қуалар.

Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Ақылдың тілін алса, жүрек ұмыт қалады.


Шешеннің тілі
Шебердің бізі.
Абай Құнанбайұлы



Сөз — халықтың қымбаттан қымбат кені.


Сәбит Мұқанов



Ұлттық руханиятымыздың өзегі – тіл


Әбіш Кекілбай

Тәрбиеші болу үшін,тәрбиеленген болуың керек. 
С.А.Макаренко

Балалар тәрбиесін – үлкендерден бастау керек.
М.Горкий

«Ойланып бас қадамыңды, түсіп кетпе шұңқырға,

Онда, қалқам, ой түгіл, денең көнбес ырқыңа»

Рудаки


«Бәрінен көшті адам - өзіне- өзі сенетін адам»

Луций Сенека


«Өзіңді – өзің тану даналықтың бір інші белгісі»

Карл Маркс

«Ерекше іс істесен, ел таңырқайды».

Қ.Айнабеков


«Сен істі сүйсең,іс саған бас иеді».

Халық мақалы


«Әрбір істі жақсы істеу үшін оны жақсы көру қажет».

М.Горький


Әзір ас жоқ дүниеде

М.Әлімбаев



Өмірге қуаныш –бұл денсаулықтың белгісі ғана емес, аурудан сауығудың тиімді жолы.

Халық даналығы

Қарапайымдылық- моральдық сұлулықтың басты шарты

Л.М. Толстой



Атымды адам қойған соң, қайтып надан болайын...


Абай




Өз жанына көп үнілген жан қателігін тез сезеді, еріксіз салмақты болады, бәрін білем демейді, көкірек кермейді.

К.Гельвеций



Көкірек таза болмаса, көз тазасы не керек?

Жаның таза болмаса, тіл тазасы не керек?

Қазақ халқының даналығы



«Ең басты дәрі- дәрмек – таза ауа, суық су, ара мен балта.»

Василиий Поленов

«Қызыры білу, ұяла білу – адам бойындағы ең тамаша адамгершілік қасиет.»

Чарльз Дарвин


«Қарапайымдылық – жасыл алқап,

Адамгершілік онда өскен гүл сияқты.»

Ахмет Йгүнеки


Адамда жақсы қасиет болмаса,

Оған бақ та, бақыт та қонбайды.

Ж. Баласағұни


Ізгі мінез, түзу құлық болғанда,

Пайда түгел екі бірдей жалғанда.

Екінші – ұят, сосын шындық – үшінші,

Үшеуімен ел көгерер (түсінші!)


Ж. Баласағұни

Биязыны халық сүйіп, ұғады,

Ісі түзу кісі төрге шығады.


Ж. Баласағұни

« Күшіне сенген адам ғана мақсатына жете алады.»

Людвиг Фейербах



Әділ болсаң – араға - ақ,

аққа – жақ,

Ұрпақтарың жақсы атыңды сақтамақ!

Ж.Баласағұни


Ақиқаттың ең сенімді белгісі – қарапайымдылық пен ашықтық.

Жалғандық әрқашан қиын, түсініксіз және көпсөзді болады.


Л.Н.Толостой


Еріншектік күллі дүниедегі өнердің дұшпаны

Абай Құнанбаев


Еріншекке – есік те асу көрінер, жалқауға бұлт та жүк көрінер.

Махмұд Қашғари


« Ас – тұзбен дәмді, су – мұзбен дәмді, ал адамдар салихалы, сыпайы сөзімен сәнді»

Әлішер Науаи


« Ойы таза адамның жаны таза»

Бернардино Сиенский

Өзіңе қарай дос таңда,

Күшіңе қарай жүк көтер.

Жүсіп Баласағұн

Махаббат - өмірдің өлең – жыры, жарық күні.

Виссарион Белинский

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.04.2021
4559
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі