жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Өзін - өзі тану пәнінен "Жүрек жылуы" тақырыбы бойынша сабақ жоспары
Пәні: Өзін-өзі тану
Уақыты
Тақырыбы: «Жүрек жылуы»
Құндылық: Сүйіспеншілік.
Қасиеттер: Қайырымдылық, мейірімділік
Мақсат-міндеттері:
-Қайырымдылық», «мейірімділік», адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
-мейірімділік,
қайырымдылық туралы түсініктерін
кеңейту;
-қамқорлық жасауға жетелеу;
-
мейірімділікке тәрбиелеу.
Ресурстар:
Құралдар, мәлiметтер
Әдіс-тәсілдер: жекелей, жұптық, топтық.
Сабақтың көрнекілігі:
слайдтар, сурет, а4 қағазы, түрлі түсті маркерлер, оқулық, мультфильм.
І. Ұйымдастыру кезеңi.
Амандасу. Түгендеу.
Тыныштық
сәті. «Нұрға
бөлену»
-Барлықтарыңыз
көздеріңізді жұмыңыз. Сіз табиғаттың
ең көркем жерінде екенін елестеңіз. Сіз
көл жағасында суда жалаң аяқ жалдап
жүрсіз. Салқын су сіздің аяғыңызды сипап
жатқан сезімде боласыз (тыныштық). Күннің
көзі жер бетін қыздыруда (тыныштық). Сіз
гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз
(тыныштық). Сіз көңілді құстар ән салып
жатқанын естисіз..... (тыныштық).
Тыныштықта
тұрып, өзімізді тыңдайық, табиғат -
анамызды тыңдайық. Алақандарыңызды
күннің көзіне жайыңыз. Көк аспаннан
және күзгі жердің суығы ағатын жылы
күннің сәулелерін сезіңіз (тыныштық).
Қазір біз көзімді ақырын ашып, басқа
жаққа қарай қолымызды жайып, бізге өмір,
денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй
сыйлаған Ана - Табиғатқа «Рахмет» деп
айтамыз.
Енді көздеріңді аша қойыңдар. Қолдарыңды жоғары, содан кейін екі жаққа
созыңдар. Терең дем алыңдар.
Міне, тамаша! - Нені сездіңдер?
-Мен жылулық сездім
-мен гүлдің баяу ашылып жатқанын
-Мен нұр сәулесін аяғыма таралғанын сездім
-мен Қолыммен жылулықты сездім
-Ал мен жақсы сөздерді,тіліктер айтқым келді.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Қайырымдылық, мейірімділік туралы мақал-мәтел жаттап келу.
«Қайырымдылық»- дегені қалай түсінесің?
ІІІ. Дәйексөз.
«Табиғаттағы барлық жылу- күннен,
Өмірдегі барлық жылу- адамнан» - Михаил Пришвин.
- Неге табиғаттағы барлық жылу күннен?
- Неге өмірдегі барлық жылу адамнан?- дейді.
- Жақсы іс істеу дегенді қалай түсінесіңдер?
Өздеріңнің жауап бергендеріңдей қайырымды іс жасау оған мұқтаж адамның жанына жұбаныш болады. Жүрек жылуы- біреуге қайырымдылық жасағанда көңілің көтеріліп, жаның жай тауып, қуанасың, сол адамды қуантасың, қайырымды іс істей алатыныңа жақын-туыстарың, достарың, айналаң қуанады. Әрбір адамның жүрегінде сондай жылуы болса, бір-біріне қайырымдылық жасап жатса, әлемдегі адамдардың барлығы қуанышта, бақытта өмір сүреді.
ІV. Мұғалімнің сыйы. ( Айгүл мультфильмін көру)
Топтық жұмыс: - бейнебаянда кімдер туралы болды?
-Айгүл мен Әнуардың қасиеттерін жазыңдар.
Айгүл |
Әнуар |
|
|
|
|
|
|
Сергіту сәті. «Көңілді күн»
V. Кітаппен жұмыс.
1. Мәтінді мәнерлеп оқып шығу.
2. Рольге бөліп оқу.
3. Талдау.
4. Сахналап көрсету.
VІ. Шығармашылық жұмыс.
(Жағдаяттан шығу)
Суреттерге қарап жағдаяттан шығуды әңгімелеу.
Сөзжұмбақты шешу. Мәтінді оқып сұрақтарға жауап беру.
Мысық пен балапан жылап тұрған күшікті кездестіреді. Күшік ата-анасын жоғалтып алыпты, қарны аш. Сол уақытта нан шайнап бара жатқан бота өтіп бара жатады. Мысық одан бір үзім нан беруін өтінеді. Бота нанның өзінде де аз екенін айтып, анасына қарай қашып кетеді. Балапан жүгіріп барып үйінен нан алып шығып, күшікке береді. Содан кейін барлығы бірігіп күшіктің ата-анасын іздейді.
-Мысық пен балапан нені кездестірді? күшік
-Нан шайнап бара жатқан нені көрді? бота
-Бір үзім нан беруін не өтінді? мысық
-Үйінен нанды күшікке не әкеліп берді? балапан.
Бұл әңгімеден ойымызға не түйдік, қандай өнеге алдық?
VІ. Ойын: «Болады, болмайды».
(оқушылар шеңберге тұрады, мұғалім болатын нәрселерді айтқанда оқушылар қолдарын үш рет шапалақтайды, ал болмайтын нәрселерді айтқанда қолдарын бір рет шапалақтайды)
-Мейірімді болуға …. (болады), Кешірімді болуға …. (болады),
Қатыгез болуға …. (болмайды), Тәртіпті болуға …. (болады),
Әдепті болуға …. (болады), Ұрысқақ болуға…. (болмайды),
Сыпайы болуға …. (болады), Қайырымды болуға …. (болады),
Бұзық болуға …. (болмайды), Бауырмал болуға …. (болады),
Ақылды болуға ….. (болады), Мақтаншақ болуға …. (болмайды),
Шыншыл болуға …. (болады), Арам болуға …. (болмайды),
Маман болуға …. (болады), Жаман болуға …. (болмайды)
VІІ. Дәптермен жұмыс.
1-тапсырма: жүрегіңнен шыққан мейірімділік, қаырымдылық және жанашырлық сезімдерін кімдерге, нелерге арналатынын бос торкөзге жазыңдар.
VІІІ. Қорытындылау.
– Дұрыс балалар, сендерге мейірімді болуды мектепте ұстаздарың, үйде аналарың үйретеді. Ендеше сол өзіміздің аналарымыз туралы айтайық, ол қандай адам? (баяу музыка ойнап тұрады) топтастыру. Әлемдегі ең мейірімді жан.
Ән айту: « Ақ мамам».
Рефлексия.
сабақ ұнады ма?
Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңмен өз жүректеріңнің жылуын ақ қағазға қалдырайық.
Менің қайырымды жүрегіме рахмет!
Менің мейірімді жүрегіме рахмет!
Менің жылы жүрегіме рахмет!
Менің жақсылықты сезіне алатыныма рахмет!
Мен әрқашан қайырымды боламын!
Мейірімділігім менің-асыл қасиетім!
Менің жүрегім әрқашан мейірімге толы!
Менің қайырымды жүрегіме рахмет!
Менің мейірімді жүрегіме рахмет!
Үйге тапсырма: өлеңді жаттап келу.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген