400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Өзін -өзі тану 9-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану пәнінен 9-сыныпқа арналған "Адамның еркіндігі"тақырыбына арналған бұл сабақтың Қоғам азаматы ретінде еліне, жеріне қиянат жасамау әр бір азаматтың міндеті екендігін түсіндіру. Қиянат жасамау құндылығына байланысты Мәдени мұраны құрметтеу, қоғам меншігін қамқорлау, қоршаған ортаны қорғау қасиеттерін қалыптастыру көзделеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: «Рыков атындағы орта мектебі» К Мерзімі:

№ 16-сабақ.Сабақтың тақырыбы: Адамның еркіндігі

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер:Мәдени мұраны құрметтеу, қоғам меншігін қамқорлау, қоршаған ортаны қорғау

Пән мұғалімі: ИсакановаД.К

Сыныбы:9

Сабақтың мазмұны

Ресустар

Сабақтың мақсаты: Қоғам азаматы ретінде еліне, жеріне қиянат жасамау әр бір азаматтың міндеті екендігін түсіндіру.

Міндеттері:

- Мәдени мұраны құрметтеугеүйрету;

-қоғам меншігін қамқорлау ға баулу;

- қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Сәлемдесусабақтың мақсаты міндеті таныстыру

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену».


2.Үй тапсырмасын тексеру.

1. Отан , ел туралы мақал-мәтел жазып, мағынасын түсіндіру.

2. А.Ахметбекұлы «Көк тудың желбірегені»әнін орындау



Музыка ойналады



Үй тапсырмасын тексеру.

3.ДәйексөзДжон Кеннеди

«Ел мен үшін не істей алады деп сұрама,

ел үшін өзім не істей аламын деп сұра»

  • Елдің саған берері не деп ойлайсың?

  • Елің үшін сен не жасай аласың?


4. Әңгімелеу: Ж. Аққайыр

Жақсылық Үшкемпіров, Олимпиада чемпионы

1. Сұхбат кейіпкерінің «Өмірін күреске, бос уақытын жаттығуға арнаса, әлбетте, нәтиже шығады. Шыңға шығудың оңай әдісі болмайды» деген тұжырымынан қандай ой түйдіңіздер?

2. «Әркімнің несібесі, ырзығы бар, істеген ісін өлшеп, еңбегін бағалайды» деген пікірді қалай түсіндіңіздер?

3. «Олимпиадаға дейін алдымызда екі үлкен біріншілік бар. Сол жерде көк туымызды желбірететіндер көп болса екен» деген сөздерден кейіпкердің бойындағы қандай қасиеттерді байқауға болады?

4. Сіздің ойыңызша, ата кәсіпті қолға алу арқылы адам кейінгі ұрпаққа үлгі бола ала ма?

5. Кейіпкер неліктен халыққа алғыс айтады? Халықтың оны сыйлап жатқанын қайдан көруге болады?

6. Адамның бойындағы қандай қасиеттері оның адамдық болмысын көрсетеді? Бұл орайда еркіндік қаншалықты маңызды? Мысал келтіріңіздер.

7. Белсенді өмірлік ұстанымы бар адамның әрекетінде жалпыадамзаттық қандай құндылықтар көрініс береді деп санайсыз?

Видео ролик көрсету


Сұрақ –жауап(пікірталас)

5.Шығармашылық жұмыс

6-тапсырма: Мәтінді оқып, сұрақтарға қатысты пікіріңізді ортаға салыңыз.Алпамыс ШаримовДимаш Құдайбергенов – Тәңірдің қазақ халқына бере салған үлкен сыйы. Димаштың өнерге деген махаббаты мен адалдығына еріксіз таңғаласыз. Оның бүкіл мақсат-мүддесі өзінің өнерін жетілдіру. Одан басқа жаққа бұрылмайды да, одан өзгеге алаңдамайды да. Ақшаға да, алтын бұйымға да, өзге де жылтырақтарға да қызықпайды. Өзінің өнерін жетілдіру жолында 48 сағат ұйықтамауға әзір. Қазақ халқының көсемі Әлихан Бөкейхановтың «Қазақ зиялыларының ұлтқа қызмет етуі - білімнен емес, мінезден!» дейтіні бар еді ғой. Сол сияқты Димаштың өнерге деген риясыз адалдығы, өнерге құлай берілуі мінезден ғой деп ойлаймын. Ә. Бөкейхановтың «мінез» деп адамның шыққан ортасын, тегін меңзеп отырғаны да аян.

• Димаш жөнінде белсенді өмірлік ұстанымы бар деп айтуға бола ма? Неліктен?

• Димаштың өз әрекеті үшін жауапкершілігін қалай түсінесіз? Нақты мысал келтіріңіз.

• Өнерпаздың өнерге, еліне деген махаббаты мен адалдығына қандай қасиеттері мен әрекеттері дәлел болады?Оның еркіндігі туралы не айтасыз?


7-тапсырма. Сіз өзіңіздің ойыңыздағы еркін адамның эмблемасын салыңыз. Суретке тұлғаның еркіндігін білдіретін символдарды енгізіп, сәйкес ұран ойлап табыңыз. Шығармашылық жұмысыңыздың нәтижесі ретінде таныстырылым даярлаңыз. Адамға риясыз сүйіспеншілік танытатын ұрпақтың өкілі ретінде адамзат үшін не істей алатыныңызды Жоба күнделігіне жазыңыз.

Ойларын ортаға салу.

6.Топпен ән айтуСөзі: Есенқұл Жақыпбек

Біздің елдің жігіттері Әні: Жәкен Омаров

Біздің елдің жігіттері – жігіттердің төресі,

Солар жайлы ағайын-жұрт, не білесің сен осы?

Олар жайлы айтылмайды биік-биік мінбеден,

Өйткені олар –ақиқат пен шындық сөздің жебесі.

Біздің елдің жігіттері – жігіттердің төресі,

Біздің елдің жігіттері – ұлы мұхит кемесі.

Осы жұрттан бақ пен

Қызыр қашпаса екен деп тілеп,

Осал жерін түзеп жүрген біздің елдің шегесі.

Біздің елдің жігіттері – жігіттердің сырттаны,

Кешегі өткен ақындар мен батырлардың ұрпағы.

Ерте туып, еш заманның маңдайына сыймаған,

Өз елінің ұлтаны мен өз елінің сұлтаны.

Олар жайлы білгің келсе, ортасына кіріп көр,

Солар жүрген жолдарменен дәтің болса, жүріп көр.

Ерте туып, еш заманның маңдайына сыймаған,

Қайран біздің қасиетті қара нардай жігіттер.


7.Үй тапсырмасы.

1.Тесті шешу


Үй тапсыр маларын белгілеп алады.

8.Соңғы тыныштық сәті:

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
1148
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі