400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өзін -өзі тану " Ойнай білу де -өнер" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін -өзі тану сабағының 13-сабағын ұсынып отырмын
Материалдың қысқаша нұсқасы

13- сабақ

Бекітемін:__________

Мектебі: ___________________________

Мерзiмі: __________________________

Мұғалімі:___________________________

Класс:

Оқушы саны:_______

Тақырып: Ойнай білу де - өнер

Құндылық : ішкі тыныштық

Қасиеттер: жағымды ой, сабырлылық, тазалық.

Сабақтың мақсаты: ойнай білудің өнер екендігін ішкі тыныштық құндылығымен қабылдай білуге жағдай туғызу.

Міндеттері:

- оқушыларға жағымды ой, ізгі ниеттің адамға тигізетін әсерін ұғындыру;

- оқушылардың сабырлылық, шыдамдылық қасиеттерін дамыту;

- оқушыларды ниет тазалығына тәрбиелеу

Ресурстар:

үнтаспа,шығармашылық тапсырма, презентация

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

5-Т ережесін ұстану: талап, тәртіп, тазалық, татулық, тыныштық.

Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар! Денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: күн нұры сіздің төбеңізден өтіп кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің хауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп сәуле шашуда. Қолыңыз тек жақсы ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады, аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте бірте қарқын және шұғыланы бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен нұрмын ».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.


Үй тапсырмасын тексеру М.Төрежановтың «Аяқталмаған ойын» әңгімесі.

Сұрақтар:

1.Ақан мен Асан бір-біріне кімдер болып келеді?

2. Олар қайда бет алды?

3 Олардың ойнаған ойыны неге тез аяқталды?

4. Әңгімеден өзіңе не түйдің?

5. Тіл табысу дегенді қалай түсінесің?

6. Өзің тіл табыса алмағанда бұл жағдайдан қалай шығасың?

Сабақ барысын талқылау:

Сергіту сәті.

Шаршасаңдар, балалар, Қолдарыңды сермеңдер.

Қолдарыңды созыңдар. Денелерiң шынықсын,

Саусақтармен ойнаңдар, Саналарың тынықсын.


Дәйексөз Бәрінен күшті адам-өзіне-өзі ие болатын адам. Сенека

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу.

Бәріміз қосылып айту

мағынаны ашу

Әңгімелеу «Суретші» (аңыз әңгіме)

Әлемде тамаша көріністерді көре және бейнелей білген дарынды суретші өмір сүрген.

Суретшінің сұлулықты көре білу қасиеті адамдарды таңғалдыра білген екен. Айналасындағы адамдар сол әдімілікті көрсе де, әлгі күнге дейін суретшінің шынайы өнер туындысына айналмайынша оны байқамаған!..

Суретші әдеміліктін ұлы шебері болған.Ол ішкі жан тәнімен өзінің көрген әдемі көріністерін кенепке бейнелеген. Сонда ғана суретшінің суретіне қараған әрбір адам үшін байқалмайтын сұлулық шынайыға айналып, керемет туынды шыққан екен.

Бір күні суретші ел аузында көзге түспейтін сүйкімсіз арық бойжеткен бейнесін бейнелеуді қолға алады. Ол қыз өзіде солай деп ойлап жұрт бетіне тіке қарай алмапты...

«Саған не болды ... өзге біреу болмады ма?» - деп сұрапты

Суретші айтқанға құлақ аспай, кенепке ғажайып, әсемдік келбетін суреттеп жандандыра білді.

«Бұл мүмкін емес.. бұл мен емес ...Қандай керемет бейне..» деп қыз таңданады.

«Мен - айнамын» -деп күлімдеді суретші «Мен тек ғана саған ішкі сұлулығынды көрсеттім. Енді осы сұлулығынды жасырма»

Суретші қарт әйелдің бейнесін суреттеуге кіріседі жұрт оғанда таңғалады.

Ол осы қарттың өміріндегі мейірімділігін, балаларына немерелеріне деген шексіз ана сүйіспеншілігін ұзақ және мәнді ғұмұрын, даналығын көз жанарының шапағатын бейнелейді. Бұл ана бейнесіндегі – сүйіспеншілік, даналық, мейірімділігі мен жүрегінің кеңдігінен – адамдар жан тыныштығын сезінген. Суретшінің осы қарт әйелді бейнелегенін құрмет тұтып, басын иген....

Жіп -жіңішке шөп талшығындағы таңғы шықтың қүн көзіне шағылысып жарқыраған бейнесін суреттеді. Ол бір тамшы судың «Мен шексіз сүйіспеншіліктің бір тамшысымын! Күн сәулесінің көріктілігі көрінді. Айна бейнесіндегідей әлемнің сұлулығы жарқырады.

Сұрақтар:

- Суретші сүйкімсіз арық бойжеткен бейнесін қалай сұлуландырып көрсете білді?

- Әлемдегі кереметті көре білген кім?

- Не себепті адамдар айналасындағы әдемілікті байқамаған?

- Кімді бейнелегенде адамдар басқа адам болмады ма деген сұрақтар берді?

- Бұл әңгіменің біздің сабағымызға (тақырыбымызға) қандай қатысы бар?

- Суретшінің суретті жандандыруының сыры неде?

- Сіздер осы әңгімеден қандай ой түйдіңіздер?

мұғалім сыйы

Шығармашылық тапсырма

(санамақ арқылы 3 топ болып топтасып, төмендегі өлеңді өз ойларымен толықтырады.)

Қызық біздің аулада,

......................... ойнаймыз.

..........................................

мерекені тойлаймыз.

Кеме жасап, теңізде

........................ ойнаймыз.

Кенші болып кен іздеп

...................... ойнаймыз.

Архитектор, құрылысшы,

........................ ойнаймыз

Теміржолшы, жұмысшы,

.......................... ойнаймыз.


Топпен ән айту. Жасамайық қиянат (Ұстазым менің әнінің әуеніне салып орындау.)

Арамызда өкпе, реніш болмасын,

Әрқашанда әділдікті қолдасын.

Адамдарға түсінікпен қарасақ,

Сонда ғана, гүлденеді болашақ.

Жасамайық адамзатқа қиянат,

Осының бәрін санаңызға ұялат.

Ізгіліктің жолында біз жүрейік,

Бәрін естен шығармайық, білейік.

Мейірім сізбен,

Бас қосып бізбен,

Нұр төгіп барлық адамға.

Жүрегің тасқан,

Пейілі дархан ,

Нұр төгіп барлық ғаламға.

Қиянат жасамайық адамзатқа,

Қиянат жасамайық табиғатқа.

Қиянат жасамайық ата-анаға,

Қиянат жасамайық туған Отанға.


Үй тапсырмасы

  1. 61-65 беттегі Т.Дәуренбековтің «Кімнің жұмысы?» атты мәтінін оқу, мәнерлеп оқу

  2. Д. 28 - бет


Сабақтың қорытынды минуты

- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
557
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі