400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Өзін- өзі тану » пәнін басқа пәндермен ықпалдастырудың тиімді жолдары »

Материал туралы қысқаша түсінік
«Өзін- өзі тану » пәнін басқа пәндермен ықпалдастырудың тиімді жолдары »бұл пән мұғалімдеріне тиімді әдістемелік көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы














Құрманбаева Серіккүл Қалданқызы

№ 202 З.Жарқынбаев атындағы орта мектеп

«Өзін өзі тану » пәнін басқа пәндермен ықпалдастырудың тиімді жолдары »































«Жалпыадамзаттық құндылықтарды жаңғыртып, өз бастауымызға қайта оралу керек...

Халқымыз сан ғасырлар бойы бұл құндылықтарды игере отырып, рухани мөлдір бұлақтан сусындады...

...сол рухани мөлдір бұлақтың көзіне жол табу – әрқайсымыз үшін міндеттердің міндеті болмақ...» С.А.Назарбаева

Мұғалім өз сабағын сәулелендіретін нұрды қайдан алады?

... мұғалім өз бойындағы рухани әлемнен алады, егер ол әлем әсемдікке, асқақтыққа толы болса ...

Біз рухани бастаудан туындайтын, сыртқы әлемнен келетін ақпаратты дамытамыз, асқақтатамыз, ізгілендіреміз. Міне, осы бейнелермен оқушыларымыздың рухани әлемін толықтырамыз. Ш.А. Амонашвили

Әрбір адам- жеке тұлға.Тек өзін –өзі жетілдіре білгенде ғана тұлғалық қыры ашыла түседі.Адамның бойындағы сүйіспеншілік оның ішкі- жандүниесімен қабысып ,кірігіп кеткенде ғана ол айналасына ,қоршаған ортасына мейірім- шуағын шаша алады.Сондықтан кез келген адам өзін –өзі үздіксіз білім нәрімен ,ізгілік нұрымен сусындатып ,рухани –адамгершілік шыңынан көрінуге талпынуы керек .

Ұстаз ,ғалым Ш.А.Амонашвилидің «Нұр балаларына нұрлы ата –ана ,нұрлы мұғалім қажет.Біз сондай болуға міндеттіміз»,деген ұлағатты сөзі әрбір ұстаздың бойтұмары іспетті болуы керек.Ол үшін әрине,«Ойлы шығармашыл, еркін-мұғалімді тәрбиелеу керек»

«Адамның адамшылығы… жақсы ұстаздан» деп Абай атамыз айтқандай бәріміз де,ұстаздың алдында қарыздармыз.Сол үшін ұстаздар оқушыларға білімді үйретуде ешқашан қателік жібермеуге тырысу керек.Себебі, балалар талшыбық іспетті.оны дұрыс баптау –ұстаздардың қолында . «Адам-адамгершілік заңы арқылы ойланады » депті бір данышпан.Өмір есігін ашқан әрбір пенде артында із қалуы үшін өмір- өзеннің толқынында әртүрлі кедергілерге жолығады.Бірақ адаспай ,аптықпай ,шаршамай-шалдықпай өз жолын табу үшін ең алдымен өзін- өзі тану керек.

С.А.Назарбаева «Өзін- өзі тану » рухани -адамгершілік білім беру бағдарламаасы –жеке тұлғаның ой –өрісін кеңейтіп,қалыптасу жолында ауыз толтырып айтарлықтай жақсы нәтиже көрсетіп жүргені баршамызға мәлім.

Әрбір педагог оқушының балалық шағының мағыналы болғанын ескерген жөн.Бұл бала бойындағы адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың бірден бір жолы.Ш.А.Амонашвилидің «Мұғалім өз сабағын сүймесе оған өзі сүйсіне білмесе,ол шәкірт бойына да сүйіспеншілікті дамыта алмайды »деген пікірін жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамытуда ұстазға қойылатын талаптың маңыздылығын байқауға болады.Қай заманда болмасын адамзат алдында тұрған ұлы мұрат –міндеттердің ең бастысы –өзінің ісін ,өмірін жалғастыратын салауатты ,саналы ұрпақ тәрбиелеу.Міне ,осы мүдденің талабынан шыға алған ұстаз немесе кез келген жеке тұлға игі ісімен өз ортасына танылады.Ал ондай адамның абыройы беделі қашан да биік!Бойында адамгершілік,ізгілік нұрын жиған ұстаздар жарқын болашағымызға күндей нұрлы ізбасарларды түлетіп ұшырарына сенімдіміз.

Халқымыздың көрнекті ақыны Мағжан Жұмабаевтың «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтына қызмет ететін болғандықтан,тәрбиеші баланы өз ұлтының тәрбиесімен тәрбиелеу керек» деген қанатты сөзі бір ғасыр уақыт өтсе де өз мәнін жойған жоқ. Қазір жаһандану мәселесі тұрғанда ұлттық тәрбиенің баланы ұлтжандылыққа тәрбиелеуде маңызы  зор деп есептеймін. Сондықтан  ұстаз да  өткен тарихтан сабақ ала отырып, оқушы жүрегіне жол таба алса, нұр үстіне нұр болар еді . Барлық пәндерді мәңгілік бүкіл адамзаттық құндылықтар негізінде алуан түрлі құбылыстарды бірлікте қарастыра отырып, тұтастай білім беру .

Білім беруде жалпыадамзаттық құндылықтардың негізгі түп қазық болуы, яғни берілетін білім біртұтас, жүйелі болуы маңызды.

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім жобасының авторы С.А. Назарбаева осындай мәселелерді пайымдау барысында былай деп жазды: «Ғасырлар тоғысында біз ойда-жоқта тәрбиенің басты мақсаты – бала компьютер тетіктерін басып, ағылшынша былдырлап сөйлей білсе жеткілікті деп шештік. Міне ол дап-дайын – жаңа формация адамы! Ал сол баланың мейірімділік пен зұлымдықтың айырмашылығын ажырата алмайтыны, жақынының ауыртпалығын бөліспейтіні бізді ойландырмайды да... Мен балалардың жастайынан салауатты және бақытты болу өнерін меңгергенін, өмір даналығын бойына сіңіріп, адамзатқа риясыз қызмет ету арқылы бақытқа бөленуді үйреніп өскенін қалаймын. Өздерінің кім екенін, не үшін өмір сүретінін, неге ұмтылатынын терең түсінуі керек. Әр адамның өзін-өзі тануы қажет».

Шынында қазіргі таңда білім өмір сүру үшін қаражат табу емес, өмір сүру үшін берілу керек.

Рухани-адамгершілік қасиеттерді дамыту үшін балалардың бойында кішкентай кезінен бастап ең маңызды адамдық сапаларды ,жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру қажет.Рухани ұстазымыз ұлы Абай: «Адамзаттыңбәрін сүй,бауырым деп », -деген өлең жолы терең философиялық ойға жетелейді.Адам асыл қасиеттерді қастерлеумен адамдық биік белеске көтеріледі.Жалпыадамзаттық рухани-адамгершілік құндылықтарды түсініп,оны күнделікті әдет ғұрпына енгізген кез келген адам ең алдымен әділ,мейірімді және қанағатшылболады.

Жас ұрпаққа рухани тәрбие,білім беру адам дамуының рухани-адамгершілік үйлесімділігін,өмірдің құндылықтарын түсінуге,өзін қоршаған ортамен тығыз қарым –қатынаста болуы арқылы іске асады.адам өзін –өзі тану арқылы ізгілік ұстанымдарын бойына сіңіреді.Адамның көзқарасыоның ішкі сеніміне айналған жағдайда ғана оның дүниетанымы,қоршаған ортаға деген

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімнің басқа пәндермен интеграциясы – ол, ең алдыменен мектептегі білімді жандандыру, оның рухани-адамгершілік болмысын жарыққа шығару, ол – біртұтас білім, барлық пәндерді мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде жинақтау және алуандылықтың біртұтастығын көре білу. Мәңгілік құндылықтар білім берудің ошағына айналуы керек, басқаша айтқанда, біз оқытатын нәрселеріміздің барлығының біртұтас екендігін көрсетуіміз керек.

Интеграция терең деңгейдегі мазмұнда, мағынада және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде жүзеге асуы тиіс. «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұндық негізі жалпыадамзаттық құндылықтардан, ал барлық әдістемелік тәсілдері, атап айтсақ: жағымды көңіл күй, шағын әңгіме, ән айту, шығармашылық жұмыс, ойын терең рухани-адамгершілік мағынада жүргізілуі тиіс. Егер де біз сабақта ойын ойнасақ, ол құндылықтарға бағытталуы, ән айтсақ, оның мазмұны сананы тазартып, жағымды бейнелермен толықтырылуы, егер де оқиға немесе өсиет әңгіме айтсақ, онда осындай әңгімелеу оқушының рухани дамуына көмектесуі керек.

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру мен мектептегі басқа пәндерді ықпаладастырудың дүниетанымдық негіздері әлемді және адамды тұтас түсінумен анықталынады. Олар тек биологиялық және әлеуметтік табиғатқа ие емес, сонымен бірге жоғары рухани негізде түсіндіріледі. Ол қоршаған ортада өмір, қозғалыс, даму, тәртіп, үйлесім ретінде көрініс береді; ал адамның санасында мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар ретінде көрінеді.1

Ықпалдастыру үдерісі (integratio - қосу, қалпына келтіру) өзара байланыстылық және өзара толықтыру негізінде жүйенің бұрын ажырап кеткен бөлшектері мен элементтерінің біртұтас жүйеге біріктіру болып табылады.2

Педагогикада ықпалдастыру ұғымын бірінші рет И.Д. Зверев және В.Н. Максимов енгізген: «Ықпалдастыру - байланысқан біртұтастылықты жасау үдерісі мен нәтижесі. Оқытуда ол пәнаралық оқу проблемаларын ашу мақсатында ғылымдардың негіздерін кешендеу мен қосу, түрлі ғылыми ұғымдарды және сан-алуан пәндердің әдістерін танымның жалпыадамзаттық құндылықтары мен әдістеріне біріктіру, түрлі оқу пәндерінің элементтерін бір синтезделген курста біріктіру арқылы жүзеге асады.3

Ықпалдастыру үдерісінде оқыту мен тәрбиенің арасында шекаралар жойылады және төмендегідей педагогикалық идеялар жүзеге асады:

- білім беру үдерісін ізгілендіру, білімдер жиынтығын игеруге ғана емес, сонымен қатар жоғары рухани-адамгершілік құндылықтарды және белсенді тұлғалық позицияларды дамытуға оның бағыттылығы;

- дамудың барлық баспалдақтарында білім беру және тәрбиелеу үдерісінің үздіксіздігін және сабақтастығын қамтамасыз ету;

- әр баланың табиғи, интеллектуалдық және көркем-эстетикалық әлеуетін ашу мен жетілдіру үшін тең жағдайлар жасау.

Ықпалдасу – бүгінгі таңда адамның ғылыми ойлауын және әлемдік көзқарасын анықтайды.

Философиялық сөздік бұл ұғымға мынадай түсінік береді: ықпалдасу – әр текті бөліктер мен элементтердің бірігуімен байланысты даму.

Ықпалдастыру процесі ( латын тілінен аударғанда integratio – біріктіру, қалыпқа келтіру) бірін – бірі толықтыратын, бір – бірімен байланысты жеке ұғымдарды бір тұтас етіп біріктіру.

Бастауыш сыныптарда білімді интеграциялау - оны жоғары дәрежедегі өмір мектебіне, тек сауаттылықты ғана меңгертіп қана қоймай, балалардың жалпы білім қорына кіретін пайдалы мәліметтерді, сол сияқты өзара оқыту, талдау және эксперимент жасауды жүзеге асыратын мектеп - шеберханаға айналады. (Ян Амос Коменский 1592 – 169)

Бала нақты заттар туралы нақты бейнелер бойынша ғана ойлай бастайды. (К.Д.Ушинский 1824-1870)

Баланы оқытуда оның жүрегіне ең алдымен нақты бейне, сурет орнату керек деп кеңес береді. Мұндайда бала біреудің айтқан сөзін сөзбе-сөз қайталап тұрмайтынын, тиісті сөзін өз жүрегінен суырып сөйлейтінін айтады. (М. Жұмабаев(1893-1938)

Н.И.Пирогов «Университеттік сұрақ»

«Біздегі барлық адамгершілік, шындық, жақсылық, нұр – бәрі де ілім. Тәрбиесіз оқыту, бұл оқыту емес, басқа бір нәрсемен айналысу»

Ізгілік ғылымын түсінбегендерге, кез келген ғылым әрдайым зиян әкеледі. М.Монтень

Білім тек қана табыс табу үшін емес, өмір үшін керек.

Білім берудің екі аспектісінің үйлесімді дамуы:

Интеллектуалды (сыртқы білім, ақыл үшін)

Рухани-адамгершілік (ішкі білім, жүрек үшін)

Сыртқы білім(Ақыл үшін) +Ішкі білім(Жүрек үшін) = Тұтастай білім

“Балалар білімді аңсайды, бірақ олар жанды білімді аңсайды” Шалва Амонашвили

Жансыз білім:

  • Хабарлана салысымен ұмытылып қалатын білім

  • Бұлар – білмесе де болатынын білетініміз.

  • Бұлар – жас адамдардың мектеп табалдырығынан әрі қарай алмайтыны және ол үшін өкінбейтіні.

  • Жансыз білім аяққа түскен салмақ.

Жанды білім: Адамды рухтандырады;

Ғылым көкжиегіне еліктіреді;

Жаңа өмір жасауға ықпал етеді;

Жаңа ізденістерге ойды жігерлендіреді;

Сергектік пен эволюция әкеледі;

Жанды білім – қанат.

Ш.А.Амонашвили: Балалар – қорқынышы жоқ ғалымдар, қате жібереді, сынап көреді, іздейді, тіпті өмірлерін де қатерге тігеді.

Балалар – ойлары шектеусіз ғалымдар, көзге көрінетінді және көрінбесті, жақынды және алысты, руханиды және материалдыны, ғарыштықты және жердегіні қамтиды.

Балалар – кең көлемді мамандандыру ғалымдары.

Балалар – білімді аңсаушылар және сыйлаушылар.

Балалар – сенімі бар ғалымдар.

Балалар оқуды сүймейді, оларда жалқаулық бар деп кім айтты?

Бұл адасу.

Ал біз, үлкендер не істейміз: біртұтас білімді ұсақ кесектерге бөлеміз, оларды ұзынынан-ұзақ нөмірленген жаттығулар, мысалдар, тапсырмалар, параграфтар тізбесіне айналдырамыз, және де оларды орындап, жаттауға мәжбүрлейміз…

Баланың бойына табиғи таным заңы салынған: бөлшекті бүтіндей, ал бүтінді бөлшетеп көре алу.

Балалар бұлт шөкімін емес, бұлтты аспанды танығысы келеді.

Осындай көріністегі дүниенің толық картинасы Сұлулыққа тамсандырады. Танымдық қызығушылықты арттыру мен күшейтудің бірден-бір құпиясы осында жатыр.

Тұттастай білім = Сыртқы білім+ ішкі білім
- Адам тұлғасының барлық аспектілері ақыл, қол және жүректің үйлесімді дамуы қарастырады
- Байсалды тұлғаны дамыту;
-Адамның жаратылысынан бар рухани-адамгершілік қасиеттері мен құндылықтарын анықтап, күнделіктіөмірде жүзеге асыруға мұмкіндік жасауы;
- Ойы, сөзі, ісі бірлікте болатын мінез-құлыққа тәрбиелеу мақсат етіледі;

Қалай интеграциялауға болады?

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беруді ықпалдастыру ең алдымен беріліп отырған білімді жандандыру, яғни оның рухани-адамгершілік мәнін айқындап беру. Бұл барлық пәндерді мәңгілік бүкіл адамзаттық құндылықтар негізінде және алуан түрлі құбылыстарды бірлікте қарастыра отырып, тұтастай білім беру болып табылады. Білім беруде жалпы адамзаттық құндылықтар негігі түп қазық болуы керек. Яғни балаларға берілетін білім біртұтас, жүйелі болуы тиіс.

Өзін-өзін тану – білім беру үдерісінде тұтастық пен адамдықты, рухтылықты қамтамасыз ететін мета пән болып табылады.

Сыртқы ықпалдастыру(өзін-өзі тану пәнінің әдістемелік тәсілдерін қолдану)

Ішкі ықпалдасу(дүниетанымдық, мәнді, мағыналы)

Сабақтағы сабақ
- Мен пәнді оқытамын дегенше “Мен өскелең ұрпақты оқытамын” деп айтқан жөн;
- Бастысы – пәнді оқыту емес, пәнді оқыту арқылы тұлғаны рухани-адамгершілікте дамыту;
- Оқыту үдерісінде ең маңыздысы –жақсы мінез-құлықты, ішкі ар-ұждан дауысына сәйкес келетін лайықты тұлға болу;

Ішкі интеграцияның мақсаты:

Сабақтың рухани-адамгершілік мәнін айқындап беру;

Оқытып отырған пәннің мазмұнына жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу;Пәндегі беріп отырған білімді біріктіру;

Ішкі интеграцияның жолдары:

Ғылымдардың даму тарихы мен ұлы ғалымдардың өмірінен шабыттандыратын мысал келтіру;

Қазіргі ғылыми жаңалықтармен таныстыру:

Тән.Жан.Рух.

Үшеуі де бірлікте болған білім өміршең

Әрбір оқу пәнінің мазмұнынан жалпыадамзаттық құндылықты анықтау

Ықпалдастыру жолдары

  1. Ғылымдардың даму тарихы мен ұлы ғалымдардың өмірінен шабыттандыратын мысалдар келтіру.

2. Қазіргі ғылыми жаңалықтармен таныстыру;

3. Әрбір оқу пәндерінің мазмұнынан жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтату.

Білім де ойы таза адамға қонады. Ғылыми зерттеулерден мысалдар:

Біз айнала қоршаған әлемді қалай қабылдаймыз, оның іс-әрекетіне қалай жауап беретіндігімізге жүрек өте күшті ықпал етеді, жүрек ақылға, нақты ойлай алуға, шығармашылығымызға, іс әрекеттің жалпы тиімділігіне және эмоционалдық теңгерімге әсер етеді. Осылайша, «жүрекпен ойлау», «жүрек-магнит» сөздері жайдан-жай айтыла салмаған, шынында солай. Неге біз махаббат, қуаныш, қайғы және олармен бірге жүретін «жоғарылау» немесе ауыр, жағымсыз сезімдер жүрегімізді ауыртады? Неге дәл осы жерде «жанымыз ауырып, жүрегіміз шаншиды», «келе жатқан қатерді жүрегіміз сезеді», «жанымыз шаттанады, қуанады»? Неге тәніміз барлық уақытта ақылды, ал ақылымыз –жүректі тыңдағысы келмейді? Сабақта осы және басқа да сұрақтарды тыңдаушылармен бірге талқылауға болады.

Құрметті ұстаздар, өз ісімізге сүйіспеншілік көзімен қарап, оны өз шәкірттерімізге жүрек тілімен ұсынайық.

Физика мұғалімі: Ирена Стульпинене «Физика языком сердца»

«Жүрегім бар – қалғандары бола жатады...

...Мен үшін бұл – теориялық пайымдау емес, нағыз шындық, менің дүниетанымымның іргетасы...»

Интеграция – бүгінгі таңда адамның ғылыми ойлауын және әлемдік көз қарасын анықтайды.

Интеллектуалдық білімді шаммен, ал рухани-адамгершілік білімді күн шуағымен салыстырамыз. Екеуі де адамзаттың және бүкіл әлемнің дамуы үшін қажет. Білім берудің осы екі аспектісін құстың қос қанатымен салыстыруға болады. Құстың бір қанаты сау болмаса, ол ұша алмайды. Білім беруде де солай, интеллектуалдық білім мен рухани-адамгершілік білімді құстың қос қанатындай тең ұстағанда ғана мақсатқа қол жеткіземіз. «Өзін-өзі тану» пәні метапән болғандықтан, басқа пәндермен ықпалдасуы үнемі жүреді. Сондықтан да сабақтағы негізгі тақырыпты өмірмен байланыстырса, теория практикаға айналары сөзсіз. Білім мен өмірді әдемі бір үйлесімге біріктіру қажет.Яғни, қоғамға бейімделгіш, рухани бай, белсенді тұлға қалыптасады деп сенемін.











«Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған дүниетану сабағының жоспары

Мектеп: Мерзімі:

Мұғалім: Сынып: 4 "Ә" Оқушы саны:28

Тақырыбы: Орман-тоғай өсімдіктері мен жануарлары.

Құндылық: қиянат жасамау

Қасиеттер:шыдамдылық, қайырымдылық, жанашырлық, татулық

Сабақтың мақсаты: Орман-тоғай өсімдіктері мен жануарлары туралы түсіндіре отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері: 1.Орман-тоғай өсімдіктері мен жануарлары жөнінде мәлімет беру арқылы, табиғатқа қамқорлық жасау қасиетінің маңыздылығын ұғындыру. 2. Орман тіршілігінің ерекшеліктері анықтай отырып, орманды қорғауға, жауапкершілікпен, қайырымдылықпен қарауға ықпал ету. 3. Оқушыларды татулыққа, шыдамдылыққа, қайырымдылыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу. Ресурстар: (материалдар, көздері)

Сабақтың барысы:

Сыртқы интеграция

(Өзін-өзі тану сабағының әдістемелік тәсілдерін қолдану)

1. Ұйымдастыру кезеңі. "5Т"

Тыныштық сәті. "Орманға ойша серуен"

2.Дәйексөз. Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ. Мақал Дәйексөздің мәні ашылады. Хормен қайталанып, дәптерге жазылады. (Оқушылардың алған әсерлерімен бөлісу) Ішкі интеграция (жалпыадамзаттық құндылықтарды сабақ мазмұнына интеграциялау)

2. Үй тапсырмасын тексеру: Шөл өсімдіктері мен жануарлары. Оқушылардан үй тапсырмасы сұралады.

Бекіту сұрақтары: 1. Шөлді жерлердің түрлерін ата?.

2.Шөл өсімдіктері мен жануарларын ата?.

3.Шөл жануарлары шөлдегі жағдайға қалай бейімделеді?

4. Шөл жануарлары мен өсімдіктерінің бойындағы қасиеттерді адам бойындағы қай қасиеттермен сәйкестендіруге болады?

5. Олар шөлді жерлердің табиғатына қалайбейімделеді?

6. Сол сияқты өмірде кезіккен күтпеген қиын жағдайға қалай шығуға болады? Ол үшін қандай болуымыз керек?

Шөл жануарлары ондағы қолайсыз жағдайға қарамастан, өз мекен ортасынан кетіп қалмайды. Әрі қарай сол жағдайға бейімделіп, тіршілігін жалғастыра береді. Сол сияқты біздер де өмірде кездескен кішігірім қолайсыз жағдайға бола, бастаған ісімізді аяғына жеткізбей немесе көңілімізді түсіріп, уайымдауымыз керек. Керісінше содан шығудың жолын дұрыс таба білуіміз керек. Жаңа материалды игерту: 1.Видеоролик көрсету. "Орман табиғаты" -Балалар, орман табиғаты туралы видеожазба бойынша не айтасыңдар? -Иа. Орман топырағы құнарлы, сулы өсімдіктер мен жан-жануарлардың өсіп-өнуіне ең қолайлы жер екен. Орман табиғаты керемет! - Орман табиғаты ұнады ма? Орман сияқты барлығына қолайлы болу үшін, досымыз көп болу үшін біздің мінезіміз қандай болу керек деп ойлайсыңдар? - Орманнан тағы нені үйренуге болады? - Орманды риясыз қызмет иелеріне жатқызуға бола ма? - Ал оның жақсылығына қалай жауап қайырар едіңдер? (Оқушылар жауабы тыңдалады) Ендеше, қазір біз осы орман-тоғай жануарлары мен өсімдіктері туралы білу үшін оқулықпен жұмыс жасайық.

2. Оқулықпен жұмыс Оқушылар мәтінді бөліктерге бөліп оқи отырып, мазмұнына талдау жасау.

1.Орман және тоғайға сипаттама.

2.Орман өсімдіктері.Олардың пайдасы, емдік қасиеттері.

Қайың - жарықты жақсы көретін, тез өсетін, бөрікбасты шашақтана жайылып, бұйраланған немесе төмен иіліп, төгіліп тұрған гүл шоғы сырға тәрізді, жіңішке бұтақты, қабығы аппақ, көрікті ағаш. Оның "аққайың" деп аталуы да осыдан. Жапырағы ауру тудыратын бактерияларды жояды. -Аққайың мен өз бойларыңыздағы қай қасиеттерді қатар қояр едіңіздердер?

3. Орман жануарары. Тоқылдақ- ұяларын ағаштарға салады. Ағаштардың дәндерімен, жемістерімен немесе ағаш қабығындағы

жәндіктермен қоректенеді. Тоқылдақтар — тұмсығы қашау сияқты, ағашқа өрмелегіш құстар. Табандары қысқа, тырнақтары ішіне қарай иіліп, ал сыртқы саусағы арт жағына қарай қайырылып тұрады. Тоқылдақтар ағаш бойымен өрмелеп қозғалғанда, қатты құйрық қанаттары денесіне тіреу болады. Қашау сияқты тұмсығының жәрдемімен олар ағаштардың қабықтарын сындырып, онын, арасындағы жәндіктермен және олардың жұмыртқаларымен қоректенеді. Олардың тілі ұзын да, ұшында түктері болады. Тоқылдақтар жәндіктерден басқа қарағайдың тұқымдарымен де қоректенеді. Қоректерін іздеу кезінде жасаған қуыстарға ұяларын салады. Орман шаруашылығында тоқылдақтардың пайдасы үлкен. Олар күн сайын бірнеше жүз зиянды жәндіктерді қырады. Тоқылдақтар әсіресе жаз айларында пайдалы, өйткені, олар бұл кезде жәндіктермен қоректенеді. Сондықтан да халық “тоқылдақ — тоғай дәрігері” деп атайды. -Балалар, тоқылдақ ағаштарды неден сақтайды?

-Ал, жәндіктерден тазарған түспеген ағаштар қалай өседі?

-Сол сияқты біз әдемі болып өсу үшін не істеуіміз керек?

- Ішкі жан дүниеміздің сұлулығын қай жәндіктермен теңеуге болады? - Табиғаттың әсемдігін көре білу не нәрсеге байланысты деп ойлайсыздар? -Табиғаттағы барлық сұлулықты сезу адамның ішкі жан дүниесінің қандай қасиеттеріне байланысты деп ойлайсыңдар?

-Неліктен адам орманға келгенде тыныштық немесе әсемдік күйде болады? Жақсы күйде болудың сыры неде деп ойлайсыңдар?

-Бізге "жақсы әрекетті" "жаман әрекеттен" ажыратуға не көмектеседі? Немесе кім көмектеседі?

4. Орманды қорғау. Ескерту.

ҮІ.Жаңа материалды бекіту:

  1. Шығармашылық жұмыс. 1-топ: Орман өсімдіктерінің қасиеті мен адам бойындағы жақсы қасиеттердің сәйкесін табу.

  2. 2-топ: Орман жануарлары мен адам бойындағы жақсы қасиеттердің сәйкесін табу.

  3. 3-топ: "Орманды сақтау". Сурет салу немесе үндеу жазу

. 3.Қызықты деректер: – Әрбір орман ағашы өз тіршілігі барысында бір тонна көмірқышқыл газын қайта өңдейді.

– Есейген ағаш бір жыл көлемінде шамамен 1 шақырым жүріп өткен көліктен шыққан көміртекті өңдеуге шамасы келеді. – Бір ағаш бір жылда 100 метр куб, басқаша, 120 кг оттегіні тазалап шығарады. – 100 метр куб оттегі – бір жанұяның бір жылдық дем алуына жететін ауа. – Орманға келген адамның жүрек соғуы минутына жиырма лүпілге дейін азаяды. Дем алу ақырындай түседі. Жүйке тынышталып, адам өзін жеңіл сезіне бастайды. – Бір гектар орманның бір сағатта шығарған оттегісін 200 адам бір сағат тұтына алады.

ҮІІ. Қорытындылау - Орман дегеніміз не?

-Орман мен тоғайдың айырмашылығы қандай?

- Қандай орман жануарлары мен құстарын білеміз?

- Орман өсімдіктерінің адамдарға қандай пайдасы бар?

-Сендер өздерің табиғатқа қандай қамқорлық жасап жүрсіздер?

Үй тапсырмасы

69-72 бет түсініп оқу. 2-тапсырма

Топпен ән айту Жас дәуірдің түлегіміз.

Сөзі – Е.Өтетілеуов Әні – И.Нүсіпбаевтікі

Сабақтың қорытынды сәті - Бүгінгі айтылған барлық жақсы қасиеттерді жүрегімізге сақтап алайық. Сабақ аяқталды. Рақмет!











ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1.Мукажанова Р.А., Омарова Г.А., Роль учителя в программе НДО «Самопознание» Алматы 2013, С.96-97

  1. Мукажанова Р.А., Омарова Г.А. «Самопознание» и другие учебные предметы: возможности интеграции содержания и методов. Учебно - методическое пособие для учителей. - Алматы: ННПООЦ «Бобек», 2013, C.18.

  2. Энциклопедический социологический словарь. – М., 1995. – С.233

  3. Зверев И.Д., Максимова В.Н. Интеграция основного и дополнительного образования в современной школе. - М.: Педагогика, 2010. - С. 148

  4. Назарбаева С.А. Этика жизни. – Алматы, 2001. – 96 с.

.


1

2

3

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
1456
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі