жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Өзін- өзі тану пәні . Сабақтың тақырыбы: " Су - өмір көзі "
« Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп: №19 орта мектеп
Мерзiмі: 16 - 17. 04. 2018 Мұғалiм: Тілеубаева А.Ы
Сынып: 4 Оқушылар саны: 75
Сабақ: №30
Тақырып: Су-өмір көзі
Құндылық: дұрыс әрекет
Қасиеттер: шынайылықпен және сүйіспеншілікпен жұмыс істеу,қоғамға риясыз қызмет ету.
|
Мақсаты: Оқушыларға су ұғымының құндылық ретіндегі мәнін ашу. Табиғаттағы су көздерін тиімді пайдалануға бағыт бағдар беру туралы түсініктерін кеңейту арқылы, «дұрыс әрекет» құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: Білімділік: Оқушыларға судың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру Дамытушылық: Оқушылардың суға қамқорлық жасау іскерліктерін дамыту Тәрбиелік: Оқушыларды суды үнемді пайдалануға тәрбиелеу.. |
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) |
|
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңi. ( 5«Т»сақтау) Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады.Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіз нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын да таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды,әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін тек жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға,тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті,көзіміз тек жақсыға қарап,бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп,басыңызға тек ізгі,сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқындап және шұғылана бастайды,сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады.Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: біздің «Бөбек» орталығына, біздің гимназияға, барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын». Осындай Нұр,Махаббат, және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Енді жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет! |
Ескерту |
|
2.Үй тапсырмасын тексеру Оқулықтағы 133-бетіндегі Э.Шимның «Көктем иісі» әңгімесін талқылау. Сұрақтары: 1.Көктем жаңа күле бастады деген сөздің мағынасы қандай еді? 2.Көктем иісі деген не? 3.бала көктем иісін қалай сезді? 4. «Көктем иісі» деген ұғымды қалай түсінесіңдер? |
үй тапсырмасын тексеру |
|
3. Дәйексөз.«Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат» Табиғаттың көркін ажарландырып,жер бетін саялы баққа айналдыратын, адамға қорек, нәр беретін байлық көзінің бірі су. Су біздің өміріміздің көзі. Суды _-халқымыз ерекше қадір тұтқан. Өйткені су жоқ жерде тіршіліқ жоқ. . Олар адамның жүрегіне жыр,көңіліне нұр, сезіміне гүл сыйлаған береке бастауы деп қараған. Бүгінгі таңда өзен,көл, теңіз жағалауларының, арық жағасының таза болмауы адамдардан суға тиіп отырған зияндық. Одан су ластанады, таза су ішпеген таза суда шомылмаған халық науқастанады. Сондықтан суды үнемдеу,су жағалауларын таза ұстау, денсаулығымызды сақтау өз қолымызда. Бәріне хормен
айтқызу Дәйексөзді топқа бөлу арқылы оқиды, дәптерлеріне жазады. Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер? Оқушылардың жауабын таңдай отырып, қорытынды жасау. |
Мағынасын ашу |
|
4.Әңгімелесу «Бірге ойлаймыз » әдіс
мен берілген сұрақтар бойынша әңгімелесу. «От пен су» ертегісі |
Әңгімелесу |
|
5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Оқушылардың сабақта алған білімдерін бекіту
мақсатында тапсырмалар ұсынылады.Тапсырмаларды әр топқа бөліп
беру. |
Топпен жұмыс |
|
6.Топпен ән айту Жау-жау жаңбыр |
Ән айту |
|
7.Үйге тапсырма Оқулықтың 139-бетіндегі Ы.Алтынсаринның «Таза бұлақ» әңгімесін оқып келу. |
|
|
8.Соңғы тыныштық сәтi. Балалар, бүгінгі сабақта алған ойларды жүрегімізге түйейік. Сабақ аяқталды,сіздерге рахмет! Сау болыңыздар! |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген