400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өзін- өзі тану пәні . Сабақтың тақырыбы: "Адал достық"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге жас мамандарға дайын сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары


Мектеп: №19 орта мектеп

Мерзiмі: 13.11. 2018 Мұғалiм: Тілеубаева Алтын

Сынып: 4 Оқушылар саны: 25

Сабақ: №10

Тақырып: Адал достық

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: шынайылықпен және сүйіспеншілікпен жұмыс істеу,қоғамға риясыз қызмет ету.

Сабақ мақсаты:

Оқушылаға достық туралы түсініктерін кеңейту арқылы,дұрыс әрекет қндылығының мәнін ашу.

Ресурстар

Оқулықтар,дәптер,

үнтаспа

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу

5 «Т»еске түсіріп тәртіпке шақырып сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын түгендеу.

Тыныштық сәті: Баяу әуен қойылады. «Нұрға бөлену».

Көзімізді жұмып,терең демаламыз.Біз барша тіршілікке жылу мен жарық шашқан күннің көзіне айналдық.Күннің көзі болып,жарқыраған бойымыз тек жақсылық ойлайды,күннің жылуымен рахаттанған қолдарымыз тек жақсылық ойлайды.Күннің жылуымен рахаттанған қолдарымыз тек жақсы істер жасайды.Жап-жарық сәуле шашқан аяқтарымыз тек дұрыс жолмен жүреді.Күннің жарығы аузымызға да кірді,ол тек шындықты айтады.Ал құлағымыз жақсы сөздерді естиді.маңдайымызға жеткен жарық сәулемен бірге ең сүйіктіадамдарға, отбасына, желге, жануарларға, табиғатқа жылы сәулемізді сыйлай,іштей жақсы тілектер тілейік.1.2.3.

Сабақ барысын талқылау

2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Сыпайы қоян» әңгімесін сұрау.

1.Қоянның жылы сөздерінің өзіне қандай көмегі болды?

2.Жақсы сөз адамдарға қалай әсер етті?

3.Жылан не үшін өкінді?

4.Сендер жақсы сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?

5.Жақын адамдарыңа қандай жақсы сөздер айтқың келеді?

Өсиет әңгіменің мағынасын білу

3.Әңгімелесу: Жақсылық пен жамандық

      Бұрынғы өткен заманда Жақсылық, Жамандық атты екі адам болыпты. Бір күні Жамандық жаяу жүріп келе жатса, артынан бір атты кісі жетіпті. Екеуі жөн сұрасып, қайда бара жатқанын білісіпті. Ол келген Жақсылық екен. Сонда Жамандық тұрып: 
-  Жақсылық, сен мені артыңа мінгестіре кетші, - депті. Жақсылық: 
-  Олай болса, сен қазір мына атқа мін де, біраз жер жүріп барып, түсіп, атыңды байла да өзің жаяу кете бер. Cодан соң мен жетіп, атпен біраз жерге жүріп, саған тағы байлап кетермін. Сөйтіп, баратын жерімізге кезек мініп жетейік. Екеуміз мінгессек атқа қиын соғар, - депті. Сонан соң Жамандық атқа мініп алып, сол кеткеннен Жақсылықты есіне алмастан, кете беріпті. Жақсылық шаршап, арып-ашып, кешке жақын бір күркеге келеді. Ішіне кірсе, жан жоқ. Бірақ ортада бір үлкен қазан асулы тұр екен. «Айдалада қайнап тұрған не қылған тамақ? Дәм татайын», - деп, бір саусағының ұшын батырып, дәм татады да, күрке төбесіне шығып жатады. Бір уақытта қасқыр, түлкі, арыстан - үшеуі келіп, күркеге кіріпті. Түлкі тамақты көре сала: 
-  Ойбай, мына тамақтан біреу жепті! - деп, байбалам салады. Қасқыр мен арыстан екеуі: 
-  Кім жеуші еді? Адам келетін жер ме, бұл жер? - деп, кейіген соң, түлкі сөзді доғарып, үшеуі отырып тамақ ішіп, әңгімеге кіріседі. Арыстан, қасқыр, түлкі - үшеуі көрген-білгендерін айтысады. Арыстан мен қасқыр түлкіге: 
-  Түлкі, сен не көрдің, не естіп, не білдің? - дейді. Сонда түлкі тұрып: 
-  Мен бір жерден бір алтын көрдім. Пәлен деген байдың қыстауының қасындағы жаман қыстаудың ортасында, бір сүйем жердің астында жатқан бір құмыра алтынды күнде қарауылдап, қарап келемін, - дейді. Сонда қасқыр тұрып: 
-  Мен күнде пәлен деген байдың қойының арасында үлкен ала тоқтыны қарауылдап келемін. Себебі: ол байдың ауырып жатқан бойжеткен қызы бар, қандай ем қылса да жазылмайды және оның емін ешкім білмейді. Бірақ мен білемін: ол қызды жазатын ала тоқты. Ала тоқтыны сойып, өкпесін жегізсе, жазылады. Тағы да ол бай жар салған: «Кімде-кім осы қызымды емдеп жазса, соған осы қызымды беремін», - деп. Бірақ оның емін әлі ешкім тауып айтқан жоқ, тауып айта алмайды да, - дейді. Кезек келген соң, арыстан тұрып: 
-  Мен де түнде барып, түген байдың жылқысының біреуін жеп келіп жүрмін. Ол бай мені еш уақытта ұстай алмайды және маған оның ешбір жылқысы қуып жете алмайды. Жететін бір-ақ тайы бар. Ол тай пәлен тоғайдағы жылқының ішінде. Сол тайдан басқасынан мен құтылып кетемін. Және ол байдың жар салғаны бар: «Кімде-кім менің жылқымды жеп жүрген арыстанды ұстап берсе, соған бір үйір жылқымды беремін», - деп. Олар әңгімелерін аяқтап, ұйықтап қалады да, азаннан тұрып, бет-бетіне кетеді. Жақсылық олардың барлық әңгімелерін естіп алып, адам емдеуші боп, байдікіне келеді. Бай оның түріне қарап: «Осы емші шығар», - деп ойлап: 
-  Жоғары шық! - дейді. Жақсылық отырған соң, бай: 
-  Қызыма бал ашып бер! - дейді. Жақсылық: «Мақұл», - дейді де, қызды қарап: 
-  Баланы емдетпей, босқа қинапсыңдар ғой! Әкел анау үлкен ала тоқтыны. Мұның ауруы соның өкпесінде, - дейді. Бай дереу, қойшыларды жіберіп, тоқтыны алдыртады. Жақсылық қызға тоқтының өкпесін жегізіп, емдейді. Жазылған соң, қызды өзі алады. Бұдан кейін Жақсылық бағанағы жаман қыстауға келеді. Қораның ортасын бір сүйемдей қазса, бір құмыра алтын шығады. Оны алып, арыстанның айтқан жеріне барады. Барса, бай бір арыстанды ұстай алмай жүр екен. Мұны білген соң Жақсылық байға: 
-  Мен сол арыстанды ұстап берсем, сен маған не бересің? - дейді. Бай: 
-  Егер ұстап берсең, саған бір үйір жылқы беремін, - дейді. Жақсылық: «Жарар», - деп, тоғайдағы жылқылардың ішінен ала тайды ұстап алып, арыстанды күтіп тұрады. Арыстан келіп, жылқыны алып қаша бергенде, Жақсылық әлгі ала таймен қуып жетіп, арыстанды ұрып жығып, байдың бір үйір жылқысын алып, келген жолына түседі. Неше ай, неше жылдар өткенде, бір күні бұған Жамандық келіпті. Жақсылық Жамандыққа қараса, үсті-басында түк жоқ, қайыршы, дуана секілді екен. Ол Жақсылықты көріп: 
-  Жақсылықжан! Мен саған жамандық қыламын деп, мұндай күйге ұшырадым. Енді сен мені адам қыл. Сен бұл мал-мүліктерді қай жақтан таптың? - дейді. Сонда Жақсылық: 
-  Не де болса, адамзатсың ғой! Сен жамандық істегенмен, мен саған жақсылық істейін, - деп, өзінің бастан кешкен оқиғасын айтыпты. Сонан соң тұрып: 
-  Пәлен төбеде бір үй бар. Сен қазір соған жет. Оның ішінде асулы бір қазан ет бар. Бірақ оның ішіндегі еттен тек бір саусағыңды батырып, дәмін көр де үйдің төбесіне шығып жат. Сонда түлкі, қасқыр, арыстан келеді. Сен олардың әңгімесін тыңдай бер. Олар кеткеннен кейін естіген сөздеріңді істесең, сен осындай боласың, - дейді. 
Жамандық: «Жарайды,» - дейді де, баяғы күркеге барып кіреді. Жақсылық айтқандай, қазан толы ет асулы тұр екен, қызығып кетіп, шыдай алмай: «Мына бір жілігін жейінші» - деп, еттен жеп, сорпасынан да, бес-алты рет ұрттап алыпты. Сөйтіпті де, үйдің төбесіне шығып жатыпты. Бір уақытта түлкі, арыстан, қасқыр - үшеуі күркеге кіреді. Түлкі тамақты көре сала: 
-  Ойбай, мына еттің тоқпақ жілігі жоқ, омыртқасы жоқ, сорпасы жоқ, біреу жепті! - дейді. Оған арыстан мен қасқыр: 
-  Кім жеуші еді? Бұл жерге адам келуші ме еді? - деп, көнбейді. 
-  Жоқ! Бір бәле бар! Мен түс көрейінші, - деп, түлкі жата қалыпты да, аздан соң қайта тұрып: 
-  Осы күрке үстіне шығайықшы, сонда бір пәле бар секілді, - депті. Бұл сөзін қасқыр мен арыстан да мақұл көріп, түлкі төбеге шықса, Жамандық жатыр екен. Үшеуі Жамандықты бас салып жеп қойыпты. Сөйтіп, Жақсылық жақсылығынан өмір сүріп, мұрат-мақсатына жетіпті. Жамандық жамандығынан ит-құсқа жем болыпты. 

1.Жақсылық пен Жамандық қалай достасты?

2.Жамандық Жақсылықтың атын не себепті мініп кетті?

3.Жақсылық қандай әңгімелер естіді,ол байдың үйіне не үшін келді?

4.Жамандық екеуі қалай кездесті?

5.Жақсылық пен Жамандықтың бойында қандай қасиеттер бар?

6.Сендер осы екеуінің орнында болсаңдар не істер едіңдер?


4.Мәтінмен жұмыс Екі дос Ел аузынан

**Адал достық дегенде нені түсінесіңдер?

**Аңыз әңгімедегі жауынгерлердің достығы адал достыққа жата ма? Неліктен?

Достықтың мағынасын түсіну


5.Шығармашылық жұмыс

Жағдаяттарды талдау

1-топ.

1.Ақылбек пен Асылбек төртінші сыныпта оқиды. Екеуі бала кезден дос. Ақылбек сабақтан келген соң, түскі тамағын ішіп, үйдегі жұмыстарын бітіріп, ертеңгі сабағын оқып болған соң далаға ойнауға шықты. Футбол алаңына барса, Ақылбек теойнап жүр екен. Олар ұзақ футбол ойнап, үйге кеш қайтты. Асылбек:

Мен ертең сабаққа бармаймын, үй тапсырмасын орындамадым. Мені ағайға ауырып қалды дей салшы,-деп өз өтінішін Ақылбекке айтты...

*Ақылбек егер адал дос болса,қандай жауап берер еді деп ойлайсыңдар?

2-топ.

2.Төртінші сынып оқушылары арасында өткізілетін «Өнерге қанат қаққандар» атты жарысқа достары Әлиханды ұсынып, үлкен сенім артты. Жарыс болатын күні Әлихан сабаққа келмей қалды. Олардың сыныптарынан жарысқа ешкім шықпады.

*Әлиханның бұл ісіне көзқарастарың қандай?Сендер оның орнында болғанда не істер едіңдер?

3-топ.

3.Қаңтардың қара суығы. Мұхит екі шелекті қолына алып, өзеннен су алып толтырып, қораға кіре берісте Мұхиттың аяғы тайып, құлап түсті. Су үстіне төгілді. Орнынан әрең қозғалып, үйге кірді...

*Сендер Мұхиттың досы болсаңдар не істер едіңдер?

Жағдаяттарды талдау

6.Дәйексөз

«Айнымас досы бар адам ақылды адам»

Халық мақалы

Мақалды қалай түсінесіңдер?

Дәйексөзді әуелі ұл балалар ,сосын қыз балалар қайталап айтады. Сосын барлығы хормен айтады.

Дәптерге жазып алады.



7.Жаңа ақпарат

Адамдар бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп,ортақ көзқараста болса ғана достықтары берік болады.достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың,рухани жақындықтың белгісі.

Мағынасын түсіне білу

8.Тапсырма

Адал достыққа тән қасиеттерді тауып айту. Адал достар

Өз ойларын ортаға салу

9.Үйге тапсырма

53-беттегі «Екі дос» мәтінін оқып келу.

пікірлесу

10.Топпен ән айту. Дос болайық бәріміз

Сөзі:Х.Талғаров

Әні: И.Нүсіпбаевтің

Әрқашан дос, біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер.
Ту ғып ұстап бірлікті,
Еңбектікті сүйіңдер!
Қайырмасы:
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз.


11.Соңғы тыныштық сәті:

Бүгін біз,сендермен, достық,адал достық туралы әңгімелестік. «Күннен жылу тараса,анадан мейірім тарайды»деген нақыл сөзді есімізге түсірсек,сүйіспеншілік бар жерде махаббат,қамқорлық,мейірімділік бар екендігіне көзіміз жетті.Жүрегімізде орын алған үлкен сүйіспеншілік сезімдерімізді, алақанымызға салып, барша әлемге сыйлайық!








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
611
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі