|
Сабақ
мақсаты:
Жаңа білім
дағдыларын жеке, жұптық, топтық тапсырмалар орындай отырып
меңгереді
Міндеттері:
Білімді
ізгілікке,жақсылыққа бағыттауға
үйрету
Жауапкершілік,адалдық қасиеттері туралы түсінік
беру;
-еңбекқорлыққа
тәрбиелеу;
|
Ресурстар:
(Оқулықтар,дәптер,
Үнтаспа)
|
|
Сабақ
барысы:
1.Ұйымдастыру
кезеңі. Сәлемдесу
5 «Т»еске
түсіріп, тәртіпке шақырып, сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын
түгендеу.
Тыныштық
сәті: Баяу әуен
қойылады.
«Орманға ойша
серуен».
Мұғалім: Арқаңызды
тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір
тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға
тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып
есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға
шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен
желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін
сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз,
жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз.
Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне
жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны
иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап,
ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі,
құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз,
қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің
ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді
орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында
бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты
таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның
қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға
тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді
жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт
тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс
жасауына болады).
Бізге қалайша жеңіл
әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны
қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі
жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз
ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды
есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан
тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері
қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің
алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең
жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық,
тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып,
күлімсіреңіз!
|
Сабақ барысын
талқылау
|
|
2. Үй тапсырмасын
тексеру.
«Өзін-өзі тану»
оқулығы 2-сынып
Жазира
Жайлаубекқызының «Бізге сабақ болған бата»
әңгімесін оқып келу.
Мәтін бойынша
сұрақтар:
* Оқушыларға
неліктен атайдың батасын түсінеді
?
* Атайдың батасынан
қандай құндылықтар мен қасиеттерді байқадыңдар
?
* Мұғалімнің «Кім
болсақ та,біздің жақсы адам,жақсы дәрігер жақсы қаржыгер болғанымыз
маңызды» дегенді қалай
түсінесіңдер?
* Өздерің үлкендерден қандай
бата алдыңдар ?
|
Сұрақ –
жауап
алу
|
|
3.Дәйексөз
«Білім – өмір
шырағы»
*Хормен
оқыту
*Ұл балаларға (2
рет)
*Қыз балаларға (2
рет)
*Жұмыс дәптерге
жаздыру
*Осы дәйексөз
сіздерге қандай ой салды?
*Оқушылардың
негізінде дәйексөздің мағынасын толық ашып,
қорытындылау.
Түйін: Мұғалім -мектептің жүрегі.Ол
тек қана білім беріп қоймай,әр баланың жүрегіне ізгілік сәулесін
төгеді.Мұғалім еңбегі – ұлы еңбек.Әр адамның өмірінде ұстаздары
болады.Ұстаздар бізге өмірде жақсы мен жаманды, ақ пене қараны
ажырата білуге ұйретеді.
|
Дәйексөздің мағынасын
ашу
|
|
4.Әңгімелеу
(Мұғалім сыйы) Білім туралы мақал
айту
Оқу-білім туралы
мақал-мәтелдер
Оқу – инемен құдық қазғандай.
Оқымаған бір бала, оқыса екі бала.
Оқу – білім бұлағы.
Жақындықты ат айырады, оқымағанды хат айырады.
Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт.
Оқу – білім азығы,
Білім – ырыс қазығы.
Білім басы – бейнет, соңы – зейнет.
Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт.
Білімдіге дүние жарық.
Білімсіздің күні
кәріп
Ал, балалар мақалдан қандай ой
түйдіңіздер, ойларыңды ортаға
салайық.
|
Мақал
айту
|
|
8.Соңғы тыныштық
сәті(музыкамен)
Баяу әуен қосылады.
Ыңғайланып отырыңыздар, көзімізді
жұмайық!
Бүгігні сабақтың
әсерлі сәттерін жүректеріңізге түйіп
алыңыздар!
Тыныштық, Тыныштық,
Тыныштық бар жерде!
Тыныштық, Тыныштық,
Тыныштық бар әлемде!
Рахмет, көзімізді
ашайық, сау болыңыздар!
|
Соңғы
тыныштық
|