Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Өзін- өзі тану сабағына арналған жағдаяттар
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Өзін өзі тану пәнінен психологиялық жағдаяттар
"Сіз құмыра сындырдыңыз"
1.
Үйде ешкім жоқ.
Сіз жаңа сатып алған волейбол добымен ойнап жүріп,
қымбат құмыраны сындырып алдыңыз…
Тапсырма:
Ата -
анаңыздың реакциясын көз алдыңызға елестетіңіз.
Қандай жағдай болуы мүмкін.
Ата -
анаңыз не дер еді?
Сіз олардың орнында болсаңыз не дер едіңіз?
Қандай іс -
әрекет қолданар едіңіз?
Осы жағдайдан қалай шығуға болады?
"Мұғалім ескертуі"
2.
Мектеп үзілісі.
Әдеттегідей дәлізде айқай - шу. Бір - бірімен
сөйлесу үшін сендер де бір - біріңе айқайлап сөйлеулерің керек
болады. Сол кезде бір мұғалім келіп,сіздерден: "өздеріңді
дұрыс ұстаңдар, айқайламаңдар" деп талап
етеді.
Тапсырма:
Үш позицияда бағалап айтып беріңіздер. (Мен -
ата-ана, мен - ересек, мен -
бала).
"Вандализм"
3. Балалар орман жайылымында келеді.
Керемет! Айнала жап - жасыл, гүлдердің хош иісі аңқиды. Бұл
көктемгі табиғат бейнесі көз алғысыз! Бірақ балалар қолдарындағы
ағаштарымен шөптердің, гүлдердің басын қылышпен шапқандай
қырып келеді. Тіпті қатты соққыдан жас қайың, шыршалардың
басы да ұшып жатыр.
Тапсырма: Өзіңді осындай "әскери
жорықта" жүрмін деп елестетші. Не үшін осындай іс
- әрекет жасадыңыз? Кейін осындай ісіңізге өкінесіз бе?
Бұндай іс - әрекетті қалай болдырмауға болады?
"Новелла - жағдаяттар"
Шұңқыр.
4. Аңыз бойынша латын қаласының
патшасы өзінің туыстары Ромул мен Ремді Тибр
өзеніне тастатқызады.Ол балалар өскен соңөзінен тақты тартып
алады деп қорқады.Сол кезде өзен суына тасталған балалар
кәрзеңкесі ағашқа ілініп қалып, оны аналық қасқыр
құтқарып емізеді. Кейін балалард бір қойшы таүып алып,
өсіріп тәрбиелейді. Балалар батыл, күшті, ержүрек
батырлар болып өседі. Кейін олар патшаға көтеріліс
жасап, орнынан тайдырып, жаңа қала тұрғызбақшы болады.
Ромул қаланың сыртынан зындан қазып қабырға көтермекші
болады.Бірақ оған Рем кедергі жасады. Сөйтіп арада ұрыс
- керіс болып, Рем зынданнан секіріп өледі.
Ремді жерлеп Ромул қала
соғуға кіріседі. Сол кезде әр нәрсенің бастамасы қандай да
бір салт - дәстүрмен байланыстырылған. Олар алдымен үлкен шұңқыр
қазып, онда жеміс ағаштарының көшеттерін, дәнді
дақылдарды сеуіп, үстіне әр адам өздері туылған
жерлерінен бір шөкім топырақ тастаған.
Сұрақ. Бұл жерде әр жерден әкелінген топырақ нені
білдіреді?
Жауабы: Әркімнің өздерінің туған
жерлерінен әкеліп, топырақ тастаған жер "мундус" деп аталады. Ол
жер қаланың ортасы болып саналады. Бұл дәстүр қаланың болашақ
тұрғындарының "біз қайда туылсақ та бәріміз біргеміз
" деген мағынаны білдіреді.
Төлем ақы.
5. Ромул бірнеше сабиндік қалаларды қиратқан
соң, әскер бетін Римге бұрды. Олардың әскери басшысы Тит
Таций болып, Римге жақын қамал Капитолийге жақындады.
Капитолий биік жарқабақта орналасдықтан, оған шабуыл жасап жеңе
алмайды. Сонда оларға рим горнизонының басшысының қызы Тарпея
көмектесті. Ол құпия түрде жауларына келіп, әскерді қамалға
кіргізуге уәде берді. Бірақ ақысына "әр жауынгер сол
қолындағы заттарды берсін,"- деп айтып білезікті көрсетеді. Тит
Таций биік жарқабақтарға қарап Тарпеяға келісім береді. Түнда
Тарпея қамалдың қақпасын ашып, ішіне жау әскерлерін
кіргізеді. Сөйтіп Тит Таций Капитолийді жаулап алады. Соңынан
Тарпея Титтен өзінің төлем ақысын сұрайды.Ол сатқындықты
пайдаланып мақсатына жетті, бірақ…….
Сұрақ: Ары қарай оқиға қалай өрбіді деп
ойлайсың?
Жауабы: Тит Таций сатқындарды
жек көрген. Сондықтан өзінің уәдесін орындау
үшін "Берген уәделеріңді орындаңдар, сол қолдарыңда не бар
соның бәрін ортаға мен сияқты тастаңдар" деп алтын білезік
пен қалқанын шешіп алып Тарпеяға қарай лақтырады. Басқа
жауынгерлер солай лақтырады да, Тарпея ауырды көтере алмай
өліп кетеді.
Жарқабақ.
6. Капитолийдегі сатқын Тарпея қаза болған
жарқабақ "Тарпея жарқабағы" деп аталады.
Сұрақ: Римдіктер "Тарпея жарқабағын" ары
қарай қалай қолдануы мүмкін?
Жауабы: Бұл жарқабақтан римдіктер өлім
жазасына кесілген қылмыскерлерді лақтырған
болатын.
Календарь.
7. Календарьға көз жүгіртейік. Қазіргі 9- ай -
сентябрь. Септембер-латынша "septem" - "жеті", тоғызыншы ай -
октябрь, латынша "окто" - "сегіз", он бірінші - ноябрь;
новембер-латынша novem - тоғыз; декабрь-децембер - decem (он)
деген мағынаны білдіреді. Ал декабрь бізде 12- ай.
Сұрақ: Римдіктер үшін бірінші ай қандай болған?
Жауабы: Алғаш римдіктер жаңа жылды 1- мартта
тойлаған. Сондықтан декабрь оларда 10-шы ай болған.
Қақпа.
8. Римде Янусқа арнап бірнеше храмдар соғылған, соның
ең үлкені Форумда. Ол үлкен аркадан және де әр аркада қақпа
орналасқан. Екеуі екі жақ қабырғамен байланысқан. Егер соғыс болса
Янустың қақпалары ашылып, барлық жауынгерлеросы храмның аркалары
арқылы өткен екен. Ал храмның қақалары соғыс
аяқталмағанынша жабылмаған.
Сұрақ: Қақпа не үшін жабылмағанын айтып
көріңізші?
Жауабы: Янустың қақпасы соғысқа
кеткен жауынгерлерді аман - есен жеңіспен оралғанын
күтіп жабылмаған. Ал бейбітшілік кезінде қақпа жабық
тұрған. Соңғы кезде бұл қақпа үнемі ашық болған екен. Бірақ
Помпилии патшасы Нумның кезінде Янустың қақпасы бірде бір рет
ашылмаған. Ол патша болып 43 жыл тұрғанда халықтар
арасында сыйластық, ауызбіршілік, бейбітшілік
болған.
Аяқ
киімді шешіңіз.
9. Ежелгі римде үйге және далаға арналған аяқ
киім болған. Олар аяқ киім салтын өте қатты сақтаған.
Қызыл, қысқа, биік өкшелі етікті консулдар, империя
кезінде - императорлар киген. Алдында айқастырылған белдемшесі бар
қара аяқ киімді сенаторлар киген. Сандалиді белгілі римдіктер
үйде киген. Тамақ ішер алдында олар аяқ киімді шешіп,
soleas deponere (солеас депонере), яғни
"сандалиді шешейін бе?" яғни "тамаққа келіңіз" дегенді
білдіретін сөзді айтқан. Тамақ ішіп болған соң,
малайларына soleas porcere (солеас порцере)
яғни "кетеміз бе" деген.
Сұрақ: Бұл нені білдірген?
Жауабы: Ертедегі римдіктер тамақты жатып
ішітін, сол кезде аяқ - киім оларға кедергі
жасаған.
Тамақтану
10. Бірде Цезарьді Альпыдағы астанасы Галий қаласының
бір бай тұрғыны күтеді. Ол қонақтарға спаржаға тазаланбаған олив
майы құйылған тамақты ұсынады. Сонда барлық
қонақтар ренжіп, ашық өздерінің кейістерін білдіреді.
Сұрақ: Бұл жағдайда Цезарь не деді?
Жауабы: "Цезарь: тамақты жемесеңдер орнына қойыңдар. Әркім
өзінің мәдениеттілігін еөрсете алмай тұрып, біреудің
мәдениеті туралы айтуға құқығы жоқ",- деді де тамағын жеуге
кірісті
Бүркеніш (Маскировка, Месопотамия)
11. Ертедегі Шумер кодексінде әкесіне баласын
сату құқығы берілген жазба бар. Ата - анасының көбіне баласын
сатқаны туралы жазылған келісім шарттар біздің күнімізге дейін
жеткен. Дегенмен кейбір адамдардың құжат жағынан бұрмалаған
(маскировка) акттар да сақталған.
Сұрақ: Баланы сату заңын қалай бұрмалап көрсетуге болады?
Жауабы: Бұл бұрмалау көбінесе баланы асыраумен негізделген.
Асырап алған адам баланың әкесіне ақша төлеген. Міне, осы
бала сатудың жасырын түрі болған.
Жауапкершілік (Вавилон)
12. Хаммурапидің заңы бойынша құрылысшы
соғылған үйдің сапасына жауап берген. Егер сапасыз соғылған
үй құлап, онда үй иесі қайтыс болса, құрылысшы өлім жазасына
кесілген. Егер құлаған үйдің астында қожайынның баласы қалса,
онда…..
Сұрақ: Сонда не істеген? Егер құлаған үйдің
астында малайы қалса ше?
Жауабы: Егер үйдің астында бала өлсе, құрылысшының баласын
өлтірген. Егер құлы өлсе, құрылысшы өз құлын берген. Бұл заң
кек алу "галион" заңы деп аталады.
Әр
түрлі сәлемдесу (Парсы)
13 Егер көшеде парсы парсымен кездессе
олардың сәлемдесуін көру өте қызық. Біреуі бірін - бірінің ернінен
сүйген. Екіншілерібетінен сүйсе, ал үшіншілері бірі екіншісінің
аяғына жығылған.
Сұрақ: Неге олай амандасқан?
Көшеде кездескен екі парсының әлеуметтік жағдайын бірден білуге
болады. Егер әлеуметтік жағдайы тең болса - еріндерінен, егер
бірі екіншісінен сәл төмен болса - беттерінен, ал егер, бірі
екіншісінен әлдеқайда төмен болса - онда аяғына жығылған.
5 жасқа дейін
14. Ежелгі парсы елінде баланы 5 жасқа дейін әкесіне
көрсетпеген. Бала оған дейін анасы, әпкесі, апасының
қолында өскен.
Сұрақ: Неге баланы 5 жасқа дейін әкесіне көрсетпеген?
Жауабы: Егер бала осы жасқа дейін шетінесе, әкесі
қайғармасын деген.
Әлем кереметі
15. Жерорта теңізінің жағалауында
орналасқан "Александр шырағы" әлемнің жеті
кереметінің бірі. Қазір тарихшылар оның биіктігі - 56, 100, 550
метр деген дау айтуда. Шырақ - адамзаттың арманы мен іс -
әрекетінің көрінісі. Міне сол шырақтың құылыс жұмысы аяқталуға
жақын қалғанда, шырақтың жаратушысын император өзіне
шақырады.
- Сен шрақта менің атымды қалдырасың! - деп бұйырады
император. Барлық өмірін, шығармашылығын осы шыраққа сарп
еткен құрылысшы не істемек? Шыраққа қолының ұшы тимеген
императордың айтқанын істемесе басы кетеді. Оның атын халық
ғасырлар бойы айтып өтсе, ал соған еңбегі сіңген құрылысшыны бәрі
ұмытып кетпек пе? Бұл әділдік емес деп ойайды да,
құрылысшы…
Сұрақ: Құрылысшы қандай айла - тәсіл қолданды?
Жауабы: - Мүмкін императордың атын шырақтың сыртына жазып,
ішіне өзінің атын жазса ше?
- Егер шырақтың ішінен құрылысшының атын көрсе бәрібір
оның басы алынады. Ол үшін патша өз атын көру керек, содан соң
құрылысшының атын оқу керек . Ол үшін не істеуге болады? Құрылысшы
өзінің атын таспен қалап жазып, оның үстін әктеп, әктің үстіне
императордың атын үлкен етіп жазады. Әк 20 - 30 жылдан кейін
түсіп қалатынын ол біледі. Әлем кереметімен салыстырғанда 30 жыл
түк те емес. Ұрпақтарға құрылысшы: "құдайлар және теңізшілердің
амандығы үшін Книдадан Дексифонның ұлы Состратос соққан" деп
жазған. (Для богов и во имя спасения моряков построил
Состратос из Книда, сын Дексифона.)
Теңізге батқан құмыралар
15. Ертеде Жапонияда мынандай оқиға болды. Императорға
өте бағалы жүк жіберіледі. Бірнеше қайықпен өте бағалы, жұқа етіп
жасалған фарфор құмыралар дауылға тап болып, су астына кетеді.Бұл
оқиға жағалауға жақын, балықшылардың лашықтары тұрған жерде
болған. Құмыралар есебі жетпес бағалы зат
болғандықтан, көбісі оны су астынан шығаруға тырысқан
Бірақ ол жер терең болғандықтан ешкім аумен де, қармақпен
де, арқанмен де ала алмаған. Қазіргі кездегідей су асты
қайықтары да болмаған. Ал біраз уақыт өткен соң, құмыралар
балықшылардың лашықтарында пайда бола бастады.
Сұрақ: Құмыралар қалай жағалауда пайда болды?
Жауабы: Құмыралар су астында ашық жатқан. Балықшылар су
сатына арзан құмыраларды тастап сегізаяқтарды аулайды. Сөйтіп оны
судың бетіне тартып шығарып, сегізаяқты қайтадан су астына
түсіреді. "Қуысқа" тығылғысы келген сегізаяқ қымбат құмыраға
кіреді. Сөйтіп оларды құмырамен қоса тартып
шығарған.
Картина экспертизасы (детективті оқиға)
16. Австрия музейі франсуз атақты суретшісінің
картинасын сатып алмақшы болады. Бірнеше сарапшылардың тексеруімен
жұмысты түпнұсқа деп, артына нотариус мөр қояды. Ол Австрия
музейіне өте сақтықпен жеткізіледі де, тағы да тексеріледі. Сонда
сурет көшірме де, мөр түпнұсқа болып шығады.
Сұрақ: Сурет неге көшірме болып шықты?
Жауабы: Бір багетте екі холст болған. Біреуі түпнұсқа да,
екіншісі көшірме. Бұл трюкті Умберта Ломбарди деген суретші;
галереяның бұрынғы иесі шығарған. Яғни біріншісі түпнұсқа да,
екіншісі көшірме болған. Сарапшылар түпнұсқаны көріп, мөрді
көшірмеге басқан.
Мына атақты әйелдердің атын
атаңдар
Птоломей ұрпағы
17. Бұл әйел - өте әдемі болмаса да өзінің
болымысымен, жүріс - тұрысымен, ақылымен елді таң
қалдырған. Тек варварлармен ғана тілмаш арқылы сөйлеспесе, қалған
жат елдіктер: араб, мидиилер, троглоидтер, эфиоптармен өзі келіс
сөз жүргізген.
Оның шын негізінде әдемі
еместігі теңгеде де көрсетілген. (құс мұрынды, иегі алға
шығыңқы)
Ол бірінші рет өзінің улкен
інісіне күйеуге шығып, ол таққа отырады. Ол өлген
соң екінші інісіне күйеуге шығып, інісі патша болады.
Екі күйеуінен де бала сүймейді.
Цезарь Египетті жаулап
алғанда оған үйленіп, өзінің хан екендігін өрсетеді. Кейін
Антонииге күйеуге шығып, ол да патша болады. Ол Цезарьге ұл,
Антониге ұл және қыз тауып береді.
Өзімшіл Антонии оны Октавианмен
соғысуға мәжбүр етеді де, жеңілістен соң ол өзін - өзі
өлтіруге мәжбүр болады. Ал бұл батыл әйел біреудің күңі
болғысы келмейді де, оны жылан шағып өлтіреді. Ол Птоломейдің
ұрпағы Македонияның басшысының қаны бар ніл қызы
болған.
(Клеопатра, Египет)
Әлемге танымал
18. Ол Аменхотеп /// фараонның қаза,
Эхнатонның әйелі және қарындасы. Үйленген соң Эхнатон
17 жыл ел басқарды да өмірден өтеді, одан кейін
мұрагері ұлы қайтыс болады. Сөйтіп таққа таласқан
ашкөздердің ортасында ол жалғыз қалады. Кейінгі өмірін
Атонмен өткізеді.
Оның әдемілігі Амарда неміс экспдициясы
тапқан портреттік мүсінге байланысты бүкіл әлемге
әйгілі болып мойындалған.Бұл өмірде жазылған мақтау
жазуы бір де бір ханшаға арналмаған шығар. Онда:
тақтың мұрагері, адамгершіліктің, әсемдіктің,
махаббаттың символы, Оңтүстік пен Солтүстіктің билеушісі, Атонның
сүйіктісі, фараонның бірінші әйелі, Екі Жердің ұлы
билеушісі, мәңгі жасаушы.
(Нефертити, Египет)
Княгиня
19. Бұл әйел өте ақылды, жылдам шешім
қабылдайтын болған. Бұл қасиет оның күйеуінің трагедиялық
жағдайда қайтыс болғаннан кейін пайда болды. Ол көтеріліс
шығарғандардан күйеуі үшін кек алады.
Ол Коростеня жұртшылығына үш көгершін, үш торғай әкел
деп салық салады. Ондай арзан салыққа қуанған халық
тілегін орындайды. Ханым әкелген құстардың аяқтарына сабан
байлауды бұйырады да, түнде оны жағып, ұшырып
жібереді. Құстар жаны қиналып, өз ұяларына барып
бас сауғалайды. Сол кездерде үй шатырлары сабан болғандықтан,
барлық қора - қопсы өртене бастайды. Көп ұзамай Коростень өртке
оранады. Өрттен қашып, қаладан шыққан халық жау қолына тап болады.
Бәрі басылған соң ол әскері және ұлымен барып, барлық
ауыл, қалаларға үлкен салықтар сала бастайды. Ақылда ханым
енді оған ешкім қарсы шықпайтынын түсінді. Оның ең
үлкен еңбегі - ол князі жанұясынан бірінші болып христиан дінін
қабылдады.
(Княгиня
Ольга, Ежелгі Русь.)
Педагогикалық жағдаяттар.
20. Сіз сабақ беруге кірістіңіз, барлық оқушылар
тынышталды, кенеттен сыныпта біреу қатты күлді. Сіз еш
нәрсеге түсінбей, күлген оқушыға таңдана қарадыңыз, ал олсіздің
көзіңізге тіке қарап, былай деді: "Сіз сабақты бастаған
кезде, мен сізге қарап әрқашан күлкім келеді". Мұны сіз қалай
қабылдайсыз?
Төменде берілген варианттардың қайсысын өзіңіздің
көзқарасыңыз бойынша дұрыс жауапдеп ойлайсыз, сол жауапты кз
өрсетіңіз.
- Мәс, саған!
- Неменеге саған күлкілі?
- Құдай үшін!
- Сенің есің дұрыс па?
- Көңілді адамдарды жақсы көремін!
- Сенің көңіліңді көтергеніме
қуаныштымын!
21. Оқушы сыныпқа кіре
берген мұғалімді көріп, оған былай дейді: "Сіздің қатты
шаршағаныңыз көрініп тұр". Мұны мұғалім қалай қабылдауы
керек?
- Менің ойымша, сен жақтан мұндай ескерту жасау дұрыс
емес деп ойлаймын.
- Иә, мен өзімді нашар сезініп тұрмын.
- Мен жайлы ойлама, одан да өзіңе қара.
- Ешнәрсе ойлама, бұл біздің сабағымызға кедергі
жасамайды.
- Сен өте ықыластысың, қамқорлығыңа рахмет.
22. Мұғалімнің жасаған ескертуіне оқушы былай
дейді: "Бұл оқу пәнін игеруге көп жұмыс істеуімнің
қажеті жоқ, өйткені мені өте қабілетті адам деп есептейді".
Мұғалім қалай жауап беруі қажет?
- Сенің бұл ойға келуің екіталай.
- Осы уақытқа дейін сенің көрген қиындықтарың мен
алған білімнің бұл ойды куәландырмайды.
- Көп адамдар өзін жеткілікті қабілеттімін деп
санайды, ал шын мәнінде іске келгенде олай болып
шықпайды.
- Сені өзің жайлы жоғары ойда болғаныңа өте
қуаныштымын.
- Бұл ой сенің оқуыңда үлкен күш жұмсауыңды
күштеуі қажет.
- Бұл ой өзінің қабілеттігіне сенбейтін сияқты болып
естіліп тұр.
23. Оқушы мұғалімге былай
дейді: "Мен тағы да дәптерімді әкелуді ұмытып кетіппін" (үй
тапсырмасын орындауы және т.с.с.). Мұны мұғалім қалай
қабылдауы керек?
- Міне тағы да!
- Бұл саған жауапсыздық емес пе?
- Менің ойымша, сен іске тиянақты қарағаның
жөн.
- Мен неге екенін білгім келеді?
- Шын мәнінді оған сенің мүмкіншілігің болмады ма?
- Қалай ойлайсың, неге мен әрқашан да мұны есіңе
саламын?
24. Қайрат аулаға шықты. Онда балалар ойнап жүр
еді. Кенет сол жерге ересек балалар келді де біреуі Қайратты ұстап
алып : „Анау балалардан бізге допты алып кел, біз ойнаймыз“,- деді.
Қайрат ересек балалардың қорқытқанына қарамастан оларға
қарсыласып, кішілерді қорғауға тырысты. Кішілерді
қорғауда Қайрат қандай қулық ойлап табуы мүмкін?
25. Мұғалім математика пәнінде оқушыларға
тапсырма берді. Бұл тапсырманың өзіндік ерекшелігі бар еді.
Мұғалімнің түсінігі бойынша балалар бұл ерекшелікті таппай,
қате шығарған сияқты болды.
- Кімнің жауабы 27 – ге тең болды?- деп сұрады ол.
Сонда үш оқушы қол көтерді. Олар: Айгүл, Арман және Талғат еді.
Арман алдында отырған Талғаттың қолын тартып қалды, бұны мұғалімнен
басқа ешкім байқамады. Ал балалар осы үшеуіне күлді. Сонда Талғат
тұрып тапсырманы тақтаға жазып, өз ойын дәлелдеді.
Мұғалім үш балаға қандай баға қою керек?
26. Еңбек сабағы басталды. Бүгін балалар ойыншық
жасаулары керек еді. Мұғалім олардың заттарын түгелдегенде бірнеше
оқушының құралдары жоқ болып шықты. Заттары түгел балаларды мұғалім
мадақтап, заттары түгел еместерге ескерту жасады да жаңа сабақты
түсіндірді. Балалар жұмысқа кірісті. Бірақ заттары жоқтары еш
жұмыссыз отырды, себебі оларға қалғандары ешнәрсе бермеді.
Мұғалім осындай жағдайда не істеуі керек?
Адам және табиғат
27. Археолог жерді қазып, шұңқырдан бағалы заттарды
табамын ба деген үмітпен жұмысқа кірісті. Бірақ ол бағалы заттың
орнына алма қалдығы, жүгерінің сотасы, жұмыртқаның қабығы
және т.б. қалдықтарды тапты. Бұл жаңа бастаған археолог үшін тосын
жағдай еді. Жас археолог неге сондай „байлықтарды“
тапты? Бұған кім кінәлі?
28. Жағажайда күнге қыздырынып жатқан қыз кітап
алып оқып жатып, семішке шағып жатты. Осы жағдайды қалай
бағалаукерек? Осы жерде бұл қыздан кейін сендер демала
аласыңдар ма? Сендер қандай талап қояр едіңдер?
29. Тапшанда отырған анасы қызына жүзім
береді. Сөйтіп: - Қызым, жүзімнің сүйектерін жерге тастай бер, -
дейді. Ал қызы болса, барлық сүйектерді жерге түкіріп тастап
отырды. Осы жағдайда сендер қандай ереже ойлап табар едіңдер? Анасы
дұрыс айтты ма?
30. Сыныпта екі дос бар. Олар үнемі бірге және де барлығы оларды нағыз достар деп санайды. Асқар өте жақсы ал Нұрлан нашар оқиды. Әсіресе математикадан нашар. Нұрланның анасы ауырып қалды да, сол кезде математикадан бақылау жұмысы болды. Сыныпқа мұғалім кіріп, тапсырманы жазып, балалар жұмысты жазуға кірісті. Асқар жылдам өз нұсқасын жазды да , әлі шығара алмай қиналып отырған досына көмектескісі келді. Ол жұмысты қағазға жазып, Нұрланға қарай лақтырып жіберді. Бұл жағдай ары қарай қалай өрбиді деп ойлайсың?
31. Талғат сыныпта әжесі сыйлаған әдемі қарандашын тастап кетеді. Ертеңіне таңертең Асқар бірінші келіп, қарандашты тауып алады да сөмкесіне салып қояды. Асқардың бұл ісін қалай бағалар едің?
32. Сыныптағы барлық оқушылар
жиналып, циркке бармақшы болды. Сөйтіп барлығы ақша жинап, бір
балаға бермекші болды. Сонда Жандос: „Ақшаны маған беріңдер, мен
ертең ертерек келіп, барлығыңа билет алып қоямын“,- деді
де барлық ақшаны жинап алды.
Ертеңіне оқушылар таңертең келеді, бірақ
Жандос көрінбейді. Олар күтеді де Жандос келмеген соң, өздері
ақшаларын жинап билет сатып алмақшы болады. Бірақ екі
балаға билет алуға ақша жетпей қалады. Сағат 9 –
да Жандос келіп, еш қам жемеңіздер, қазір барып билет сатып
аламын, деп мақтанады. Сонда кассада „Бүгінге барлық билет
сатылып бітті“ деген кесте ілініп тұрды.
- Сіздің ойыңызша, балалар не дер еді?
- Жандосқа қандай мінездеме берер едіңдер?
- Бұндай жағдайда қандай мақал қолданар
едіңіз?
Пед жағдаяттар:
1. Сіз сабақты
слайд түрінде дайындап келдіңіз. Оны бір оқушы интерактивті
тақтаны қосамын деп жүргенде бәрін өшіріп алады, не істер
едіңіз?
2. Үй жұмысын тексеру үшін дәптер жинап алдыңыз. Бір оқушы
дәптеріне сіздің суретіңізді салып мазақ етіп жазып қойған. Не
істер едіңіз?
3. Бір оқушыға мықтап ұрысып алдыңыз. Ал ол үйіне барып апай
басымнан ұрды деп арыз айтып, ата - анасын ертіп әкелді. Сіздің
әрекетіңіз қандай?
4. Бір оқушы
журналды бүлдіріп тастайды. Сіз әрине мықтап сөгіп алдыңыз.
Сізді сол күні кешке қонаққа шақырады, жаңағы оқушы да сол үйге
атасымен еріп келген. «Ата, мынау менің апайым, бүгін маған ұрысты»
деп есіктен кірер кірместен айқайлап жібереді? Сіз өзіңізді қалай
ұстар едіңіз?
5. Алдыңғы
қатарда отыратын оқушының басында бит өріп жүргенін көріп қалсаңыз
не істер едіңіз?
6. Сіз сыртқа шығып кеткен кезде бір бұзық оқушы сөмкеңе бақа салып
қояды. Сіз білмей сумкаңызды ашып қалған кездегі жағдай. Не істер
едіңіз?
7. Сізді бір
жоғарғы кластың оқушысы ұнатып қалғанын айтып, дос болуға шақырады,
не істер едіңіз?
8. Мұғалім
сабаққа кірген кезде, тақтадан өзінің карикатурасын
көреді.Балалардың ойынша мұғалім кінәлі оқушыны іздеп, сабақ
өткізбейді. Не істеу керек?
9. Ата-аналар кеңесуге мұғалімге келді. Олардың 13 жасар қызы өте көп оқиды, үлгерімі жақсы, соңғы кезде қыз бен ата-ана арасында кейбір мәселелер туындап жүр. Ескертулерге қыз: - сендер мені жақсы көрмейсіңдер, үйден кетемін, - дейді. Ата-ана бұдан қорқып, қыздың барлық жағдайын жасайды. Ол жиі қайталанып жүр. Ата - анаға кеңес.
10. Сабақтың басында немесе сабақтың соңында, сіз бірнеше сабақ жүргізгеннен кейін, оқушылар сізге былай дейді: «Мен ойлаймын, сіз педагог ретінде бізге ешнәрсе үйрете алмайсыз».
Сіздің әрекетіңіз.
11. Мұғалім оқушыға тапсырма береді, ал ол тапсырманы орындағысы келмейді де былай дейді: «Мен мұны істегім келмейді!» - Мұғалім әрекеті қандай болу керек?
12.О қушы өзінің біліміне қанағатсыз, болашақта сол материалды түсініп кетуіне сенбейді. Ол сізге былай деп сұрақ қояды:
«Сіз қалай ойлайсыз, мен болашақта сыныптағы басқа оқушылардан қалмай жақсы оқып кете аламын ба?» - Мұғалім не деп жауап беру керек.