400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Өзін-өз тану сабағының жоспары 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

№13«Экос»экологиялық мектеп гимназиясы

Мерзiм______16.01.2018ж______№__16___

Тақырып:_Салауаттылық-өмір негізі_______________________________

Құндылық: Дұрыс іс-әрекет.Қасиеттер:салауаттылық,денсаулықты бағалай білу.

Мұғалiм: Нуртазина Б.Р. Cынып_3«ә»__ Оқушылар саны_18____


Сабақ мақсаты:

1. Білімділік:  салауатты өмір сүрудің мәнін ашу.

2.Дамытушылық:  салауатты өмір сүруіне ықпал ету.

3. Тәрбиелік: денсаулығын бағалауға,салауатты өмір сүруге қоршаған орта тазалығын сақтауға тәрбиелеу.

Ресурстар:

Мәтін, нақыл сөздер, үнтаспа,интерактивті тақта,плакат, маркер т.б құралдар.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.


Тыныштық сәтi.№1 Нұрға бөліну.


2.Үй тапсырмасын тексеру.А.Самиғоллаұлының«Ойлан достым» шығармасын оұып, мазмұнын талдау,сұрақтар қою.

1.Сіздер,Жангүлдің орнында болсаңыздар, не істер едіңдер?

2.Мұндай жағдай сіздердің орталарыңызда кездесті ме?

3.Адамдар не себепті зиянды іс-әрекеттерге барады деп ойлайсыздар?

4.Зиянды әрекеттерден аулақ болу, салауатты өмір салтын сақтай білу үшін адам бойында қандай қасиеттері басым болуы керек? \саналылық,ерік,жігер,шыдамдылық, білімділік,еңбекқорлық,өмірге деген құштарлық және он бағалай білу.\


Сабақ барысын талқылау:

Дәйек сөз.Т.Карлейльдің нақыл сөзі.«Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі»


Мәнін түсіндіру,дәптерге жазып алу.

  1. Әңгiмелеу (сұхбат).«Тәтті алма»М.Әбдірашева.

Баян бақты аралап келе жатқан.Бір кезде алдына топ етіп алма түсті.Өзі қып-қызыл,үп-үлкен.Баян қуанып кетті.Қызығып қолына алды.Дереу жемек боп аузына апара бергенде алма оған:

-Баян,сен алдымен мені жу,-деді қолынан сусын түсіп.

-Неге?-деді Баян таңырқап.

-Жумай жесең,ішің ауырады,-деді алма сілкініп қалып.

-Мені,көрмейсің бе,үсті-басым шаң, тозаң.

Баян ұялып қалды.Апасы да ылғи«Қолынды істеді. жу»,-дейтін.Енді соны өзіне мына алма да айтып тұр. Баян ақылды алманың айтқанын істеді.

1 сұрақ. Баянның орнында болсаңдар сендер не едіңдер?

2 сұрақ.Сендерде де осындай жағдайлар болды ма?

3 сұрақ. Тазалықтың денсаулыққа қандай әсері бар?


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Үш топқа бөлінеді.Сұрақтарға жауап беру.\әр топқа 4 сұрақтан беру.\

-Денсаулықты сақтаудың қандай шарттары бар?

-Дұрыс тамақтанбау қандай ауруларға шалдықтырады?

-Зиянды әрекеттерге нелер жатады?

-Темекі шегу қандай ауруларға шалдықтырады?

-Ең көп таралған ауру?

- Ішімдіктің адам ағзасына келтіретін зияны?

-Нашақорлық зардаптары?

-Жұқпалы аурулар жайлы не білесіңдер?

Ойын.«Нақыл сөздерді аяқта»

1.Ауырып ем іздегенше,... .\ауырмайтын\

2.Сау дене, азат ақыл, адал көңіл,

Үшеуінен болады- ....\бақытты өмір\

3.Тәртіп пен еңбек- ... кепілі \денсаулық\

Белсенді топты атау,мадақтау.

Сабақты қорытындылау.

Халық денсаулығы- тек медицина қызметкерлерінің кәсіби тірлігі емес, бүкіл қоғамның тұтас денсаудық сақтауға және нығайтуға арналған әс-әрекеттерінің жемісі. Қоршаған ортаны сақтай отырып,таза су ішіп,дұрыс тамақтанып,иманды және салауатты өмір салтын тұрақты қалыптастырғанда ғана болашағымыз жарқын болмақ.

Ей,замандас,алдыменен досыңды ұқ,

Досың спорт,таза ауа, өсімдік.

Ала жүріп, осылардың сыйлығын,

Жаңа ғасырға біз берейік көріктік!













  1. Үй тапсырмасы.« Мен салауатты өмірді таңдаймын» тақырыбына шығарма жазу.





  1. Топпен ән айту.Спорт біздің досымыз

Сөзін жазған Н.Әлімқұлов

Әнін жазған М.Сағатов

Жүйрік болса кім,

Күлімдейді күн.

Жарыста жүгір алға ұш.

Қане,сапқа тұр,

Допты дәлдеп ұр,

Оң жақтан да сол жақтан,

Бізде бар мол күш.

Қайырмасы:

Спорт біздің досымыз,

Күш қайрат сыналған.

Спорт біздің досымыз,

Бала кезден шыңдалған.

Өрлеп мына біз, Шыңға шығамыз.

Сөз емес қой, асқар биік құз.

Таңмен күлеміз,

Суда жүземіз.

Шыңдаламыз әрқашан,

Жүлдеміз жұлдыз.

Қайырмасы:




  1. Соңғы тыныштық сәтi. Баяу әуен тыңдай отырып,бүгінгі сабағымызда айтылғандай«Дені саудың-жаны сау»демекшібіздің өміріміз, денсаулығымыз өз қолымызда екенін өте жақсы түсінеміз.Деніміз сау ,отбасымызда да,достарымызбен де, мектепте заманауи білімді меңгеруде де еліміздің көркеюіне үлесімізді қосамыз.Көңіліміз шат,жанымыз тыныш болады.Осы көңіл-күйде сәл тыныштықта отырайық.

Тыныштық, тыныштық!

Тыныштық барлық жерде,

Тыныштық бүкіл әлемде!


























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
470
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі