400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

өзін-өзі тану

Материал туралы қысқаша түсінік
өзін-өзі танудан сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

Сынып: 1

Сабақтың тақырыбы:

Әрдайым көмектес, ешқашан зиян келтірме

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары

Басқа адамдарға, жан-жануарларға, табиғатқа жанашырлық, көңіл бөлу білігі. Қоғамдық меншікке ұқыпты қарау.

Сабақ мақсаттары

Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Бағалау критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Тілдік мақсаттар

Көмектесу- помочь-to help

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдысы

Видеожазба , таныстырылым.

Бастапқы білім

Адамның жақсы қасиеттері туралы түсінік алады, адамдарға көмектесе білуді үйренеді, жақсы іс пен жаман істі айыруға үйренеді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

3 мин


Шаттық шеңбері













«Ролик көрсету»

«Қысқа метражды видео – Бұлт»

5 мин








Мәтінме жұмыс. «Аңыз»

5 мин


Ойын. «Көмектесе білейік»

5 мин







Қосымша тапсырма: «Көмектесе білейік»

10 мин

































3 мин



2 мин








5 мин

«Шаттық шеңбері»

Балалар мұғаліммен бірге шеңберде тұрады.

Мұғалім: - балалар, міне «Өзін-өзі тану» пәнінің кезекті сабағы да келді. Сіздерді осы сабақта көргеніме әрқашанда қуаныштымын. Осындай қуаныш сіздерде де болсын деп, көңілді сәлемдесуге шақырамын. Шеңбер бойынша мұғалім қасында тұрған оқушы күнді қасында тұрған оқушыға беріп, оның атын және  бір сипатын айтады. Мысалы: әдемі – Айгүл. Енді  осы  оқушы келесі оқушыға күнді беріп, оның аты мен сипатын айтады. Осылай соңғы оқушыға дейін тапсырма орындалады. Соңында барлығы бірге ортаға қолдарын созып «Сәлем» - деп хормен айтады.

 Мұғалім:

-          Балалар, біз осы  уақытқа дейін «Өзін-өзі тану» сабағында қандай жақсылық, құнды қасиеттер туралы  өттік? (оқушылардың жауаптары тыңдалады)

-          Жарайсыңдар, балалар!

-          Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз осы құнды қасиеттердің бірі.

«Ролик көрсету»

«Қысқа метражды видео – Бұлт»

-          Олай болса назарымызды экранға аударып, мына мультфильмнен үзінді көрейік. (мультфилм біткен соң)

Мұғалім: Балалар, бұл жерден қандай құнды қасиеттерді  көрдік?

-          Сіздер көмек дегенді қалай түсінесіздер?

Мұғалім: Балалар, егерде  бір бала әженің ауыр сөмкесін көтеріссе, құлап қалған баланы демеп жіберсе, анасымен бірігіп еңбектенсе – осының барлығын не деп атайды?

(оқушылардың жауабы тыңдалады)

Мұғалім: Әрине бұл жағдайлардың бәрін көмектесу деп айтамыз.

Сонымен бүгін «Әрдайым көмектес, ешқашан зиян келтірме» тақырыбын жалғастырамыз деп аталады.

Мәтінме жұмыс. «Аңыз»

Сұрақтар:

  • Түйе мінген адам қандай?

  • Ол қандай іс істеді?

  • Ал жолаушы қандай адам?

  • Осы аңыздан қандай ой түйдіңдер?

Ойын. «Көмектесе білейік»

Балалар шеңбер құрып тұрады. Ойынның шарты бойынша мұғалімнен допты қағып алған бала өзінің берген көмегі туралы (қолғабыс болсын, сөзбен көмек болсын, ақыл айту көмегі болсын) айтуы  қажет екенін түсіндіреді. Мұғалім өз тарапынан көрсетілген «көмек» туралы айтып, «Мен сіздерге оқуға көмектесемін» айтып бір балаға допты лақтырады. Допты қағып алған бала өз тарапынан көрсетілетін көмек туралы айтып келесі балаға допты лақтырады. Ойын осылайша жалғаса береді.

Тапсырма: «Көмектесе білейік»

Нұсқау: Әр оқушының алдында кесте парағы және жұмыс конверті жатады. Кесте шеңбер мен одан тараған 5 сызықтан тұрады. Шеңберлерде  «Жанұядағы көмек», «Достық көмек», «Өз өзіме көмек», «Табиғатқа көмек» деген көмектесудің түрлері жазылған. Ал, конверттерде тақырыптағы қатысты сөздер карточкаларда жазылып, араластырылып беріледі. Оқушылар берілген 5 минуттың ішінде , өз тақырыптарын ашатын сөздерді тайып, шеңбердің айналасына жабыстырады.

«Жанұядағы көмек» деген конвертте: өзімнен кейінгі іні-қарындастарымды ойнатамын, анама көмектесемін, бос уақытымда кітап оқимын, ыдыс жуғанды жақсы көремін, гүлге су құямын, далада көп ойнаймын, сабақтан бестік баға алып ата-анамды қуантамын, ата-анамды тыңдаймын.

«Достық көмек» деген конвертте. Досыммен жиі ұрысамын, досым екеуміз қиын сабақты бірге оқимыз, достарыммен әрдайым тату жүремін, достарымды жақсы көріп, сыйлаймын, жалғыз ойнағанды жақсы көремін, достарым көп болғанын қалаймын, досыма қиындықта көмектесуге дайынмын.

«Өз-өзіне көмек» деген конвертте. Әрдайым дене шынықтырумен айналысамын, бос уақытымды тиімді пайдалануға тырысамын, азанда салқын сумен шайынып, тісімді жуамын, киімімді тазалаймын, өтірік көп айтамын. Кітапты көп оқимын.  Соңында әр топтан бір оқушы жұмысты қорғайды, талдау жасалады.

«Табиғатқа көмек» деген ковертте. Әрдайым гүлдерге су кұямын, ағаштарды сындырамын, кішкентай күшіктерді қорғаймын, бұлақты ластамаймын, құстардың ұялырын бұзбаймын, қоқыстарды қоқыс жәшіктеріне тастамаймын.

Сұрақтар:

-          айналаңыздарға көмек көрсеткенде сіздердің көңіл-күйлеріңіз қандай болды?

-          көмек алған адамдар не сезінеді?

(оқушылардың жауаптары)

Кері байланыс «Бағдаршам әдісі»

Мұғалім тақтаға үш түрлі жауабы бар бағалау парағын іліп қояды.Оқушылар тақтада ілініп тұрған кері байланыс парағына өздері таңдаған жауапқа стикерлер жапсырады.


Рефлексия «Бас бармақ әдісі»

Мұғалім тақтаға рефлексия парағын іліп қояды. Оқушылар мұғалімнің көегімен сол параққа қарап бүгінгі сабақтан қандай көңіл күй алғандарын көрсетеді. Ол бас бармақтың көмегімен орындалады.

Жүректен жүрекке

Оқушылар бір- бірінің қолдарынан ұстап шеңберге тұрады да жанында тұрған көршісіне жақсы тілектерін айтады.

Күннің бейнесі бейнеленген жұмсақ ойыншық





























Кітап







Доп









Ақ парақ және конверттер

































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 ақпан
309
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі