400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Өзін-өзі тану 2 сынып Х.К.Андерсеннің дана ертегілері

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану пәні мұғалімдеріне арналған сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

№3сабақ Сынып 2
Тақырып: Х.К.Андерсеннің дана ертегілері

Құндылық:
Сүйіспеншілік

Қасиеттері: ізгілік, қамқорлық, жанашырлық.

Мұғалiм: Қисымбетова С.К.

Күні: 20.09.2019ж


Сабақ мақсаты: оқушыларды Андерсеннің дана ертегілерімен таныстыру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

-оқушыларды ертегілерден үлгі-өнеге алуға үйрете отырып, ізгілік, қамқорлық, жанашырлық қасиеттері туралы түсінік беру.

-оқушыларды өзіне және өзгелерге қамқор болуға баулу.

-оқушыларды ізгілік, қамқорлық, жанашырлық қасиеттеріне тәрбиелеу.

Ресурстар:

оқулық, дәптер

(аудио,видео жазбалар)

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi: Сәлемдесу.

Оқу құралдарына назар аудару. 5Т

Жағымды көңіл-күйге келу

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті.Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте- бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан – жағыңызға сәуле шашады.Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге,достарыңызға,таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз.Олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан- жануарларға, өсімдіктерге,тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түкпір- түкпіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын…Нұр менің ішімде…Мен Нұрмын »

Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз…

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет!

Сабақ барысын талдау:

Дәйексөз: Ертегілер –жақсылықтың ұясы

Нақыл сөз

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу. Бәріміз қосылып айту.


Үй тапсырмасын тексеру .

3-сабақ 11-12 бет Х.К.Андерсеннің «Түймеқыз» үзіндісін оқу

1.Түймеқыз қарлығашқа неліктен жақсылық жасады?

2.Ол жақсылықтың қайырымын күтті ме?

3.Өздеріңнің басқаларға жақсылық жасаған сәттеріңді еске түсіріп көріңдер


Әңгiмелеу. Білім мен байлық

Ділдә Матайқызы

Білім мен байлықтың қайсысын таңдарын білмей жол айрығында жасөспірім бір ғұламаға келіп ақыл сұрған екен. Сонда ғұлама білімнің артықтығын әр түрлі дәлелмен дәлелдепді.

Білім – даналардан қалған мирас, білім сені бағады, ал байлықты сен бағасың. Білім досыңды көбейтеді, ал байлық дұшпаныңды арттырады. Білім іздеген сайын көбейе, молая береді, жұмсағанмен азаймайды, ал байлық жұмсасаң азаяды, кемиді, жойылады.

Білімің көп болса, ел сені құрмет тұтады, ал байлығың мол болса қызғанады. Білімге есеп-қисап жүргізбейсің, ал байлығыңды күнде есептеп отыруың қажет. Білім қаншама көп боланымен іріп-шірімейді, бүлінбейді, ал байлық бір жұттық өледі, жоғалады.

Білім жан дүниеңді байытады, ал байлық қиялыңды, көзқарасыңды шектейді, тура жолдан айырады.

Білімді адам мәдениетті, әдепті, адамгершілікті болады, ал байлығы мол адам мақтанады, әркімге астамшылық көрсетеді.

Таразының қай басы ауыр тартқанын өздерің бағамдай жатарсыңдар...

1.Білім қандай жолға апарады?

2.Сендер қай жолды таңдар едіңдер?

3.Қай жақ таразысы басым болды деп ойлайсыңдар?

*Риясыз сүйіспеншілікті сен қалай түсінесің?

Шығармашылық жұмыс:Топпен жұмыс:

Сүйікті ертегі кейіпкерлерін сомдау топта


Тапсырма Оле-Лукойе ертегісіндегі шапаны мен қолшатырын дәптерлеріне салу

Топпен ән айту:

А.Қалаубаеваның орындауында «Ертегілер» әнін айту.

.


Үйге тапсырма:4-сабақ 13-15 бет Х.К.Андерсеннің «Ұсқынсыз үйрек» ертегісін оқу


Сабақтың қорытынды минуты

(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)

- Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.

- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

- Енді көздеріңді аша ғойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!

Музыка





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
22 ақпан
1181
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі