жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Өзін-өзі тану 2сынып "Дос болуды үйренеміз" Ашық сабақ жоспары
|
Пәннің аты: Өзін-өзі тану |
Уақыты: 15.02 |
Кабинет: 44 |
Мұғалім:Сенгирбаева Г.М |
|||||||||||||
|
Сабақтың атауы |
Дос болуды үйренеміз |
|||||||||||||||
|
Мақсаты |
оқушыларға достық ұғымы туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік,дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Міндеттері:
|
|||||||||||||||
|
Күтілетін нәтиже |
Достық,сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашады |
|||||||||||||||
|
Тыныштық сәті 5минут |
Ұйымдастыру кезеңі. (Оқушылардың көңіл-күйін айқындау) Тыныштық сәті. Нұрға бөлену Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Көздеріңізді жұмуларыңынды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды ата-анаңызға,туысқандарыңызға,, достарыңызға, осында отырған ұстаздарға бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: ... Мен Нұрмын». Жаймен көзіңізді ашуға болады. Қандай сезімде болдыңдар? |
Оқушылар дем алып, ерекше күйге бөленеді, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. |
||||||||||||||
|
Үй тапсырмасын тексеру. 3минут |
|
|
||||||||||||||
|
Қызығушылықты ояту 3минут |
Жаңа тақырыпқа ой ашу Өсиет- әңгіме Ертеде бір ақылды қария болыпты.Бір күні ақылды қарияға бір жігіт келіп: -Ақсақал,мен қандай жігітпін? Сынаңызшы,-депті.Қарт жігітке: -Жолдасыңды көрсет,сонан соң айтамын,-депті. Жігіт жолдасын қартқа жіберіпті.Қарт жігіттің жолдасымен ұзақ сөйлесіп,ақырында жігіттің өзін шақырыпты. Жігіт келген соң,қарт: -Шырағым,жаман жігіт емессің,-депті. -Қалайша олай дейсіз? Мені бұрын көрген жоқсыз ғой?-депті жігіт.Қарт күліп: -”Жігітті жолдасына қарап бағала” дейді халық,-депті. -"Жігітті жолдасына қарап бағала” дегенде нені түсінесіңдер? • (оқушылардың жауаптары тыңдалады) • Адам көбінесе өзінің мінезіне ұқсас адамдармен жолдас,дос болады.Шын жолдас,достар бірінің жақсы қасиеттерін екіншісі үлгі тұтады,бойына сіңіреді,олар бір-біріне өте жақын,бірін-бірі тез түсінісетін болып кетеді.Осындай жолдастық,достық қарым-қатынастардың арасындағы ең бағалысының бірі-адалдық.Біз бүгінгі сабақта адал достық туралы әңгімелесеміз. Тапсырма.Оқушылар суреттегі алма ағашында көрсетілген өзін-өзі танудан үйренген құндылықтары туралы түсініктерін айтып береді.Олар әдептілік,білім,қайырымдылық т.б.
Пікірлесу.Оқушылармен әңгіме. -Сенің досың бар ма? -Адал достық дегенді қалай түсінесің? -Кімдермен достасқыларың келеді? -Достықтың қандай түрі бар? |
|||||||||||||||
|
Жаңа сабақ 7минут |
Мұғалім сыйы. «Құм мен тас» (видео) Мәтінмен жұмыс Жігіт неліктен ренішін құмға жазды? Жақсылықтытасқа жазуының себебі неде? Достық ережесін құру. Әрқашан әділ бол Бірлесе көтерген жүк жеңіл Досыңа күлме Досыңды үнемі мақта Досыңмен сырлас Кешірімді бол Досыңды қолда Достаса біл Қиын сәтте көмектес Досыңа адал бол Дәйексөз: Достықты достық шақырады |
|||||||||||||||
|
2минут |
Жағдаят талдау Айдос пен Қанат екінші сыныпта оқиды.Екеуі бала кезден дос. Айдос сабақтан келген соң,түскі тамағын ішіп,үйдегі жұмыстарын бітіріп,ертеңгі сабағын оқып болған соң далаға ойнауға шықты. Футбол алаңына барса, Қанат та ойнап жүр екен.Олар ұзақ футбол ойнап,үйге кеш қайтты. Қанат: -Мен ертең сабаққа бармаймын,үй тапсырмасын орындамадым.Мені апайға ауырып қалды дей салшы,-деді. Айдос егер адал дос болса,қалай жауап берер еді деп ойлайсыңдар? |
|||||||||||||||
|
5минут |
Электронды оқулықпен жұмыс Тапсырма: -Досыңа қандай тілек айтар едің? -Мына заттардың қайсысымен досыңмен бөлісуге болады? |
|||||||||||||||
|
Сергіту сәті 5минут |
Ойын «Қадам жаса» әдісі «Достық неден басталады,достыққа не жарасады»? Шарты:Егер мен айтқан оймен келіссеңдер алға қарай бір қадам,егер келіспесеңдер артқа қарай бір қадам жасаңдар. -Достық танысудан бастала ма? -Достыққа қамқорлық жараса ма? -Достық төбелестен бастала ма? -Достыққа мейірімділік жараса ма? -Достық ренжісуден бастала ма? -Достыққа адалдық жараса ма? -Достыққа татулық жараса ма? -Достық ұйымшылдықтан бастала ма? -Достық бірліктен бастала
ма? |
|||||||||||||||
|
Топтық жұмыс 7минут |
Шығармашылық жұмыс І топ: Бес жолды өлең ІІ топ: Достық деген не? . |
|||||||||||||||
|
2минут |
Топпен ән айту: «Әрқашан біз біргеміз» |
|||||||||||||||
|
Ой толғаныс |
-Бүгінгі сабақтан не алдың? |
|||||||||||||||
|
Кері байланыс 1минут |
Соңғы тыныштық сәті: — Балалар,тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық,қамқорлық,аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме,сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса,сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар. Досқа тілек Демек,адал дос дегеніміз-өтірік айтпайтын,қандай жағдайда болмасын досының жанынан табылатын нағыз жолдас.Адалдық деген-адамгершілік құнды қасиеттердің бірі.Мына гүл күлтешелеріне досыңа деген ізгі тілектеріңді жазыңдар. |
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады |
||||||||||||||
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген