400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

өзін-өзі тану 3 класс 4-сабақ.Халықтың мәдени мұрасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал өзін-өзі тану 3 класс мұғалімдеріне көмекші құрал.
Материалдың қысқаша нұсқасы




Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: №19 орта мектебі КММ-сі   Мерзiмі: 23.09.20 № 4 сабақ

Тақырып: Халықтың мәдени мұрасы

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Мейірім, қуаныш, достық.

Мұғалiм: Кубашева С.К.

Сынып 3 « Ә»

Сабақ мақсаты: Әр оқушының тарихи мәдени ескерткіштерді танып, оларды қорғауға жағдай туғызу

Міндеті:

Білімділік :Оқушыларға мәдени мұра туралы түсінік беру:

Дамытушылық :Әр оқушының өз отанын,дамытуына ықпал ету:

Тәрбиелік :тарихи ескерткіштерді қорғай білуге,сақтауға тәрбиелеу


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. 2 мин.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


2.Тыныштық сәтi. 3 мин.

Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік.Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп.жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жекізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік.


3.Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин.

Оқулықтағы «Бәсіре»повесімен таныстыру.Оқушыларға сұрақтар қойылып,жауаптары тыңдалады

Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз. Мәдени мұра –халық игілігі.


5.Әңгiмелеу (сұхбат). 3мин.

Қазақ халқы салт-дәстүрге бай.Халықтың дәстүрі атадан балаға көшіп, жалғасып және дамып отырады.Халық дәстүрі тарихи, тәлім- тәрбиелік,рухани, іс- әрекетінің көрінісі.

Мысалы : ата -ананы құрметтеу, байғазы, көрімдік беру, сүйінші сұрау,сәлем беру дәстүрге жатады.

«Салтын сүйген алқын да сүйеді»деп бекер айтылмаған.Әр ұлттың әр халықтың ғасырлар бойы жинақтаған салты бар.Ол ұлттың тағылымы ,өнегесі,тәрбиесі арқылы құрылған.

Қазақ халқы өз салтын құрметтейді, сақтайды.

Мысалы: той, наурыз көже, қонақасы,ерулік сияқты салтымыз бар.

Салт дәстүрді сақтау-сүйіспеншіліктің, кеңпейілділіктің, жомарттықтың, әдептіліктің, мейірімділіктің, елжандылықтың белгісі.



6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 12 мин.

Оқулықта берілген отандық және әлемдік мәдени мұраларға салыстырмалы түрде сипаттама беру үшін мынадай сұрақтар қойылады:

1-тапсырма

Қазақ халқының салт –дәстүрлері туралы ата-аналарыңнан , үлкендерден сұрап біліңдер.Салт дәстүрлердің аттарын тізбелеп жазыңдар.

7.Дәптермен жұмыс

Тыйым сөздерді оқып, естеріңе сақтап, оларды дәптерлеріңе жазыңдар.


8.Топпен ән айту. 3 мин.

«Анамның тілі –аулы үні » Сөзі: Ш.Смаханұлы , әні: Ә.Тінәлиев


9.Үй тапсырмасы. 2 мин. 

23/бет «Жүз мәрте» әңгімесін оқу


10.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

  • Балалар, енді бір сәт тынышталайық.

. Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, бір-бірлеріңе жылы лебіздеріңді білдіріңдер.Аңсаған армандарларыңа жетулеріңізге тілектеспін. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, ойларыңды жеткізе білдіңдер. жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!



























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 ақпан
1034
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі