Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Өзін-өзі тану 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
аттестацияға бару үшін жетістік керек
Материалдың қысқаша нұсқасы



Бекітемін:

Мектеп № 62 мектеп-лицейі Мерзiм: 8.02.2019 ж

Мұғалiм: Муратова Аяулы Сынып: 3 «В»

Тақырып: Жомарттық пен кеңпейілділік

Құндылық: сүйіспеншілік Қасиеттер: бауырмалдылық, кешірімділік, достық


Сабақтың мақсаты: Кеңпейілділік пен жомарттықтың маңыздылығы туралы түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Оқушыларға кеңпейілділік пен жомарттылықтың маңыздылығын ұғындыра отырып,бауырмалдылық касиеті туралы түсінік беру.

  • Оқушыларды кешірімділікпен қарым-қатынас жасауға дағдыландыра отырып, достық қасиетіне баулу.

  • Оқушыларды бауырмалдылыққа, ақкөнілдікке, достыққа тәрбилеу.

Ресурстар:

(құралдар, мәліметтер)

эссе жазу, ми шабуылы, шағын-дәріс,  пікірталас

Сабақ барысы:

1 Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу.

-Сәлеметсіңдер ме,балалар!

Бүгін мен сендерді өзін-өзі тану сабағында қайта көргеніме қуаныштымын!

-Ал сендердің көңіл-күйлерің қандай?

Жарайсыңдар!

5 «Т» ережесін еске түсіріп алайық

Тыныштық сәті Нұрға бөлену

Топқа бөлу

Адамның бойында қандай қасиеттер бар?

Жомарттық

Кеңпейілділік

Қайырымдылық

Ендеше осы қасиеттер бойынша топтасып алайық







2. Үй тапсырмасын тексеру Оқулықтағы 98 беттегі Ы.Алтынсариннің «Жомарт» мәтінін оқып келу берілген

Бейнебаян көру . Жомарттық

Ашық сұрақ әдісі

-Патша уәзірлерін қалай сынады?

-Жомарттық жасаған баланы қалай сипаттар едің?

- Жомарт болу үшін дәулетті болу міндетті ме?

-Сеніңше жомарттықты тағы қалай көрсетуге болады?

Балалардың жауабы тыңдалады.

Жарайсыңдар!

-Иә,жомарттық көңіл байлығы.Жомарттық жасап,кеңпейіл болу үшін байлық міндетті емес.Жомарттықпен кеңпейілділік адамның шын көңілімен ақпейілінен туындайды екен.


Әр оқушының жеке пікірін тыңдау

Дәйексөз. Адамның қадірлісі- жомарт кісі. Ж. Баласағұни

Дәйексөздің мағынасын ашу

-Дәйексөзден қандай ой түйіндедіңіздер?

Жаны жомарт,пейілі кең,өзге адамдарға қол ұшынсозуға дайын адамдар өз ортасында сыйласымды,жарасымды өмір сүреді

Хормен қайталап, мағынасын сұрау

Әңгімелеу. Мұғалім сыйы «Етікші туралы аңыз»

-Етікші түсінде кімді көрді?

-Данышпан етікшіге кімдердің бейнесінде келді?

-Күткен қонағы келмегенде етікші не туралы ойлады?

-Әңгімедегі етікшінің бойында қандай қасиеттер бар?

-Данышпан ата етікшіге «Адам» деген ұлы атқа лайықсың!-деп неге айтты?



Жаңаны білеміз

Кеңпейілділік- бұл ниеті түзулік, мінезі ашықтық, жүрегі жұмсақтық. Кеңпейіл адам ешкімнің ала жібін аттамайды, барлық адамдарға қол ұшын беруге даяр, жомарттыққа бейім болады.

Кеңпейілділік туралы қазақ халқы «Кең болсаң, кем болмайсың» деп тауып айтқан.


Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Мәтінді түйінді сөздерді түйіп жазыңдар.

2-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, мақал- мәтелдерді жазыңдар.

«Кім жылдам» әдісі

Тапсырманы қай оқушы дүрыс,әрі қатесіз жазып болса,сол оқушы

«Жылдам оқушы» аталады.

Іске сәт!

3-тапсырма.Жағдаятты шешу

Сенің үйіңе ымыртта бір танымайтын кісі келіп,қонатын жері жоқ екенін,таңертеңге дейін үйге қондыруын сұрады.Ал сенің үйіңде онсыз да қаладан келген туыстарың бар.Анаң үйде қонақ көп екенін айтып ол кісіні қондырғысы келмегенін айтты.

Сенің әрекетің?

Сен не істейсің?

Оқушыларда өзіне сенімділік сезімі нығаяды, ынтымақтастық, іс әрекеттегі келісімділік дамиды.

Топпен ән айту

«Бала тілегі»


Музыкасын қосу

Үй тапсырмасын беру. Атымтай Жомарт аңыз әңгімесін оқу

Сабақтың соңғы тыныштық сәті

-Бүгінгі сабақтан алған мәліметтер мен әсерді жүрегімізге түйіп аламыз

Рахмет

Күнделікке жаздырту






























Өзін – өзі тану сабағының жоспары


Мектеп № 169 мектеп-лицей Мерзiм: Сабақ №22

Мұғалiм: Нурахунова Қундыз Сынып: 3

Тақырып: Жомарттық пен кеңпейілділік

Құндылық: сүйіспеншілік Қасиеттер: бауырмалдылық, кешірімділік, достық.

Сабақтың мақсаты: Кеңпейілділік пен жомарттықтың маңыздылығы туралы түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Оқушыларға кеңпейілділік пен жомарттылықтың маңыздылығын ұғындыра отырып,бауырмалдылық касиеті туралы түсінік беру.

  • Оқушыларды кешірімділікпен қарым-қатынас жасауға дағдыландыра отырып, достық қасиетіне баулу.

  • Оқушыларды бауырмалдылыққа, ақкөнілдікке, достыққа тәрбилеу.

Ресурстар:

(құралдар, мәліметтер)

эссе жазу, ми шабуылы, шағын-дәріс,  пікірталас

Сабақ барысы:

1 Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. 5Т-ны сақтау


2. Үй тапсырмасын тексеру Атымтай Жомарт аңыз әңгімесін сұрау

Әр оқушының жеке пікірін тыңдау

Дәйексөз. Адамның қадірлісі-жомарт кісі. Ж. Баласағұни

Хормен қайталап, мағынасын сұрау

Әңгімелеу. Бірге оқимыз. Ермек Өтетілеуұлы «Жомарт»

  • Нұрланның кеңпейілділігін қандай іс-әрекетінен байқауға болады?

  • Кеңпейілді болудың мәні неде?

  • «Ақылды десе боларсұрамай білгенді, жомарт десе боларсұрамай бергенді» деген нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?

  • Жомарт адамды қандай қасиеттерінен тануға болады?

  • Өзіңнің жомарттық көрсеткен кезің болды ма? Айтып бер.

Сабақта ұжымдық тыңдауға жайлы жағдай тудыратын ойлау және тілдік әрекет

Жаңаны білеміз. Халықтық салт- дәстүр тәрбиесінде әрбір ата- ана ұрпағына жомарттықты ұғындырып отырған. Жомарттықтың бірқатар қыры болады.Мысалы: қол жомарттығы, көңіл жомарттығы, жол жомарттығы.Бұл қасиеттер адамның басқа адамдарға деген риясыз мейірімділігі мен қамқорлығының көрінісі болып табылады. Жомарттық- көңіл байлығы. Жомарт болу үшін міндетті түрде бай, дәулетті болу қажет емес.Жомарт адам- қолыңдағы барымен бөлісуге даяр, көңілі мөлдірдей таза адам.


Шығармашылық іс-әрекет, топтық тапсырма.

1-тапсырма. Мәтінді оқыңдар.Мәтінді негізге ала отырып, өз күнделіктеріңді жасаңдар.Онда өздеріңнің жомарттық іс-әрекеттеріңді түйіндеп жазыңдар.

2-тапсырма. Түймедақ жапырағындағы сұрақтарыңды оқыңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер.

3-тапсырма.Мәтінді оқыңдар.Мәтіннің негізгі ойын анықтаңдар.Мәтінге байланысты сұрақ құрастырыңдар.

Оқушыларда өзіне сенімділік сезімі нығаяды, ынтымақтастық, іс әрекеттегі келісімділік дамиды.

Жүректен жүрекке.

Біз өмірдің гүліміз. Сөзі Ә.Дүйсенбиевтікі, Әні Б.Ғизатовтікі

Музыкасын қосу

Үй тапсырмасын беру. Отан туралы өлең шумақтарын жаттау

Рефлексия: «Бас бармақ» әдісі

Күнделікке жаздырту



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.02.2021
650
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12