жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Өзін-өзі тану - өмірді тану
Сыныбы: 4
Сабақтың тақырыбы: Қуаныш – жан шуағы
Құндылық: Ішкі тыныштық
Қасиеттер: Сыпайылық, шыдамдылық, ізеттілік
Мұғалім: Нурпейсова Ақерке Мейрхановна
|
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «бақыт», «сыйластық», «махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері:
|
Көрнекі құралдар: суреттер, қима – қағаздар, нақыл сөздер |
|
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу ә) оқушылар назарын сабаққа аудару б) Тыныштық сәті «Су асты патшалығына ойша саяхат» тыныштық сәтін орындату. |
Оқушыларға тыныс алу жаттығуын орындату |
|
Үй тапсырмасын тексеру Оқушылар «Сурет» мәтінінің түсінігін айту сұралады. |
Оқушылар сұрақтарға жауап береді. |
|
Әңгімелесу
|
Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды. |
|
Мәтінмен жұмыс Балалардың көз қуанышы В.А.Сухомлинский 1. Кішкентай бала табиғаттың сұлулығын неліктен байқамады? 2. Сенің ойыңша қарт балаға не айтуы мүмкін? 3. Айналадағы әсемдікке көңіл аударуына не әсер етті? |
Оқушыларға сабақ тақырыбының мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелеу ұйымдастырылады. |
|
Топпен жұмыс «Көршіңе қуаныш сыйла» атты ойын ұйымдастырылады. Оқушыларға қатты қағаздардан әдемі етіп жасалған түрлі кескіндердің (гүлдің, жүрекшенің, көбелектің) үлгісі таратылып беріледі. Олар оның екінші бетіне қатар отырған сыныптасын қуантатын сөздер жазырп, жария етеді және сыйға тартады. Ойын соңында оқушылар өз әсерлерімен және сезімдерімен бөліседі, пікірлерін білдіреді. |
Оқушылар тапсырмаларды орындайды |
|
Дәйексөз «Қуаныш – Өмір шаттығы» Халық даналығы -Күлімдеп, ақжарқын жүретін адамның көңіл күйі үнемі жоғары болады. Ал ондай көңіл күй жаныңды сау етеді. Жаның сау болса, денің сау болады. Денің сау болса, жақсы еңбек ете аласың. Жақсы еңбектің нәтижесінде адамдар бақытты, молшылықта өмір сүреді. |
Халық мақалы |
|
Сергіту сәті Шаршадым «УҺ!» дедім, Ренжідім «Туһ!» дедім, Қорықтым «Ой!» дедім, Өкіндім «Аһ!» дедім, Шарасыз «Еһ!» дедім! Таңырқап «О!» дедім, Кейідім «И!» дедім, Біліп ап «Е!» дедім, Қуанып «Ха-ха-ха!» дедім. |
Оқушылар бірлесе отырып топпен бірге орындайды. |
|
Дәптермен жұмыс: Тапсырма: Дәптерде берілген күннің шуақтарына естеріңде ұзақ сақталған қуанышты күндерің туралы жазыңдар. |
Дәптердегі тапсырмаларды өз беттерінше орындайды. |
|
Үй тапсырмасы: Е.Ашықбаевтың «Қуаныш» өлеңін жаттап келу. |
Күнделіктеріне жазады. |
|
Соңғы тыныштық сәті:
|
Оқушылар көздерін жұмып демалады. |
Сыныбы: 4
Сабақтың тақырыбы: Кешірім мен келісім
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: Сыпайылық, шыдамдылық, ізеттілік
Мұғалім: Нурпейсова Ақерке Мейрхановна
|
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «достық» құндылығы және «татулық», «кешірімділік» адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері:
|
Көрнекі құралдар: суреттер, қима – қағаздар, нақыл сөздер |
|
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу ә) оқушылар назарын сабаққа аудару б) Тыныштық сәті «Нұрға бөлену» тыныштық сәтін орындату. |
Оқушыларға тыныс алу жаттығуын орындату |
|
Үй тапсырмасын тексеру Е.Ашықбаевтың «Қуаныш» өлеңін жаттап келу. |
Оқушылар жаттап келген жаттауды айтады. |
|
Әңгімелесу Суретпен жұмыс жасау арқылы оқушылар әңгімелесу жүргізеді.
|
Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды. |
|
Мәтінмен жұмыс Мақтаншақ жолбарс Ертегі
|
Оқушыларға сабақ тақырыбының мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелеу ұйымдастырылады. |
|
Топпен жұмыс «Ойын - жаттығу» Тақтаға бұлттардың суреті ілінеді. Оқушыларға түрлі түсті қағаздан жасалған гүл күлтелері таратылып беріледі. Олар досының көңілін көтеру үшін бұлтты алып орнына гүлдің күлтесіне оның көңілін көтеретіндей жазылған сөзді іледі. Оқушылар 3-4 топқа бөлінеді. Әр топ күлтелердің түсіне қарай бөлінеді. Күлтелерден бір түсті гүл құрайды. Сонда 3-4 гүл жасалынады. Әр топтың балалары жазылған сөздерді дауыстап оқиды. Жағдаяттарды талдау 1.Қали түнімен сақаларға қорғасын құйды. Ертесіне ол ойын үстінде Досанның асықтарын ұтып алды. Досан Қалиға ренжіп, кетіп қалды. - Сендер Қалидың орнында болсаңдар не істер едіңдер? 2. Жанар мектептен бүгін көңілсіз оралды. Ол құрбысы Мәдинамен тұңғыш рет ренжісіп қалды. Үзіліс кезі болатын. Ең жақын досы Мәдина Жанардан айнасын сұрады. Досының көңілін қимай Жанар айнасын берген еді. Мәдина айнаға қарады да, шыр айналып билей бастады. Жанар: - Абайла, айна сынып қалмасын. Оны ана сыйлап еді. Ол мен үшін ең қымбат сыйлық, – деді. Сөйткенше болған жоқ, айна жерге түсіп кетіп, сынды да қалды. Жанардың көзі жасаурап кетті. - Ой, не болды сонша, айна деген арзан емес пе? – деді Мәдина. Жанар не дерін білмей, тұрып қалды. - Әңгіменің қалай аяқталғанын қалар едіңдер? - Мәдина мен Жанардың достығы қалай жалғасуы мүмкін? - Сендер мұндай жағдайда не істер едіңдер? |
Оқушылар тапсырмаларды орындайды |
|
Дәйексөз «Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық» М.Әуезов - Адамдар абайсызда бірін-бірі ренжітіп алғанда кешірім сұрап, татуласады. Ал татулық – адамдар, сыныптастар, достар арасындағы қарым-қатынастағы ең бір жақсы қасиет. Өйткені татулық бар жерде сыйластық, махаббат, бақыт, жақсы өмір бар. |
Халық мақалы |
|
Дәптермен жұмыс: Тапсырма: Дәптердегі жүрекшенің ішінде «Мен кешірім сұрай білемін...» айдарымен берілген бос жолдарға өз ойларын жазады. |
Дәптердегі тапсырмаларды өз беттерінше орындайды. |
|
Үй тапсырмасы: Л.Тілеуованың «Түсінісу» өлеңін жаттап келу. |
Күнделіктеріне жазады. |
|
Соңғы тыныштық сәті: Балалар,тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық, қамқорлық, аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме,сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса,сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар. |
Оқушылар көздерін жұмып демалады. |
Сынып: 4
Сабақтың тақырыбы: Ортақ іс табысы
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: Сыпайылық, шыдамдылық, ізеттілік
Мұғалім: Нурпейсова Ақерке Мейрхановна
|
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «еңбек», «сыйластық», «ынтымақ» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері:
|
Көрнекі құралдар: суреттер, қима – қағаздар, нақыл сөздер |
|
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу ә) оқушылар назарын сабаққа аудару б) Тыныштық сәті «Орманға ойша серуен» тыныштық сәтін орындату. |
Оқушыларға тыныс алу жаттығуын орындату |
|
Үй тапсырмасын тексеру Л.Тілеуованың «Түсінісу» өлеңін сұрау. |
Оқушылар жаттап келген жаттауды айтады. |
|
Әңгімелесу
|
Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды. |
|
Мәтінмен жұмыс Көп біріксе – береке М.Төрежанов 1. «Көп біріксе - береке» дегенді қалай түсінесіңдер? 2. Көпшілікпен бірге еңбектенген ортақ істерің туралы естеріңе түсіріп, айтып көріңдер. |
Оқушыларға сабақ тақырыбының мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелеу ұйымдастырылады. |
|
Топпен жұмыс. Шығармашылық жұмыс Оқушылардың сабақтан алған білім-біліктерін іс жүзінде көрсетулеріне жағдай туғызу мақсатында шығармашылық жұмыс беріледі. Онда балалар оқулықтағы суретке қарап, әңгіме құрастырады. Сұрақтарға жауап беру: -Суреттегі достардың бірлігі неден аңғарылады? -Олар бірліктің нәтижесінде неге қол жеткізді? |
Оқушылар тапсырмаларды орындайды |
|
Дәйексөз «Келісіп істесе, көп іс бітеді» Құтып ата - Иә, дұрыс айтасыңдар. Әр оқушы бір тал шыбықтан егіп, өсірген ну орман – олардың бірігіп істеген ортақ еңбектерінің жемісі. Көп біріксе береке, мереке болады дегені – жұмыс әрі тез, әрі сапалы орындалады да береке болады, көпшілік болған соң бір – біріне қызық әңгіме айтып, әзіл – күлкіге орта толып мереке болады. |
Халық мақалы |
|
Дәптермен жұмыс: Тапсырма 1-тапсырма: Дәптерде берілген ребусты шешу. 2-тапсырма: Достарыңмен бірігіп еңбектенген ортақ істерің туралы жазып келу. |
Дәптердегі тапсырмаларды өз беттерінше орындайды. |
|
Үй тапсырмасы: «Білуге құштармыз» өлеңін жаттап келу. |
Күнделіктеріне жазады. |
|
Соңғы тыныштық сәті: Балалар,тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық, қамқорлық, аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме,сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса,сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар. |
Оқушылар көздерін жұмып демалады. |
Сынып: 4
Сабақтың тақырыбы: Құрметтей білейік
Құндылық: Ақиқат
Қасиеттер: құрмет көрсету
Мұғалім: Нурпейсова Ақерке Мейрхановна
|
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «құрмет», «сыйластық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері:
|
Көрнекі құралдар: суреттер, қима – қағаздар, нақыл сөздер |
|
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу ә) оқушылар назарын сабаққа аудару б) Тыныштық сәті «Орманға ойша серуен» тыныштық сәтін орындату. |
Оқушылар тыныштық сәтін баяу әуен арқылы орындайды. |
|
Үй тапсырмасын тексеру Д.Қанатбаевтың «Күлімде, күн, күлімде!» өлеңін сұрау. |
Оқушылар жаттап келген жаттауларды айтады. |
|
Әңгімелесу
|
Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды. |
|
Мәтінмен жұмыс Төле би туралы аңыз «Үш пайғамбар» кітабынан
|
Оқушыларға сабақ тақырыбының мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелеу ұйымдастырылады. |
|
Топпен жұмыс. Сахналау Балалардың өзгелерге ізет көрсету іскерліктерін дамыту мақсатында сахналау ұйымдастырылады. Балалар 5 топқа бөлінеді. Берілген тапсырма бойынша өздері жағдаяттар ойлап, сахналап көрсетеді.
|
Оқушылар тапсырмаларды орындайды |
|
Дәйексөз «Үлкен алдында жас қарызы, ата алдында бала қарызы» М.Әуезов Жасы кіші адам өзінен үлкендерге, ал бала ата-анасына құрметпен қарап, әрқашан сыйлауы – қазақ халқының ежелгі дәстүрлерінің бірі болып саналады. Сен үлкейгенде сені кіші сыйлайды, саған ізет көрсетеді, ата-ана болғаныңда балаңның сені күтіп-баптауы, оның алдындағы парызы саналады. |
Халық мақалы |
|
Дәптермен жұмыс: Тапсырма Балалар дәптерге салынған қоржын суретінен шығып тұрған «құрметтеу» сөзіне (кімді, нені құрметтеуге тиіс) топтастыру жасайды. Орындап болған соң жария етеді. Күтілетін жауаптар: үлкенді, қонақты, батырларды, даналарды, ұлдарды, сыныптастарын, өзгенің пікірін, өзгелердің еңбегін, заңды, өз Отанын және т.б. |
Дәптердегі тапсырмаларды өз беттерінше орындайды. |
|
Үй тапсырмасы: М.Мақатаевтың «Анам маған ...» деген өлеңін жаттап келу. |
Күнделіктеріне жазады. |
|
Соңғы тыныштық сәті: Балалар,тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық, қамқорлық, аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме,сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса,сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар. |
Оқушылар көздерін жұмып демалады. |
Сынып: 4
Сабақтың тақырыбы: Жақсылық жасай білейік
Құндылық:
Қасиеттер:
Мұғалім: Нурпейсова Ақерке Мейрхановна
|
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері:
|
Көрнекі құралдар: суреттер, қима – қағаздар, нақыл сөздер |
|
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу ә) оқушылар назарын сабаққа аудару б) Тыныштық сәті «Су асты патшалығына саяхат» тыныштық сәтін орындату. |
Оқушылар тыныштық сәтін баяу әуен арқылы орындайды. |
|
Үй тапсырмасын тексеру М.Мақатаевтың «Анам маған ...» деген өлеңін жаттап келу. |
Оқушылар жаттап келген жаттауларды айтады. |
|
Әңгімелесу 1.Жақсылық ұғымын қалай түсінесіңдер? 2. Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады? 3.Сендер кімдерге қандай жағдайларда жақсылық жасайсыңдар? 4. «Жақсы болу - өзіңнен, Жаман болу - өзіңнен» - деген сөздерді қалай түсінесіңдер? |
Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды. |
|
Мәтінмен жұмыс Жақсылық пен жамандық Ертегі 1.Неліктен адам Жақсылықтың айтқандарын орындады деп ойлайсыңдар? 2. «Жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың» деген ой туралы қандай пікір айта аласыңдар? |
Оқушыларға сабақ тақырыбының мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелеу ұйымдастырылады. |
|
Топпен жұмыс. Тапсырма: Оқушылар берілген сұраққа байланысты жағдаят құрастырады. Жақсылық жасау адамдарды қандай қуанышқа бөлейді деп ойлайсыңдар? |
Оқушылар тапсырмаларды орындайды |
|
Дәйексөз «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» Өзі жақсы адамның айналасы барлық уақытта да жақсылыққа толы болады. Ол жақсылыққа толы ортада өзін ерекше бақытты сезінеді. Өйткені оны адамдар, айналасы жақсы көреді, сыйлайды, онымен достасқысы келеді. Осындай жетістіктерге ол өзінің жақсы істері, жақсылықтары арқылы жетті. Әрбір адам шамасы жеткенше, қолынан келгенше адамдарға, айналасына жақсылық жасап жүруі керек. Өйткені жасаған жақсылық зая кетпейді, оны шарапаты өзіңе, жақын туыстарыңа, тіпті еліңе тиетінін біліп жүру керек. Алғысқа бөленіп, ризашылаққа кенеледі. |
Халық мақалы |
|
Дәптермен жұмыс: Тапсырма: Дәптерде берілген ертегіні өз ойларыңмен жалғастырып жазыңдар. ... Бір күні орманда шөп жанып кетіп, өрт басталады. Барлық аңдар шошып қаша жөнеледі. Тек тасбақа өзінің қысқа аяқтарымен алысқа кете алмайды. От тасбақаға жақындап қалды. Ол енді қалай құтылмақ? |
Дәптердегі тапсырмаларды өз беттерінше орындайды. |
|
Үй тапсырмасы: Жақсылық туралы мақал-мәтелдер жаттап келу. |
Күнделіктеріне жазады. |
|
Соңғы тыныштық сәті: Балалар,тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық, қамқорлық, аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме,сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса,сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар. |
Оқушылар көздерін жұмып демалады. |
Сынып: 4
Сабақтың тақырыбы: Талаптыға нұр жауар
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: Сыпайылық, шыдамдылық, ізеттілік
Мұғалім: Нурпейсова Ақерке Мейрхановна
|
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «білім», «өнер» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері:
|
Көрнекі құралдар: суреттер, қима – қағаздар, нақыл сөздер |
|
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу ә) оқушылар назарын сабаққа аудару б) Тыныштық сәті «Су асты патшалығына саяхат» тыныштық сәтін орындату. |
Оқушылар тыныштық сәтін баяу әуен арқылы орындайды. |
|
Үй тапсырмасын тексеру Ө.Ақыпбековтың «Өзіңді тану» өлеңін сұрау. |
Оқушылар жаттап келген жаттауларды айтады. |
|
Әңгімелесу
|
Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды. |
|
Мәтінмен жұмыс Қанат пен Жанат Б.Әбілов 1. Жанат пен Қанаттың әрекеттері туралы не айтар едіңдер? 2. Қанат домбыраны үйрену ниетіне қалай жетті? 3. «Талаптыға нұр жауар», «Талаптансаң, алмайтын асу жоқ» деген сөздердің мағынасын түсіндіріңдер. 4. Талапты бала қандай болады деп ойлайсыңдар? |
Оқушыларға сабақ тақырыбының мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелеу ұйымдастырылады. |
|
Топпен ән айту Біз өмірдің
гүліміз |
Оқушылар тапсырмаларды орындайды |
|
Дәйексөз «Талаптан да білім мен өнер үйрен, Білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл», Ш.Құдайбердиев |
Халық мақалы |
|
Дәптермен жұмыс: Тапсырма
Сынып 2 топқа
бөлінеді |
Дәптердегі тапсырмаларды өз беттерінше орындайды. |
|
Үй тапсырмасы: Мен талапты баламын өлеңін жаттап 86 - бет |
Күнделіктеріне жазады. |
|
Соңғы тыныштық сәті: Балалар,тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық, қамқорлық, аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме,сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса,сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар. |
Оқушылар көздерін жұмып демалады. |
Сынып: 4
Сабақтың тақырыбы: Ақылды тыңдай білу де өнеге
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: Сыпайылық, сыйластық, ізеттілік
Мұғалім: Нурпейсова Ақерке Мейрхановна
|
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері:
|
Көрнекі құралдар: суреттер, қима – қағаздар, нақыл сөздер |
|
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу ә) оқушылар назарын сабаққа аудару б) Тыныштық сәті «Су асты патшалығына саяхат » тыныштық сәтін орындату. |
Оқушылар тыныштық сәтін баяу әуен арқылы орындайды. |
|
Үй тапсырмасын тексеру Талап туралы жазып келген мақал-мәтелдерін сұрау. |
Оқушылар жаттап келген жаттауларды айтады. |
|
Әңгімелесу
|
Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды. |
|
Мәтінмен жұмыс Қорада малың болсын, көшеде талың болсын С.Ақаев - Балаларына айтқан әке өсиетінің мәні неде? - Балалардың әке сөзін тыңдай білгеннің арқасында қандай дәрежеге жете білгендері туралы өз ойыңды білдіріп көр. |
Оқушыларға сабақ тақырыбының мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелеу ұйымдастырылады. |
|
Топпен жұмыс Түйіндеме Данышпан атаның ақыл-кеңестері 1.Адамдарға ізет білдіріңдер! 2. Түсінбегеніңді сұрап алыңдар! 3.Айтылған сөзге мән беріңдер! 4. Әңгімені мұқият тыңдап алыңдар! 5.Сөйлеушінің сөзін бөлмеңдер! 6. Сөйлеп тұрған адамға көңіл бөліңдер! Жағдаятты талдау Оқушылар оқулықтағы суреттер бойынша жағдаяттарды шешеді. Жағдаят бойынша суреттердегі балаларға қандай ақыл-кеңес берер едіңдер деген тапсырма берілген. Жаттығу
|
Оқушылар тапсырмаларды орындайды |
|
Дәйексөз «Ата – анаңның ақылы – Сайрап жатқан жолмен тең. Ақылдының ақылы – Сарқылмайтын көлмен тең» - деп айтқан болатын. |
Халық мақалы |
|
Дәптермен жұмыс: Тапсырма: Дәптерде берілген бұлбұлдың, күйшінің, ұстаздың, баланың, әженің суреттері тұстарына қалдырылған бос жолдарға олардың қандай ақыл сөздерін тыңдағыларың келетіндігін жазу. |
Дәптердегі тапсырмаларды өз беттерінше орындайды. |
|
Үй тапсырмасы: «Ізеттілік әліппесі» өлеңін жаттау. |
Күнделіктеріне жазады. |
|
Соңғы тыныштық сәті: Балалар,тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық, қамқорлық, аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме,сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса,сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар. |
Оқушылар көздерін жұмып демалады. |
Сынып: 4
Сабақтың тақырыбы: Еңбекқорлық пен еріншектік
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: Сыпайылық, сыйластық, еңбекқорлық
Мұғалім: Нурпейсова Ақерке Мейрхановна
|
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «еңбек» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері:
|
Көрнекі құралдар: суреттер, қима – қағаздар, нақыл сөздер |
|
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу ә) оқушылар назарын сабаққа аудару б) Тыныштық сәті «Нұрға бөлену» тыныштық сәтін орындату. |
Оқушылар тыныштық сәтін баяу әуен арқылы орындайды. |
|
Үй тапсырмасын тексеру «Қойшы Қаһарман» ертегісін сұрау. |
Оқушылар жаттап келген жаттауларды айтады. |
|
Әңгімелесу
|
Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды. |
|
Мәтінмен жұмыс Еңбексүйгіш пен Еріншек Ертегі В.А.Сухомлинский 1.Еңбексүйгіш пен Еріншектің әрекеттерін салыстырып, ерекшеліктерін айтып беріңдер? 2. «Нағыз адамның өткен жылдары өшпейді» дегенді қалай түсінесіңдер? 3. Еңбексүйгіштің бойындағы жақсы қасиеттерді атап беріңдер. - Еңбекті сүйетін адам көп еңбектенеді. Өз еңбегінің арқасында ұрпағына, халқына мұра қалдырады. Ал еріншек жалқаулығының нәтижесінде өз күнін өзі әрең көреді. |
Оқушыларға сабақ тақырыбының мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелеу ұйымдастырылады. |
|
Топпен жұмыс 1-тапсырма. Оқушыларға «адал еңбек», «өнімді еңбек» деген ұғымдарды қалай түсінетіндері туралы айтып беру тапсырылады. Оқушылар тапсырманы орындау кезнде адал еңбек қана адамды табысқа, бақытқа жеткізетіні, жасаған жұмысыңның еш кетпей, пайдалы болғаны, еңбегіңнің өнімді болуы өзіңе ғана емес, айналаңдағы адамдарға да, қоғамға да тиімді болатыны жайлы айтады. 2-тапсырма. Еңбекқор бала мен еріншек балаға мінездеме беру. |
Оқушылар тапсырмаларды орындайды |
|
Дәйексөз «Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап». Абай Құнанбаев - Адам бойынан табылып жататын ең бір жағымсыздық – еріншектік. Бұл әдет - бүкіл дүниедегі өнердің дұшпаны. Өйткені еріншек кісінің мойны іске жар бермейді. Осыған байланысты Абай атамыз 38-қара сөзінде: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек. Әуелі надандық, екінші – еріншектік, үшінші – залымдық», - деген екен. |
Халық мақалы |
|
Дәптермен жұмыс: Мақалдардың жалғасын табу.
|
Дәптердегі тапсырмаларды өз беттерінше орындайды. |
|
Үй тапсырмасы: «Еңбек» өлеңін жаттау. 103-014 бет. |
Күнделіктеріне жазады. |
|
Соңғы тыныштық сәті: Балалар,тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық, қамқорлық, аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме,сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса,сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар. |
Оқушылар көздерін жұмып демалады. |
Сынып: 4
Сабақтың тақырыбы: Төзім мен табандылық
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: Сыпайылық, сыйластық, еңбекқорлық
Мұғалім: Нурпейсова Ақерке Мейрхановна
|
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «төзімділік», «табандылық» адами қасиеттер туралы түсінік беру. Міндеттері:
|
Көрнекі құралдар: суреттер, қима – қағаздар, нақыл сөздер |
|
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу ә) оқушылар назарын сабаққа аудару б) Тыныштық сәті «Нұрға бөлену» тыныштық сәтін орындату. |
Оқушылар тыныштық сәтін баяу әуен арқылы орындайды. |
|
Үй тапсырмасын тексеру «Еңбек» өлеңін жаттау. 103-014 бет. |
Оқушылар жаттап келген жаттауларды айтады. |
|
Әңгімелесу
|
Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды. |
|
Мәтінмен жұмыс Әдемі әже Р.Әбілқадырова 1. Әңгімдегі берілген төзімділік пен табандылық туралы ұғымдардан нені түсінесіңдер? 2. Сендердің төзімділік пен табандылық танытқан кездерің болды ма? |
Оқушыларға сабақ тақырыбының мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелеу ұйымдастырылады. |
|
Топпен жұмыс Түйіндеме Табандылыққа жетудің жолдарын біліп алыңдар! 1.Еңбектеніңдер! 2.Қиындықтан қашпаңдар! 3.Кедергілерді жеңе біліңдер! 4.Бастаған ісіңді аяғына дейін орындаңдар! 5.Мақсатыңа жете біліңдер! 6.Бәрекелді! |
Оқушылар тапсырмаларды орындайды |
|
Дәйексөз «Табандылық кез келген кедергіні жеңеді» Қ.Мырза Әли |
Халық мақалы |
|
Дәптермен жұмыс: Шыдаған ғана іс тындырар Сағди Еңбектің жеңбейтін ештеңесі жоқ ДЖ.Бруно Шыдаудың өзі ащы болса да, жемісі тәтті Ж.Ж.Руссо |
Дәптердегі тапсырмаларды өз беттерінше орындайды. |
|
Үй тапсырмасы: Қ.Мырза Әлидің «Жеңіс» өлеңін жаттап келу. |
Күнделіктеріне жазады. |
|
Соңғы тыныштық сәті: Балалар,тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық, қамқорлық, аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме,сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса,сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар. |
Оқушылар көздерін жұмып демалады. |
Сынып: 4
Сабақтың тақырыбы: Жақсылықтан жақсылыққа
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: сыйластық, жақсылық жасау
Мұғалім: Нурпейсова Ақерке Мейрхановна
|
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «жақсылық» құндылығы туралы ұғымдарын кеңейту. Міндеттері:
|
Көрнекі құралдар: суреттер, қима – қағаздар, нақыл сөздер |
|
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу ә) оқушылар назарын сабаққа аудару б) Тыныштық сәті «Нұрға бөлену» тыныштық сәтін орындату. |
Оқушылар тыныштық сәтін баяу әуен арқылы орындайды. |
|
Үй тапсырмасын тексеру Д. Әлімжановтың «Төзім» өлеңін сұрау. |
Оқушылар жаттап келген жаттауларды айтады. |
|
Мәтінмен жұмыс Бұлақ сылдыры М.Көккөзова - Қария кісінің әрекеті туралы не айта аласыңдар? Сендер солай жасай алар ма едіңдер? - Шалдың жасаған жақсылығы қандай жақсылық боп оралды? |
Оқушыларға сабақ тақырыбының мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелеу ұйымдастырылады. |
|
Топпен жұмыс Мақал-мәтелдің жалғасын жалғастыру 1.Жақсы - ... , Әлемге бірдей. 2.... үлгісі Жанып тұрған ... . ... – ортақ, ... – ортақ, ... – ортақ. 3.Жақсы келді дегенше, ... келді десейші. ... нышанын Алып келді десейші. Керекті сөздер: жақсылардың, күн, ай, шамдай, жақсы, жарық, ай мен күндей, жақсылықтың. |
Оқушылар тапсырмаларды орындайды |
|
Дәйексөз «Ешқандай жақсылық зая кетпейді». Нақыл сөз Жақсылықтан жақсылыққа жетесің, жақсылықтан жақсылық туындайды, жақсылық болған жерде жақсылық болады, жақсылық зая кетпейді. |
Халық мақалы |
|
Дәптермен жұмыс: «Жаным толған жақсылық» туралы эссе жазу. |
Дәптердегі тапсырмаларды өз беттерінше орындайды. |
|
Үй тапсырмасы: Д. Әлімжановтың «Төзім» өлеңін жатау. |
Күнделіктеріне жазады. |
|
Соңғы тыныштық сәті: Балалар,тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық, қамқорлық, аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме,сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса,сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар. |
Оқушылар көздерін жұмып демалады. |


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген