400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Өзін-өзі тану : "Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы " атты он күндік декадасы

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Достық» жалпы орта мектебі

Өзін-өзі тану : «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы»



Мәлімет

«Достық» жалпы орта мектебінде 1-12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік декадасының ашылу салтанаты болып өтті. Онкүндіктің ашылу салтанаты, саптық жиынмен өткізілді. Бұл ашылу салтанатында өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Баймбетова Айгерим «Рухани – адамгершілік дамуына өзін-өзі тану сабағының ықпалы» атты баяндама оқыды.

Picture 1 Picture 37

1 ақпан күні «Балаға жүрек жылуы» С.А.Назарбаеваға арналған тәрбие сағаттар өтілді. Оқушылар тәрбие сағатынан мейірімділік – адам бойындағы қасиетті сезім екенін, ата мейірімі, әке мейірімі, ана мейірімі, отбасындағы адамдардың бір-біріне деген мейірімі–шапағаты-әдептік әсем құбылыс, түйсікті баурап алатын түсінік, ұлағатты ұғым, адамгершіліктің асқар шыңы екендігін түсінді.

Picture 4 Picture 5

 1-10 ақпан аралыығнда мектеп кітапханасында «Өзін-өзі тану" рухани-адамгершілік бағдарламасының авторы С.А.Назарбаеваның қызметі туралы оның ішінде автордың жазған кітаптары мен қазақстандық және әлемдік ойшылдардың, педагог-гуманистердің шығармаларының кітап көрмесі өтті. Көрмеге 7-сынып оқушылары мен өзін-өзі тану пән мұғалімі А.Баймбетова да қатысты.

Көрмеге қойылатын кітаптар:

  1. Буклеттер С.А.Назарбаева

  2. Өзін-өзі тану әдістемелері

  3. Бала тәрбиесі және діни бүліктер

  4. Өзін-өзі тану оқулықтары

  5. Өзін-өзі тану журналдары

  6. Нақыл сөздер

Оқушылар қойылған кітаптарды көре отырып, қызыға қарады. Өз ойларын ортаға салып, пікірталас айтылды. 7-сынып оқушылары жеке-жеке талқылады. Әр оқушы өз ойларын кең түрде айта білді. Үш оқушы Сара Назарбаева туралы кең түрде түсінгенін ол кісінің істеген жұмыстары жайлы баяндады.

Picture 2 Picture 3

4 ақпан күні Шериев Талғат «Сүйіспеншілікпен өмір сүру» атты тақырыптарда әңгімелер мен оқушылардың әлеуметтік жобаларының презентацияларын өткізді.

Ақпан айының 4-10 күндер аралығында өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Баймбетова Айгеримнің бастауымен «Алтын жүрек анамыз» атты мәтінді мәнерлеп оқу байқауы болып өтті. Бұл байқауда оқушылар өз аналарына деген ыстық ықыластырын өз шығармалары арқылы білдірді.

Осы шығармашылықтың ішінде дараланған оқушыларды атап айтсам Изетқызы Фарида, Маматқұлқызы Гүлсім, Арысбек Гүлім, Мұса Рамазан, Мамадазизқызы Мадина, Асанқызы Мунауарды айтуға болады.

Анаға деген ыстық ықылас, ерекше сағынышты біз ештеңемен теңестіре алмаймыз.

Picture 3 Picture 4

5 ақпан күні жоғары сынып оқушылар арасында патриоттық, адамгершілік, қайырымдылық туралы дебат сабағы болып өтілді. Бұл сабақта оқушылар өзін-өзі тану пәнінің маңыздылығы, жеке тұлғаның өзін-өзі тануына және рухани баюына әсер ете отырып, әрбір тұлғаның жақсы жаққа өзгеруіне мүмкіндік беретіндігі жан-жақты ұғындырылды. Жалпы өзін-өзі тану пәні арқылы өзінің қадірін білуге, өзін сыйлауға, өзгелердің талқылауына тәуелді болмауға, өз бетінше шешім қабылдау және ата-анамен, мұғалімдермен жақса қарым-қатынас орнатуға ықпал ететіндігін түсінді.

Picture 6 Picture 7

Picture 8

5 ақпан күні еңбек пәнінің мұғалімі Юлдашева Умида «Руханилықтың мөлдір бұлағы»атты тақырыпта ана, мейірім, бейбітшілік пен достық туралы балалардың шығармашылық жұмыстарының (суреттер,ашық хаттар,қолдан жасалған бұйымдар және т.б) көрмесін өткізді.. Көрмеде суреттің бояуы қанықтығына, әдемілігіне, тақырыпқа сай екендігіне қарады. Балалар көрмеге қызыға қатысып шығармашылық қабілеттерін жан–жақты көрсете білді.


Picture 9 Picture 10

Picture 11 Picture 12

«Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүнділікке ашық сабақтар өткізілді. Оқушыларға адамгершілікке, мейірімділікке, сүйіспеншілікке бейбітшілік пен достық туралы түсініктер берілді.

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Баймбетова Айгерим 6 сыныппен «Өнеге-отбасынан» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында «Отбасы жылуы» сөзінің мағынасы ашылып, оқушылардың бойларында үлкендерге деген қамқорлық, сүйіспеншілік дағдыларын меңгертті. Сабақтың соңында оқушылар «Әкем әнім» әнімен аяқтады.

Picture 13 Picture 15 Picture 17 Picture 18



«Махаббат пен шығармашылық педагогикасы»  атты онкүндігінде 6 ақпан «Ән – көңілдің ажары» атты балалар арасында әндік фестиваль болып өтті. Фестивальге барлық оқушылар белсене қатысты. Сынып бөлмесінде әр түрлі тақырыпта нақыл сөздер жазылған плакаттар, слайд арқылы мақал-мәтелдер фестивальдің шарттары болды. Фестивальге қатысушылар өлеңдеріне сәйкес слайдтар көрсетті.

Picture 21 Picture 20

6 ақпан күні тәлімгер Нұрмаметұлы Лутфулланың балаларды тарта отырып, театрланған қойылымдар мен спектакльдер ұйымдастырды

Picture 22 Picture 23

Picture 24 Picture 25



7 ақпан күні «Қайырымдылық-жер бетінде!» атты флеш-мобты өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері Баймбетова Айгерим мен Шериев Талғат және музыка пәнінің мұғалімі Юлдашева Умида ұйымдастырды.

Picture 26

Өмірзақ Айгүл 8 ақпан күні «Сен де бір кірпіш дүниеге» тақырыбында балалар үйлерінде, отбасы үлгісіндегі ауылдарда, жасөспірімдер үйлерінде бұрынғы тәрбиеленушілермен кездесулер және әлеуметтік педагог Шериев Талғат балалардың спорттық кешендерге,ойын-сауық орталықтарына, кинотеатрларға және т.б тегін баруын ұйымдастырды.

Picture 27 Picture 28



Picture 29 Picture 30 Picture 31 Picture 32



1-10 ақпан күндері аралығында әлеуметтік педагог Шериев Талғат «Демеушілер мен еценаттарды тарта отырып,аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға, мүмкіндігі шектеулі балаларға, емдеу мекемелеріндегі, баспанадағы, балалар үйлеріндегі балаларға сыйлықтар сыйлауда «Жүректен-жүрекке», «Мейірімді жүректер ынтымақтастығы» атты қайырымдылық акциялары мен қайырымдылық марафонын ұйымдастырды.

Picture 33 Picture 34

Өзін–өзі тану пәні бойынша «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік жабылуына тәрбиешілер, арнайы мамандар балалармен бірге жақсы тілектер айтып, мерекелік шарамен жабылды. Мерекелік шара соңында онкүндік аясында атқарылған жұмыстарға белсене қатысқан балалар мадақтама мен марапаталды.

Picture 35 Picture 36



Өзін-өзі тану пәнінің маңыздылығы, жеке тұлғаның өзін-өзі тануына және рухани баюына әсер ете отырып, әрбір тұлғаның жаққа өзгеруіне мүмкіндік беретіндігі жан-жақты ұғындырылды. Жалпы өзі-өзі тану пәні арқылы баланың өзінің қадірін білуге, өзін сыйлауға, өзгелердің талқылауына тәуелді болмауға, өз бетінше шешім қабылдау және ата-анамен, мұғалімдермен жақсы қарым-қатынас орнатуға ықпал ететіндігін түсіндірілді.





Өзін-өзі тану пән мұғалімі: А.Баймбетова





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
1004
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі