«Өзін-өзі тану : Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігінің ашылу жиналысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Өзін-өзі тану : Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігінің ашылу жиналысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Махаббат пен шығармашылық аясында оқушыларға махаббат, бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы және мейірімді адами қасиеті мен өзара көмек әрекеттері туралы түсінік беріп, қамқорлық жасау, көмек көрсету дағдыларын дамыта отыра, рухани адамгершілік қағидаларын өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Өзін-өзі тану : Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты

онкүндігінің ашылу жиналысы


Өткізілген күні: 02.02.18 ж

Мақсаты: Махаббат пен шығармашылық аясында оқушыларға махаббат, бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы және мейірімді адами қасиеті мен өзара көмек әрекеттері туралы түсінік беріп, қамқорлық жасау, көмек көрсету дағдыларын дамыта отыра, рухани адамгершілік қағидаларын өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу.

- оқушыларды өз болашағы бағытын айқындап, мақсат қоя білуге үйрету;

- оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру арқылы болашаққа құштарлығын дамыту;

Ресурстар:

Қатысатындар: мектеп оқушылары, ұстаздар.


Барысы:

Жүргізуші:

Қайырлы күн аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар!!!

«Өзін- өзі тану» пәні апталығының ашылуына арналып өткізіліп жатқан «Өзін-өзі тану : Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты жиналысқа қош келдіңіздер!

Білім беру саласындағы бүкіләлемдік өзгерістер аясында адами қасиеттерді жүзеге асыру идеясын елімізде тұңғыш рет «Бөбек» қорының президенті, Еліміздің Бірінші Ханымы Сара Алпысқызы Назарбаева «Өзін-өзі тану» рухани – адамгершілік білім жобасын ұсынды. «Өзін-өзі тану» эксперименттік жобасы Қазақстанда 2001 жылдан бері жүргізіліп келеді.

Еліміздің дамуын, болашақ ұрпақты ізгілікке бағыттайтын жаңа қадамы «Өзін-өзі тану» жобасын дүниеге әкелуі, оны мектептерде «Өзін-өзі тану» пәні арқылы жүзеге асыруы құнды да қажетті іс. 

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа – адамгершілік рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.

Монтаж:

  1. Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар – «Өзін-өзі тану» рухани –адамгершілік білім беру бағдарламасы мазмұнының негізі.

  2. Жалпыадамзаттық құндылықтар барлық адами қасиеттердің өзегі болып табылады.

  3. Ақиқат, Дұрыс әрекет, Ішкі тыныштық, Сүйіспеншілік, Қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез келген адам, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ пейілмен таратса, сол адамды нағыз білімді адам деп атауға болады.

  4. Қиянат жасамау – Ақиқат, Сүйіспеншілік, Дұрыс әрекет және ішкі тыныштықтың іс жүзіндегі тәтті жемісі.

  5. Адам ақиқатты танып, сүйіспеншілікпен дұрыс әрекет еткенде оның жан дүниесінде ІШКІ ТЫНЫШТЫҚТЫҢ хош иісті гүлі шешек атады.




«Балғын шақ» әні 3 сынып

Сөзін жазған: Х. Талғаров.

Әнін жазған: И. Нүсіпбаев.

1.Бал-балалық балдырған шақ сан арман ,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел достарым әндетіңдер, билеңдер

Гүлденсін деп атамекен қара орман


2 Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік, ұлан байтақ елімде,

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.


3.Қалықтасын көгершінім көгімде

Мұңаймасын ешбір бала елімде.

Ата берген батаменен көркейсін,

Ұлы отаны тілегім сол менің де.


Жүргізуші:

«Өзін-өзі тану» пәнінің балаларға, ата-аналарға, ұстаздарға берер көмегі зор, бүкіл адамзатқа өзінің жылуын сыйлап, өмірге деген жақсы көзқарасын оятып, бір-біріне деген қарым – қатынастарын жақсартып, өмірдің дұрыс жолына бағыттайды. Сонымен қатар, адамның рухани жан дүниесін байытып, ішкі жан дүниесін ашуға көп көмегін тигізеді.

Қайыр Қорғанның орындауында «Ана» туралы ән.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.01.2019
405
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі