400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Өзін өзі тану. ашық сабақ. 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
өз тәжіребемді әріптестерімен бөлісу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Өзін – өзі тану

Бастауыш сынып мұғалімі: Таржманова Айшагул Утаровна

Қаласы: Орал

Мектебі: №50 ЖОББМ

Сыныбы: 3 «Ә»

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Бәріде сүйіспеншіліктен басталады

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: Бәрін жақсы көру, ақкөңілділік, достық

Мақсаты: Өмірді танып білуге құштарлық тақырыбын түсіндіре отырып,сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларды бәрін жақсы көре білуге ,шыдамдылыққа үйрету.

  2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы достық қасиеттерін , мейірімділік қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды ақкөңіл болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.bilim-all.kz

2.https://infourok.ru


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Т – ережесі:

  1. Тәртіп.

  2. Талап.

  3. Тыныштық.

  4. Тазалық.

  5. Татулық.

Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Тыныштық сәті:

Су асты патшалығына ойша саяхат.Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

3.Үй тапсырмасы.

  1. №2 – сабақ. «Ата өсиеті» мәтінін оқу.

Сұрақтар:

-Нұртас неге өзіне өкпелі?

-Нұртастың ойының өзгеруіне не себеп болды?

-Нұртастың ойы неге өзгерді?

-Қария «өмірді сүю» керек дегенді не үшін айтты?

-Адамдардың бойында қандай сүйіспеншілік қасиеттері болуы керек?

2. Келесі сабаққа мәтінді оқып келу.


4. Сабақтың дәйексөзі.

Дәйексөз

«Өзіңді танығың келсе,адамдарға сүйіспеншілікпен қара»

Ф.Шиллер

2 рет ұлдарға, 2 рет қыздарға қайталатамын.

Осы дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер?


Тақтада

5.Мұғалім сыйы.Әңгімелеу

Адам болғым келеді

С.Дәуітов

Ойы терең мұхиттай дана болғым келеді,

Көңілі аппақ сүттен де бала болғым келеді.

Адалдықты сүйетін жүрегімен,жанымен,

Бал-бұлақтай мөп-мөлдір таза болғым келеді.

Отты,ойлы жыры бар ақын болғым келеді,

Қиындықтан қайтпайтын асыл болғым келеді.

Адамдардың бәрінен кіші болғым келеді,

Ең бастысы өмірде-кісі болғым келеді,

1.Адамның өзін-өзі тануы үшін не қажет?

2.Адамға өмірде не қымбат?

3.Жақсы қасиеттерді қалай үйренеміз?

1.Адамдарды жақсы көру не үшін қажет?

2.Сүйіспеншіліктің өмірдегі маңызы қандай?

3.Өзің достарыңмен қандай қарым-қатынастасың?


6.Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

4-тапсырма. Ойын-тапсырманы орындаңдар. Сыныптастарыңа тән жақсы қасиеттерді жазыңдар.

Ақ қағазға алақаныңның суретін сал. Оған парталасыңның бойындағы бес жақсы қасиетті жаз. Ал парталасың сенің бойыңдағы бес жақсы қасиетті жазады. Сыныптағы барлық бала осы тапсырманы орындасын. Содан соң барлық балалардың жазғандарын жинап, ондағы ең көп аталған қасиеттерді іріктеп алыңдар. Осылайша сынып оқушыларына тән жақсы қасиеттерді білетін боласыңдар.

Picture 19 Picture 22 Picture 25

6-тапсырма Өз мінезіңді жақсартатын іс-әрекеттерді теріп жазыңдар.



7.Топпен ән айту.

Мен әдепті баламын

Өлеңін жазған Әбдірахман Асылбек

Әнін жазған Ибрагим Нүсіпбаев

Мені үлкендер әдепті деп мақтайды,

Мінезімнен теріс қылық таппайды.

Ал, егер сен жалқау болсаң тілазар,

Ондай әдет жақсылыққа жатпайды.

Қайырмасы:

Айтқан тілді аламын,

Айтқан жерге барамын,

Мен әдепті,

Мен әдепті баламын.

Тілін алып кішінің де кәрінің,

Айтқанынан шығып жүрмін бәрінің.

Ата-ананың айтқанынан шығуды,

Әдептілік белгісі деп таныдым.

Қайырмасы.


8. Үй тапсырмасы.

3 сабақ, 15 бет «Білім мен байлық» мәтінін оқу.

-сабақ, бет дәптермен тапсырмадағы жұмысты орындау



9. Сабақтың қорытынды сәті.

Ойын: «Өз бойымдағы жақсы қасиетімді сыйлаймын»


Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)немесе1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.




















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 ақпан
463
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі