Өзін-өзі тану бойынша сабақ жоспары, 3 класс №5 Кітап – білім көзі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өзін-өзі тану бойынша сабақ жоспары, 3 класс №5 Кітап – білім көзі

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану бойынша сабақ жоспары, Бөлім: I тарау. Ғасырлар даналығы Сыныбы: 3 Сабақтың тақырыбы: №5 Кітап – білім көзі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін-өзі тану бойынша сабақ жоспары

Мұғалімнің аты-жөні,тегі: Ақтөбе қаласы, №8 мектеп Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Серікова Гүлдана Бағданбекқызы

Бөлім: I тарау. Ғасырлар даналығы Сыныбы: 3

Сабақтың тақырыбы: №5 Кітап – білім көзі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: Істер мен әрекеттерде жауапкершілік таныта алады. Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттері:

Ізденімпаздық,еңбекқорлық, шыдамдылық Сабақтың мақсаты: Оқушыларға кітаптың білім көзі екендігін түсіндіру арқылы жалпыадамзаттық Сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері - оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру;

- оқушылардың кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру арқылы еңбекқорлық қасиетіне баулу;

- оқушыларды ізденімпаздыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу;

Сабақ барысы.Ұйымдастыру кезеңі (1 мин)

1.Жағымды көңіл-күй(1-3 мин)Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп, 5Т – ережесін еске алады. оқушылардың сабаққа қатысуын тексереді.

Мұғалім «Шаттық шеңбері» жаттығуын өткізеді. Шаттық шеңбері

Шаттық толы шеңберге,

Қуанышпен еніңдер.

Көңілденіп күлімдеп,

Бақытты боп жүремін.

Бәрін біліп алатын,

Мен ақылды баламын.

Оқушылар сабаққа дайындығын көрсетеді. 5 «Т» ережесін еске түсіреді. Шаттық шеңберге тұрып жаттығуды орындайды. Оқулық, мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал, (https://youtu.be/LCiAfCCwc7A)

2.Алдын ала берілген үй тапсырмасын тексеру (әңгімелеу) (3-5 мин)

«Жүз мәрте» Құрманбай Толыбаевтың әңгімесін оқу. Мұғалім сұрақтардың көмегімен оқушыларды кітаптан оқығанның мағынасын терең ұғуға жетелейді.Сұрақтар:

* Кітап адамға қалайша қызмет етеді?

* Кітапты бірнеше рет қайтара оқудың пайдасы қандай?

* Оқығаны терең түсіну үшін адамға қандай қасиеттер керек?

* Өзіңнің кітап оқуға деген қызығушылығың қандай?

Оқушылар мазмұнын айтады. Әңгіме мазмұнынан түсінгендерін ортаға салады.Сұрақтардың көмегімен оқушылар «кітап» ұғымын және кітап оқудың мағынасын түсінеді. Оқулық №5 сабақ 23 - бет

3.Жағымды ой-пікір (дәйексөз) (3-4 мин) «Кітап – білім бұлағы» (Мақал)

Мұғалім дәйексөзбен таныстырады. Дәйексөзді дауыстап оқып береді.Оқушыларға дәйексөзді қайталап,дәптерге жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылардан дәйексөздің мағынасын қалай түсінгендерін сұрайды. Мұғалім оқушылардың жпауаптарына сүйене отырып, өзі қорытынды жасайды.

1.Кітаптың адам өміріндегі маңызы қандай?

2.Неліктен кітапты білім көзі деп айтамыз? Оқушылар дәйексөздің мағынасын талқылайды, оны 2 – 3 рет қайталайды және дәптерге жазады.

4.Оқиғалар айту (әңгімелесу) (3-7 мин) Мұғалім сабақтың сыйы ретінде «Алғашқы кітап қалай шығарылды? Қағаз қалай жасалады?» атты бейне баянды көруге ұсынады. Сұрақтар:

-Алғашқы кітап қалай шығарылды?

-Қағаз қалай жасалады?

-Кітап жасап шығарушы адамдардың еңбегін бағалап жүрсің бе?

-Осы уақытқа дейін неше кітап оқыдың?

-Мереке кезінде достарыңа кітап сыйлап тұрасың ба? Неліктен?

Мұғалім оқушылардың жауаптарына сүйене отырып, өзі қорытынды жасайды. Бейнебаянды көргеннен кейін, мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып еңбекқор, ізденімпаз болудың мәнін түсінеді.Алғашқы кітап қалай шығарылды? Қағаз қалай жасалады? (https://youtu.be/8LErsnQYMyY)

5.Шығармашылық жұмыс(топтық жұмыс)(12-15 мин)Мұғалім оқушыларды топқа біріктіреді және топта жұмыс ұйымдастырады.1-тапсырма:1–топ:Кітап туралы нақыл сөздер жазу;2–топ:Кітап оқу жөнінде ереже құрастыру; 3–топ: Суретте берілген кітаптарға ат қойып өз ойларыңмен бөлісіңдер. Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды.Жұмыстарын шығып қорғайды.

6.Үй тапсырмасы (1-2 мин) Мұғалім оқулықтан №6 сабақ, 26 бет Құрманбай Толыбаевтың «Қайнар» әңгімесін оқып, сұрақтарға жауап беруді ұсынады. Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

7.Топпен ән айту (2-3 мин) «Құпия кітап» ситкомының саунтрегі

Әні:О.Мақсұтов Сөзі:С.Сағындық

Жүр досым кітапханаға,

Кітап керек ой -санаға.

Оқысаң жүйрік, самғайсың биік,

Кітап оқы жанға дауа.

Жүр досым кітапханаға,

Көп керек ақыл балаға.

Көңілдің күйі, оқиық жиі,

Кітап оқы жанға дауа.

Қайырмасы:

Жүрегіңмен оқы,көңіліңе тоқы

Қайта – қайта оқып жаттап ал!

Кел, қатардан қалма,кітап оқып самға,

Ой – санаңда мәңгі сақтап ал! Оқушылар мұғаліммен бірге үнтаспаға қосылып ән шырқайды.Экранға өлеңнің мәтіні көрсетіледі.«Жүр,досым,кітапханаға» (https://youtu.be/wI6QIIOq94o)

8.Сабақтың қорытынды сәті (1-мин)Бүгінгі сабақтан алған білімдеріңді ой елегінен өткізіп көріңдер. Кітаппен дос болыңдар! Барлықтарыңа үлкен рахмет! - деп сабақта аяқтайды. (https://youtu.be/LCiAfCCwc7A)





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.11.2021
1644
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі