400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Өзін-өзі тану еліне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану пәніненжаңа бағыт бойынша ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы


Өзiн-өзi танудан сыныптан тыс сабақ жоспары


Мектеп: Р.Қошқарбаев атындағы №1 Қосшы орта мектеп

Мерзiм: 16 қаңтар

Тақырып: «Жақсылық жолымен жүреміз». Өзін-өзі тану еліне саяхат

Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: адамгершілік, қамқорлық, бірлік.

Мұғалiм: Акылова Б.К. Сынып: 1 «Ж» Оқушылар саны: 20


  • Сабақ мақсаты:

«Өзін-өзі тану еліне саяхат» ұғымын дұрыс әрекет жасау арқылы ашу.

Міндеттері:

  • Адамгершілік қасиетінің маңызын ашу.

  • Қамқорлық ұғымын дамыту.

  • Бірлікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

Сабақ барысы:

(Балалар 3 топқа бөлінеді: Күншуақ, Жұлдызша, Айшық)

  1. Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену» Асылбек Енсепов. «Балалық шақ»

  • «Бір сәтке көздеріңді жұмып, қолдарыңды алға созыңдар. Алақандарыңа күннің сәулесі жылуын төгіп тұр. Саусақтарыңнан өткен жылу денелеріңе, жүректеріңе барады. Көз алдарыңа туған үйіңді, отбасы мүшелерін елестетіп көріңдер. Туған үйіміз сондай ыстық. Отбасы мүшелері қандай сүйкімді, көңіл-күйіміз өте жақсы».

  • Көздеріңді ашыңдар. Күн сәулесінен тараған жылулықты сездік пе?


күйтаспа

  1. Дәйексөз

«Өмірдегі барлық жылу – адамнан» Халық даналығы

  • Күн әркез бізге күлімсіреп тұрады. Ал біз өзімізді қалай сезінеміз?

  • Өз отбасынан жылулық кімнен тарайды?

Біз осы уақытқа дейін өзін-өзі тану сабағын оқып келеміз. Өзін-өзі тану сабағында біз өзімізді ғана танып қоймай өзгені де танимыз. Өзін-өзі танудың ең жоғары шыңы «Адамгершілік» болып табылады.


слайд

  1. Ой қозғау.

  • Балалар, мына суреттерге мұқият қараңдар. Осы суреттерден қандай адамгершілік құндылықтарды байқап тұрсыңдар? Қандай жақсы қасиеттерді көріп тұрсыңдар, жылулық сезілді ме? (Қамқорлық, сыйластық, бауырмалдық, жанашырлық, т.б.)

  1. Әңгiмелеу.

  • Бүгінгі сабағымызда біз «Жақсылық жолымен жүру арқылы өзін-

өзі тану еліне саяхат» жасаймыз». «Табиғат» өлкесінен бастаймыз,

біз табиғаттың бір бөлшегіміз, тағы табиғатқа жануарлар, өсімдік-

тер жатады. Біз табиғатқа әркез қамқорлық жасап, қорғау керек-

піз. Табиғат біздің үйіміз. «Табиғат» өлкесінің тапсырма-

сын орындағаннан кейін келесі «Ата-мұра» өлкесіне аттанамыз.

«Ата-мұра» дегеніміз бізге ата-бабадан қалған мирас: ертегі-

лер, жұмбақ, мақал-мәтелдер, аңыз, жырлар, қолөнер туындылары, ою-өрнектер, т.б. Бұл өлкенің тапсырмасын орындағаннан кейін «Өнер» өлкесіне жетеміз, мұнда өнерлерімізді ортаға саламыз. Бүкіл тапсырмаларды орындап болғаннан кейін ғана біз «Адамгершілік шыңына» жетеміз.

Picture 2

«Табиғат» өлкесінің «Екі ағаш» атты тапсырмасы орындалады.

Дескриптор:

    1. Үлкен адамдар айтатын ізетті, құрмет сөздерін «Үлкен ағашқа» іледі. Мысалы: Өркенің өссін, бақытты бол, т.б.

    2. Кішілер айтатын ізетті, құрмет сөздер «Кіші ағашқа» іледі).


«Ата-мұра» өлкесінің тапсырмасы. Мақал-мәтелдерді

толықтырады.

Дескриптор:

  1. Мақалдың жалғасын дұрыс тауып, сәйкестендіреді.

Picture 2

Сергіту сәті: (А. Енсепов «Шексіздік»)

  • Екі көзің не үшін керек?

  • Жақсыларды көру үшін!

  • Екі қолын не үшін керек?

  • Елге көмек беру керек»

  • Құлақ деген не үшін керек?

  • Ақыл-кеңес тыңдау үшін!

  • Жүрек деген не үшін керек?

  • Жылулықты беру үшін!


Мұғалімнің сыйы. Бірлікке, достыққа, ұйымшылдыққа байланысты «Сахналық көрініс» көрсетіледі. Талданып, қорытындыланып отырады.

(Балаларға қолдау көрсетіп, смайликтер таратып отыру.)





































Сахналық көрініс

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Суреттерге қарап, тақырыпқа сай топтастырады.

I-топтың тақырыбы: «Табиғат»

II-топтың тақырыбы: «Ата-мұра»

III-топтың тақырыбы: «Өнер»

Дескриптор: Тақырыпқа сай суреттерді сәйкестендіру.

Қима суреттер

  1. Қорытынды. Бізге «Адамгершілік шыңына» жетуіне бір қадам ғана қалды. Адамгершілік дегенді қалай түсінеміз?

  • Жақсылық жасау – адамдарға, айнала қоршаған ортаға, табиғатқа деген қайырымдылық пен қамқорлық. Жақсылық жасау – риясыз қызмет ету дегенді білдіреді.

  • Адамдарға қол ұшын беру, жәрдем ету, жанашырлық таныту, бір-біріне көмек көрсету, қолдау жақсылыққа жатады. Адам жасаған жақсылығын міндет етпеуі керек.

  • Достық, қайырымдылық, әдептілік, бірігіп жұмыс істеу; т.б. мұның бәрі адамгершілікке жатады.

«Тілек ағашына» өздерінің тілектерін жазады.

«Өнер» өлкесі

Picture 2

Көңіл күйіміз қуанышты, сондықтан ән айтып жіберейік.

Топпен ән айту. «Біз әдепті баламыз» Бота Бейсенова.








күйтаспа










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
857
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі