Өзін-өзі тану-ізгілік
бастауы
Жастарға рухани тәрбие, білім
беру адам дамуының тәндік, жандық, рухани үйлесімділігін, өмірді
құндылық деп түсінуін, өзін Жаратқанмен, табиғатпен үйлесімділікте
ұстай білуін, жердегі тіршілікті сақтау үшін өзінің қажеттігін
түсінуді қамтамасыз ететін өзін-өзі тану пәні бүгінгі күні оқыту
процессінде маңызды орынға ие болып отыр.
“Өзін - өзі” тану пәнінің
негізгі мақсаты - адамның қоршаған ортаны танып, өзінің ішкі жан
дүниесіне үңіліп, өзін - өзі тану негізінде, адамгершілік-рухани
әлеуетін көтеру, баланың өзіндік “Менін”
қалыптастыру. Әбунасыр әл-Фараби өзінің
философиялық трактатында ақыл, қайрат, жүрек жайлы егжей-тегжейлі
түсінік бере келіп: “Жүрек – басты мүше, мұны тәннің ешқандай
мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ
үстемдігі біріншісі емес”, -дей келе өзінің әлеуметтік, рухани
құндылықтарының негізіне адамның ішкі сана сезімінің даму
ерекшеліктерін алады.Назарбаева Сара Алпысқызы «Біз білім арқылы
қоғамымызда әр адамның өз бойында болмысынан жаратылған
қабілеттерін жарыққа шығарып, сол арқылы біздің мемлекетімізге ғана
емес, Жер шарындағы барлық адамзатқа пайда келтіруге мүмкіндік
беретін рухани-адамгершілік құндылықтарды жандандыруды көздейміз»-
деп осы пән арқылы оқушы бойына мейірім мен
рақымшылдықтың, адамгершіліктің, әділдіктің, шынайылықтың дәнін
себуге болатындығы жайлы айтып
өткен.
Өзін-өзі тану пәні болашақ
ұрпақтың бойына рухани-адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын
тәрбиелеуге, жалпыадамзатттық құндылықтарды, адамгершілік
принциптер мен мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын тұлға етіп
қалыптастыруға
негізделген.Ізгілік, имандылық,
мейірімділік, ізеттілік бір сөзбен айтқанда адмгершілік тәрбиесінің
негізі.Қазіргі қоғам дамуында біздің күнделікті қарапайым
тіршілігімізде сүйіспеншілік пен ізгілік, мейірімділікпен
қайырымдылық, шыдамдылық пен имандылық, адалдық пен ибалық сынды
асыл қасиеттер қажет-ақ . Мұндай адамгершілік құндылықтар әрбір
жасқа лайықты әлемді қабылдау арқылы меңгертіледі. Оқушының жас
ерекшеліктеріне сәйкес өзін-өзі тануға, өзін дамытуға бағытталған
жұмыстар мектепте ғана емес, отбасында да ата-аналардың балаларымен
әңгімелесуінде,сырласуында жалғасын тауып, өзара достық сатысында
жүргізілуі керек. «Өзін-өзі тану пәні» жеткіншекті жарық дүниеде
өмір сүріп, адам деген ардақты атқа лайық,ешкімнің ала-жібін
аттамай,айнала қоршаған ортаға тек жақсылық жасап, адамдарға қуаныш
сыйлай білуге баулиды. Жанында жүрген аяулы адамдардың бар екенін
ұғынуға көмектеседі. Адамдардың сезіміне ие болу және оны ақтай
білуге үйретеді. Борыш пен парызға адал болуға тәрбиелейді. Артыңда
өшпейтін ізгілікті із қалдыра білуге талпындырады. Баланың
бойындағы өзі толық игермеген жасырын қабілеттерін, дарынын,
азаматтылығын дәлелдеуге
итермелейді.
Қорыта келе, «Өзін-өзі тану»
пәні баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзін-өзі
жетілдіруге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің
бағыт-бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз
сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуіне,айнала мен
қоршаған ортаға ізгілік жасауға үйретеді және
тәрбиелейді.