Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өзін-өзі тану Жақсы сөз жанға қуат

Материал туралы қысқаша түсінік
күнделікті сабаққа арналған жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Тақырып: Жақсы сөз - жанға қуат

Құндылық: Дұрыс іс-әрекет

Қасиеттер: әдептілік, сыйластық, мейрімді

Мұғалiм: Қисымбетова С.К.

Күні: 06.11.2017ж

Оқушылар саны: 28

Сабақ мақсаты: Жылы, сыпайы сөздердің мән-мағынасын ашу арқылы оқушылардың бойында дұрыс іс-әрекет қалыптастыру.

1. Білімділік:  - жақсы сөздің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

2.Дамытушылық:  - жақсы сөздерді қолдана білу іскерліктерін дамыту;

3. Тәрбиелік:  - ізгілікке, ізеттілікке тәрбиелеу.

Ресурстар: Әдістемелік құрал, ғалам тор, оқулық, дәптер.

Сабақбарысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

Тыныштық сәтi. Су астына саяхат

Үй тапсырмасын тексеру.

9 сабақ 44-беттегі «Сыпайы қоян» мексика ертегісін оқып, талдау.
Сыпайы қоян

Мексика ертегісі

Бір күні мейірімді және сыпайы қоян көрші бақшада қырыққабатқа тойып алып, үйіне жиналып жатқанда, кенеттен түлкіні көріп қалады. Қоянның жүрегі дір етті. Қашу керек, бірақ қайда. Ойлан бастан бір үңгірге кіріп кетті. Қоян өте сыпайы, тәрбиелі еді. Үңгірге руқсатсыз кіргеніне ыңгайсызданып, амандасу қажет екендігін түсінеді.

- Сәлеметсіз бе, мейірімді үңгір. Сенің кеңдігің және тыныштығың жанға рақат сезім сыйлағандай. Маған кіруге рұқсат етші, - дейді.

Ал үңгірдің түпкірінде жылан мекендейтін. Ол қоянның дауысын естіп, оны шақырады. Жыланның дауысынан оның жегісі келіп тұрғанын сезген қоян:

- Сізді мазалағаныма кешіріңіз, мені Ана-қоян күтіп отыр. Сау болыңыз, - деп қаша жөнеледі.

Осы бір сиқырлы сөздер-ай! Қоян маған жақсы сөз айтпағанда, мен оны ұстап алар едім, - деп өкінді жылан.

1 сұрақ. Қоян қандай жағдайға тап болды?

2 сұрақ. Жылан қоянды неге жемеді?

3 сұрақ. Қандай сиқырлы сөздер білесііңдер?

Сабақ барысын талқылау:

Дәйек сөз.

Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады.

Науа.

Қандай кезде жақсы сөздерді қолданасыңдар?

Жақсы сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?

Жаман, дөрекі сөз естігенде қандай сезімде боласындар?

Жақын адамдарыңа қандай жақсы сөз айтқыларың келеді?

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 3 топ

Оқушылар әр мәтін бойынша олардың қандай сөздер (мақтау, мадақтау, алғыс және т. б.) екендігін табуы тиіс.

1. Құрметті ұстаздар!

Сіздерді төл мерекелерідізбен құттықтаймыз. Сіздерге шығарма- шылық табыс, еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға бақыт тілейміз!

Күтілетін жауаптар: жақсы тілек, құттықтау сөз.

2. - Апа, аман-есенсіз бе? Қалжағдайыңыз қалай? Ауырып қал- ды деп еді, айығып кеттіңіз бе?

Күтілетін жауаптар: амандық, жағдай сұрау.

3. - Алло! Сәлеметсің бе, Айжан! Сенің маған 8 Наурызға жіберген ашық хатыңды алдым. Саған көп-көп рақмет айтып, алғысымды білдіргім келіп тұр.

Күтілетін жауаптар: алғыс айту, ризашылық білдіру

Дәптермен жұмыс: Дәптерде берілген кестені (жақсы сөздердің, жағымсыз сөздердің адамға әсері) өз ойларымен толтырыңдар.

Топпен ән айту. Кел, балалар,күлейік

Сөзін жазған Ш. Смаханулы

Әнін жазған И. Нусіпбаев

Кел, балалар, күлейік,

Көңілденіп жүрейік.

Балдырғанбыз демейік,

Өмір сырын білейік.

Қайырмасы:

Ойын - біздің досымыз,

Ойын — көңіл хошымыз.

Ракетадай зуласын,

Алға тартқан көшіміз.

Бәрін көзбен көрейік,

Тау гүлдерін терейік.

Күле жүріп, күнгейге

Дән маржанын егейік.

Қайырмасы.

Өмір деген жарыста,

Шаттықтан, дос, қалыспа!

Сыңғыр-сыңғыр күлкіміз

Жетіп жатсын ғарышқа

Үй тапсырмасы.

10 сабақ 49-51 бет «Екі дос» ел ауызнан оқып келу.

Сабақтың қорытынды минуты.

Көздеріңді жұмыңдар, бойларыңды еркін ұстаңдар, бүгінгі сабақтан алған жақсы әсерлеріңді еске түсіріңдер. Осы жақсы сезімдеріңді жүректе сақтаңдар.

Көзімізді ашамыз, рахмет.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
680
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12