Өзін-өзі тану «Жақсылық жолымен жүреміз» 4 сынып.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өзін-өзі тану «Жақсылық жолымен жүреміз» 4 сынып.

Материал туралы қысқаша түсінік
«Жақсылық жолымен жүреміз» Мақсаты: Оқушыларға жақсылық жасауға, жаман істерден аулақ болуға үйрету. Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Сәлеметсіңдер ме оқушылар? Көңіл- күйіміз қалай? Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: "Жақсылық жолымен жүреміз" деп аталады. Дәйек сөз: «Жақсылық –жан азығы»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Жақсылық жолымен жүреміз»

Мақсаты: Оқушыларға жақсылық жасауға, жаман істерден аулақ болуға үйрету.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

Сәлеметсіңдер ме оқушылар? Көңіл- күйіміз қалай? Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: "Жақсылық жолымен жүреміз" деп аталады.

Дәйек сөз: «Жақсылық –жан азығы»

Жақсылық жасау үшін адам бойында адамшылық, жанашырлық, мейірімділік сезімдері мен жылы жүрегі болуы керек. Сонда ол жаман әдеттен жиреніп, жақсы әдетке үйренеді. Қолынан келгенше ешкімді де, ешнәрсені де бөліп жармай, бәріне бірдей жақсылық жасауға ұмтылады. Біз де сондай болуға тиіспіз. Әлемдегі барлық адамдар тек қана жақсылық туралы ойлап, жақсылық жасауға ұмтылатын болса, онда әлемде тыныштық, ынтымақ орнайды, адамдар бақытты өмір сүреді.

Жақсылық амал жұмақ жолы – аңыз ертегіні қарау.

Тапсырма: Адами қасиеттерді білдіретін сөздерді жазыңдар. 

Shape3 Shape2 Shape1

Қамқорлық

Адамгершілік

Жанашырлық







Shape6 Shape5 Shape4

Қайырымдылық

Мейрімділік

Сыпайлық







Сұрақтар:

1.Жақсылық жасау дегеніміз не?

* Жақсылық жасау дегеніміз – адамдарға, айнала қоршаған ортаға, табиғатқа деген қайырымдылық пен қамқорлық. Жақсылық жасау – риясыз қызмет ету дегенді білдіреді.

* Жақсылық жасау адамдарды достастырады. Адамға қол ұшын беру, жәрдем ету, жанашырлық таныту, көмек көрсету, қолдау жақсылыққа жатады. Адам жасаған жақсылығын міндет етпеуі керек.

2. Жақсылық туралы мақал-мәтелдер.

* Жақсылық қылсаң жасыр,
Жақсылық көрсең асыр.

* Елге қылған жақсылық,
Еленбей қалмайды.
Еңбек еткен ерінбей -
Кенелмей қалмайды.

* Аз жақсылық -
Ақылды тең етеді.
Көп жақсылық -
Ақылды кең етеді.

* Жақсылық жүрген жерде
Тапшылық болмайды.

3.Жақсылық туралы өлең жолдары:


  1. Жақсылық көрсем – көлдеймін,
    Жамандық көрсем – шөлдеймін.
    Жақсылық үшін жадырап,
    Жанымды жырмен тербеймін.

  2. Жақсылық жаса досыңа,

Бірге ойнаған жасыңнан.

Қиналған кезде әрқашан,

Табылсаң болды қасынан.

Болғың келсе жақсы адам,

Жақсылық жаса әрқашан


"Жақсылық туралы жыр" Фариза Оңғарсынова.

Ей, жарық күн, нұрыңды шаш далама,
шаш нұрыңды қарттарға, жас балаға,
ызғар сіңген жеріме шуақ керек,
мұқтаж оған ауыл да, астана да.

Сәулеңменен себеле үміт демін,
жер бетінен жылыссын күдіктерім.
Адамдардың сатқындық, сұмдығынан
қалжыраған жерімді жібіт менің.

Күңгірттенбей, көтерсін шыңым басын,
қарттарымның ұзартқын ғұмыр жасын.
Қорқыныш пен үрей жер кеуделерде,
қу бәрін де — соңына бұрылмасын!

Кетсін тағы шарықтап алысқа үнім,
қонақтасын ырыс пен табыс күнім.
Ұл-қыздары көтерсін қол ұстасып
қазағымның елдік пен намыс туын.

Жарқырасын шуақ боп алғашқы үміт,
жүректерді жүрекпен жалғастырып.
Адамзатқа бірлік бер, тыныштық бер –
ынтымақтан туындар бар жақсылық!

Қорытынды.

Жақсылық жасау дегеніміз - адамдарға, айнала қоршаған ортаға, табиғатқа деген қайырымдылық пен қамқорлық. Бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын

жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет! Сау болыңыздар!

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі: Сартаева А.О

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.10.2020
1067
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі