400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Өзін-өзі тану курстарының пайдасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал өзін-өзі тану пәндерінен сабақ беретін педагогтарға,сонымен қатар жhандану заманында құзіреттілік арттыруға көп пайдасы бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Өзін-өзі тану» курсы адамның өзін-өзі табуына, ең жақсы қасиеттерін ашуға, өзінің кейпін өзгертпеуге, адамгершілігін және әрқашан адам қалпын сақтауға көмектеседі. Негізінде, адамзат тарихының өзі адамгершілік тұрғысынан өзін-өзі жетілдірудің тұрақты және үздіксіз процесі болып табылады.Назарбаева Сара Алпысқызы

Ұлттық сана,ұлттық тәрбие...бұл мәселелер қазіргі қоғамымыздың өзектілігіне айналды. Бүгінгі таңда рухани құндылықтар қоғам талабына сай өзгерістерге ұшырап, адамдардың арасында ізгілік, әділдік, өзара көмек, төзімділік сияқты қарым-қатынастар орнатуына ықпал ететін құндылықтар мен әр жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуы және оларды жүзеге асыруға түрткі болатын құндылықтарды зерттеу көкейтесті мәселелердің бірі болып отыр. Осы орайда, қоғамдық мұраттар мен адамдардың тәлімдік үдерістері өзгерді, сондықтан да білім мазмұнын түбегейлі жаңғырту, әдістерді жаңарту жас ұрпаққа тәрбие мен білім беру технологияларын жетілдіру қажеттілігі туындауда. Сана мен тәрбиені біз қайдан бастаймыз? деген сұрағыма жауап іздеу мақсатыммен «Заманауи білім кеңістігін ізгілендірудің жаңа тәсілдемелері»тақырыбында өтіп жатқан «Өрлеу біліктілікті арттыру» мекемесіне курсқа келдім.Курста көкейімді тескен сұрағыма жауапты курсанттарыммен және де «Өзін-өзі тану» пәнінің қас шебері тренеріміз Рысгүл Жұмажанқызымен іздеуге бел будым.Он төрт күн өткен курста құзіреттілігім арттып,жаңа қырымнан өзімді тани бастадым.Сонымен қатар біліп түйгенімдімді семинарларда әріптестеріммен бөлісуді жөн көрдім.

«Тәрбиелеудің басты міндетін адамгершілік әсер етуден құрайды» деген К.Д. Ушинский. Себебі адамгершілік – тек адамзатқа, әрбір адам баласына ғана тән құнды қасиеттерден тұрады. Бұл қасиеттерді бойына сіңірген бала өзін оңтайлы қабылдап, өзін қоғамның дербес және ажырамас бөлігі екендігіне көзі жетеді. Баланың жанын тәрбиелеу, ішкі сезімін жеткізе білуге баулу маңызды екені белгілі. Себебі сезімсіз, махаббатсыз адамның жүрегі жетім. Айналаға, қоршаған ортаға, қоғамға, қыбырлаған кез-келген тіршілік иесіне деген риясыз сүйіспеншілік сыйлай білу жүректің кеңдігі, рухани байлықтың көрінісі болып табылады.Әр педогог алдына келген баланың жан дүниесіне кіріп,жақсы көретін болса қәзіргі қоғам сұрап отырғандай тұлға қалыптастыруға болатынына көз жеткізідім. Н.Ә. Назарбаев: «… жаңа жағдайларға байланысты бәрімізді алаңдататын мәселе – білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани және адамгершілік мүмкіндігі мол тұлға қалыптастыру болып табылады», — деп атап көрсетті. Соған байланысты өзін-өзі тану пәні әр оқушыға, жеке тұлғаға бағытталған тәрбиесінің көрінісін адам талпыныстары, абыройы, жауапкершілігі, ерік-жігері, жалпы ізгі қасиеттерін басты мәселе етіп қойғандығынан байқаймыз. Болашағын баласынан, жас жеткіншектерінен көретін халқымыз, еліміз үшін бала жанын жүдетпеу маңыздылығы зор.. Бала бойына сіңіруден еш жалықтырмас жаңашыл педогог болу басты мақсатым деп түсініп,осы бағытта әлі де көп деген жұмыстар жасаймын.Және де ұлы ойшылдарымыз «Білімді үздіксіз жетілдіруден жалықпаған ұстаз ғана мұғалім болуға жарайды,ал біліктілігін шыңдаудан қалған күні мұғалім болудан да қалады»деген нақыл сөздерді қолдана отырып,әріптестеріме әр бір ұстаз өз ісін сүйіп,жақсы көрсе ізденуден жалықпаңыз деп ойымды қорытындылауды жөн көрдім.

Мұнайлы ауданы №9 жалпы

білім беру орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Жаркымбаева Турдыгул







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қазан
818
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі