жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Өзін-өзі тану, "Махаббат пен шығармашылық"
«Өзін-өзі тану: «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндіктің жоспары.
Мақсат: Өзін-өзі тану пәні авторы С.А.Назарбаеваның еңбегін таныту. Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа, сыйластыққа, қамқорлыққа, татулыққа, сүйіспеншілікке, махаббатты бағалай білуге, жақсылық жасауға тәрбиелеу.
Өтетін уақыты: 2-12 ақпан, 2015жыл
|
р/с |
Мазмұны |
кіммен өтеді |
жауапты |
өтетін күні |
уақыты |
өтетін орны |
|
1. |
«Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндіктің салтанатты ашылуы. Акция жариялау. · «Әлемге күлкіңді сыйла» · «Біздің мектептің тынысы» · «Ұстазыңды оқушы фотографиясынан таны» · «Аттастар мен бір тектілер» · «Менің бүгінгі күнгі әсерім...» · «Мен қалаймын,біздің мектепте....» |
1-11 сн. |
Өзін-өзі тану пән мұғалімдері |
2 ақпан
2-11 ақпан
|
10.00-10.15 |
1 қабат, дәліз |
|
2. |
«Алтын жүрек анамыз» мектеп кітапханасы көрмесіне саяхат. |
1-4 сн. 5-7 сн. |
кітапханашылар, сынып жетекшілері |
3 – 4 ақпан |
сабақтан тыс мезгілде |
1 қабат, кітапхана |
|
3. |
Балалардың шығармашылық конкурсы: Ана, достық, мейірім туралы тақырыптарға сурет салу, әртүрлі материалдардан жасалған қолөнері, шығарма, өлең жазу, т.б. |
1-4 сн.
5-8 сн. |
Тұяшева К.А. Оралов М.Ш., Кадырова Н.М Сынып жетекшілер, кураторлар |
5-6 ақпан |
15.00-16.00 |
Қызыл зал, 219 кабинет |
|
4 |
« Кешірімділік –көңіл кеңдігі», «Әдептілік –әдемілік», «Отбасы жарастығы», « Сөз іспен көрікті» т.б. ашық тәрбие сағаттары |
1-11 сн. |
Сынып жетекшілер, Кураторлар Тұяшева К.А. Оралов М.Ш., Кадырова Н.М |
7 ақпан |
8.30-9.00 |
өз кабинеттері |
|
5 |
Балалардың шығармашылық жұмыстары: Берілген тақырыптары бойынша презентация қорғау.
|
5-10 сн. |
Қадырова Н.М., Мыңбаева А.А. Сынып жетекшіл., кураторлар |
9 ақпан |
15.00-16.00 |
Қызыл зал, |
|
6 |
«Келеңсіз жағдайлардың алдын алу немесе проблемасыз мүмкіндік» Педагогикалық-психологиялық ағарту,кеңес
|
мұғалімдер |
Тұяшева К.А Кадырова Н.М Оралов М.Ш., Оқу-тәрбие бөлімі, ғылыми-әдістемелік орталық |
10 ақпан |
15.00-16.00 |
Қызыл зал, |
|
8. |
«Өзіміз туралы әңгімелесейік»» әңгіме, пікірлесу. |
Интернат тәрбиеленушілері |
Бимағабетов Е.Б., тәрбиешілер. Тұяшева К.А. Оралов М.Ш., Кадырова Н.М |
11 ақпан |
15.00-16.00 |
жатақхана |
|
9. |
Қорытынды . Марапаттау. |
оқушы, мұғаліма |
Тұяшева К.А. Қадырова Н.М., Оралов М.Ш. Сынып жетекшілер |
12 ақпан |
15.00-16.30 |
Қызыл зал, |
Ұйымдастырушылар: Өзін-өзі тану пән мұғалімдері
Балалардың шығармашылық жұмыстары.
Нұсқау:
· Төмендегі тақырыптар бойынша слайд немесе ведиоролликтер дайындау.
· Дайындалған материалды психолог кабинетіне тапсыруларыңызды сұраймыз.
|
5- сынып |
1. «Сенім –менің серігім» 2. «Сабырлылық пен ұстамдылық» 3. «Салауаттылық –менің қалауым» |
|
6 -сынып |
1. «Денім сау болсын десең.» 2. «Өмірің өз қолыңда» 3. «Жаныңда жүр жақсы адам» |
|
7- сынып |
1. «Өмір, қымбаттсың маған!» 2. «Ұрпаққа өшпейтіндей із қалдырған» 3. «Жақсылық -жан азығы» |
|
8 -сынып |
1. «Салауаттылық өмір салты» 2. «Ізгілік іздеп келемін» 3. «Табиғат -тал бесігің, аялай біл! |
|
9-сынып |
1. «Әдептілік –адамгершілік бастауы» 2. «Ар –намыс керек адамға» 3. «Махаббат- өмір өзегі» |
|
10-сынып |
1. «Жұлдызым менің жоғары» 2. «Өмір –өзен» 3. «Уақыт –мезгіл пернесі» |
Бәріңе, бәріңе, бәріңе!!!
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, мұғалімдер, барлық мектеп қызметкерлері, сіздерді мектебімізде өтетін 1 апталық психологиялық акцияға қатысуға шақырамыз!
І. Психологиялық акция «Әлемге қуаныш сыйла»
· Бұл акцияға қатысушылар, өздерінің әдемі, күлімдеген, өзінің жеке немесе топпен, ата-анасымен, құрбыларымен, ұстаздарымен немесе әр түрлі көңілді іс-шараларда түскен фотоларын ұйымдастырушыларға тапсырады. Бір апта өткеннен соң дауыс беру арқылы 5 номинация бойынша жеңімпаздар таңдалады. Жеңімпаздар марапатталады.
ІІ. Психологиялық акция «Ұстаздарыңды мектептегі балалық шағындағы фотосуретінен таны».
· Ұстаздардың мектептегі кезеңдерінің фотосуреттері ілінеді.
ІІІ. Психологиялық акция «Біздің мектебіміздің тынысы»
· Бұл акция 9 номинациядан тұрады. Қабырғаға (1-ші қабаттағы тақта) номинациялардың аты ілінеді. Оқушылар таңдауы бойынша сол номинацияға өздері қалаған оқушылардың аты –жөнін жазады.
· Апта соңында дауыс жинауларына қарай, жеңімпаздар анықталады.
ІҮ. Психологиялық акция «Аттастар мен тегі бірдейлер»
· Акцияға қатысушылар өздерінің аттастары мен бірдей тегілерін тауып өзара бірігіп фотоға түсіп, және фотографияға қызықты түсінік (комментарий) береді.
· Сосын ұйымдастырушыларға тапсырады.
· Жеңімпаздарға орын беріледі.
Ү. Психологиялық акция «Мен қалаймын, біздің мектебімізде...»
· Қатысушылар өзінің арманын, қалауын, тілегін жазады.
ҮІ. Психологиялық акция «Менің бүгінге дейінгі әсерім...»
· Осы оқу жылындағы алған әсерлерін қағазға жазу.
«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі
02 Наурыз 2015,
17:44
4536
0 Газеті: "Бурабай"
газеті

Бурабай ауданының барлық білім беру ұйымдарында 2015 жылғы ақпанның 2-нен 12-не дейін «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атауымен балаларды адамгершілік-рухани дамытуға арналған «Өзін-өзі тану» онкүндігі өтті.
Онкүндік аясында әр білім беру ұйымында іс-шаралар жоспары құрастырылған, онда әр күн - ерекше мейірімділікпен, қайырымдылықпен, тыныштықпен, махаббатпен, күлкімен, құрметпен толтырылған: «Көңіл-күй кемпірқосағы» күні, «Менің күлкім» күні, «Отбасы күні», «Жүрегімдегі махаббат» күні, «Достық күні», «Шығармашылық күні», «Мейірім жолы» күні. Әр күн оқушылар үшін жаңалық болды – олар өздерін басқа адамдармен өзара қарым-қатынас жасауда өздерін тұлға ретінде сезінді, өздерінің әрекеттерін пайымдады, өздерінің нәтижелерін болжады және бағалады, дербестілікті, бастамалықты дамытты, өздерінің шығармашылық потенциалын ашты.
Ақпанның 2-де ауданның барлық мектептерінде онкүндік салтанатты ашылды, салтанатты линейкада балалар бейбітшілік, махаббат туралы өлеңдер оқыды, плакаттар ұсынды, мейірімділік, махаббат, достық туралы әндер айтты. Онкүндіктің ашылуында осындай құндылықтар аталып көрсетілді:
1. Ақиқат (ойдағы, сөздегі, әрекеттегі шындық)
2. Әділ қылық (әділ қылық, ой, сөз, әрекет бірлігі)
3. Тыныштық (ішкі сабырлық)
4. Махаббат (барлық тірі жандарға)
5. Күш қолданбау (ой, сөздер, әрекеттермен зияндық келтірмеу).
Жалпы адамгершілік құндылықтар әр адамға тиесілі, ол онымен бірге туады, оны айқындай және сезіне білу қажет. Жалпы адамгершілік құндылықты үйретіп қажет емес, оларды айқындау жолымен балалардан шығару қажет. Бұл әр мұғалімнің ең басты мақсаты болып табылады – әр оқушының жан дүниесінен осы құндылықтарды шығару, «ояту», оларды шығару.
Мектеп кітапханашылары «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының авторы С.А.Назарбаеваның қызметі туралы «Мейірім төгетін ана» мазмұнды көрмені рәсімдеді.
1-4, 5-9 сыныптарда «Алтын жүрек анамыз», «Сердце, наполненное любовью» оқырмандар конкурсы өткізілді. Балалар конкурсқа жақсы дайындалды. Аналарының суреттерін әкелді. Олардың аузынан өлеңдер ерекше шығады: жылумен және мейіріммен. Конкурс жеңімпаздары грамоталармен марапатталды.
Балалар шығарма, эссе, авторлық өлеңдер конкурстарында белсенді қатысты.
9-11 сыныптардың оқушыларымен «Қазақстандық патриотизм және азаматтылық», «Біз өмір сүргіміз келетін әлем», «Мир, в котором мы хотим жить» пікір-тартыс өткізілді, онда балалар барлық «иа» және «қарсылық» айтты, өздерінің сенімдерін дәлелдеді.
Музыка мұғалімдері өткізген «Әке – тірек, Ана – жүрек, Бала - тілек» әндер фестивалі жаңа таланттарды ашты.
Мектептердің көбінде 12-ақпан күні ерекше басталды – ол бірыңғай «Жақсы тілектер күні», онда ата-аналар, балалар, мұғалімдер бір бірімен флаерлермен алмасты, жақсы тілектер айтты. Осы күні барлық мектептерде «Әдептен озбайық», «Еңбекқорлық пен еріншектік», «Достасып үйренейік», «Абыроймен өмір сүрейік», «Адам жанының сұлулығы», «Көңілді таңертеңгі кездесу», «Мейірімділік-адам жүрегін жылытатын күн көзі» және т.б. тақырыптар бойынша бірыңғай өзін-өзі тану сабағы өткізілді.
Онкүндік барысында әлеуметтік қорғалмаған және мүгедек балаларды қолдау бойынша «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы жарияланды, осылай Оқжетпес орта мектебіндегі осы акцияға «Ақсораң» сауда үйінің әкімшілігі Индира Амангелдиновна Азханова қолдау көрсетті. Ол балаларға 23 жұп қысқы аяқ-киім сыйлады.
Акция аясында балалар сынып жетекшілерімен бірге жалғыз зейнеткерлерді, педагогикалық еңбек ардагерлерін аралады, оларды қамқорлықпен бөледі, ашық хаттар сыйлады және көмек көрсетті. Осы күндері үйден оқитын балаларды аралады, сыныптастары өздерінің махаббаттары мен қамқорлықтарын сыйлады, олар осы өмірде жалғыз емес екендігін сезінді.
«Өмірді тану – өзіңді тану» мерекелік концертпен онкүндік аяқталды. Ол өте қаныққан болды және әр оқушының жанында қалады. «Өзін-өзі тану» онкүндігінің қорытындысы бойынша оқушылар осы пән өте маңызды екенін, өзінді балалық кезден тану керек екенін және ересек өмірге қадам жасау жеңіл болатынын түсінді. Осы пән сүйіп білуге және мейірімділік жасауға, намыс бойынша дұрыс жасауға үйретеді.
Ескерту!
Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.
«Өзін-өзі тану: Махаббат және шығармашылық педагогикасы» онкүндігі
10.02.2017
2017 жылғы 2-13 ақпан аралығында республикамыздың барлық өңірлеріндегі білім беру ұйымдарында «Өзін-өзі тану: Махаббат және шығармашылық педагогикасы» онкүндігі өтуде.
Павлодар облысында он күндік шеңберінде жалпы мектептік салтанатты жиындар, мәнерлеп оқу конкурстары, дебаттар, «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы С.А. Назарбаеваның қызметі туралы «Мейірім төгетін ана» тақырыбында кітап көрмелері ұйымдастырылды.

Мектептерде «Мейірім айналымы» бейнеролигі, «Сиқырлы әлем», «Достық» тақырыбында суреттер конкурсы, «Барлығы махаббаттан басталады» фильмі, «Толқын» отбасының балалары «Рухани құндылықтар» көрсетілімін ұсынды. Павлодар қаласының балаларға арналған баспанасында «Еліміздің басты анасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында тәрбиеленушілер Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмірбаянымен танысып, махаббат, мейірімділік, достық тақырыбында өлеңдер оқыды.

Оңтүстік Қазақстан облысында «Мейірімін төккен ана» кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқушыларды С.А.Назарбаеваның еңбектерімен таныстыру, қызығушылығын арттыру үшін топтық жұмыс ұйымдастырып, сөзжұмбақтар мен мақал-мәтел жарысы ұйымдастырылды. Ана, достық, мейірімділік тақырыптарда сурет салып, әртүрлі материалдардан жасалған қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.

«Алтын жүрек анамыз», «Сердце наполненное любовью», «Мейірімділік», «Добро» тақырыптарында үш тілде (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі) балалардың шығармашылық байқауы өтті.

Қазіргі таңда республикамыздағы барлық білім беру ұйымдарында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» декадасы жалғасуда.

Онкүндіктің мақсаты – балалар мен жастардың адамгершілік-рухани тәрбиелеу жүйесін дамыту, олардың азаматтық мәдениет дағдыларын жетілдіру.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген