400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік туралы ақпарат

Материал туралы қысқаша түсінік
«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндікте жүргізілген сыныптан тыс іс-шара туралы ақпарат
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ойыл аудандық білім бөліміне

Ақшатау орта мектебінен

«Өзін-өзі тану: Махаббат пен

Шығармашылық педагогикасы»

атты дәстүрлі онкүндік туралы

Ақпарат

«Өзін –өзі тану» адамгершілік- рухани білім беру бағдарламасының негізінде жататын тәрбие және білім беру жүйесінде балалар мен жастардың адамгершілік рухани жетілдіру идеясы оқушыларды жалпы адами құндылықтар әлеміне тартып, адами қарым-қатынас нормасымен таныстырылып, адамзаттық мәдениетке қалыптастыруын дамыту, анасына деген сүйіспеншілікке, отбасын құрметтеуге тәрбиелеу барысында төмендегідей іс-шаралар өткізілді.

Біздің мектепте 1 ақпан күні «Өзін өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбында өзін-өзі тану онкүндігінің салтанатты ашылуы жалпымектептік саптүзеуде өтті.

   Онкүндіктің мақсаты жастар мен балалардың  рухани-адамгершілікке тәрбиелеу жүйесін дамыту және адамгершілік құндылық әлеміне оқушыларды қызықтыру болып табылады. Оқушылар адам бойындағы керекті, негізгі сапа туралы, адамды адам қылатын қасиетті сөз.

Өзін-өзі тану онкүндігінің жоспарымен таныстырылды. Онкүндік ішіндекітаптар көрмесі ұйымдастырылады, өзін-өзі танудан ашық сабақтар, балалардың шығармашылық байқаулары мената-аналардың қатысуымен іс-шаралар жоспарланған. Ашылу салтанатынан кейін дәліздегі «Мейірімді болса жүрек, орындалар тілек» атты тілек ағашына оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар өздерінің аналарына деген тілектерін жазып қалдырды.

2 ақпан күні «Мейрім төгетін ана» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып оқушылар аналарына шығарма жазды. Оқушылар шығармаларында аналарына деген сүйіспеншілікпен ризашылықтарын жасып өлең жумақтарын да жазған. Үздік шығарма жазған оқушыларын қазақ тілі пәнінің мұғалімдерімен бірге анықталды. Нәтежесінде

Ақпанның 5- күні 6 сынып оқушыларына «Отбасы-өмір аясы» атты сыныптан тыс іс-шара болды. Мақсаты «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді, отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге үйрету. Оқушылардың сөздік қорын молайту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыта отырып, адамгершілікке тәрбиелеу. Отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейте отырып отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау.Балалар белсене араласып ат салысты. Осы күні 5-7 сынып оқушылары арасында «Алтын жүрек анамыз» атты мәнерлеп оқу болып өтті.Мақсаты:
Қазақстанның бірінші ханымы, «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолымен, жалпы адамзаттық рухани құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс-шараларымен танысу, мемлекетіміздің болашағы – жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру. Жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге, ата - анасына, ең жақын адамдарына, жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, махаббат, достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу. Мәнерлеп оқу сайысында 3-ші орынды екі оқушы З. Борашева мен И. Кәкиева иеленді. 2-ші орынды Д.Кәрім , 1-ші орынға Бақтыгереев Жасұлан ие болды. Қалған қатысқан барлық оқушылар марапаттау қағазымен марапатталды.

6 ақпан күні 3-4 сынып оқушыларына «Күн шуағын төккен жан» атты Сара Алпысқызына арналған ашық сабақ болды. Мақсаты балаларды мейірімділікке, қайырымдылыққа, бауырмалдыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу. Қазақстанның бірінші ханымы  «Бөбек» балалар  қайырымдылық қорының  Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы, ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге , ата-анасына, ең жақын адамдарына жалпы адам атаулыға деген сүйіспеншілік,махаббат достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу болатын.

Ақпанның 7 күні бастауыш сынып оқушылары ата-аналарымен бірге «Отбасы жарастығы» атты спорттық сайысқа қатысып, отбасы жарастығын көрсетіп, ұйымшылдық таныта білді. Сайысқа 5 отбасы қатысты. Сайыс 7 турдан тұрды. Отбасылар топтарына аты мен ұрандарын ұйымдастырып төсбелгілерінде үйден дайындап келді. Нәтежесінде Қойбағаровтар отбасы мен Мәдиевтер отбасы алғыс хатпен марапатталып, 3-ші орынды Изгалиевтер отбасы алды. 2-ші орынды Құрманғалиевтер отбасы ал, 1-ші орынды Бақтыгереевтер отбасы иеленді.

8 ақпан күні 2-11 сынып оқушылар арасында Ана, мейірім, бейбітшілік және достық туралы балалардың шығармашылық жұмыстары буклеттер, альбомдар, суреттер,қабырға газеттер, ашық хаттар, қолдан жасалған бұйымдар көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар белсене араласты. Қолдан қуыршақтар жасап, түрлі бұйымдар жасады.

9 ақпан күні жоғарғы сынып оқушылар арасында «Өнеге отбасынан» атты тенинг сабақ өтті. Бала тәрбиесіндегі ата- ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру. Баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу. Ата- ана,ұстаз, оқушы арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсаты бұл іс-шарада басшылыққа алынды. Сабақ тренинг, пікір алмасу түрінде өтті. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізе алды.

Ауылдық клубта 10 ақпан күні «Екі жұлдыз» атты ән байқауы ұйымдастырылып, байқауға 1-11 сынып оқушылары ата-аналары, жеңгелері, сынып жетекшілерімен бірге қатысты. Нәтежесінде: 3-ші орынды 3 сынып оқушысы Ж.Әлімжанова мен сынып жктекшісі Б.Жауғашты алды. 2-ші орынды 11 сынып оқушысы А.Елемесова мен жеңгесі Т.Табынбаева алса, 1-ші орынға 9 сынып оқушысы А.Елемесова мен әкесі М.Тынысбаев ие болды.

Демалыс күні 11 ақпанда мектебімізде кешкісін «Махаббатқа толы жүрек жылуы» атты қайырымдылық концерт ұйымдастырылды. Оқушылар қайырымдылық концертке өз үлестерін қосып белсенді ат салысты.

12 ақпан күні «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік саптық түзелуде қортындыланды. Онкүндікте өткізілген іс-шараларға қатысқан барлық оқушылар марапаттау қағазымен марапатталды. Онкүндіктті қортындылап ұялы телефонға инстаграм үлгісінде жасалып естелікке фотоға түсіп «Жүректен жүрекке» айдары бойынша онкүндіктен алған әсерлерін оқушылар жүрекше стекерге тілектерін жасып инстаграмға қалдырды.






Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі: А.Б.Туребекова





Фото қоса жолданады.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
549
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі