Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Өзін-өзі тану Мен елімнің азаматымын

Материал туралы қысқаша түсінік
күнделікті сабаққа арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

8 сабақ Сынып 4 Күні: 21.10.2016ж
Тақырыбы: Мен елімнің азаматымын
Құндылық: Ақиқат Қасиеттер: отансүйгіштік, адалдық, қамқорлық
Мұғалiм: С.Қисымбеотва Класс 4 Оқушылар саны: 28
Сабақ мақсаты:
Ақиқат құндылығы арқылы оқушыларды елдің азаматы болуға баулу.
Міндеттері:
Туған ел, өскен ортаның адам үшін маңыздылығын ұғындыру.
Оқушылардың елге деген жанашырлық, қамқорлық,адалдық қасиеттерін дамыту .
Жігерлікке, шыншылдыққа,намыстылыққа тәрбиелеу. Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Су асты патшалығына ойша саяхат.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқулықтағы 8 сабақ. 43 бет Сырбай Мауленовтың «Мен елімді сүйемін» әңгімесін оқып, талдау.
1. «Туған жерсіз адамның күні жоқ» - дегенде нені түсінесіңдер?
2. Сендерге өз елдерің несімен ыстық ?
3 Сендер өз елдеріңді сүйетіндеріңді қалай дәлелдей аласыңдар? Сабақ барысын талдау:
3. Дәйексөз.
Ел іші -алтын бесік
Халық мақалы
Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? Оқушылар есте сақтап қалу үшін үш рет қайталаймыз. Дәптерлеріне дәйексөзді жазып аламыз.
4. Әңгiмелеу.
Айтмағанбет Құдайберген
Ақжайық әңгімесі
Өзеннің жарқабағында Өсер әкесімен әңгімелесіп отыр.
-Ол былай болыпты,,балам! Алыстағы қатпар-қатпар асқар таудан басталған бұл Жайық елеусіз ғана бұлақ саға- сағаны қуалап, сылдырап келіп, өз тамшысын бас өзекке құя беріпті. Бас өзек ұлғайып, суы молайып,арналы өзенге айналыпты. Судың түсі көк, өзі айнадай мөлдір болыпты. Тұнығында балық ойнап, байлық жиналыпты.
Өзен жағасын баласымен бір кәрі әже мекендейді. Баласы кішкентай қайығына мініп,балық аулапты. Бірақ құралы нашар жас балықшының ауына ештеңе түспепті. Ертелі- кеш ұстаған бірлі-екілі шабақпен жарлы жандар күн кешеді.
-Балық неге ілікпейді, әже? -деп сұрапты баласы.
-Маңдайыңның тері көбірек төгілсе, балық та ілігер, балам,- депті әжесі.
Бала ауын тереңге қайта жаяды. Тынбай еңбек етеді. Бір кезде қалтқы- қалқандардың бәрі суға батып кетіпті.
Бала ауды тарта бастайды. Ау қиын тартылды. Бала шаршап қалжырайды. Маңдайыңнан ащы тер шұбырып, Жайыққа құйылады. Тердің ақысындай болып,балық та қайықты толтырады. Қысылған бала әжесін шақырады. Әжесі баласының терін күнде келіп жаулығының ұшымен сүртеді екен. Тынбай шұбырған терден Жайық суының түсін осылайша өзгерткен екен. Содан бері Жайық суының түсін осылайша өзгерткен екен. Содан бері Жайық өзені Ақжайық аталыпты.
Өсер әкесіне сұрақ қойды:
-Олай болса, судың дәмі неге ащы болмайды, әке?
-Сұрағың орынды, балам. Ақжайық- ағысты өзен. Ол маңдай тердің ащы тұзын ағызып әкетеді. Тұйық су болса, ащы болуы да мүмкін еді. Тұз Атырауға ағып барады. Теңіз суының ащы болатыны сондықтан.
Өсер Ақжайықтың бұйраланған ағысына ойлана қарады.
1.Жайық басында қандай өзен еді, ол қандай өзгеріске
ұшырады.
2.Баланың сұрағына әжесінің берген жауабына қандай мақал -мәтелмен түсіндірер едің?
3.Өсердің сұрағына, әкесінің берген жауабына сен қалай жауап бересің?
4.Жайық өзенінің суы неліктен ащы емес екен? Ал теңіз суы неліктен ащы екен?
5. Өз өлкеңдегі өзен -көлдер туралы не білесің? Сипаттап бер?
2. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Балаларға үш тапсырма беріледі.
1- тапсырма «Туған жерім-тірегім»
2- тапсырма «Аяулы өлкем»
3- тапсырма «Елімді мақтан етемін»
Осы тақырыптарға сүйіспеншілік, құрмет, қамқорлық, адалдық тұрғысынан әңгіме жазып, оқиды.
Мұғалім сыйы: «Толағай» мултьфильмі

1.Бейне көріністен туған жерге деген махаббатты неден байқауға болады?

2.Әр елдің азаматы еліне қалай қорғау керек деп ойлайсыңдар?

3.Сен өз елің үшін не істер едің?


3. Топпен ән айту.
«Атамекен » өлеңін айту.
Сөзін жазған Қ. Мырза Әли
Әнін жазған Е.Хасанғалиев

Жасыл жайлау-түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Айдарымнан сипап өткен самалды,
Қазағымның алақаны деп білем.

Қайырмасы:

Қайда жүрсең атамекен,
Көкейінде жатады екен.
Күннің өзі ұясына,
Қимай оны батады екен.

Жасыл жайлау –түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем.
Асқар тауың аспанымен таласқан,
Қазағымның мәртебесі деп білем.

Қайырмасы:
Қайда жүрсең атамекен,
Көкейінде жатады екен.
Күннің өзі ұясына,
Қимай оны батады екен.

4. Үй тапсырмасы.
9 сабақ 44-беттегі «Сыпайы қоян» мексика ертегісін оқып, талдау.
8. Сабақтың қорытынды минуты.
Жай музыка қойылады. Құрметті оқушылар жайланып отырып, көздеріңізді жұмып, бүгінгі сабақтан алған жақсы сәттерін жүрегіңізге түйіп алаңыз





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
703
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12