15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Өзін-өзі тану-өмірді тану
Күні:
Мектеп:ГКС-12ОМ
Сабақтың тақырыбы: Өзін-өзі тану – өмірді тану
Құндылық: адамгершілік Қасиеттер: Мейірімділік,ізеттілік,бірлік, ынтымақ т.б
Сынып: 4 Оқушылар саны:
|
Сабақтың мақсаты: «Өзін-өзі тану» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. |
Ресурстар: Мультимедиялық тақта, оқулық,дәптер,мақал-мәтел,дәйексөз,маркер, аққағаз,гүл,жүрек,көбелек суреттері |
|
Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу ә) оқушылар назарын сабаққа аударуСабақ тақырыбына тарту мақсатында сұрақтар арқылы әңгімелесу өткізіледі: Жазғы демалыстарыңды қалай өткіздіңдер?
б) Тыныштық сәті -Балалар ыңғайланып отырып алыңдар да, терең дем алыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Өз денелеріңізді сезініңіздер және бос ұстаңыздар. Дене демалады,сана сезім сергиді.Өз денелеріңізді көз алдыңызға елестетіңіз…Басыңыздан бастап,аяғыңыздың ұшына дейін… Біз жақсы мен жаманның не екенін ажыратып,бойымыз жеңілдеп қалғандай.Бейне бір ақ түсті көбелекке ұқсап, ұшатын қанат пайда болғандай. Айналаға көз салсақ,тек қана әдемі, жақсы заттарға көзіміз түседі.Құлпырған гүлдер, оның маңында жақсы балалар…Олардың әрқайсысының жүзінде күлкі ойнайды. Жер бетіндегі барлық тірі зат біздерге:«Жақсы бала бол!» деп сыбырлағандай болады.Ал төбемізден нұр шашқан алтын күн бізге:«Жақсы болу өзіңнен»,деп қарайды.Ия,ия шынында да,көбелектер секілді әдемі болып,тек қана әдемі жерде жүру керек екен-ау!Біз барлығымыз да жақсы екенбіз ғой!Жақсы болу өзімізден екенін біз де сезінгендейміз. Ал,енді «бір,екі,үш»деп,бұрынғы қалпымызға келейік. |
Оқушылар көңіл күйін көтеру мақсатында |
|
2. Үй тапсырмасын тексеру |
|
|
Әңгімелесумәтінді әңгімелеп беруМәтінмен жұмыс «Екі дос және қария» аңыз әңгімені оқып шығу. |
Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды. |
|
Дәйексөз туралы айта кету |
Халық мақалы |
|
Шығармашылық жұмыс: Оқулықтағы қоржында берілген сөздерді пайдаланып,сабақты түсіндіру. |
Оқушылар тапсырмаларды орындайды |
|
Топпен ән айту: «Шымшық» Сөзі
Қ.Мырзалиевтікі Шымшықтың өр тырнағы, |
Әнді ерекше көңілмен айтып,сергиді |
|
Дәптермен жұмыс: дәптерде тапсырмаларды өз беттерінше орындайды. |
Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды |
|
Үй тапсырмасы: Мәтінді оқып түсінікайту |
Күнделіктеріне жазады. |
|
Соңғы тыныштық сәті: — Балалар,тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық,қамқорлық,аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме,сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса,сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар. |
Оқушылар көздерін жұмып демалады. |
Күні:
Мектеп:гкс-12ом
Сабақтың тақырыбы: Білімге құштарлық
Құндылық: Құштарлық Қасиеттер: Мейірімділік,ізеттілік,бірлік, ынтымақ т.б
Сынып: 4 Оқушылар саны:
|
Сабақтың мақсаты: Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері: Білім,даналық ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту; Білімге,оқуға қызығушылықтарын дамыту; Білімді бағалауға тәрбиелеу. Мақсаты:Оқушылардың «білім»құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. |
Ресурстар: Мультимедиялық тақта, оқулық,дәптер,мақал-мәтел,дәйексөз,маркер, аққағаз,гүл,жүрек,көбелек суреттері |
|
Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу ә) оқушылар назарын сабаққа аудару б) Тыныштық сәті Тыныштық сәті. |
Оқушылар көңіл күйін көтеру мақсатында |
|
2. Үй тапсырмасын тексеру |
|
|
Әңгімелесумәтінді әңгімелеп беруБілімнің адамға пайдасын түсіндіру мақсатында әңгімелесу жүргізіледі. С.Баязитовтың «Мақал мәнісі» атты өлеңін оқушылармен қосылып айту.
Білімді өз бойларыңа қандай жолмен жинақтауға болады деп ойлайсыңдар? Мәтінмен жұмыс Оқушыларға Қ.Толыбаевтың «Құштарлық»әңгімесін оқу.
|
Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды. |
|
Дәйексөз: Тақтаға жазылған «Оқу-білім бұлағы,білім-өмір шырағы»деген мақалдың мәнін түсіндіру. |
Халық мақалы |
|
Шығармашылық жұмыс Білімнің пайдасы эссе жазу |
Оқушылар тапсырмаларды орындайды |
|
Топпен
ән айту: Ерден Атайдың әні Қайырмасы: Ерте,ерте,ерте,екен, Түрлі-түрлі ертегі, |
Әнді ерекше көңілмен айтып,сергиді |
|
Дәптермен жұмыс: дәптерде тапсырмаларды өз беттерінше орындайды. |
Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды |
|
Үй тапсырмасы: Мәтінді оқып түсінікайту |
Күнделіктеріне жазады. |
|
Соңғы тыныштық сәті: — Балалар,тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық,қамқорлық,аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме,сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса,сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар. |
Оқушылар көздерін жұмып демалады. |
Күні:
Мектеп:ГКС-12 О/М
Сабақтың тақырыбы: Ойлы бала озар
Құндылық: Білімге ұмтылуҚасиеттер: Мейірімділік,ізеттілік,бірлік, ынтымақ т.б
Мұғалім:
Сынып: 4 Оқушылар саны:
|
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ойлануға, көп ізденуге жетелеу |
Ресурстар: Мультимедиялық тақта, оқулық,дәптер,мақал-мәтел,дәйексөз,маркер, аққағаз,гүл,жүрек,көбелек суреттері |
|
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу ә) оқушылар назарын сабаққа аудару б) Тыныштық сәті -Балалар ыңғайланып отырып алыңдар да, терең дем алыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Өз денелеріңізді сезініңіздер және бос ұстаңыздар. Дене демалады,сана сезім сергиді.Өз денелеріңізді көз алдыңызға елестетіңіз…Басыңыздан бастап,аяғыңыздың ұшына дейін… Біз жақсы мен жаманның не екенін ажыратып,бойымыз жеңілдеп қалғандай.Бейне бір ақ түсті көбелекке ұқсап, ұшатын қанат пайда болғандай. Айналаға көз салсақ,тек қана әдемі, жақсы заттарға көзіміз түседі.Құлпырған гүлдер, оның маңында жақсы балалар…Олардың әрқайсысының жүзінде күлкі ойнайды. Жер бетіндегі барлық тірі зат біздерге:«Жақсы бала бол!» деп сыбырлағандай болады.Ал төбемізден нұр шашқан алтын күн бізге:«Жақсы болу өзіңнен»,деп қарайды.Ия,ия шынында да,көбелектер секілді әдемі болып,тек қана әдемі жерде жүру керек екен-ау!Біз барлығымыз да жақсы екенбіз ғой!Жақсы болу өзімізден екенін біз де сезінгендейміз. Ал,енді «бір,екі,үш»деп,бұрынғы қалпымызға келейік. |
Оқушылар көңіл күйін көтеру мақсатында |
|
2. Үй тапсырмасын тексеру |
|
|
Әңгімелесумәтінді әңгімелеп беру |
Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды. |
|
Дәйексөзге тоқталу |
Халық мақалы |
|
Шығармашылық жұмыс: Ойлы бала Ойсыз бала
|
Оқушылар тапсырмаларды орындайды |
|
Топпен ән айту: Ойлан, тап
Сөзі:
Қ.Ыдырысовтікі
Кел
балалар,ойнайық,
Қайырмасы:
Ал
балалар тыңдаңдар,
Бәрің
жақсы тыңдаңдар,
Қайырмасы:
Жұмбақтар
бар өзен,көл, |
Әнді ерекше көңілмен айтып,сергиді |
|
Дәптермен жұмыс: дәптерде тапсырмаларды өз беттерінше орындайды. |
Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды |
|
Үй тапсырмасы: Мәтінді оқып түсінікайту |
Күнделіктеріне жазады. |
|
Соңғы тыныштық сәті: — Балалар,тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық,қамқорлық,аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме,сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса,сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар. |
Оқушылар көздерін жұмып демалады. |
Мектеп:гкс-12 О/М
Сабақтың тақырыбы: Менің сыныбым – менің ұжымым
Құндылық: Достық Қасиеттер: Мейірімділік,ізеттілік,бірлік, ынтымақ т.б
Мұғалім:
Сынып: 4 Оқушылар саны:
|
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «ұжым», «достық» құндылықтары туралы түсінініктерін кеңейту. Міндеттері: – ұжымның адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру; – өзара татулық, сыйластық қарым-қатынастарын дамыту; – бірлікке, сыйластыққа, достыққа тәрбиелеу. |
Ресурстар: Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер, музыкалық орталық |
|
Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу ә) оқушылар назарын сабаққа аудару б) Тыныштық сәті —Тыныштық сәті Ойлану жұмысының алдында балалардың бір сәт денесі, ойы сергітіледі. Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Көздерін жұмуына да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Осылайша екі минуттай отырады. |
Оқушылар көңіл күйін көтеру мақсатында |
|
2. Үй тапсырмасын тексеру |
|
|
Әңгімелесумәтінді әңгімелеп беруМәтінмен жұмыс Оқушыларға сынып ұжымындағы қарым-қатынастар туралы түсінік беру мақсатында әңгіме оқу ұйымдастыру. Күмән Машқар Гумеров Оқушылар соңғы сабаққа кіргенде, сыныптағы үлкен терезенің бір көзі сынғанын көрді. Кезекші Рақила болатын. – Терезені Боранбай сындырды. Өз көзіммен көрдім,–деп айқайға басты ол. Боранбай танып әлек. У-шу ұлғайып бара жатқанда, мұғалім кірді де, жағдайды білген соң: – Сабақтан кейін сыныпта қалыңдар. Анықтаймыз. Ал қазір тынышталыңдар, сабақ бастаймыз,–деді. Сынып ішіндегі мына у-шу сол айтыстың жалғасы еді. Мұғалім қағаздарын тастап, қайтып оралмақ. Істің ақиқатына жетудің орнына, салғыласа берсе, ұзақ отырып қалмай ма? Әтіргүлдің қарны ашты, үйіне қайтуға асықты. Тамағын кенеп, бар даусымен: – Балалар! – деді. – Қазір апай келеді. Не айтамыз? Құр сарылып отыра береміз бе? Терезені кім сындырды? Айтсаңдаршы біреуің! Рақила, сен анық көрдің бе? Кім сындырды? Әйнек өз-өзінен сынбайды ғой. Осы кезде көпшілік арасынан Дәуіт деген қара домалақ бала суырылып шығып: – Сындырған мен! – деді. Сыныптағылар аң-таң. Дәуіт ең момын бала еді. – Өтірік! – деді Рақила қызараңдап. – Түк те өтірік емес. Рас. Мен сындырдым. – Ендеше неге бірден айтпадың? – деді Әтіргүл. – Жұртты осынша дауластырып қойғаның не? – Е,маған сөз тиді ме? Өздерің ғой шуылдасып… Онысы рас. Жұрт шуылдасып жатқанда, бұның өмірі үні шықпайтын. Дәуіт терезені қалай сындырғанын айтып берді. Терезеде қалбалақтап жүрген әдемі көбелекті ұстаймын деп, байқамай әйнекті сындырып алыпты да, сасқанынан сыртқа зып беріпті. Бұл кезде сыныпта ешкім жоқ екен. Балалардың барлығы Рақилаға қарады. – Ау, кезекші! Бұл қалай? Боранбай сындырды деп ең? Оны қайдан көрдің? – деді екі-үш бала. Рақила қысылғаннан жұртқа тура қарай алмады. Есікке тұра ұмтылды. Мән-жай анықталған соң балалар көңілденіп, парталарына жайғасып отырды. Көрмегенді көрдім деу – ең жаман әдет, әрі-беріден соң ол – жалақорлық. Жиында басқасынан гөрі осы туралы көбірек сөз болды. Әтіргүл ұстаз үстелінің қасында жалғыз өзі тұр еді. Жолдастары алдында тауы шағылған Рақилаға жаны ашып, есіктен көзін алмады. «Ұят-ай! Бұрын да осындай ұсақ-түйек оқиғалар болған. Бұдан былай балалар Рақиланың шын сөзіне де сенбей, күмәнданатын шығар-ау. Жолдастарының сеніміне кіру үшін оған қанша уақыт қажет боларын кім білсін!.» · Әңгімедегі оқиғадан сынып оқушыларының қандай жақсы қасиеттерін көруге болады?
|
Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды. |
|
Дәйексөз: Дәйексөз Балалардың жауаптары дәйексөздің түсіндірілуімен түйіндеу: Тақтада жазулы тұрған Ә.Табылдиевтің «Ұжымда болу – бақыт» деген нақыл сөздің мәнін ашып түсіндіру: – Жеке адамның жақсы мінез-құлқы ұжымда көпшіліктің ықпалының арқасында қалыптасады. Сынып ұжымындағы балалар бір-біріне көмек беру, сыныптастарын ренжітпеу, көпшіл болу, ұйымшыл болу, кешірімді болу сияқты қасиеттерді бойларына сіңіруге көп мүмкіндік алады. Бір-бірімен сырласады, достасады, қуаныштарын бірге бөліседі, өздерін бақытты сезінеді. |
Халық мақалы |
|
Шығармашылық жұмыс. Дәптермен жұмыс Сабақта айтылған ойларды оқушылардың бекіте түсуі үшін тапсырма беру. Тапсырма: Дәптерде берілген бос жолдарға өз сыныбыңның үлгі етерлік жақтарын жазыңдар. |
Оқушылар тапсырмаларды орындайды |
|
Топпен ән айту: Дос болайық бәріміз! Сөзі: Х.Талғаровтікі Әні: И.Нүсіпбаевтікі Әрқашан дос біргеміз, Ажырамас іргеміз. Ілгері жүріңдер, Достық жырын біліңдер, Ту ғып ұстап бірлікті! Еңбекті сүйіңдер!
Қайырмасы: Дос болайық, бәріміз, Жарасып тұр әніміз. Тыныштықты сақтаймыз, Атсын күліп таңымыз.
Қайраттанып қарышта, Озып шыққан жарыста. Батыл бас,жас ұлан! Самға биік,алысқа, Жұлдыздарға,ғарышқа, Бойда күш тасыған. Қайырмасы. |
Әнді ерекше көңілмен айтып,сергиді |
|
Дәптермен жұмыс: дәптерде тапсырмаларды өз беттерінше орындайды. |
Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды |
|
Үй тапсырмасы: Мәтінді оқып түсінікайту |
Күнделіктеріне жазады. |
|
Соңғы тыныштық сәті: — Балалар,тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық,қамқорлық,аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме,сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса,сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар. |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген