Шымкент
қаласы №16 жалпы орта
мектебінің
өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Абай
Құнанбаев қазақ әдебиетіндегі ұлы
тұлға, маңдай алды ақын екені, таңдаулы
туындылары дүние жүзі поэзиясының озық
үлгілерімен деңгейлес тұрғаны баршамызға
аян.
Абайды оқи отырып, оның көзқарастары
күні бүгінге дейін нарық экономикасымен
де тікелей үндес екенін байқадым. Абай
әлемі бізді түнде адастырмас темірқазық
тәрізді. Абайдың туындыларын оқи отырып
тірлігіміздің дұрыс-бұрыстығын сараптай
аламыз. Себебі жанды жегідей жеп жүрген
көп сауалдың жауабын Абай атамыз
әлдеқашан айтып кеткенін түсіндім. Абай
атамыздың қара сөздерін алатын болсам,
әрбір сөзінің астарына ұғынатын болсақ
жеті қат жердің астындағы сыр жатыр.
Сол кездің өзінде-ақ Абай атамыз өз
шығармаларында әлемнің сырын аша білген.
Бүгінгі халықаралық жағдайларға
байланысты ұстанып отырған мемлекеттік
ішкі-сыртқы саясатымызға да жауапты
Абайдан табуға болады деп ойлаймын.
«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп»
деген жолдардан халықтар достығы ақын
үшін қатар өмір сүрудің жалаң дипломатиясы
ғана емес, тіршіліктің негізгі мағынасын
айқындайтын ұлы мұрат екені көрінеді.
Ақын көзқарасын қазіргі тілге салсақ,
өзге елдермен достық қарым-қатынаста,
ынтымақтастықта болу саясаты- біздің
ел болып қатарға қосылуымыздың
алғышарттарының бірі деп есептеймін.
Ал
«Біріңді, қазақ, біріңді дос көрмесең
істің бәрі бос»,- деген сөздері – шын
мәнінде ұлт болып ұюымыздың негізгі
шарты.Өз халқымыздың мүддесі үшін
күресте достық, татулық, бірлік керектігін
түсіндім.Ендеше Абай сөздерін тереңірек
ұғынып,онымен өз өзімізді тәрбиелеуіміз
керек деп санаймын.
«Абайды
таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге
танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай
әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы
тиіс» ,− деген елбасының айтқан әдемі
сөзін басшылыққа ала отырып жас ұрпақ
тәрбиесінде Абай Құнанбаев шығармаларының
қосар үлесі зор екенін түсіндім.
Абай
еңбектері - адамгершілік, имандылық,
адалдыққа баулу, адамгершілікке,
бірлікке, ғылым - білімді меңгерген
азамат болуға баулиды.
Мен Абай Құнанбаевтың «Сегізаяқ»
өлеңін оқи отырып қазақ халқы заман
талабына сай еңбек етіп, кәсіпті, сауданы
меңгеру керек деп ойлаймын. Әр адам
өзінің тыныс-тіршілігі үшін, өзі әрекет
жасау керектігін анық көрсетеді. Абайдың
кез-келген өлеңдерін алып қарайтын
болсақ, мағынасы тереңде жатыр.
Сондықтан да әрбір азамат өз халқын,
жұртын өссін өнсін десе Абайдың айтып
кеткен еңбектеріне құлақ асуы керек
деп ойлаймын. Әр бір азамат өз елі мен
жалпыадамзаттың игілігіне риясыз қызмет
етіп, қоғам мүддесін өз мүддесінен
жоғары қоятын ойы, сөзі, ісі бір жерден
шығатын қасиеттерді бойларында шыңдап
қалыптастыруы тиіс. Болашақ ұрпақтарымыздың
бойында өсы қасиеттерді тәрбиелей
отырып Тәуелсіз Қазақстанымызды дамыған
елдер қатарына қосып, көк туымызды
жаһандық аренада желбіретуіміз керек!
Мен
«Өзін-өзі тану» курсына келгелі ұлы
ойшыл ғұламалардың адам өмірі, адами
рухани құндылықтары туралы жазған
философиялық ойлары менің жандүниеме
өзгеріс еңгізіп, өзімнің осы дүниеде
кетігін тауып, бір кірпіш болып қалануыма
күш-жігер бергендей.
Өз
ойымды қорыта келе, Абай атамыздың
рухани өсиеттерінен үйренгенімді,
білгенімді «Өзін – өзі тану» пәнінде
кәсіби шеберлікпен қолдануды, ұстаздық
борышым деп санаймын.Ойы, сөзі, ісі
жарасқан болашақ ұрпақты тәрбиелеу,
яғни мәңгілік жалпыадамзаттық
құндылықтарды бойына сіңірген тұлғаны
қалыптастыру біздің басты міндетіміз
деп санаймын.