400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Өзін-өзі тану пәні бойынша мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал өте құнды және ұстаздар мен оқушыларға берері көп.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мамандығым – мақтанышым!»


Мамандық – жарқын болашақ,

Мамандық – ол еңбек.

Маманыдық – ол адалдық,

Мамандық – ол төзім,

Мамандық –ол сенім,

Мамандық –ол сенің таңдауың!.

Автор Мухатай Марта


Осы жоғарыдағы сөздерге сүйене отырып, мамандық жайлы жазуды қолға алдым. Ең бірініші мамандық туралы сөз қозғалғанда алдымен ойыма мына бір сөз келері анық. Біріншіден жар таңдау, екіншіден мамандық таңдауда қателеспеген жөн деген ұғым. Менің бала кезімде естіген және есте тәрбиелік мәнімен де санамда мәңгілікке сақталғаны анық. Оның үстіне ата-анам және ұстаздарымыз осы сөзді санамызға сіңіріп өсіргендіктен де болар бұл сөз менің өмірілік ұстанымыма айланды. Сондықтанда да маманыдық таңдауда қателеспеген абзал. Мамандық деген бір қарағанда өте қарапайым болып көрінген мен оның маңыздылығына аса назар аударып жатпағанымыз өкінішіті. Сен таңдаған мамандық ол сенің өмірілік серігің!.

Бұлай деуімнің себебі:сен мамандықты сүйсең, сенің де ол мамандық серігің боларына күмәнім жоқ. Адам жетістікке жетудегі бірден-бір себепші ол: сен дұрыс таңдаған мамандық арқылы өз мақсаттарың мен арман қиялдарыңа жете аласың!. Жетістікке жетудің бірден - бір жолы дұрыс мамандық таңдай білу. Өз мамандығын сүйген адам халқына ,еліне, жеріне адал қызмет етеді. Өмірдің өзі шахматтың тасындай ақ пен қарадан құралған. Өмір болған соң талай қиындықтар кездеседі. Осы жерде сәл осы қоғамдағы болып жатқан проблемаларға да тоқтала кетуді жөн көрдім. Қазіргі қоғамда мамандық таңдауда көбінде ең бірінші отбасы, ата- аналары араласып, мамандықты балаға таңдап осы мамандықты оқисын деп жатады. Бұл дегеніміз адамның өзіне жақын емес мамандыққа тәуелді болуының себебінен, сапасыз мамандықтың құрбаны болады.

Қазіргі кезде көптеген жағдайлардың болып жатуы мамандыққа деген ынтасының жоқтығы болып табылады. Сонын кесірінен кінәсіз адамдар зардабын шегеді, сол себептен мамандық таңдауда ешқашан қателеспеу керек. Мамандық жаманы және жақсысы деп бөлінбейді, оны өзіміз өз қолымызбен құртып сапасын жоямыз да, басқа біреуден кінә іздейміз. Мамандықты ең әуелі жан жүрегіңмен сезініп, пайда табам деп емес, пайдалы іс істеймін деп таңда! Сондықтан да дұрыс таңдалмаған мамандық адамның ынтасына, жігеріне, болашағының түп тамырына балта шабу деп түсінген әлдеқайда жеңіл. Көз жүгіртіп қарайтын болсақ, таяқтың екі ұшы болары анық. Бір ұшы дұрыс таңдалмаған мамандық, ал екінші ата - аналардың араласуы салдарынан сапасыз мамандық пайда болады. Асығыс ойлап, қате таңдалған мамандықтың сапасы бола қоймасы анық.

Өмірде жаман мамандық, жұмыста жаман жұмыс деген болмайды, ең басты сол мамандық менің қолымнан келеме? Мен шынайы осы мамандық осы жұмысқа лайықтымын ба?, -деген әр адамның өз ішкі ойы, таңдауы болу керек. Сонда ғана нәтижелі мамандық қоғамда пайда болады. Ең басты өз мамандығына және жұмысына деген қызығушылық болу қажет. Сол арқылы еліне адал еңбек ете алады. Сенің таңдаған мамандығың ғана сенің қызметіңе, жұмыс істеуіне ықпал ете алады!. Осы орайда мына бір нақыл сөз ойыма келіп отыр: «Қолы ойнағаның аузы ойнайды». Бұл дегеніміз адал еңбектің наны тәтті деген ұғым. Еңбек етсең аш болмайсың деген мағынаны білдіреді. Адал еңбекпен келген нанның дәмі мен қадірі мүлдем басқа дер едім. Адам өз таңдаған мамандықты сүю және сол мамандықтың қыр - сырын терең меңгеру ол бір басқа. Адам ең бірінші өзіне сене білген жөн. Сенім бар жерде жетістік бар екенін естен шығармау керек. Мамандық тандау – өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау деген сөз.

Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым - қатынас пайда болды. Қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыстар, сәйкесінше, түрлі мамандықтар келді. Мамандықтың түрі өте көп бірақта біз сол мамандықты өз өмірімізде қаншалықты дұрыс таңдап, қаншалықты өз қызметімізге махаббатпен қарап жүргеніміз өкінішке орай белгісіз.

Мамандық таңдаудың төмендегідей орталарға әсері:

  • біріншіден өзіме,

  • екіншіден отбасыма;

  • үшіншіден қоғамға;

  • төртіншіден өз ортама;

  • бесіншіден еліме;

  • алтыншыдан халқыма - осы аталғандардың барлығына мамандық таңдаудың қатысы маңызды екен ұмытпаған абзал.

Бұрынғы заманда мамандықтың қазіргідей түр - түрі болмады. Әр адам барлық жұмыспен өзі ғана айналысатын. Дегенмен, әйелдер мен ерлерге деп бөлінетін жұмыстар болған. Ерлер аң аулап, үй тұрғызып, қару - жарақ жасаса, әйелдер жеуге жарамды өсімдіктерді жинап, тамақ пісірген, киім-кешек тігіп, бала тәрбиелеген. Қазір мамандықтың түрі өте көп бір қарап отсақ оны жастар қалай таңдап жатқаны бәрімізге белгілі.Қоғамның адам бір бөлшегі болғандықтан қоғамға және елге пайдалы , әлемдік сұранысқа ие мамандықтарды таңдау қажеттілігі бүгінгінің басты мәселесі екені айдан анық. Қоғамда өзі қаламайтын мамандық иесі болып жүрген қаншама адам бар, өз жұмысын жанымен сүйіп істейтін адамдардың да саны аз емес.

Мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауыңызға тілектеспіз деген оймен осы жұмысымды аяқтауды жөн көрдім.

Мамандық менің мерейім,

Ақыл кеңес берейін.

Таңдасаңыз мамандық,

Тілеймін сізге амандық.

Болашақтың жастары,

Болу керек жоспары.

Алдына ала ойлағын,

Мамандықты таңдайтын.

Өз өмірің өзі қолыңда,

Өкініп кейін қалмайтын.

Сен үміткер ұрпақсың,

Болашақты жалғайтын!.

Қанаттарың талмасын,

Болшаққа самғайтын. Осы жұмыстың өлең жолдары өзім екенімді айта кеткенді жөн көрдім.

Осы жазылған шығармалардың мамандық таңдаудағы бір адам ойына ой сала алсақ ол біздің жетістік деп түсінемін. Өз мақсат мұратыңа жету үшін нақты қадам жасай білу керек. Ол үшін адамға адамгершілік, төзім, сенім, өз ойыңды ортаға салып ашық пікір қалдыру, бар білгеніңмен бөлісіп, дұрыс шешім жасауға үйрену қажет деп білемін. Сөзімді қорыта айтсам мамандық-таңдау адам өмірінің ең жауапты кезеңі. Адам өз өмірінің суретшісі қалай өзіңізді ой елегінен елестетіп көріңіз мысалы, 5 жылдан соң мен кім және қандай мамандық иесі боламын деп. Өз –өзіңізді таңдаған мамандық бойынша өзіңізді көре алсаңыз онда дұрыс шешім деп ойласақ болады. Болашақтың жарқын болуы мына сізбен ,біздің қолымызда екеніні есте сақтаңыз! дегім келеді.





Қарағанды Қаласы Абай ауданы «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі

Мухатай Марта

Тел:87787282766

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
641
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі