Аңыз әңгіме (ел аузынан)
Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдарсаны өте көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты. Ол отбасы ерекше екен,отбасының өзара келісімде татулықта өмір сүруі елді таң қалдырады. Оларды ұрыс-керіс дау-жанжал деген атымен болмайды екен.
Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді. Патша естігенінің ақ-қарасын анықтау үшін ауылға келеді. Ауылда тап-таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған.
Патшаның көңілі толы, ерекше бір шаттыққа бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым-қайғысыз, балалары бақытты, мәз-мейрам екен. Бұған патша таң-тамаша болады. Отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді.
Ол ауыл ақсақалына келіп, отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді.
Қарт үнсіз ғана жүз рет «кешірім», жүз рет«бірлік»,жүз рет «сабырлылық» деп қағазға мұқият жазып шығады.
Үш сөзді оқыған патша таң қалады.
-Иә,- деді ақсақал.- Барлық жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құралады,- деді де,сәл ойланып, «және шыдамдылық» деген сөзді қосып қояды.
Сұрақтар:
1.Патша қартттан нені білгісі келді?Неліктен?
2.Отбасындағы татулықтың адам өміріндегі маңызы қандай?
3.Мәтінде қандай қасиеттер арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәні ашылады?
4.Қарттың сөзімен келісесіздер ме?Не себепті?
Жақсылық пен жамандық
Ертеде адам ата өз ұрпағын сынау үшін адамның оң иығына Жақсылық, сол иығына Жамандық отырғызып қойыпты. Адам бір іс жасарда Жақсылық «істе» десе, Жамандық «істеме» деп сыбырлайды екен. Сөйтіп, адамның бойында қай қасиет басым екенін байқау үшін оны сапарға аттандырыпты. Адам біраз жол жүріп, өзен жағасымен жүріп келе жатса,судың жағасына шығып қалған балықты көреді.Балық секіріп суға жете алмай жатыр екен
Жақсылық жаны ашып:
-Адам, ана балыққа көмектесіп жібер,-десе,
Жамандық:
-Қой,жөніңе жүре бер, уақытыңды алма, -дейді.
Адам балықтан әрірек асып барып, мойнын бұрып қарайды. Балық шарасыздан көзі жәутеңдеп, көмек сұрағандай болады. Адам шыдай алмай кері бұрылып барып, балықты суға салып жібереді. Балық ризашылығын білдіріп, суда ойнақшып, секіріп, суға сүңгіп кетеді.
Адам одан әрі жүре береді. Бір теректің қасынан өтіп бара жатып, шыр-шыр еткен дауысты естіп тұра қалады. Қараса,кішкене ғана торғайдың балапаны ұясынан құла қалған екен. Еңкейіп енді көтерейін деп жатса,Жамандық:
-Осы торғайдың балапанына бола жолдан қалмақпысың?
Оны ұясына көтеріп салу үшін теректің басына шығу керек. Мерт болсаң қайтесің? Өзің далада ит-құсқа жем боласың ғой,-дейді.
Адам ойланып тұрып қалады.Осы сәтте Жақсылық:
-Ей, адамзаттың баласы, сен әлсіздерге қорбан болып, қол ұшыңды беру үшін жаратылғансың. Мына бейшара балапанды ұясына салып кет. Шарапаты тиеді,-дейді
Адам тағы да балапанды алып, теректің басына өрмелеп шығып, ұясына салып кетеді.Балапан шиқ-шиқ етіп, қанатын қағып, риза болады.
Адам демалып алмақшы болып отыра бергенде, аяғының астында бидайдың дәнін әрең суйреп бара жатқан құмырсқаны көзі шалады. Құмырсқа дәнің о жақ, бұ жағына шығып,қозғауға ыңғайлы ретін таба алмай,ісі өнбей келеді екен. Адам әуелі Жамандықтың айтуымен құмырсқаны дәнінен айырып тастағысы келіп оқталды да,шыр-пыр болған Жақсылықтың сөзіне құлақ түрді. Ол:
-Әй,адам-ау,қалай ғана адамдығыңнан айнып кетуге әзір тұрасың.Бұл құмырсқа өзінен үлкен дәнді сүйреп,машақаттанып келе жатқанда, қол ұшыңды беріп жолына салып жіберудің орнына, оны қызықтап,ермек қылғың келгені қалай? Одан да еңбек етуді осы кішкентай тіршілік иесінен үйренбейсің бе?-деп налыған екен. Адам өз ойынан ұялып,райынан қайтады.Сөйтіп,Адам ата ұрпағын алдына шақырып алып;
-Міне,балам, жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың. Мен саған үш сын бердім, үшеуінен де өттің, разымын . Енді осылай адамдығынан айнымай, жамандыққа жоламай, жақсылыққа жолдас бол,-деп батасын береді.
Сұрақтар:
1. Әңгімеден жақсылық пен жамандықтың әрекеттерінен не ұқтыңыздар?
2. Достарыңның сіздерге мейірімділік танытып,жақсылық жасаған кездері болды ма ? Қандай?
Әйел неге жылайды?
Кішкентай бала анасынан сұрады: -Сен неге жылайсың?
- Өйткені мен әйелмін.
- Мен түсінбеймін!
Анасы оны құшағына алды да, былай деді: «Сен мұны ешқашан да түсінбейсің».
Бала әкесіне барып сұрады: «Мамам неге себепсіз жылай береді?», «Барлық әйелдер де кейде себепсіз жылайды», - дегеннен басқа жауап таба алмады әкесі.
Бала өсіп,ержеткен соң да таңырқауын қоймады: «Әйелдер неге жылайды?»
Ақырында ол Жаратушыдан сұрады. Жаратушы былай деп жауап берді: «Мен әйелді жаратқанда оның жан – жақты болғанын қаладым».
Мен оған бүкіл әлемді ұстап тұратын мықты, сонымен бірге сәби басын сүйейтін нәзік иықтар бердім.
Мен оған түрлі ауыртпалықтарды көтере алатын мықты рух бердім.
Мен оған өзгелер сүрінгенде өзі алға қарай жүретін және құлағанға көмектесетін, қамқорлық жасайтын, онысы үшін ешкімге шағынбайтын ерік – жігер бердім.
Мен оған баланы, тіпті оны ренжітсе де жақсы көретін мейірімділік бердім.
Мен оған ерінің көптеген кемшіліктеріне қарамастан қолдау көрсететін күш бердім.
Мен оны ерінің жүрегін қорғасын деп оның қабырғасынан жараттым.
Мен оған еріне күш беретін, қиналғанда қасында болатын даналық бердім.
Ақыр соңында, мен оған керек уақытында қашан болса да төгіп тұруға көз жасын бердім.
Саған, ұлым, мынаны түсінуің керек, әйелдің сұлулығы сырт пішінінде немесе киімінде, шашында емес, оның сұлулығы жүрегіне есік ашатын көздерінде. Ал жүректе махаббат мекен етеді , - деді.
Сұрақтар:
-
Жартушының әйелге берген сыйларын негізге алып, «Ананың күші» тақырыбына эссе жаз.
-
Тақырыпты нақыл сөзбен түйінде.
Жүрек жақындығы
Ұстаз өз шәкірттерінен сұрады:
- Неліктен адамдар жанжалдасып, айқайласады?
- Өйткені олар өздерін ұстай алмайды, - деді біреуі.
- Егер адам жаныңда тұрса оған айқайлаудың қажеті не? – деді Ұстаз. Бір – бірімен жай сөйлесуге болмай ма?
Шәкірттері түрлі жауап ұсынса да, Ұстаздың көңілі толмады.
Ақыры ол былай деп түсіндірді:
- Адамдар бір – біріне көңілдері толмай, дауласқанда олардың жүректері алшақтайды. Осы қашықтықты толтыру үшін және бір – бірін есту үшін оларға айқайласуға тура келеді.
Олар қатты ашуланса, қаттырақ айқайлайды.
- Ал адамдар бір – біріне ғашық болса қалай болады?
Олар айқайламайды, керісінше жай сөйлеседі, өйткені олардың жүректері өте жақын болғандықтан, ара қашықтық та кішкентай.
Ал сүйіспеншілік тереңдеген сайын сыбырласудың да қажеті болмайды.
Олар бір – біріне қарағаннан – ақ сөзсіз түсініседі.
Бір – бірін жақсы көретін адамдар бірге болғанда осылай болады, - деді Ұстаз.
Сондықтан, біреумен ренжіскенде, өз жүректеріңе бір – бірінен алшақтауға жол бермеңдер, бір – біріңнің араларыңды алыстататын сөздер айтпауға тырысыңдар. Өйткені ара қашықтық алыстағаны соншалықты, кейін қайтуға жол таба алмайтын күн тууы әбден мүмкін.
Адамды сүю – адамгершіліктің түп қазығы.
Жағдаятты талдап, өз көзқарасыңыз айтыңыз.
Бұл Сиэтлдегі олимпиада ойындары кезінде болған еді. Мүмкіндігі шектеулі тоғыз атлет жүз метрлік қашықтыққа жүгіруге алаңға шықты. Олардың толқулары көрініп тұрды. Олардың әрқайсысының жүздерінен жеңіске жеткісі келетіндіктері байқалатын еді. Белгі берілген сәттегі толқуларын жеңу оларға оңайға түскен жоқ. Көбінде ебедейсіз қимыл қиындық туғызса да, олар алға қарай ұмтылды. Ортада келе жатқан жас атлет кенеттен жолдың шетіне сүрініп құлап, тұра алмай қалды да, мәреге жете алмағанына ызаланып, жылап жіберді.
Стадионның үлкен мониторы құлаған спортшыны анық көрсетті.
Өзге спортшылар ұзағырақ қашықтыққа кетіп қалған еді, экраннан көріністі байқап, тоқтады да, кейін қарай жүгірді. Даун синдромы бар қыз атлеттің жанына отырып, бетінен сүйді де «Тәуірсің бе?» деп сұрады. Келіп жеткен спортшылар баланың тұруына көмектесіп, бәрі құшақтасып финишке қарай қозғалды.
Стадиондағы көрермендер бәрі орындарынан тұрып, қол соқты. Стадион экранынан кез келген қиындықты жеңе алатын осы адамдардың бақытты жүздері барлығына анық көрініп тұрды. Бұл ерекше жандар ұлы даналықты таныған еді. Өмірде ең маңыздысы - өзіңнің жеңісің емес, өзіңнің қозғалыс бағытыңды өзгертіп, тоқтасаң да - өзгенің жеңуі үшін көмектесе алу екендігі.
Сұрақтар:
1. Неліктен көрермендер спортшылардың әрекеттеріне қол соқты?
2. Адам өміріндегі ең маңызды не?
Кешір мені, Жаратқан
«Мен бүгін автобуста алтындай сары шашты, өте әдемі қызды көрдім. Алғашында мен оған қызғанышпен қарадым – ол өте көңілді де, өмірге дән риза болып көрінді. Ол шығар есікке жақындағанда қолында балдағы бар, бір аяғы жоқ екен. Ол автобустан түсіп кетті. Мен қатты ұялдым.
Өмірге көңілім толмаған болса, кешір мені. Мен екі аяғыммен жер басып жүрмін, бүкіл әлем менімен бірге екен ғой».
Мен самса алуға кезекке тұрдым...
Мен алдымда тұрған бозбаламен біраз әңгімелестім, ол маған өте ұнады. Ол кетерінде «Сіз мейірімді адам екенсіз, көп рахмет, көріп тұрсыз ғой, менің соқыр екенімді» деді.
Мен бақытты екенмін,
Бүкіл әлем көз алдымда
Менің налыған кезім болса, кешір жаратқан ием!
Көшеде кетіп бара жатып мен ойнап жүрген басқа балаларға қарап тұрған көгілдір көзді баланы байқадым. Мен оның қасына жақындадым «Сен неге оларға қосылмайсың?» деп сұрадым. Ол маған қарады да, үндемеді, мен оның мылқау және құлағы естімейтінін түсіндім.
Кешір мені Жаратқан!
Мен дүниедегінің бәрін естимін,
Қандай бақыттымын!
Менің қайда барғым келсе де, бара алатын аяқтарым бар, құстың сайрағанын еститін құлақтарым бар, ойлағанымды жеткізе алатын тілім бар.
Мен бақытты екенмін
Кешір мені, Жаратқан,
Бүкіл әлем менікі.
-
Барға қанағат ету, шүкіршілік ету, алғыс сезімі адамдағы көре алмаушылық, қызғаныш, сарандық сияқты қасиеттерді жоя алады.
-
Адамдармен жақсы қарым – қатынаста болу үшін өзіңнің және өзгелердің жақсы жақтарын көре білу керек.
-
Біз өз кемшіліктерімізді, мінезімізді өзгерту арқылы тағдырымызды өзгерте аламыз.
Сұрақтар:
-
Сені рухани бай болуға жетелейтін үш қасиетті сипатта.
-
Біз өз кемшіліктерімізді, мінезімізді өзгерту арқылы тағдырымызды өзгерте аламыз ... ойды жалғастыр

Дұрыс әрекет
құндылығы
(Бұл борыш пен жауапкершілікке, ішкі ар-ұждан дауысына сәйкес мінез –қылық)
«Жай бір адам» әңгімесі.
Көшеде бір ер бала мен қыз бала келе жатты. Олардың алдында мен сияқты бір әжей кетіп бара жатты.
Көше сондай тайғанақ екен. Әже тайып жығылып қалды, бала қасындағы қызға сөмкесін бере салып, өзі әжейді сүйемелдеуге жүгірді.
Ол қайтып келгенде, қыз:
-Бұл сенің әжең бе? – деді.
-Әжем емес, - деп жауап берді бала.
-Шешең бе? – деп таңданды қыз.
-Шешем де емес.
-Енді, танысың ба?
-Ешкім де емес, - деді бала күлімсіреп, - көшеде кездескен жай бір адам.
Сұрақтары:
-Айналаңдағыларға қалай қуаныш сыйлауға болады деп ойлайсыздар?
-Саған қиындық кездескеде ешкім көмектеспесе өзіңді қалай сезінер едің?
-Басқаларға көмегің тиген жағдайда қандай сезімге бөленесің? Неліктен?
-Өзгелер саған көмектескенде не сезіндің?
Арман
Қалың қар жауған қыстың бір күні, Арман қолына күрек алып, есік алдын тазалауға кіріседі. Көрші үй жаққа қарап еді, үйге барар жолы жасалынып дап-дайын болып тұрғанын көрді. Ертеңіне қайта қар жауады. Арман көршісінен қалыспайын деп, бұл жолы әдеттегіден жарты сағатқа ерте тұрады. Далаға шығып қараса, көрші үйдің есік алды баяғыдай тазаланып қойылыпты. Үшінші күні болса, қар кешегіден де көп жауған. Бірақ бұл жолы да, Арман жолды тазалау үшін ертерек тұрса да, көршісінің үйіне жол тазаланылып қойылғанын көреді. Көршісімен кездескен сәтте, Арман тура сұрайды: «Сен есік алдындағы қарды қалай ғана тазалап үлгересің?» Әр көргенімде үнемі тап таза болып тұрады» ,-дейді. Көршісі оған: «Жолды қардан ешқашан тазалаған емеспін. Келіп-кететін достарымның көптігінен болса керек, жол өздігінен-өзі тазаланып, осылай болады»»-дейді.
Сұрақтары:
-
Бұл адамнан қандай қасиеттер байқадын?
-
Арманнын көршісі қандай адам?
-
Бұл мәтінде қандай ой түйдің?
-
Арманның орнында болсаң, қандай амал қолданар едің?
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Өзін-өзі тану пәні бойынша тапсырмалар

шағым қалдыра аласыз