жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Өзін-өзі тану пәні оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелейді.
Өзін-өзі тану пәні оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелейді.
Мақтаарал ауданы Береке ауылы
№47 Әл-Фараби атындағы ЖОМ
Өзін-өзі тану пәні мұғалімі
С.А.Кыдыралева
Бүгінгі таңдағы мемлекеттік өзекті мәселелерінің бірі – Қазақстан Республикасының азаматтарының патриоттық рухын көтеру болып табылады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Біздің басты жетістігіміз – тәуелсіз Қазақстанды құрғанымыз», – деп, Қазақстан халқының тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерін талдап, саралап, оның ішінде «Қазақстан – 2030» стратегиясының қорытындысын, нәтижелерін, жетістіктерін айтып өткен еді. Дәл қазіргі таңдағы қоғамдық тұрақтылық пен келісімнің арқасында халықаралық аренада таныла бастағанымызды айтқан Елбасы халықтың мерейін өсіріп, бір серпілтіп тастаған еді. Сонымен қатар «Қазақстан жастарын отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір адамзатты өзін-өзі айқын билеуін қалыптастыру» екеніне басты назар аударған болатын.
Осы тұрғыда мектепте оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеуді «Өзін-өзі тану» пәнінің алатын орны ерекше деп айтуға болады. Бұл пәнде оқушының өзін-өзі тануымен қатар өз елін, жерін, оның рәміздерін сыйлап, құрметтеуге үйрететін сабақтар оқушылардың жүректерінен жол тауып, олардың патриоттық рухын көтеріп, азаматтық тұлғасын қалыптастыруға қосатын үлесі зор.
Айта кетсек 2-сыныптағы «Өз еліңнің патриоты болу» сабағында сабақтың мазмұнында берілген материалдар оқушылардың өз елін тануға, рәміздерін білуге, патриоттық сезімін оятуға, мемлекеттік тілге құрметпен қарап, өз елін мақтан ету сезімдерін тәрбиелеуге толықтай мүмкіндік береді. Сабақта берілге мәтін, дәйексөз, шығармашылық жұмыстар және ән айту арқылы оқушылар ұлттық намыс әрбір ұлт өкілінің отансүйгіштік қасиетін көрсететін жігерлі сезімнің, саналы іс-әрекеттерінің көрінісі екендігін терең сезініп, өзіндік саналарының қалыптасуына және оның дамуына екі тұрғыдан қарауға болатынын, яғни біріншісі: сезімдік, түйсіктік – өз елін, халқын, ұлтын сыйлайтын, сүйетін алғашқы ыстық сезімне туса, екіншісі: өз елінің, халқының, ұлтының өткенін, қазіргісін, келешегін толық біліп, тексеріп, халық тағдырына, ұлт мәселелеріне мемлекеттік, елдік, тіпті әлемдік тұрғыдан қарап, аңғару арқылы болатынын түйсінеді.
Сондай ақ 8-сыныпта «Елімдеп соғар жүрегім» атты сабақта оқушыларды «Отан», «ел» ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін тереңірек түсініп, Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуде өте жақсы құрал бола алды. Осы сабақта Қ.Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» шығармасынан үзінді берілген. Оқушылар мәтінді оқи отырып мәтіндегі негізгі идеяны немесе түйінді сөздерді тауып, мағынасын талқылай отырып, өздерінің туған жердің қасиетін қалай түсініп, бағалайтындарын ортаға салуларын, елге, жерге деген шексіз махаббаттарын аңғаруға болады. Сабақтағы берілген ақпараттарды түйіндеу мақсатында оқулықта М.Шахановтың «Өз туған жеріңе деген сүйіспеншілігіңді ең алдымен отбасыңа, ауылдастарыңа арнамай тұрып, барша әлемді сүю мүмкін емес» деген қанатты сөзі әрбір оқушыға үлкен сабақ болды.
«Өзін-өзі тану» сабағындағы тағы бір ұтымды әдіс-әңгімелесу. Яғни осы сабақтың әңгімелесуінде берілген сұрақтар балаларға өтіліп отырған тақырып жайлы ойлануға мүмкіндік туғызып, өзінің ой тұжырымын жасауға мүмкіндік береді. Мысалы: Елің, жерің үшін жасаған азаматтық ерлікке жата ма? Өзіңе «Мен болмасам кім?» деген сұрақ қойып көрдің бе? Деген сұраққа балалар жауап бере отырып, олардың бойында ұлттық намыс пен ұлттық мақтаныш сезімі оянып, туған елге қызмет етуге деген құлшыныс, елінің жарқын болашағына сенім ұялағаны сөзсіз. Сабақта балалардың бойында Отанға, елге, жерге деген сүйіспеншілікті оятуда педагогтың да қосатын үлесі орасан зор болып табылады. Сондықтан педагог оқушылардың әңгімелерін қорытындылап, олардың туған жеріне деген ыстық махаббаты, атамекенді қастерлеуі, халқының атына кір келтірмеуге талпыныстары, өз бойындағы күш-қуаты, білімін халық мүддесінің игілігіне жұмсауға ұмтылыстары олардың рухани өсулері, Отан алдындағы перзенттік борыштары екендіктерін ұғындыра түсуге зор күш салуы тиіс.
Сонымен қорыта келгенде, қазақстандық патриотизм, ол – бүкіл қазақстандықтарға тән. Себебі бізде ортақ Отан, ортақ тарих, ортақ салт-дәстүр, ортақ тіл мен мәдениет. Басқа ұлт өкілдері осыны саналы түрде қабылдауы тиіс. Қазақстандық патриотизм мен ұлтаралық татулықтың маңыздылығы Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тарихи еңбектері толық қамтылып, жазылған. Бұның өзі көп нәрседен хабар берсе керек.
Сөз соңын Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан үзінді келтіре отырып түйіндесем:
«2050 жылға қарай біз Қазақстанның кез келген азаматы ертеңгі күнге, болашаққа өте сенімді болатындай саяси жүйе құруымыз керек. Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені, өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс. Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс».

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген