«Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған Физика пәні сабағының жоспары.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған Физика пәні сабағының жоспары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған

Физика пәні сабағының жоспары


Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалім: Эжигалыева Д

Асанова А

Сынып: 8 «А»

Оқушы саны: 4

Тақырыбы: Жылулық құбылыстардың тірі ағза тіршілігінде алатын рөлі

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: Мейірімділік, бауырмалдылық, риясыздық


Сабақ мақсаты: Оқушыларға жылулық құбылыстардың тірі ағза тіршілігінде алатын рөлі туралы түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Сабақ міндеттері:

Білімділігі:

- Оқушыларға температураның тірі ағзадағы орны туралы оқушыларға ұғым қалыптастыра отырып, мейірімділік қасиетінің мәнін ашу ;

Дамытушылығы:

-Оқушылардың ойын өз бетінше кітаптағыны игеруге қалыптастырып, терең ойлауға дамыту.

Тәрбиелілігі:

-Оқушыларды мейірімділікке, бауырмалдылыққа, риясыздыққа тәрбиелеу.

Пән аралық байланыс: өзін – өзі тану,география

Түрі: Жаңа кіріктірілген сабақ

Ресурстар:

(материалдар, көздері)

оқулық, дәптер, ән мәтіні, инербелсенді тақта, қима қағаздар,

Сабақ барысы:

Сыртқы интеграция

(Өзін-өзі тану сабағының әдістемелік тәсілдерін қолдану)

Ұйымдастыру кезеңі(2 мин.)

5Т ережесін еске түсіру

Тәртіп

Талап

Тыныштық

Тазалық

Татулық


1.Жағымды көңіл күйге бөлеу (3 мин)

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте шұғылалана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, балаларыңызға, мұғалімдерге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз…

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

2.Үй тапсырмасы (5 мин)

1.Жылу берудің тәсілдерін атаңдар?

2.температураны қалай өзгертуге болады?


3. Дәйексөз (5мин)

Т уған үйдің түтіні жылы,

Туған ананың күтімі жылы.

1.Хормен оқыту

2.Оқушыларға дәптерге жазғызу

-Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

3. Балалардың жауаптары негізінде дәйексөзді қорытындылау


Ішкі интеграция (15 мин)

Сабақ тақырыбымен жұмыс

Жерде өмір сүру мүмкіндігі қоршаған ортаның температурасына тәуелді. Денелердің температурасының өзгерісі кезінде болатын құбылыстар адамдардың ,аңдардың және өсімдіктердің тіршілігінде зор рөл атқарады.

Орыс жазушысы Михаил Пришвин «Табиғаттағы барлық жылу - күннен, өмірдегі барлық жылу адамнан» дегендей әрбір адамның жүрегінде жылуы болса бір – біріне мейірімді, жанашыр,қайырымды , бауырмал, тату болса әлемдегі адамдардың барлығы қуанышта , бақытты өмір сүреді.

Балалар күнді барлықтарымыз білеміз. Күн жер бетіне адамдарға, өсімдіктерге, жануарларға , жарық пен жылу береді. Өздеріңді күнге теңеп көріңдерші.Сендер күн шуағындай табиғатқ,жануарларға,жан – жағыңыздағы адамдарға мейірімді, бауырмал,риясыз жақсылық жасасаңдар , жер беті, адамзат түгелі құлпырып, жанарланып тұрады. Ол сендердің сәулелеріннің,яғни жан – жылуларыңның арқасында.

Жердегі негізгі жылу көзі Күн! Күн бүкіл жер шарын қоршап тұрған газ тәрізді қабыққа әсер етеді. Соның нәтижесінде топырақ, ауа, теңіздер мен мұхиттардағы су жылиды. Топырақты қыздыра отырып күн жылуы топырақтағы өсімдіктердің тұқымдарына, микроағзаларға және онда тіршілік ететін жәндіктерге тіршілік күшін береді.

Күн адамдар мен аңдарға да қажет. Олар су мен азықсыз тіршілік ете алмайтындықтан, тікелей болсада күнге тәуелді.

Климат пен ауа райы – бір нәрсе емес. Климат – бұл географиялық жағдайына қарай қалыптасқан ауа райының көпжылдық режімі.

Шығармашылық жұмыс.

ІІ,ІІІ тақырыпшаны балалар өз бетімен оқыйды,

Кеспе қағаз сұрақтары:

  1. Ешкі түбіті неге өте жылы болып келеді?

  2. Жылы ас үйдің жапқышы неліктен есік ашылса ұшады?

  3. Жазда неліктен күн ыссы болады?

  4. Күн көзі табиғатқа қалай әсер етеді?

  5. Дене температурасы жоғарлағанда және төмендегенде қандай өзгерістер байқалады?

  6. Неліктен солтүстікте таңқурайды

  7. Адам тамақты не үшін ішеді?

  8. Денеңіздің қай жері жылу шығарады?

  9. Адам терісі қандай қызмет атқарады?

  10. Неліктен аяқ пен қол бірінші тоңады?

  11. Тұрғын үйді адамдар не үшін қолданады?

Жүректен жүрекке!

Тақтадағы жүрекше салынған плакатқа жүрек түпкіріндегі жылы сезімдерін стикерге жазып жапсырады.


5.Үй тапсырмасы: №3 эксперименттік тапсырма

Металл мен шынының, су мен ауаның жылуөткізгіштігін салыстыру .

6.Топпен ән айту (5 мин) «Мейірімді болайықшы ағайын»

Сөзі: С. Қали

Әні: Қ. Махан


Көктем етіп көркейтсе де маңайын,

Көріп жүрміз өкпешілдің талайын.

Өшігуді қояйықшы өзгеге,

Кешірімді болайықшы, ағайын!


Көк нөсерін көл етсе де жауындар,

Көк пен жерді сел етсе де дауылдар.

Пейілдерді пенделікпен тарылтпай,

Мейірімді болайықшы, бауырлар!


Көк нөсерін көл етсе де жауындар,

Көк пен жерді сел етсе де дауылдар.

Пейілдерді пенделікпен тарылтпай,

Мейірімді болайықшы, бауырлар!


Ел болғанмен емеспіз ғой онша көп,

Сонда дағы бөлінумен шаршап ек.

Өзімізге қалайтұғын нәрсені,

Тілейікші өзгеге де, болса деп!


Ұлттың қамын жүректермен ұғынып,

Жұрттың жүгін көтерейік жұмылып.

Қаратайық Құбылаға жүздерді,

Таратайық адамзатқа жылылық!


Сабақтың қорытынды сәті Балалар, бүгінгі сабақта айтылған жақсы қасиеттерді жүректеріңе сақтап алыңдар. Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!










 


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
1536
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі