Ақтау
қаласы
«Саламат
Мұқашев атындағы
№16 жалпы білім
беру орта мектебі»КММ
Өзін-өзі
тану пәні мұғалімі
Өтесін Айман
Өзін-өзі
тану пәнін оқытуда өздік жұмыстарды
ұйымдастыру арқылы құндылықтарды
меңгерту
Өзін-өзі
тану сабағында оқушының рухани өсуіне,
өзін-өзі тануына, шығармашылық қасиетінің
дамуына, дүниетанымының кеңейуіне
басшылық жасау.
Өзін-өзі
тану пәні адамды жеке тұлға ретінде
тәрбиелеуге бағыт ұстайды. Әрбір жеке
тұлға, жеке азамат өмірдің мәнін түсініп,
өзіндік орнын табуы үшін ішкі мүмкіндіктерін
аша білуі қажет. Осыған орай өтілген
әрбір сабақ баланы өзінше ойлауға, шешім
шығаруға, өз ісіне жауапты болуға
баулиды. Өзін-өзі тану бойынша оқу
процесін ұйымдастырудың маңызды шарты
балалардың жас және психологиялық-физиологиялық
ерекшеліктеріне сәйкес эмоциялық
жайлылықты қамтамасыз ететін денсаулық
сақтау ортасын құру болып табылады
Шығармашылық
тапсырмаларда
Балалардың
құндылықтарды қаншалықты меңгергенін
анықтау мақсатында тапсырманы билет
арқылы беруге болады. (Тапсырманың
шарты: Әр билетте 3 құндылық берілген.
Сұрақтар адамгершілік сапалары жайлы
болу керек. Біріншісі туралы жан-жақты
жазу керек, ал қалған екеуі жайлы қысқаша
жазу жеткілікті. Кітаптар, оқулықтармен
пайдалануға болады. Тек көшіруге
болмайды.)
Ең бастысы – құндылық жайлы алған әсері.
Мұғалім дәл сол алған әсерлерді бағалайды.
Ең жақсы жазған – «Ең мейірімді», келесі
«Ең әдепті» т.б сияқты номинациялар
беріледі.
Сабақтың
тақырыбын ашу мақсатында, сабақ барысында
тиімді әдіс-тәсілдерді енгізіп, оны
ұйымдастыру формасын түрлендіріп отыру
– мұғалімнің басты міндеті екені
белгілі. Сабақ барысында балалардың өз
ойын еркін жеткізуі, балалардың көбірек
сөйлеуі маңызды.
«Өзін-өзі
тану» пәнін оқыту арқылы оқушылардың
рухани- адамгершілік құндылықтарын
қалыптастырудағы негізгі мақсаты –
өзіндік адамгершілік құндылықтарын
бала бойына дарыта отырып, оның рухани
қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы
жеке тұлға ретінде жетілдіру.
Рухани
тәрбие адамның ізгілік ұстанымдарын
тәрбиелейді. Жеке тұлғаның ақыл-ойы мен
іс-әрекеттерін жүрек арқылы ізгілік
мұраттарға бағыттап, өмір даналығын
түсінуге рухани көзқарас қалыптастырады.
«Өзін-өзі
тану» пәні басқа пәндерден алған білім
мазмұнын толықтырып, адам баласын
адамгершілікке, мейірімділікке,
кішіпейілділікке баулитын пән. Бұл
пәннің әрбір сабағы балаларды достыққа,
сыйластыққа, әсемдікке, әдептілікке
шақырады.
Өзін-өзі
тану арқылы жеке тұлғаның бойында
рухани-адамгершілік қасиеттердің
қалыптасып, дамуын қамтамасыз етуімен,
адамзаттың табиғатпен үйлесімділікке
дамуын сезіндірумен айқындалады
Рухани–адамгершілікке
тәрбиелеу дегеніміз оқушы өміріндегі
орнын, жауапкершілігін түсініп, өзін-өзі
жетілдіріп, айнала қоршаған адамдар
мен кез-келген затқа, жан-жануарларға
және экологияға жақсылық тілеп,
қайырымдылық жасауға тәрбиелеу. Сондықтан
рухани-адамгершілік білімі жеке тұлғаны
қалыптастырудың негізі болып табылады.
«Өзін-өзі
тану» пәнінің мақсаты - өздерінің дене
және рухани күштерін жете бағалайтын,
өз тілегі мен сезімін қажетті арнаға
бұра алатын, өзіне талап қоя алатын, өз
күшіне, өз қабілетіне, өмірлік мақсаты
мен міндетіне жету жолындағы мүмкіндігіне
сенімді, Отанын, елін-жерін сүйетін,
рухани-адамгершілік құндылықтары
қалыптасқан толық адамды тәрбиелеу.
«Өзін-өзі
тану» пәнінің басты ерекшелігі сонда
– бұл пән адами құндылықтарды оқытуға
бағытталған. Ал «адами құндылықтарды
шынайы оқыту дегеніміз бұл қағидалар
практикада, күнделікті өмірде қолданылады
дегенді білдіреді.