Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өзін-өзі тану пәнінде қолдануға арналған аңыз әңгімелер

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық сыныптың оқушыларына мұғалім сыйы ретінде ұсынуға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бүркіт пен оның балапандары (аңыз)

Баяғыда таудың қиясын мекендеген бір ерекше қасиетті қыран өмір сүріпті. Өзгелерге өрлігімен өнеге болған әлгі бүркіт бір жылы өмірінде бірінші рет үш балапан басып шығарыпты. Балапандардың қанаттары қатайып, ұясынан ұшып шығуына аз уақыт қалғанда бүркіт үш балапанын уысына қысып, теңіз төсіне алып шығыпты. Ұшып келе жатып ол, өзіндік өмірге қанат қаққалы тұрған балапандарынан соңғы рет сынақ алып, былай деп сұрапты: -Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, мәпелеп бағып-қаққанымды жақсы білесіңдер. Ертең өскесін, осының өтеуі ретінде маған қандай жақсылық жасайсыңдар?

Біріншісі айтыпты: -Анашым, сенің ақ сүтіңді ақтау үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Мен сені өмір бойы қанатыма мінгізіп алып жүрем. Дүниенің төрт бұрышын түгел аралатам, таңғажайып тамашаларды көзіңмен көретін боласың.

Бүркіт басын шайқап, уысындағы балапанын теңізге тастап жіберіпті. Бірінші балапан теңіз тұңғиығына батып кете барыпты. Сосын екіншісіне бұрылып: -Ал сен не айтасың,-депті.

Екіншісі айтыпты: -Анашым, мен сені ел аралатып, босқа әуре қылмаймын. Ғаламның барлық кереметтері мен қызықтарын алдыңа әкеліп берем, ішкенің алдыңда, ішпегенің артыңда болады.

Бүркіт тағы да басын шайқап, уысын жазып жібергенде, екінші балапан да біріншінің соңынан кете барыпты. Бүркіт үшінші балапанына бұрылып, жарықшақ толы дауыспен былай депті: -Ал, сен мені қалай жарылқамақсың?

Сонда үшінші балапан былай деп үн қатыпты:

-Анашым, өтірік қанша тәтті болса да, саған ащы ақиқатты ақтармасқа амалым жоқ. Маған жасаған жақсылықтарыңның шеті де, шегі жоқ екенін, оны өтеуге менің барлық ғұмырым жетпейтінін жақсы білемін. Дегенмен, менің өмірім сені әлемді аралатуға да, сан түрлі ғаламаттарды алдыңа алып келуге де арналмайтынын айтқым келеді. Мен, сенің маған жасаған жақсылықтарыңның барлығын өз балапандарыма жасау үшін өмір сүретін боламын.

Кәрі бүркіт сонда ғана көкірек кере терең дем алып: -Біздің әулет аманатын алға апарар, қыран деген атқа лайық бола алар ұрпақ туылғанына көзім енді жетті,- деген екен.

Екі қасқыр (аңыз)

Баяғының қарттары енді ғана ес біліп келе жатқан немерелерін алдына алып, өнегелі өсиеттерді ақылды аңыз, есті ертегі түрінде жастайынан келер ұрпақтың құлағына сіңіре береді екен. Сондай кемеңгер қариялардың бірі немересіне өмір сырын былай деп айшықтап айтып жатыр екен:

-Әр адамның көкірегінде екі қасқырдың өзара тайталасына ұқсас тартыс жүріп жатады. Оның бірі күншілдік, қызғаныш, өзімшілдік, өтірік сияқты жаман қасиеттерді бейнелесе, екіншісі – сенім, шындық, мейірім, адалдық секілді жақсы қасиеттерді бейнелейді. Бұл екі қасқыр сәт сайын, қадам сайын айқасып, өмір бойы күресумен болады ...

Сонда зерделі немересі атасының сөзін бөліп, былай деп сұрапты:

-Ал ең соңында қай қасқыр жеңеді?

Атасы сәл ойланып, немересінің пайымдылығына сүйсіне отырып, жауап беріпті:

-Сен қайсысын көбірек қоректендірсең, сонысы жеңеді. 

Бір жұлдызды құтқару (аңыз)

Кіріспе: Ер жігіт көлді қотарып, тауды қопарып тастамағанмен, жұрттың жағдайын жақсарту үшін  қарлығаштың қанатымен су сепкеніндей сеп бола алса, тамшының тасты тескені емес пе?

Аңыз: Теңіз жағасын жағалап  келе жатқан бір кісі бір нәрселерді жерден алып теңізге лақтырып жатқан бір баланы көреді. Жақындағанда оның толқынмен жағаға шығып қалған теңіз жұлдыздарын құтқармақ болып жатқанын байқайды. Ал көкжиекке дейін созылып жатқан жаға болса, теңіз жұлдыздарына толып-ақ қалған екен.

-Сен не істеп жатырсың?-деп сұрайды әлгі кісі.

-Бұлар ертең су қайтқанға дейін жағада қалып қойса, өліп қалады ғой,-дейді бала таңырқап.

-Бұл ақымақтық қой!,-дейді қызбаланып әлгі адам, -қарашы олар қаншама, жағада мың емес, миллионы жатыр. Бір өзің ештеңе өзгерте алмайсың, сенің осы жасап жатқан тірлігіңнің мәні бар ма?

Бала жерден келесі теңіз жұлдызын қолына алып, шамалы ойланып тұрып, былай депті:

-Менің жасаған тірлігімнің мәні мен маңызы өте зор, әсіресе …  мына бір теңіз жұлдызы үшін.

Түйін: Халық айтқандай, төбе түйірден, теңіз тамшыдан құралады. Өзгелер үшін жақсы нәрсенің бәрін бірден жасау мүмкіндігін күткен адам ештеңе жасамайды, өйткені ондай мүмкіндік сирек кездеседі. 


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.05.2018
1360
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12