жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Өзін-өзі тану пәніне арналған әңгіме-ертегілер жинағы
ҰР, ТОҚПАҚ!
Бұрынғы өткен заманда бір шал мен кемпір болыпты. Шал мен кемпір кедей болып, тұзақ құрып күнін көреді екен. Бір күні шал тұзағын келіп қараса, бір қаз түсіп қалыпты. Шал қазды тұзақтан босатып алып, бауыздайын десе, қаз шалға айтыпты:
– Сен мені босат! Менен не сұрасаң, соны бір жылдан кейін ал,– дейді.
Шал мақұл көріп, қазды босатып қоя береді. Үйіне келіп, жаңағыны айтса, кемпірі шалға ұрсады. Шал:
– Қой, сен түк білмейсің!– деп, сөзін тыңдамай, жүре береді.
Бір жыл өтеді. Шал қазға бармақшы болады. Жүре-жүре, бір жерге келсе, өңкей түйе жайылып жүр екен. Келіп, түйешіден:
– Бұл кімнің түйесі?–десе:
– Бұл Қазбайдың түйесі,– дейді.
«Бүл Қазбай – баяғы қаз екен»,– деп шал ойланып тұрып, жүріп кетеді. Бір жерге келіп:
– Бұл кімнің қойы? – деп, қойшыдан сұрайды.
Қойшы:
– Бұл Қазбайдың қойы,– дейді. Шал жаңағы қойшы баладан:
– Шырағым, Қазбайдың бұдан басқа несі бар?– дейді.
Бала шалға:
– Қазбайдың үш жақсы нәрсесі бар. Біреуі: «Піс, қазаным, піс!»–десе, әр түрлі тамақ пісіп шығады, енді біреуі: «Құс, есегім, құс!»–десе, есегі
алтын құсады, тағы біреуі: «Ұр тоқпағым, ұр!»–десе, адамдарды ұра береді,– дейді.
– Мақұл,– деп шал жүріп кетеді.
Шал Қазбайдың аулына келеді. Қазбай шалды күтіп алады. Шал Қазбайдан «Піс қазанын» сұрайды. Қазбай сұрағанын береді.
Шал алып үйіне келе жатса, бір жерде асық ойнап жатқан балалар шалға:
– Ата, асқа түс!– дейді.
Шал асқа түседі. Үйге кіріп бара жатып, шал балаларға:
– Шырақтарым! «Піс, қазаным, піс!» демеңдер,– дейді.
Шал үйге кіріп кеткен соң, балалар тыңдасын ба: «Піс, қазаным, піс!»– деп, шулап қоя береді.
Сүйдегенде, әр түрлі тамақ пісіп, даяр болады. Балалар қазанды айырбастап, алып қалады.
Шал қазанды үйіне алып барып: «Піс, қазаным, піс!»– десе, еш нәрсе піспейді.
Шал қазанды алып, Қазбайдың үйіне қайта келеді. Қазбайға:
– Бұдан еш нәрсе шықпады,– дейді.
Қазбай қазанды алып:
«Піс, қазаным, піс!»– десе, еш нәрсе шықпайды.
Қазбай қазанның орнына шалға есекті беріп жібереді. Шал есекті алып үйіне қайтады. Жолда келе жатса, балалар шалға:
– Ата, асқа түсіңіз!– дейді.
Шал асты тастағысы келмей, есектен түседі. Үйге кіріп бара жатып, балаларға:
– Шырақтарым! «Құс, есегім, құс!» демеңдер,– дейді.
Балалар:
– Мақұл!– дейді.
Шал үйге кіріп кеткен соң-ақ, балалар: «Құс, есегім, құс»– десе, есек алтын құсады. Балалар есекті айырбастап, орнына басқа есек қояды.
Шал есекті алып үйіне кетеді. Кемпір:
– Қаздан барып алып келгенің осы ма?– дейді.
Шал есекке: «Құс, есегім, құс!»– десе, есек еш нәрсе құспайды. Шал есекті алып, Қазбайға тағы қайта келеді.
– Есек еш нәрсе құспайды,– дейді.
Қазбай есекті алып:
«Құс, есегім, құс!» десе, еш нәрсе құспайды.
Шалға Қазбай «Ұр тоқпағын» береді. Шал «Ұр тоқпақты» алып келе жатса, баяғы жерде тағы да балалар жүр екен.
Балалар шалға:
– Ата, асқа түс!– дейді. Шал үйге кіріп бара жатып:
– Шырақтарым! «Ұр, тоқпағым, ұр!» демеңдер,– дейді.
Шал үйге кіріп кеткен соң, дәндеген балалар: «Ұр, тоқпағым, ұр!»–дейді. Тоқпақ балалардың әрқайсысын ал кеп ұр! Ұрып жүр, ұрып жүр… Балалар тоқпаққа жалынады: «Ойбай, «Піс қазаныңды», «Құс есегіңді, берейік!»– дейді. Шал келе жатып, естіп қояды.
Шал келіп:
– «Піс қазанды», «Құс есекті» бересіңдер ме?– дейді.
Балалар:
– Мақұл! Әкеліп береміз!–дейді. Шал «Ұр тоқпақты қойғызады. Балалар «Піс қазанды», «Құс есекті» әкеліп береді. Шал «Піс қазанды», «Құс есекті», «Ұр тоқпақты» алып, үйіне келеді. Сөйтіп, мұратына жетеді.
Түлкі мен ешкі
Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні көреді.
- Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? – депті.
- Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім. Апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп тұнық суы бар екен, – депті түлкі.
Мұны естіп ешкі: «Мен де салқындайын, әрі су ішейін», – деп ойлап, секіріп апанға түсіпті. Сонда түлкі секіріп ешкінің үстіне мініп, онан мүйізіне табан тірепті де, ырғып далаға шығып, жөніне кетіпті.
«Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар» деген сөз осыдан қалыпты.
Ай мен күн
Өткен
заманда біреудің Айсұлу және Күнсұлу
деген екі қызы болыпты. Екеуі де теңдесі
жоқ сұлу екен. Бірінен-бірі асқан сұлумын
деп бірімен-бірі үнемі
ұрысысып,
жиі-жиі жанжалдасып қалады екен. Бір
күні Күнсұлу іс тігіп отырған Айсұлуға
тиісіп:
– Сенен мен сұлумын! - дейді.
Ал Айсұлу болса:
– Жоқ, сен сұлу
емессің, мен сұлумын! - деп таласады.
Ақыр аяғында бұл талас үлкен шатаққа
айналады. Ыза қысып, әбден ашуланған
Күнсұлу өзіне қарсы келіп отырған
Айсұлудың бетін тырнап алады. Күнсұлу
тырнағының ізі Айсұлудың бетінде
өшпестей болып қалады. Міне, содан бері
Айсұлу жұрттан ұялып, тек түнде ғана
тысқа шығады екен. Ал бейбастақтығынан
қатты ұятқа батқан Күнсұлу түн
қараңғылығында бұғып жатады екен. Содан
бері Айсұлу мен Күнсұлу біріне-бірі
көрінбейді.
Ай неге жалаңаш қалды
Бірде ай өзіне көйлек тіктіріп
алмақ болыпты. Тігінші айдың бой
тұрқын өлшеп алады да көйлекті пішіп,
тігуге кіріседі. Уәделескен шағында Ай
көйлегін алуға келсе, көйлегі әрі тар,
әрі қысқа болып шығыпты.
- Иә, мен
қателескен екем, - дейді тігінші. Сөйтіп,
көйлекті қайта пішіп, қайта тіге бастайды.
Уәделескен мерзім жақындап, Ай көйлегін
алуға тігіншіге тағы келеді.
Бұл жолы да көйлегі шақ келмей, қысқа
болып қалыпты.
- Иә, тағы да дұрыс
өлшемеген екем ғой, - дейді. Айдың толыса
беретініне түсінбеген тігінші. Сонымен
қайта өлшеп, қайта пішіп, қайтадан тігуге
кіріседі.
Ай тағы да көйлегін алуға
келе жатады. Тігінші киіз үйдің түтігінен
асқанда келе жатқан топ-толық өзі тіккен
көйлектен екі есе үлкен Айды көреді. Не
істерін
білмей, сасқалақтап тігінші
басы ауған жаққа қаша жөнеледі. Ай ары
іздеп, бері іздеп тігіншіні таба алмай
қалады. Сол себепті, Ай көйлексіз жалаңаш
қалыпты.
Ақылды етікші
Бұрынғы
өткен заманда бір патша болған екен.
Оның әрбір тәртібін халқы екі етпей
уақытымен орындап тұрады екен. Бір күні
бұл патша: «Менің әрқашан халық пайдасына
еткен әмірім орнына нақпа-нақ келіп
тұрады және халқым да мені жақсы көреді.
Сондықтан да мен олардың пайдасын
ойлаймын. Енді мен осы халқыма зиянды
бір әмір таратайын. Халқым тыңдап, орнына
келтірер ме екен? Жоқ, келтірмес пе
екен?» - деп ойлап уәзірлеріне:
-
Халыққа тегіс хабарландырыңдар:
«Ешкім басына пайда қылмасын!» - деп,
әмір қылады. Бұдан соң уәзірлер бұл
әмірді халыққа естіртіп болып, патшаға:
-
Халқыңыз әміріңізді нақпа-нақ
айтқаныңыздай орнына келтіретін болды,
- дейді. Патша уәзірлеріне еш жауап
айтпайды. Түн болған соң үстіне бөтен,
ескі киім киіп, әмірінің қалай орындалғанын
көру үшін көшеде жүрсе, шеттегі бір үйде
шам жанып тұр екен. Патша қайыр сұраған
кісі болып, шам жанып тұрған үйге келсе,
үйдің ішінде бір етікші етік тігіп отыр
екен. Етікші қайыршыны көріп тұра келіп,
бір кішкене нан береді. Сонда қайыршы:
-
Сен патшаның әмірін тұтпаған не
қылған адамсың? «Ешкім басына пайда
қылмасын және шам да жақпасын», - дегені
қайда? - дейді. Сонда етікші: «Сенің онда
не жұмысың бар? Сондай әмір қылып отырған
патша да ақымақ. Себебі, мен жарлы
адаммын. Күнде төрт теңге пайда қыламын
да, төрт теңге зиян қыламын. Міне, мен
сонымен күн көріп отырмын. Патша ақылды
болса, осыны білер еді», - дейді. Патша
бұған жауап қайтармастан үйіне келеді
де, ақылды төрт уәзірін шақырып алып:
Сіздерді басқалардан ақылы көп деп,
өзіме уәзір қылып едім. Енді менің
сіздерден сұрайтын сауалым бар. Күніне
төрт сом пайда, төрт сом зиян қыламын.
Сол пайдам мен зияным не? Үш күн
ішінде соны табыңдар. Таба алмасаңдар,
бастарыңды аламын! Өздерің таппасаңдар
да табатын кісі тапсаңдар, жазадан
құтыласыңдар! - депті. Уәзірлер үш күннің
ішінде өздері де шеше алмай және табатын
кісі де таба алмаған соң, енді патшаға
көрінбей, қашпақшы болып жүргенде, баяғы
етікші уәзірлерге келіп:
-
Мен патшаның сұраған
сауалын тапсам, сіздер маған не берер
едіңіздер? - дейді. Уәзірлер төрт мың
ділда бермекші болады. Етікші уәзірлерден
төрт мың ділданы санап алып, олармен
бірге патшаға барады да:
-
Тақсыр, мен етік тігіп,
әр күні төрт сом пайда, төрт сом зиян
қылам. Ол былай: бір сомды қарызға
беремін. Бір сомды ескі қарызымды төлеуге
беремін, бір сомды құдыққа тастаймын,
бір сомды әйеліммен екеумізге жұмсаймын,
- депті. Сонда патша:
-
Әйеліңмен екеуіңе
жұмсалған ақшаға бәріміз де түсінеміз,
қалған үш сомның жұмсалған орнын анықтап
түсіндір, - депті. Бұл сөзге етікші
былайша жауап қайырыпты:
- «Бір сомды
қарызға беремін», - дегенім: «Қартайғанда
өзімді асырар», - деп балама беремін.
«Бір сомды ескі қарызыма беремін» -
дегенім: өзімді жасымда асыраған кәрі
әкем мен шешеме беремін. «Енді бір сомды
құдыққа тастаймын» - дегенім: күйеуіне
тұрмай, қайтып келіп отырған қызым бар,
соған беремін дегенім, - депті. Сонда
патша: «Бұл етікші ақылды адам екен», -
деп, өзіне уәзір қылған екен.
Екі дос пен аю
Бір
күні екі дос орманда келе жатады. Кенеттен
алдарынан бір аю шыға
келеді. Сол кезде біреуі қаша жөнеледі,
екіншісі талға өрмелеп жасырынып қалады.
Қашқан жігіт ортада қалып кетеді.
Алайда, не істерін
білмей тұрғанда, ойына «Өлген
адам сияқты жерге етбетіммен жата
қалсам, бәлкім құтылып кетермін» деп
жерге жата қалады.
Аю
келіп оны иіскелей бастағанда демін
жұтып, дем алмай жатады. Аю кеткен соң
талға өрмелеп кеткен досы төмен түсіп,
досының қасына келіп, күліп: «Айтшы ал,
аю сенің құлағыңа не деп сыбырлады?»
дейді.
Сонда
досы: «Досына
қауіп-қатер төніп тұрғанда қашып кеткен
адамдардан сақтану керектігімді,
айтты» дейді.
Қарттың ұлына өсиеті
Бір
бай өлер уақытында ұлын шақырып алып:
-
Ұлым, мен өлген соң жұма сайын қыз алып,
қала сайын үй сал. Ас жесең, бал же, - деп,
өсиет айтыпты. Бай дүниеден өтіп, ұлы
атасының өсиетін орындай бастайды: жұма
сайын қыз алып, қала сайын үй салады. Ас
ішсе, бал ішіп, ақшасын бітіреді. Сөйтіп,
жігіт жарлы болады. Бір күні жігіт далаға
шығып біраз жүріп, бір үйілген тастың
тасасына отырып, бөркін қолына алып
басын ұстап отырған уақытта, бір жақтан
бір шал келіп жігітке сәлем береді.
Жігіт сәлемін алған соң, ол адам жанына
отырады да жігітке:
- Неғып
отырсың? - дейді. Жігіт:
- Жәй
отырмын, - деп жауап береді. Шал:
-
Шыныңды айт! - деп қыса бастайды.
Жігіт еш нәрсе айтпайды. Шал:
-
Сырыңды жасырма! Мен саған жақсылық
көрсетемін, - дейді. Жігіт:
- Менің
атам бай адам еді, сол атамның өлер
алдында айтқан өсиетін орындаймын деп,
кедей болдым, - дейді. Шал:
- Қандай
өсиет айтып еді? - дейді. Жігіт:
-
Әуелгі өсиеті: «Мен өлген соң жұма
сайын қыз ал», - деп еді, мен атамның сол
өсиетін тұтып, жұма сайын қыз алдым.
Екінші өсиеті: «Қала сайын үй сал», - деп
еді. Мен қала сайын үй салдым. Үшінші
өсиеті: «Ас ішсең, бал же», - деп еді. Мен
бұл өсиетін де орындап, әр күні бал
жедім. Солай етіп, үш жылда барлық ақшам
таусылды, - дейді. Шал тұрып жігітке:
-
Сен атаңның өсиетін ұқпаған екенсің,
өйткені атаңның: «Жұма сайын қыз ал» -
дегені: «Әйеліңмен сыйлас бол, қадіріңді
кетірме. Сонда ғұмыр бойы тату-тәтті
өмір сүресің» - дегені. «Қала сайын үй
сал» дегені: «Қала сайын достарың болсын,
барғанда түсетін» - дегені еді. «Ас ішсең
бал же» - дегені: «Еңбек істеп ас ішсең,
балдан тәтті болады» - дегені еді, - деп,
қарт өз жөніне кетіпті. Жігіт әкесінің
терең мағыналы өсиетіне сонда ғана
түсініпті.
Қорқақ қоян
Ертеде
орманда қайырымды қоян өмір сүріпті.
Қоян кішкентай аңдарға көмектеседі.
Аңдардың жоғалтқан заттарын тауып әкеп
береді. Себебі, қоян иісшіл, дыбысты
жақсы сезеді. Барлық аңдар қоянды жақсы
көреді. Бір күні қоян орман ішінде
жүгіре-жүгіре, секіре-секіре шаршап
қалады. Ол өзінің қарны қатты ашығанын
сезеді. Қолына дорбасын ұстап, бақшаға
келеді. Қоян сәбіздің иісін тез сезеді.
Өйткені қоян сәбізді жақсы көреді. Қызыл
сәбіздерді суырып, асықпай дорбасына
салады. Осы кезде бақшаны суарып жүрген
бағбан ата қоянды байқап қалады. Ақырын
келіп, қоянның дорбасына қырыққабат
салады. Бағбан ата жасырынып қалады.
Тықыр еткен дыбысты естіген қоян қорқып
кетеді. Жан-жағына қарамайды. Қолына
дорбасын алып, орманға қарай қаша
жөнеледі. Осы күннен бастап, ол қорқақ
қоянға айналады.
Бауырсақ
Ертеде бір Шал мен Кемпір болыпты. Кемпір бір күні қаймаққа нан илеп, оны майға қуырып бауырсақ пісіріпті. Оны терезенің алдына суытып қойыпты.
Бауырсақ суып тұрып тұрып, бір кезде домалай жөнеледі. Домалап келіп терезе алдындағы орындыққа, орындықтан еденге, еденнен дәлізге, дәлізден аулаға, ауладан сыртқа, одан әрі, одан әрі домалай береді, домалай береді.
Бір кезде оған Қоян жолығып:
- Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! – дейді.
- Қоян, сен мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін: «Менің атым Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме. Ұстатпаймын Қоян саған да!».
Содан Бауырсақ қара жолмен домалап кете барады. Оған Қасқыр кездесіп, оның да жегісі келеді.
Бауырсақ өзінің әнін Қасқырға айтып беріп, одан әрі домалай береді.
Бір кезде Аю жолығады:
- Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! – дейді ол.
- Сендей майтабанға мені жеу қайда? Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме, Қоян менен Қасқырға ұстатпағам ендеше.
- Ал сендей ұстатпаймын мүлде де!
Сөйтіп домалай жөнеледі. Аю тек көзімен шығарып салады.
Бауырсақ домалағаннан домалап келе жатса оған Түлкі жолығады:
- Бауырсақ, Бауырсақ, қайдан домалап барасың? - дейді ол.
- Жолмен домалап барамын.
- Бауырсақ, Бауырсақ, маған өлең айтып берші!...
- Содан Бауырсақ: «Менің атым Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме. Ұстатпай кеттім Қоян менен Қасқырға. Ұстатпай кеттім Аюға, ұстатпаймын саған мүлде де!» деп өлеңін айтып береді.
Түлкі оған:
- Әнің өте жақсы екен. Бірақ жөнді ести алмай тұрғаным. Бауырсақ, сен менің тұмсығыма шық та, әніңді тағы бір рет қаттырақ айтшы, - дейді.
Бауырсақ Түлкінің тұмсығына домалап шығып алып бар даусымен әнін айтады. Сол кезде Түлкі ұстап алады.
- Түлкі, сен мені жеп қайтесің! – дейді Бауырсақ. Жүр одан да біздікіне, Атам мен Әжеме барайық. Олар сені тойғызады.
Түлкі келіседі. Жолшыбай өздерімен бірге Қоян, Қасқыр мен Аюды ертіп алады. Олар келсе Әжесі көп қаусырма пісіріп қойыпты. Қоянға орамжапырақ салған, Қасқыр мен Түлкіге ет салған, Аюға таңқурай салған қаусырма тиеді. Ал Бауырсақ терезенің алдында өзінің әнін айтып отырады.
Үш аю
Маша бірде орманға барып адасты. Жолды іздеп – іздеп таба алмай, орманда тұрған үйге келді. Бұл үйді аюлар мекендейтін. Әкесін Михайло Потапыч , шешесін Настасья Петровна, ал баласын Мишутка деп атайды. Аюлар орманға кетіп, үй бос екен.
Ашық тұрған есікке кірген Маша дастарханда тұрған үш табақ бөкпенді көреді. Үлкен табақ - әкесі Михайло Потапычтікі, ортаншысы – шешесі Настасья Петровнанікі, ал кішкентай табақ Мишутканікі еді.
Маша үлкен, одан кейін орташа табақтағы бөкпенді жеп еді, ұнамады. Ал кішкене табақтағы бөкпен дәмді екен. Маша бөкпенді түгел жеп қойды.
Шаршаған Маша отырғысы келіп, ең үлкен орындыққа шығып еді, құлап қалды. Орташа орындық та Машаға ұнамады. Ең кішкентай орындық өзіне туп – тура екен. Маша қуанып кетіп тербеліп еді, орындық сынып қалды.
Маша ұйықтайтын бөлмеге кіріп еді, онда да үлкен, орташа және кішкентай ғана, үш төсек тұр екен. Маша үлкен төсекке жатып еді, ал тым биік екен. Орташасы - өте кең екен. Ал кішкентай төсек Машаға дәл – дәл келді. Соған жатқан Маша ұйықтап қалды.
Орманнан шаршап келген аюлар асын ішпек болды. Өз тағын көрген М.П. «Менің табағыма кім тиіскен?», деді гүр етіп. Н.П. «Менің бөкпенімді де біреу тартып көріпті» - деп айғай салды, Ал Мишутка «Менің бөкпенімді түгелдей жеп қойыпты», - деп шәңк - шәңк етті.
Ұйықтайтын бөлмеге келгенде: «Менің төсегіме кім жатқан болды?» - деп гүр етті. М.П. «Менің төсегімді умаждап тастапты ғой», - деп айғай салды. Н.П. өз төсегіне Машаны көрген Мишутка «Міне жатыр, міне,
ұстаңдар, оны, ұстаңдар», - деп шәңк – шәңк еткен Мишутка Машаны тұра қуды.
Аюлардың дауысынан шошып оянған Маша қорқып кетті. Ол қорқып тұрып, ашық тұрған терезеден секіріп далаға шықты. Бар күшімен жүгіріп үйіне кетті. Аюлар оны қуып жете алмай қалды.
Екі дос
Екі дос бір егістікте жұмыс істейтін. Бірінің отбасы, балалары бар, ал екіншісі жалғыз басты еді. Күн батқанға дейін жұмыс істеп, достар тапқан өнімді тепе-тең етіп екіге бөліп алатын. Бір күні жалғыз басты адам ішінен: «Өнімді және шыққан пайданы теп-тең бөлгеніміз дұрыс болмады, мен жалғыз тұрамын, сондықтан да айтарлықтай көп қажеттілігім де жоқ» деп ойлайды. Осындай оймен, түн сайын бір қап өнімді досының үйінің алдындағы сарайға жасырын апарып тұрды. Досы да ішінен: «Өнім мен пайданы бірдей бөлгеніміз дұрыс емес, менің отбасым бар, қартайған шағымда олар маған қарайды. Ал досымның болса ешкімі жоқ, қартайған кезінде оған қарайтын адам болмайды» деп ойлайды. Осылайша бұл да түн жамылып үйден шығып, досының қорасына өнімді апарып тұрады. Алайда қорадағы қаптардың саны неге азаймайтынына екі дос та түсінбей жүреді. Бір түні бір-бірінің қорасына жасырын қап тасып жүргенде, олар кездесіп қалады. Сонда ғана олар болған жайдың мәнін түсінеді. Қаптарды жерге қоя салып, достар құшақтаса кетеді.
«Достың арманы»
(үлгі әңгіме)
Сұлтан 18-ге толғанда ағасы оған жаңа көлік сыйлады. Ол алған сыйлығын көрсету үшін достарына барды.
-Көлігім қалай?-деді ол мақтанышпен.
-Керемет!-деді досы.
-Өте тамаша!
Сұлтан бұл көлікті оған өзіне ағасы сыйлағанын айтты. Бұны естіген досы таңқалды.
-Ағаң сыйлады ма? Шіркін, мен де...-деген кезде досының не айтқысы келіп тұрғанын Сұлтан білемін деп ойлады. «Менің де сондай ағам болса ғой» деп айтқысы келіп тұр деп ойлады.
Досы: «мен де сондай аға бола алсам ғой» деді. Сұлтанды досының бұл сөзі қатты толғандырды. Ол көлігіне отырып, қыдырып келуді ұсынды. Досы көлікке қызығып, көңілді келе жатты.
Ол өзінің үйіне соғуды ұсынды. Сұлтан досы өзінің қандай көлікпен жүргенін көршілеріне көрсетіп, мақтанғысы келіп тұр деп ойлады.
Олар досының үйіне келді.Ол үйге жүгіріп кетіп, біраздан соң кемтар балаға арналған арбаға отырғызған кішкентай бауырын алып шықты. Ол бауырына көлікті көрсетіп «Кейін мен де саған дәл осындай көлік әперемін» деді. Досының сөзін естігенде Сұлтанның көңілі босап кетті. Ол досының бауырын да көлігіне отырғызып, үшеуі бірге қыдырды. Досы мен бауырының қуанышты көңіл-күйіне қарап, Сұлтан өзінің оларға аз да болса қуаныш сыйлай алғанына қуанды.
Қандай тілек жақсы?
Сол күні Амантайдың апасының қас қабағы келісіңкіремей отырды.
-Балам, бүгін мазам кетіп шаршап тұрмын. Шайды өзің қамдап қоямысың? Күнде қапырық болды ғой. Мен аздап жантайа тұрайын.
Амантай зыр жүгіріп, шай әзірлеп, апасының бетіне де жалтақ қарап қояды. Бүгін олар күндегіден ертерек жатты. Амантай апасының әр қозғалысына, тыныстағанына құлағын түріп, елеңдей берді. Кейде жүрегі жиі- жиі соға жөнеледі. Өстіп жатып ұйықтап кетті. Жарқ- жұрқ найзағай жарқылдап,күннің күркірегенінен оянып кетті. Апасы әлі ұйықтамапты,күбір күбір сөйлеп жатыр, Амантай тағы тың тыңдай қойды.
«-Жасаған ием,құлындарым ер жеткенше қуат бере гөр. Жарым жан көңілдерінің жұбанышын көпсін бе, жасаған. Қос құлынымды кім мүсіркеп, кім маңдайларынан сипар екен дегізіп, көздерің жіутеңдете көрме!»-деп апасы терең күрсініп, аунап жатты. Амантайдың бетін ағыл тегіл жас жуып, үнсіз егілді. Өткендегі жаман ойы көңіліне оралып, бүкіл денесі дір ете түсті. Жүрегі қайта дүрс- дүрс соғып, зәресі ұшты. Әне бір жолы Ерболат Жанұзақ ағайды әкелеп жүргенінде мұның іші әлем жәлем қызғанышқа толып, көңіліне көпіршілік келген. Сол есіне түсіп, мазасызданып кетті.
-Апа ,біреуге жаман тілек ойлаған жақсы емес, ә?
-Әрине балам. Досың түгілі қасына да жаман тілек тілеуге болмайды -деді анасы.
-Апа енді сол қызғанып барып, ойлаған жаман тілекті қалай қайтарып алуға болады?
-Балам түн ұйқыңды төрт бөліп, ағаттығыңа өкініп жатқанының өзі сол адамға ақ ниет тілегенің.Қызғаншақтық жақсы қасиет емес, ол адамды жаман іске жетелеп, жаныңды жаралап, тас жүрек етеді. Осыны ұмытпа , балам!
«Еңбексіз өмір – сүреңсіз» (мысал әңгіме)
Қара пышақ дүкеннен шығып, ас үйге келген соң тыным таппады. Нан турады, пияз аршыды, әйтеуір тамақ дайындалып, ас қамдалса, қолдан түспейтін болды. Ол жалқау еді. Бала кезіндегі «шалқайып жатсам» деген арманы есіне түсіп, жылап та алатын.
Бір күні қара пышақ ауыр еңбектен қүтылудың оңай жолын тапты. Иесінің көзін ала беріп, еденнің жырығына қойды да кетті. «Болды, - деді ол қуанып. – Енді еңбекті желкемнің шұқыры көрсін! ...
Ай өтті, жыл өтті. Қара пышақ орнынан қозғалған жоқ. Онын қайда жатқанын ешкім білмейтін еді.
Бір күні:
- Әй туысқан, - деген дауысқа елең етіп қараса, еденнің жарығынан жылтылдаған көз сығалап қарап тұр екен. Бірден таныды, баяғы өзімен бірге жасалған Сары пышақ. Өзі өте көңілді, жүзі жарқ-жұрқ етеді. Сұлу ланып кетіпті.
- Төмен секір, - деді қара пышақ. – Бірге жатайық. Бізді ешкім білмейді.
- Ол жерде не бар?
- Жатамыз, ұйықтаймыз, демаламыз. Ой, қандай рақат!
- Ал жұмысты кім істейді?
- Жұмыс бізсіз де істеледі. .
- Рақмет! – деді Сары пышақ. – Еңбектен қашқанша, тер төгіп өлгенім артық. Еңбексіз өмір – сүреңсіз. Өзің-ақ жата бер, рақатыңа бата бер.
Қара пышақ орнынан тұрайын деп еді, тұра алмады. Өне бойын тот басқан. Барлық жері сынып бара жатқандай сезінді.
Екі аяз
Баяғыда
ағалы-інілі екі аяз болыпты. Қыс бойы
олар жер-жерді шарлап, қыдырғаннан
басқаны білмейді екен. Бірде інісі
ағасына:
– Көк мұрын аға-аяз, бұл
жұртты суыққа үсіртсек қайтеді? – дейді
ерігіп.
– Несі бар? Қызыл мұрын інім,
халықты тоңдырып, бір рақаттанайық, –
деп құптайды оны екінші аяз.
–
Ал, кеттік, жолда біреу-міреу кездесіпте
қалар.
Ермек іздеп аттанған екеуі
бір кезде ат тұяғының дүбірін естиді.
Бұл шанасын атына жегіп, қалаға қарай
бағыт алған бір бай саудагер мен орманға
отын әкелуге бара жатқан кедей еді.
Қызыл мұрын аяз:
– Өзінің киімі
жұпыны екен, қолғабы да жыртық. Мен оны
тез-ақ аязға үсірермін. Ал саудагерге
сен бар, менің оған шамам келе қоймас,
– деп кедейді таңдайды.
–
Айтқаның болсын! – дейді де көк мұрын
аяз саудагердің соңына ілеседі.
Кешкісін
ағайындар тағы да кездеседі. Көк мұрын
аяз көңілді. Қызыл мұрын одан:
– Не,
саудагерді үсіре алдың ба? – деп
сұрайды.
– Иә, – дейді көк мұрын
аяз.
– Қалай үсірдің? – деп таң қалады
інісі.
Ағасы мақтанып:
– Алдымен
тонын, сонан соң малақайын, тіпті етігіне
дейін шешіп алдым, – дейді .
Мейірімділік туралы өсиет әңгіме
Саудагер айналаны бақылап, терезеге ұзақ қарап тұрды. Осы сәтте дүкенге сүйкімді бүлдіршін кіріп келіп, сөредегі заттарға көз жүгіртті. Қаздай тізілген моншақтарды көргенде көздері жайнай түсті. Арада біраз уақыт өткен соң қолын созып, көгілдір інжуден жасалған моншақты нұсқады.
Мұны әпкеме сыйлағым келеді. Оны маған гүл суреті бар қағазға орап бересіз бе? – деп сұрады бүлдіршін.
Саудагер көзі жәудіреген бүлдіршіннің ақшасы бар екеніне күмән танытып:
- Сенің қанша ақшаң бар? – деп сұрады.
Бүлдіршін қалтасынан ақша ораған орамалын алып, үстелдің үстіне бірнеше тиын қойды.
- Бұл жете ме? – деп сұрады. Дауысынан үміт оты ұшқындай түсті.
Бүлдіршін ұсынған ақша моншақтың қорабына да жетпейтін еді.
- Білесіз бе, мен сүйікті әпкеме сыйлық жасағым келеді. Әпкем анамыз қайтыс болғалы бізге қарайлап келеді. Ол өзіне мүлдем назар аудармайды. Бүгін оның туған күні. Мына моншақты сыйлағым келеді. Көгілдір түсі көзімен жақсы үйлесетін еді, - деп бүлдіршін мақтана түсті.
Саудагер бүлдіршіннің мына сөздерін естіп, жүрегі елжірей түсті. Моншақты қаптамаға салып, сыртын лентамен байлады.
- Ала ғой, құлыным! Жолда абайлап жүр. Жоғалтып алма, - деп моншақты ұсынды.
Қуаныштан жүрегі жарылардай болған бүлдіршін сыйлықты ала салысымен үйіне бет алды. Саудагердің жұмыс күні аяқталуға таяп қалған кезде дүкенге жас бойжеткен кіріп келді. Бірден саудагердің үстелінің үстіне моншақты, қаптаманы және лентаны бөлек-бөлек қойды.
- Бұл моншақ осы жерден сатып алынды ма? Оның бағасы қанша? – деп сұрады бойжеткен.
- А! – деді саудагер, - Мен кез келген бұйымымды келісімді бағамен сатамын.
- Менің сіңілімнің бірнеше тиыны ғана бар болатын. Ал мына моншақ таза інжуден жасалған емес пе? Оның бағасы да қымбат болу керек. Мұны қалтамыз көтермейді, - деп ағынан жарылды бойжеткен.
Саудагердің жүзіне күлкі үйіріліп, бойжеткенге моншақты қайта ұсынды.
- Ол ең қымбат бағаны төледі. Қолында бардың барлығын берді. Ал мұны мына заманда ересек адамдар да жасай алмас еді...
Дүкеннің ішінде үнсіздік орнап, екі көзден мөлтілдеп жас ағылды.
Тату ағайындылар
Өте ертеде бір патшалықта екі ағайынды өмір сүріпті. Екеуінің үйі таудың екі жағында болса да, олар бір- біріне көмектесіп, тату-тәтті өмір сүреді.
Бір күні ағайындылар егінді жинап алып, теңдей бөліп алады. Сол күні түнде үлкен ағасы ойлайды: «Біз егінді бірдей етіп бөліп алдық, бұл дұрыс емес. Інім жаңа ғана шаруашылығын бастап жатыр. Оған маған қарағанда көбірек керек».
Ағасы тұрып, түнде інісіне бір қап бидайды апарып
тастайды.
Ал бұл кезде інісі жатып, олда ойлап жатады: «Жоқ,.біз егінді дұрыс бөліскен жоқпыз. Ағамның отбасы үлкен, жасы да менен үлкен. Оған маған қарағанда көбірек керек».
Таңға жақын інісі де білдіртпей бір қап бидайды ағасына апарып тастайды.
Таңертең ағайындылар өз қамбаларына қарап, таң қалады: «Бұл қалай? Кеше бір қап бидайды ағама апарып беріп едім ғой, ал бидай азаймапты». Олар қаптарды қайта-қайта санайды да, таң қалады: «Бұл не ғажайып?!»
Түн болысымен ағасы мен інісі бір бидай қапты арқалап, үйлерінен шығады.
Толық ай туады жарықтандырып тұрған. Осы жрде қарағайдың түбінде екі ағайынды кездесіп қалады. Ағасы сұрай бастайды:
- А, бұл сен бе? Кештетіп қайда бара жатырсың?
Інісі айтады:
-А, бұл сен бе едің? Ал сен қайда бара жатырсың?
Екеуі де үндемей қалды, бір-бірін түсіне қояды да, қарқылдап күліп жіберді. Осыдан кейін екеуі бір-бірін одан да қатты жақсы көріп кетеді.
«Бүркіт пен оның балапандары»
Баяғыда таудың қиясын мекендеген бір қасиетті қыран өмір сүріпті. Өзгелерге өрлігімен өнеге болған әлгі бүркіт бір жылы үш балапан басып шығарыпты. Балапандардың қанаттары қатайып, ұясынан ұшып шығуына аз уақыт қалғанда бүркіт үш балапанын уысына қысып, теңіз төсіне алып шығыпты. Ұшып келе жатып ол, өмірге қанат қаққалы тұрған балапандарынан соңғы рет сынақ алып, былай деп сұрапты:
-Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай баққанымды білесіңдер. Ертең өскесін, осының өтеуі ретінде маған қандай жақсылық жасайсыңдар?
Біріншісі айтыпты: - Анашым, сенің ақ сүтіңді ақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын. Мен сені өмір бойы қанатыма мінгізіп алып жүремін.
Бүркіт басын шайқап, екіншісіне бұрылып:
- Ал сен не айтасың? – депті.
Екіншісі: - Анашым, мен сені ел аралатып, босқа әуре қылмаймын. Ғаламның барлық кереметтері мен қызықтарын алдыңа әкеліп беремін, - дейді.
Бүркіт тағы да басын шайқайды. Бүркіт үшінші балапанына бұрылып:
- Ал, сен мені қалай жарылқамақсың? – дейді.
Сонда үшінші балапан былай деп үн қатыпты: - Анашым, өтірік қанша тәтті болса да, саған ащы ақиқатты айтайын. Маған жасаған жақсылықтарыңның шегі жоқ. Оны өтеуге менің ғұмырым жетпейтінін жақсы білемін. Дегенмен, менің өмірім сені әлемді аралатуға да, ғаламаттарды алдыңа алып келуге де арналмайтынын айтқым келеді. Мен, сенің маған жасаған жақсылықтарыңның барлығын өз балапандарыма жасау үшін өмір сүретін боламын.
Кәрі бүркіт сонда ғана терең дем алып:
-Біздің әулет аманатын алға апарар, қыран деген атқа лайық бола алар ұрпақ туылғанына көзім енді жетті, - деген екен.
Кешірім
Тұрсын мектептен көңілсіз қайтты. Үн-түнсіз отырып, тамағын ішті. Бір кезде:
Апа, әлгі біздің кешені сыпыратын атай ауруханаға түсіп қалыпты, - деді.
- Ә, бұл бейнет дегенің де тілсіз жау екен ғой. Құрал-жабдықтарын қоятын сарайының төбесін жөндеймін деп жүріп, мертігіпті, байғүс. Апа, ұрыспайсыз ба? - деді Тұрсын қипақтап.
- Не үшін? Екілік алғаннан саумысың?
- Жоқ екілік емес. Одан да жаман...
Жұлқысып келіп отыр екенсің ғой. Жетпегені сол еді! Бәсе, желкеңді сипалай бергеніңнен бір нәрсені ішім сезген.
- Апа, айтайын дегенім, аула сыпыратын атайға барсам деймін. Халін біліп кешірім сұрайын.
Жағдай сұрағышын. Қақ-соқпен жұмысы жоқ деп жүрген бала сен болсаң, көгертеді екенсің. Дәл казір бар және жалғыз емес, қасыңда болған нөкерлеріңді де ертіп ал. Сендердің кешірім сұрағандарыңнан сауығып кете қоймас. Сөйтсе де жан жарасына себі тиер.
Апасы жұмысына кетті. Тұрсын аула сыпыратын картқа барды.
-Бір қателік кеткен шығар. Ештеңе етпес, бәрінен де қателіктеріңді түсіне білгендерің жақсы. «Көл бақасыз болмас, адам қатесіз болмас» деген, - деді қарт.
Аңыз әңгіме:
Баяғы
бір заманда бір дана қарт ұстаз айналасына
шәкірттерін жинап алды да былай
деді:
-Мен өзімнің қартайып,
қауқарымның кеткенін сезе бастадым.
Сендердің ендігі борыштарың – мені
тамақпен қамтамасыз ету.
-Тақсыр,
біз тамақ пен ақшаны қайдан табамыз?
Жанымызда өзіміз қатар өмір сүріп жатқан
адамдар көмектесе қояр ма екен?- деп
сұрақ қоя бастады шәкірттері.
-Балаларым
менің, мен сендердің қайыр тілеулеріңді
өтініп отырғаным жоқ. Мен сендердің
сұраусыз алуларыңа ұсыныс жасаймын.
Бұл күнә болмайды, өйткені ақша бізге
басқалардан гөрі қажеттірек. Мұны өзім
істейін десем, өте әлсізбін. Өзінің қарт
ұстазына кім көмек берер екен?
-Біз,
біз,-деп айқайлайды. Біз жаспыз және
күштіміз не істейтінімізді айтыңыз.
-Біреу өтсе, жәбірсіз оның әмиянын
ұрлайсыңдар,- деді.
-Иә,
иә айтқаныңызды істейміз!- деп айғайлады
көбісі.
-Мен ұрламаймын, ондай
іске бара алмаймын, одан да барып қайыр
тілегенім артық деді,- бір шәкірті. Сол
кезде ұстаздары қатты қуанды, әйтеуір
іштеріңде біреуің түсіндіңдер ғой менің
ойымды,- деді. Ал қалғандары болса
қылықтарына ұялып, бастарын төмен
түсірді.
«Өмір сүрудің ең жақсы жолы»
Аңыз әңгіме:
Шағын ғана бір ауылда орта жастағы бір кісі дүкен ашып сауда жасамақ болады.Сөйтіп алға қойған жоспарын бастап та жібереді.Ол ақкөңіл,жайдарлы болғандықтан,ауылдың адамдарының бәрі оны жақсы көретін.Бір күні ауыр науқастанып,бұл дүниеден өтерін сезген адам,артында қалған үш ұлын қасына шақырып:
-Үшеуіңнің біреуі барлық дүкендерімнің иесі болады.Мирасымды соған қалдырамын.Менің дүние-мүлкіме қайсысың лайықты екенін білу үшін үшеуіңе де бір-бір доллардан беремін.Осы долларға бір нәрселер алыңдар.Кешкісін келгенде алған нәрселерің менің осы бөлмемді толығымен толтыруы керек.Шартым осы.
Ұлдары үлкен компанияны басқару мүмкіндігінен айрылып қалмауды ойлап,не істерлерін білмей қатты абыржыды.Қалаға барып үшеуіде долларларын жаратты.Кешкісін әкелерінің қасына келгенде үлкен баласы:
-Досымның шаруашылығына барып,екі қап сабан сатып алдым,-деді де,қаптарды ашып,сабанды әр тарапқа шаша бастады.Алайда көп ұзамай сабандар еденге түсіп,бөлмені толтыра алмады.Ал екінші баласы:
-Дүкенге барып екі жастық алдым,-деді де жастықтарды сөгіп,ішіндегі жүнін бөлменің ішіне шашып тастады.Бірақ жүн де жерге түсіп,бөлмені толтыра алмады.Ал үшінші ұлы:
-Долларды ұсақтап,50 центін мешітке бердім,20 центін қайырымдылық қорға бердім,20 центін садақа ретінде тараттым.Қалған 10 центке екі нәрсе алдым,қалтасынан сіріңке мен шырақты алды.Бөлменің жарығын сөндіріп,шырақты жақты.Сабан мен жүнге толмаған бөлме аз уақыттың ішінде шырақтың нұрына бөленді.Әкесі баласына риза болып:
-Мирасымды саған қалдырамын,өйткені өмір сүрудің ең жақсы жолы-айналаңа жарық тарату екенін білдің.
Алтын қыз
Алтын кешке қарай ойыннан үйге шаршап келді де, сабағын оқымастан төсегіне жата қалды. Оны көрген 6 жасар інісі Бағылан:
- Әпке, сен неге кеш келдің, сабағыңды оқыған жоқсың ғой- деді Алтынға
- Саған не керек? Бізге үй тапсырмасын берген жоқ.-деді Алтын ақталып.
- Мен анама айтамын. Сен ертең екі алсаң әкем сені Астанаға демалыста апармайды- деді інісі қоймай. Бірақ Алтын інісінің сөзіне құлақ аспай, ұйықтап қалды. Таң ата бере анасы сабаққа оятты.
- Алтынжан, тұра ғой құлыным! Бүгін сендердің сыныптарыңмен мұражайға баратын күндерің ғой.-деді анасы Алтынның маңдайынан иіскеп.
- Ту-у-у, апа таң атпастан сөйлеп ұйқы бермедің ғой. Сәл ұйықтай тұрайыншы. Мен мұражайға барғым келмейді- деді Алтын. Бірақ анасы қояр да қоймай оятып, жуындырып, таңғы асын беріп сабаққа жіберді. Алтын сабаққа ашулы келді. Сыныптасы Маржанның амандасқанына жауап та қатпады. Сыныптасы Арманның:- Алтын артық қаламың бар ма?- деген сұрағына: -Мен қаламды сен үшін сатып алдым ба?- деп дөрекі жауап қатты.
«Төле би туралы аңыздар»
Бірде Төле би ақсақал бір даудың шешімін шешіп, екі елді татуластырып келе жатқанда алдарынан бір топ атты қыз-келіншектер көрінеді.Ол топтың ішінде Данагүл атты кедейдің қызы да бар еді.Анадай жерден шаршап келе жатқан атты ер адамдарды көргенде Данагүл:- Әй, апалар, тоқтаңыздар, атарыңыздың басын тартыңыздар.Жоғары жақтан бір қатар аттылар келе жатыр, алдынан кесе көлденең шықпайық. Үлкендердің алдынан кесіп өту дұрыс емес. Олар ел қорғайтын, жер қорғайтын ерлер. Кім біліпті араларында ақылы асқан ақылман данышпан қариялары бар шығар, ашулы, тарында батырлары да бар шығар. Шарапат жақсылығы тиер, үлкен кісілердің батасын алып, алғысына бөленейік. Апалар, аттарыңыздың басын тартыңыздар, тосып тұралық. Атты ер кісілер алдымыздан кесіп өтсін. Сонан соң жүрсек те ауылымызға жетерміз,-деді Данагүл.
Қызыл-жасыл киген қыздар жол кеспей іркіліп тұрып қалды. Топ алдында Төле би көріп, байқап келе жатыр қызыл-жасыл киген қыздардың деңгейіне жетіп, алдарынын өтіп біраз жерге ұзап кеткен соң жолдастарының біреуіне:-Анау алдымызды кеспей кейіндеп қалған балаларды шақырып келші – деді. Ол шауып барып қыздарды шақырып келді. Жақындай бергенде Данагүл атынан түсіп, жаяулап:- Апалар, бәріңізде аттан түсіңіздер.Жаяу барып сәлем берелік.Үлкен кісілерге атпен тасырандап жетіп барып сәлем бергеніміз ұят.Бұл кісілер ешуақытта да кездеспейтін кісілер. Жолымыз болады екен,-деді.
Барлық қыз аттан түсті. Жаяу жүріп келіп, бәрі басын иіп сәлем берді. Төле би: - балалар, өркендерін өссін, бақытты болыңдар,-деді Қуанып. –қарақтарым қай аулдың балаларысыңдар?
Сыйқым ауылының баласы едік.
Балалар алыстан бізді көріп, тосып тұрдыңдар. Әлде қашан өтетін уақыттарың болып еді. Не себептен тостыңдар, соны айтыңдаршы?
Қыздар жауап таба алмай Данагүлге қарады.ОЛ:- аталар, біз сіздерді алыстан көріп аталарымыз бен ағаларымыз шығар. Араларында қол бастаған батыр бар шыған, елге ақыл айтқан ақсақалы бар шығар. Әкемездей үлкен тқызырлы адам бар шығар деп алдарыңыздан өтпей тосып тұрдық. Үлкен кісілердің батасын алалық, жақсына көрмек үшін, көрмеген аталарымыз болса, көрелік. Аты-жөнін білейік деп тосып тұрдық,-дейді.
Жақсы шырақтарым, өркендерің өссін. Жарайды енді аттарыңа мініңдер-деп Төле би батасын беріп жүріп кетті.
Екі қыз (әңгіме)
Бір-бірімен көрші тұратын екі қыз бұзау іздеп жайлауға бет алады. Қараңғы түсіп кетпесін деп жанталасқан екі қыз бұзауларын тауып алу үшін жанталаса жүгіре жүріп іздеп жүреді. Қыздардың аты Алма және Анар екен. Анар өте өркөкірек сабақты беске оқимын деп, басқа балаларға көзінің астымен қарайды. Ал, Алма болса өте ақылды, сабақты жақсы оқысада басқалармен тең, бәріне жылы жүзбен қарайды екен. Сөйтіп екеуі асығып келе жатса, алдарынан бір қарт кісі шыға келгенда Анар, қариямен амандаспақ түгіл, оған назар да аудармай қаға-соға жүгіре басып өтіп кетеді. Анардың мұндай ісіне ренжіген қарт :- Мына бала әдепсіз екен ,-деп қала береді. Керісінше қарияны байқаған Алма қасына жақындап:-Ата амансыз ба? Мен жоқ іздеп жүр едім. Қараңғы түсіп барады, ал, менің бұзауым көрінбейді,-дейді. Алманың асығыс болса да амандасып жөн сұрағанына риза болған қария:- Айналайын өркенің өссін! Танымадым, қай баласың?-деп сұрады.
Ата, Ескендір деген кісінің баласымын. Есімім Алма болады- деді.
Ә, өзіміздің Ескендірдің қызы екенсің ғой. Әкең жақсы тәрбие берген екен. Сенің бұзауыңды көрдім, жолдың жиегінде жүр.
Ата, рақмет сізге! Мен барайын. Қараңғы түспей бұзауымды қамап алайын- деп қариямен қоштасып, жүгіре жөнелді. Ал, Анар болса бұзауын сол күні таба алмай, үйіне қараңғы түскенде барды
«Әтеш, лақ және күшік»
Ертегі
Ертеде әтеш, лақ және күшік бір-бірімен айнымас дос болыпты. Бір күні ойнап жүріп лақ мүйізімен күшікті түйіп қалады. Қорыққан күшік қашып кетеді. Тағы бірде әтеш лақтың арқасынан шоқып қалады. Лақ бақырып жібереді.Бір-бірінен көңілі қалған достар жан-жаққа тарап кетеді. Достарын ренжіту дұрыс емес екендігін түсінген лақ күшікке барып:
Дос болайық! Мен сені өткенде байқамай сүзіп жібердім, кешір күшік,- дейді.
Жарайды кешіремін,- деді күшік. Күшік содан соң әтешке барды: -Дос болайық!-деді.
Сендерді шоқып алғаныма кешіріңдер, достарым!- деді әтеш. Сөйтіп үшеуі қайтадан достасты. Қазір олар бір аулада тату-тәтті өмір сүруде.
«Шалқан»
ертегі
Бір күні бір шал бақшасына шалқан егіпті. Күз түсе шалқанын жинауға бақшасына барса шалқан үлкен болып өсіп кетіпті. Шал шалқанды олай тартып, былай тартып жұла алмапты. Шал қиналғаны солай көмекке кемпірін шақырыпты.Кемпірі мен қоса тартсада екеулеп жұла алмапты. Кемпір жұлынбасын білген соң немересін шақырыпты. Немересі үшеулеп тартып, бәрібір де шалқанды тартып ала алмапты. Немересі өзінің Жучка деген күшігін көмекке шақырады. Атасы, әжесі, немересі, күшік төртеулеп тарта алмапты. Күшік көмекке мысықты шақырады. Мысық келсе де барлығы болып тартып ала алмапты. Әбден шаршағандары сондай, еш амалдары қалмаған соң, мысық тышқанның көмегіне жүгініпті. Тышқанның келгені сол-ақ екен атасы, әжесі, немересі, күшік, мысық тышқанның көмегімен шалқанды жұлып алыпты.
«Рақмет, ата!»
әңгіме
Баламның амандығын білейін деп үйден шықтым. Мен өтетеін жолдың қиылысында төрт-бес жасар шамасындағы қыз тұрды. Қасына келіп:
Бұл жерде неғып тұрсың?- дедем
Сізді күтіп тұрмын. Үлкен кісінің алдын кесіп өтуге болмайды ғой.
Ой, айналып кетейін, көп жаса! Атың кім?
Гүлнар
Кімнің баласысың?
Әжемнің балалсымын.
Немереме алып шыққан құртым, ірімшігім, кәмпитім бар еді. Соларды Гүлнарға бердім.
Үйде кішкентай Сая бар соған апарып беремін. Рақмет, Ата!- деп жүзіме қуана қарады. Кіп-кішкентай Гүлнардың тәрбиелі, тәртіптілігіне қайран қалып, риза болып қоштастым.
«Қарлығаш пен Дәуіт»
ертегі
Бір қарлығаш ағаш басына ұя салып, балапандарына тамақ әкеле жатса, ұясына өрмелеп бара жатқан жыланды байқап қалады. Жаны ышқынған қарлығаш көмек сұрап сауысқанға ұшып келеді де:
Сауысқан маған көмектесші. Менің балапандарыма қауіп төнгелі тұр. Ұяға жылан өрмелеп барады,-деп жылай бастайды. Сауысқан таранған күйі, сыланып:
Мен тойға барайын деп жатырмын. Саған көмектесетін уақытым жоқ.-деп жауап қайырады. Қарлығаш шыр-шыр етіп, не істерін білмей отырған да дәуітті байқап қалады да: - Дәуіт, маған көмектесші, менің балапандарыма қауіп төніп тұр. Жауыз жылан балапандарымды жеп қояйын деп жатыр,-дейді. Дәуіт: -Әрине мен көмектесемін. Тезірек мені ұяңа апар – деп жалма-жан қарлығаштың қанатына мініп алып, жыланға келеді де , жыланның көзін шұқып алады. Көзі көрмей қалған жылан ағаштан құлап түсіп, мерт болады.
Айдана мен Ақжолтай
Айдана-әйбат қыз. Ешкіммен ренжіспейді.Түрі де сүп-сүйкімді. Аузы оймақтай, мұрны түймедей, маңдайы жарқырап, көздері нұр шашып тұрады. Тіпті, осынау қуыршақтай қыздың жүрегінің нәзіктігін үй жануарлары да сезетіндей.
Бірде Айдана анасымен бірге емханадан келе жатқанда соңдарынан бір қара ала мысық мияулап қалмай қойды. Бейшараның даусы сондай аянышты еді. Әлдекімнен жәбір көргендей «мені мұнда тастамай алып кетіңдерші» дегендей жалына мияулайды. Айдана оны бауырына басып,сипалап жұбатқан болып еді,анасы шыр-пыры шығып, маңына жолатпады.
Алайда Айдана оған бола райынан қайта қойған жоқ. Қайта, осы бір жүрек тебірентер оқиғадан кейін мысық десе, ішкен асын жерге қоятын болды.Сол-ақ екен, ауладағы бала біткен оған түрлі-түрлі мысықтарды әкеле бастады. Бірақ Айдананың анасы олардың бірінде жаратпады. Сөйтсе,әңгіме мысықта емес, Айдананың анасында болып шықты.Ол өмірі мысық асырап көрмепті.Мысығы бар үйге барса, аузына қылшық түсіп кетердей жиіркеніп, кеткенше асығады екен.
Мұны сезген Айдана қоярда-қоймай, айтқанын орындатып тынды.
...Кіп-кішкене мысықтың үйге әкелінуі Айдана үшін естен кетпес оқиға болды. Әуелі оны анасы балаша мәпелеп шомылдырды. Үсті-басын сүртіп, жүнін мұқият тарап,қылшығынан арылтты. Сол-ақ екен, ақ мысық мұнтаздай тазарып, кісі қызығарлықтай әдемі болып шыға келді.
Енді Айдана мысығын қасынан тастамайтын болды. Қайда барса да алып жүретін болды.Бұл достықтың өзіне үлкен септігін тигізерін сәби жүрегі сезгендей екен.Айданаға бір жылдан бері шиқ-шиқ еткен қу жөтел жабысып еді. Анасы екеуі емхананың табалдырығын тоздырса да, еш нәтиже бермеген. Міне,қызық ! Айдана ақ мысықпен достасқан соң, көп ұзамай-ақ сол жөтел сап тиылды.Содан бастап ақ мысық Ақжолтай атанып кетті.
Жаман жолдас (Ыбырай Алтынсарин)
Екі дос кісі жолдастасып келе жатып, бір аюға ұшырапты. Бұл екі кісінің біреуі әлсіз, ауру екен, екіншісі мықты, жас жігіт, аюды көрген соң бұл жігіт ауру жолдасын тастап, өзі бір үлкен ағаштың басына шығып кетті дейді. Ауру байғұс ағашқа шығуға дәрмені жоқ, жерге құлады да созылып, өлген кісі болды да жатты: есітуі бар еді, аю өлген кісіге тимейді деп. Аю бұл жатқан кісінің қасына келіп иіскелеп тұрды да, дыбысы білінбеген соң тастап жөніне кетті. Мұнан соң манағы жолдасы ағаштан түсіп, аурудан сұрапты:
Достым, аю құлағыңа не сыбырлап кетті? Ауру айтты дейді:
Аю құлағыма ақыл сыбырлады, екінші рет тар жерде жолдасын тастап қашатын достармен жолдас болма деді, - дейді.
Піл мен Маймыл (Халық ертегісі)
Бір орманда Піл мен Маймыл кездесіпті. Содан екеуі кезек-кезек мақтаныпты. Сонда Піл:
Дүниеде менен күшті ешкім жоқ! Мен ашулансам, қандай ағаш болса да тамырымен жұлып аламын! Сонда Маймыл:
- Ағаштан-ағашқа мен сияқты ешкім секіре алмайды. Мен ептімін!
Піл мен Маймыл осылай мақтана береді, мақтана береді. Ең соңында Үкіден сұрамақ болады. Үкі бір ағаштың бұтағында ұйықтап отыр екен. Маймыл:
- Уа, данышпан, Үкі! (Маймыл бұтақтан ұстап тербетіліп тұрып.)Үкі:
- У-у-х! Өй! (Үкі шошып кетеді. Бағдаршам сияқты үп-үлкен көзін бір ашып қалып, қайта жұма қояды.) Не болып қалды? Айта беріңдер! Маймыл:
- Піл: «Дүниедегі ең күшті менмін», - деп мақтанады. Ал мен оған: «Дүниеде менен асқан епті жоқ», - деймін. Төрелігін өзің айтып бер. Піл:
- Бір сөзбен айтқанда, күшті болған жақсы ма, жоқ епті болған жақсы ма?
Үкі ұзақ үнсіз отырады. Содан үп-үлкен көзін бір ашып қалады да, қайта жұмады. Үкі сонда:
- Мына өзеннің арғы жағында бір зәулім жалғыз алма ағашы бар. Соның ең болмағанда бір алмасын жесем, сонда ғана төрелік айта аламын.
Піл мен Маймыл жүгіріп отырып өзенге келеді. Өзеннің ағысы қатты болатын. Содан Маймыл:
Өзеннен қалай өтеміз? Піл:
Уайымдама! Кел арқама мін. Өзеннен сені мен алып өтемін. Мен күштімін. Маймыл лып етіп Пілге мініп алады. Екеуі өзеннен өтеді. Биік алма ағашының жанына келгенде Піл алмаға тұмсығы жетпейтінін көріп:
Алманы қалай жинаймыз? Маймыл:
Сен осы жерде тұр. Қазір тез өрмелеп шығамын да, жемісті саған лақтырып тұрамын. Мен ептімін ғой! Екеуі бір-біріне көмектесіп, алманы жинап алады. Содан қайтадан Үкіге келеді. Үкі тағы да көпке дейін көзін ашпайды. Үкі:
Сен өзеннен өзің өттің бе? – дейді Үкі көзін ашпаған күйі. Маймыл:
Піл өткізді. Үкі:
Епті едің ғой, ебің көмектеспеді ме? Маймыл:
Ағысы қатты, тау өзені екен. Ағызып әкетуі мүмкін еді. Үкі:
Ал, Піл, сен зәулім биіктегі жемісті қалай тердің? Піл:
Маймыл көмектесті. Үкі:
Оның қалай, күшің көмектесе алмады ма? Піл:
Жоқ. Егер Маймыл көмектеспесе, мен жеміс жинай алмас едім. Сонда Үкі:
Көрдіңдер ме? Сендерді білсін деп алмаға жұмсаған едім. Дүниедегі ең қымбат – достық, татулық екенін енді екеуің білдіңдер. Мына әкелген жемістеріңді өздерің жей қойыңдар. Мен мүлде алма жемеймін.
Міне, осылай Піл мен Маймыл дос, тату болыпты, олар бір-біріне әрқашан көмектесіп жүреді екен.
Өсиет әңгіме (Аңыз)
Бұл оқиға өте ерте заманда болса керек. Адам аңдарды үйіне шақырып, аз-кем кеңес құрыпты.
Бәріміз бірлесіп, ынтымақты еңбек етсек, қиынымыз жеңілдер еді.
Әрі біріміздің білмегенімізді екіншімізге айтар едік. Қалай десек те, «Кеңесіп пішкен тон келе болмас» - депті.
Осындай ой-пікірді алғаш айтқан адам біздің иеміз болсын. Мен оның айнымас көлігі, серігі болайын, - депті Шұбар ат.
Адам бізге басшы, біз қосшы болсақ мен келістім. Адам мен ат ұзақ жолға шыққанда, үй жайын қорып, күзетуге мен әзірмін, - депті төбет арп-арп етіп.
Бадырайған көзін анда-санда ашып жұмған жапалақ адамның шақыруын құп алмай, ағаш басында жападан жалғыз отыра беріпті.
Шақырған жерден қалма, - деген Шұбар аттың сөзін естен шығарыпты.
Төрт көзіміз түгел болғанға не жетсін! – деп ынтымаққа шақырған Төбеттің сөзің естен шығарыпты. Бір кезде Адамнын, Аттың, Иттің бұны іздеп келе жатқанын байқап қалып, Жапалақ елден ұзағырақ ұшып кетіпті. Жапалақтың өз достарынан жеке дара бөлектенуі, одан әрі адастырыпты. Өмір сүру тісілі де өзгеріпті. Содан бері Адамның, Аттың және Иттің көзіне түсіп қалмайын деп Жапалақ түнде ғана ұшатын болыпты.
Мейірімді бала (Ыбырай Алтынсарин)
Қытай жұртында ескі заң бар, біреуді алдағандығы мойнына түскен кісінің қолын кесе-тұғын. Бір төре осындай іспен күнәлі болып, әлгі айтылған жазаны беруге тұрғанда, күнәлі төренің жас қыз баласы әкем үшін жауап беремін деп, мәлім болды. Қызды патшаға алып келісті.
Тақсыр, патшам, - деді қыз, - менің әкм жазаға лайық болған рас,соның үшін қолынан айырылуы керек болды, мінекей, тақсыр, әкемнің қолы, - деп өзінің қолын көтерді. – Бұл қол да менің жазықты болған атамның қолы, бірақ мұнымен бала-шағаларын асырауға шамасы келмейді. Бұйырыңыз, тақсыр, осы нашар қолын кесіп, жұмысқа жарап, бала-шағаларын асырайтын қолын атама қалдыруға.
Патша баланың мұнша атасына мейірімділігіне рақымы келіп, төренің күнәсін кешті дейді.
Бақша ағаштары (Ыбырай Алтынсарин)
Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп жүрді.
Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық деп біткен? – деп
сұрады баласы.
Оның себебі, балам, анау ағашты бағу-қағумен өсірген,
қисық бұтақтары болса өсіп. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен, - деді атасы.
Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой,- деді баласы.
Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым, мүнан сен
өзіңе әбірет алсаң болады, сен жас ағашсың саған да күтім керек; мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы түзу кісі болып өсерсің, бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің, - деді.
Әдеп (Ыбырай Алтынсарин)
Бір жұрттың бас әкімі екінші бір байға жолығысып сөйлесіп тұрғанда, қасынан бір жарлы мұжық өтіп бара жатып иіліп, бас ұрып сәлем берді дейді. Оған қарсы әлгі үлкен әкім төре онан да төменірек бас ұрып сәлем алды. Қасындағы бай:
Тақсыр, осынша жұрттың үстінен қараған әкімсіз, осы бір мұжыққа
неге сонша бас ұрасыз? – деп айтты дейді. Сонда әкім:
Ешбір ілім-білім үйренбеген мұжық сонша иіліп,
әдептілігін көрсеткенде, мен онан әдепсіз болып қалайын ба? – деді әкім.
Жыл мезгілдері
Ерте, ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде Ақ жайықтың жағасында еліне елеулі, халқына қалаулы, бір домалақ ана өмір сүріпті. Сол анадан тараған төрт қыз бар екен. Олардың ауыз десе аузы, күндей жарқыраған көзі бар. Дүниенің сұлулығын өздеріне дарытқан сұлу қыздары болыпты.
Анасы жақсы тәрбие беріпті, Үлкен қызының аты «Көктем». Ол ақ жарқын, мінезі нәзік. Екінші қыз «Жаз» жарқырап, жайдарлы, әр уақытта күлімдеп, нұрын шашып жүреді. Үшінші қызы «Күз» басқа қыздарға қарағанда жылауық, жаңбырлы болады, бірақ қолы ашық мырза екен. Ал кіші қызы «Қыс» басқа қыздарына қарағанда салқын, қаталдау.
Қыздары бой жетіп, саналы да салмақты қыз болып өсіпті. Осы қыздарын домалақ ана өздерінің құтты орындарына қондырыпты.
Үлкен қызы арыстай үш ұл туып, үшеуі де ел қорғаған батыр болыпты.
Екінші қызы үш қыз туып үшеуі де адамзатқа жан жылуын сыйлай білетін мейірімді қыздар атаныпты.
Үшінші қызы жаздай жайдарлы үш қызды дүниеге әкеліпті.
Төртінші қызы берекесі мен ырысы мол, қолдары ашық, келген қонақты қадір тұтатын, қонақжай үш қыз өсіріпті.
Осы төрт қыздан өрбіген ұрпақтары елге, халыққа пайдасын тигізіп, ел аузында аттары аңызға айналыпты. Олар жылдың төрт мезгілі мен он екі айы екен.
Сауысқан мен көкек
Ертеде сауысқан мен кӛкек бір орманды мекендепті. Олар ұялары болмай, ағаштың бұтақтарын паналап күнелтіпті. Көкек күнде ерте тұрып алып: «ұя керек», «ұя керек», - деп, көршілерінің мазасын кетіреді. Бір күні сауысқан көршісіне:
– Екеуіміз бірігіп бірік ұя істейік. Әуелі саған, содан кейін маған салармыз, - дейді.
Көкек:
– Менің ұя салатын қуатым да, құралым да жоқ. «Керек, керек» деп қақсай берсем, құстың бәрі ағайыным, көп болып көмектесіп, ұя салып берер, - деп келіспейді.
Сауысқан көкектің көмегін күтпей–ақ, ұя салуға кірісті. Ол ұясының қабырғаларын жас бұтақтармен таспалап, берік етіп өрді. Оны шыммен, өсімдік тамырларымен мықтап байланыстырды. Іші – тысын саз балшықтармен сылады. Кішкентай бұтақтардан құрастырып, қақпалы есік жасады. Ұяның астына мамықтан төсек төседі. Ал көкектің «керек, керек» деп қақсай – қақсай даусы қарлығып, тілі сақау болды. Ол кейінгі жылдарда «керек» дегендегі «р» - ды айта алмай, «керек» деудің орнына «көлек, көлек» дейді. Сондықтан жұрт оны кекетіп «көкек» деп атайтын болды. Сол көкектің күні бүгінге дейін өзімдікі деген ұясы да, үйіші де жоқ.
Үш жалқау
Ертеде бірінен-бірі өткен ағайынды үш жалқау болыпты. Бар бітіретіндері бас көтермей ұйықтай беру екен.
Бірде үшеуі жолға шығыпты. Тоғай арасына келгенде, мәуелі ағаш көлеңкесіне қисая кетіпті. Бірінші жалқау:
Е....құдай, мына өріктер піссе, - депті. Екіншісі:
Ауызға келіп түссе, - депті.
Сонда үшіншісі оларды міней сөйлеп:
Туу, соны айтуға қалай ерінбейсіңдер, - депті.
Ақ тиін мен қасқыр
Бір күні ақ тиін бұтақтан бұтаққа қарғып жүріп, ұйықтап жатқан қасқырдың үстіне құлайды. Қасқыр қарғып тұрып оны жегісі келеді.Ақ тиін жалынып:
- Мені жеме, жібер? – дейді.- Жарайды, жіберейін, бірақ сен маған айт: неліктен сендер әр уақытта шат болып жүресіңдер?
Сонда ақ тиін:
- Мені жіберіңіз, содан соң айтайын, әйтпесе жүрегім дірілдеп, сөйлей алатын емеспін, – дейді.
Қасқыр ақ тиінді босатады. Ақ тиін ағаш басына шығып алып:
- Сен қасқыр, залымсың, залымдық ішіңді жандырады. Сондықтан әрқашан қапалы жүресің. Біз ешкімге жауыздық істемейміз, сол үшін де әр уақытта мәз болып жүреміз, – депті.
Етікші
Ерте заманда бір кедей етікші болыпты. Бала-шағасы көп екен. Үй-ішін асырау үшін ол ел аралап, қобдиын құшақтап жүріп етік тігіпті.
Күндердің күнінде қобдиын қолтықтап, таныс емес бір ауылға аттанады. Бұрын жүрмеген жолы болған соң, етікші адасып кетеді. Түн болады. Ақырында етікші далада жалғыз тұрған иесіз үйге кездеседі. Иесіз қыстаудың ішіне кірген етікші пештің үстіне шығып, қобдиын басына төсеп жата кетеді.
Бір уақытта салдыр-гүлдір еткен бір нәрсенің даусы шығады. Етікші есікке қараса маңдайында жарқыраған жалғыз көзі бар, бір еңгезердей дәу кіріп келе жатыр екен.
- Пеш үстінде жатқан қандай адам? – деп сұрайды дәу.
Етікші:
- Бұл – етікші, — деп жауап береді.
Дәу:
- Бізге керек шебер етікшімісің? — дейді.
Сонан соң дәу бұйырып:
- Кәне, бері кел, шебер, мына үйге кір. Егер ертеңге дейін бір керемет етік тіксең, жаның аман қалады. Ал, егер орындамасаң басыңды аламын, — дейді де, етікшіні ішке кіргізеді.
Дәудің өзі есіктің алдына жатып ұйқыға кіріседі. Етікші ішінен:
- Енді өмірім жойылды, өліп кетсем, бала-шағамды кім асырар екен? – деп үрейленеді.
Амалы таусылған етікші таң атқанша отырып ғажайып етік тігеді. Етіктің сыртқы көрінісінің басқа етіктерден айырмашылығы – ұшы тіп-тік сүйір, жоғары көтеріліп тұрады. Ал оның бір керемет қасиеті – аяғына киген адам аспанға қалықтап ұшып, баратын жеріне лезде жетіп барады. Бірақ ол дәудің оны оңай үйіне жібере қоймасын біліп:
- Бәрібір дәу қолынан өлемін. Одан гөрі бұл дәуді өзім өлтірейін, — деп, өткір пышағын алады.
Дәу ұйқыға кетті-ау деген кезде етікші етігін киіп, сыртқа шығады. Қалықтап ұшқан күйі қолындағы пышағымен дәудің жалғыз көзін түйреп алады. Дәу бақырып:
- Ер болсаң екі соқ, — дейді.
Етікші:
- Бір де жетер, — деп, дәудің үстінен ұшып өтеді.
Ал, дәу жарақаттан табанда өлген екен дейді.
Етікші сырттан тұрып әрі ойлап, бері ойлап, иесіз үйдің төбесіне шығып түнейді. Таң атқан соң дәудің үйін аралап, қарап шығады. Үйдің бір қараңғы жерінде темір сандық тұр екен. Етікші темір сандықты әзер дегенде ашады. Оның іші толған алтын-күміс екен. Бұдан кейін етікші алтын мен күмісті керегінше алып, ғажайып етігін киіп үйіне ұшып келеді.
Дәуден алған байлығының жартысын еліндегі жетім-жесірлерге таратып береді. Осылай, етікші тұратын ауылдың тұрмыстары жақсарып, мұраттарына жетеді. Ал, қартайған кезінде етікшіні балалары асырапты.
Сыншы бала
Баяғыда бір баланы жат жұрттықтар тұтқындап, еліне алып кетіпті. Еліне әкелген соң, қой бақтырып қойыпты.
Бала қой бағып жүріп, далада қалған қу бастың қасына келіп: «Сенің арғымақтың басы екенінді кім білсін, менің Тортай сыншының баласы екенімді кім
білсін?» деп зарлайды екен.
Күндердің күнінде баланың қожасы үш аргымақ әкеліп балаға сынатыпты.
– Бала, мына арғымақтардың қайсысы жүйрік? – деп сұрапты. Бала:
– Мен білмеймін, әкем білетін еді, - депті.
Мұнан соң бай сәйгүліктерді балаға бақтырып қойыпты. Бала ең тұлпарын танып, жарата беріпті. Бір күні бала тұлпарға мініп, еліне тайып отырыпты. Жат жұрттықтар жабыла қуыпты. Бірақ бала оларға жеткізбей кетіпті. Сөйтіп аман – есен еліне жетіпті.
Арыстан мен түлкі
Арыстан қартаяды. Аңдарды бұрынғысындай аулай алмайтын болады. Енді аңдарды айламен аулағысы келеді. Өзі үңгірде жатады да:
- Аурумын, жүруге әлім жоқ, – деп, барлық аңдарға хабар таратады. Аңдар бір-бірлеп арыстанның халін білуге келеді. Арыстан аңдардың біреуін де қайтармайды. Бәрі де арыстанға жем болады.
Бір күні түлкі келеді. Ол үңгірден алысырақ тұрады да:
- Халіңіз қалай, тақсыр? – деп көңілін сұрайды.
- Халім нашар. Неге жақынырақ келмейсің? Берірек кел, түлкіжан, азырақ сөйлесейік? – дейді арыстан. Түлкі:
- Мен саған жақын барар едім-ау, бірақ саған кірген із бар да, шыққан із жоқ! – деп жүріп кетіпті.
| Алтын балта
Ертеде бай мен кедей көрші болады. Кедей диірменге барса, байдын балтасын сұрап алады. Бір күні кедей диірменге барып балтасын ағып жатқан диірменге түсіріп алады. Ол диірменшіге балтамды алып бер дейді. Ол қолын диірменге салып бір алтын балтаны алып шығады. Ол кедейден «Мынау ма сенің балтаң?» деп сұрайды. Кедей «Жоқ. Бұл менің балтам емес» дейді. Диірменші екінші рет қолын салғанда, күміс балтаны алып шығады. Сонда диірменші оған «Мынау ма сенің балтаң?» деп сұрайды. Кедей «Жоқ. Бұл менің балтам емес» дейді. Сонда диірменші үшінші қолын салғанда бір ағаш балтаны алып шығады. Ол кедейден «Мынау ма сенің балтаң?» деп сұрайды. Сонда кедей «Йа, осы менің балтам» дейді. Сонда диірменші «Пейілің таза адам екенсің. Сондықтан мына алтын балтаны ал!» дейді. Ол үйіне барып, не болғанын айтып береді. Балтаны ағып жатқан диірменге қалай түсіргенін айтады. Бай кедейдің айтқанының бәрін қайталап істейді. Ол балтасын суға түсіріп, диірменшіге балтамды алып бер дейді. Сонда диірменші алтын балтаны алып шығады. Ол байдан «Мынау ма сенің балтаң?» дейді. Сонда бай «Менің балтам!» дейді. Диірменші оған «Өтірік айтпа, мынау сенің балтаң емес!» деп өзінің ағаш балтасын береді.
Қарға баласын «аппағым» дер, кірпі баласын «жұмсағым» дер
Жер-дүниенің патшасы Сүлеймен пайғамбар кірпі мен қарғаға былай деп бұйрық қылды.
– Сен, қарға бар! Бір түнде жер-дүниені аралап, бір жақсы сайрайтын құс тап. Бұл құсты үйдің бас жағындағы тұрған қапасқа отырғыз. Таң атқанда бұл құс мені сайраған даусымен оятсын!
– Сен, кірпі, барып жердің жүзін тінтіп, маған бір жұмсақ нәрсе тап, бұл нәрсені әкеліп, дәл менің жастығымның үстіне, бетіме таяу қой! Құс сайрағанымен оянып, қапасқа қарай бергенде, бетім бұл нәрсеге тисін, – деді.
Қарға дамыл таппай, көп жерлер аралап, құстардың сайрағанын естиді. Бұған бір де құстың сайрағаны жақпайды. Мұның ойлауынша, бұлбұл, сандуғаш һәм басқа құстар жаман сайрайтын көрінеді. Даусы жақсы құсты таба алмай, қарға сорлы қайғырды: «Енді маған өлім келеді ғой», – деп. Таң мезгілде талып, шаршап қарға ұясына қайтты, «балаларын бір көріп, амандасып кетейін» деп. Пақыр анасын көріп аш балапандар шиқылдап, қарқылдай бастады. Бұлардың қарқылдағаны қарғаға сондай жақсы, нәзік көрінді. Бұлардың қасында бұлбұл, сандуғаш әлдеқайда жаман сайрайтын көрінеді. Қарға сорлы қуанып, балаларын Сүлейменге әкеліп, мұның қапасына отырғызады.
Кірпі түні бойы дамыл таппай, жердің жүзін кезіп, жұмсақ нәрсе іздейді, іздесе де таба алмайды. Бұл да шалдығып, шаршап, үңгіріне қайтып келеді. Пақыр анасын көріп, мұның балалары алдынан шығып құшақтайды, кірпі де құшақтайды. Кірпіге балаларының денесі сондай жұмсақ көрінеді. Бұл ойлайды: «Жердің үстінде өзімнің балаларымнан жұмсақ нәрсе болмас», – деп. Көп ойламай, кірпі балаларын Сүлейменнің жастығының үстіне әкеліп қояды.
Таң атты. Қарғаның балалары қарқылдап, шиқылдай бастайды. Сүлеймен «бұл не?» деп, қапасқа қарай бергенде мұның бетіне тікенектер кіріп кетті. Қараса, қапаста қарғаның балалары отыр, жастығының үстінде кірпінің балалары жатыр.
Сүлеймен ашуланып, қарға мен кірпіні шақырып алып, бұлардың басын кесуге бұйрық қылады. Жазалы болған кірпі мен қарға «дат, тақсыр» деді. Сүлеймен «дат» берді. Екеуі бастан-аяқ қылғандарын баян етіп еді, ойға түсті. Бұл ойлайды: «Әркімдікі өзінікі-өзіне балдан тәтті, оттан ыстық, күннен жарық һәм мамықтан жұмсақ», – деп, қарға мен кірпіні босатып жібереді.
Қожанасыр туралы қысқа аңыздары
Қожа көшеде адасып жүрген бір қойды ұстап, сойып алады. Оны бір жолдасына сыр ғып айтады. Жолдасы:
— Қияметке барғанда не деп жауап бересің? — дейді.
— Танамын, мен жеген жоқпын деймін.
— Жоқ, тана алмайсың, қойдың өзі келіп куә болады.
— Онда тіпті жақсы, ұстап алып, иесіне қайтарып беремін, — депті Қожекең.
***
Қожекең басына сәлдесін орап, көшеде келе жатады.
Біреу аптыға жүгіріп келіп:
— Мына хатты оқып беріңізші! — деп өтініпті.
— Мен хат танымаймын.
— Ендеше неге басыңызға сәлде орайсыз?
— Е, мәселе сәлде де болса, мә, басыңы ора да, хатыңды оқып ала ғой, — депті оған Қожекең.
***
Хан Қожанасырды шақырып алып, алдына ақша қойыпты да былай депті;
— Қожеке, мынау бір сом мен бір тиын. Осының қайсысы көп, соны айтшы?
Қожа ойланып тұрып:
— Әрине, бір тиын көп, — депті. Таң қалған хан:
— Неге бір тиынды көп дейсің? Себебін айтшы?
— Себебі, бір сом дегенде алты әріп бар. Ал бір тиын дегенде жеті әріп бар. Өзіңіз айтыңызшы, алты көп пе, жеті көп пе?..
***
Қожекең бірде бояу шеберханасын ашады. Шеберханаға келіп-кетіп жатқандардың бірі Қожекеңді мұқатпақ болып:
— Қожеке, мына бір затты ешкім естімеген, ешкім көрмеген яғни, қара да емес, ақ та емес, көк те емес, қызыл да емес, сары да емес, жасыл да емес, қоңыр да емес, сұр да емес, бір түске бояп берші, — дейді.
Қожанасыр оның кекесінін түсіне қояды:
— Жарайды, айтқаның болсын, тастап кет.
— Қашан келейін? — дейді анау, қулығын асырдым деп мәз болып.
— Қашан келсең де өз еркің. Бірақ сен келетін күн дүйсенбі де, сейсенбі де, сәрсенбі де, бейсенбі де, жұма да, сенбі де, жексенбі де болмасын, — дейді сонда Қожанасыр.
***
— Мен жақында есік алдына өрік шыбығын отырғыздым. Жеміс берген кезінде бәріңді өрікке сылқитып бір тойғызбақшымын, — дейді Қожа жолдастарымен отырғанда.
— Ой, рахмет, Қожеке. Осы тәтті лебізіңнің өзіне өрік жегендей тойып қалдық, — деген олардың сөзін естіген Қожа:
— Өрікке тойып қалсаңдар, отырғызған шыбықтарымды жұлып тастап, алма ағашын отырғызайын. Бұған да мерзімінен бұрын әлгіндей тойып қалсаңдар мені тер төгіп еңбектенуден құтқарар едіңдер, — дейді.
***
— Соңғы күндері сені әлдебір ой меңдеп алған тәрізді. Нендей ой екенін мағанда айтсаңшы, бәлкім жәрдемім тиер,- депті Қожаға кемпірі. Сонда жарықтық терең күрсініп:
— Жаман айтпай жақсы жоқ. Қатын, әбден қартайыпсың. Екеуміз отау құрғанымызға да қырық жылдан асыпты. «Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл» деген. Танысып қоялықшы, осы сенің атың кім? — деген екен.
***
— Теңіздің суы неге ащы? — деп сұрапты біреу Қожанасырдан.
— Теңіздің суы қозғалыссыз бір жерде тұрады, сондықтан ашып кеткен ғой, — депті Қожанасыр.
***
Әпенді мен Алдаркөсе Ыстықкөл жағалауын айналып жүр екен. Алдаркөсе Әпендіден:
— Қожеке, мына көлдің суы неше шелек шығар екен? — деп сұрапты.
Әпенді ойланбастан:
— Осы көлдей шелек тапсаң, бір-ақ шелек шығады, — деген екен.
Мақта қыз бен мысық
Екеуі дос болып жүреді. Бір күні Мақта қыз үйін жинап жүрсе, бір мейіз тауып алады. Мысықты шақырады. Шақырады – келмейді, шақырады – келмейді, сосын «келмесең, келме», – деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келіп: – Неге шақырдың? – деп сұрайды. Мақта қыз айтпайды. Сосын мысық айтады: «Ендеше қатығыңды төгем», – дейді. Мақта қыз: «Мен құйрығыңды кесіп аламын», – дейді. Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады. «Апа, апа, құйрығымды берші», – дейді. Сосын Мақта қыз: «Менің қатығымды төлеп бер», – дейді. Мысық сиырға барады. «Сиыр-сиыр, маған қатық берші», – дейді, сиыр айтады: «Менің қарным ашып тұр, маған жапырақ әкеліп бер», – дейді. Мысық ағашқа барып: «Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші!» – дейді. Ағаш айтады: «Мен шөлдеп тұрмын, су әкелсең, жапырақ беремін», – дейді. Суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көріп: «Қыздар, қыздар, маған су берші», – дейді. Қыздар: «Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз», – дейді. Мысық дүкенге барады. «Ай, дүкенші, маған сағыз берші», – дейді. Дүкенші: «Маған тұқым бер», – дейді. Мысық тауыққа барады: «Тауық, тауық, маған тұқым берші», – дейді. Тауықтар айтады: «Бізге дән әкеліп берсең, біз саған тұқым береміз», – дейді. Мысық: «Енді не қыламын», – деп бара жатса, бір ін қазып жатқан тышқанды көреді. Мысық тышқанды қорқытып: «Жаның барында айт, үйіңде не бар?», – дейді. Тышқан қорыққанынан: «Үйімде бір батпан тарым бар», – дейді. Мысық айтады: «Маған бір уыс тары бер», – дейді. Тышқан үйіне барып, бір уыс тары береді. Тарыны апарып тауыққа береді, тауық тұқым береді, тұқымды апарып дүкеншіге береді, дүкенші сағыз береді, сағызды апарып қыздарға береді, қыздар су береді, суды апарып ағашқа береді, ағаш жапырағын береді. Жапырақты апарып сиырға береді, сиыр қатық береді, қатықты апарып Мақта қызға береді. Мақта қыз мысықтың құйрығын береді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген